- •5. Дәріс материалдары
- •Дәріс № 1. Этнопедагогика пәні және оның міндеттері
- •Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы
- •Кесте 1 (этнопедагогика)
- •Этнопедагика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде
- •Этнопедагогика әдіснамасы ұғымы білім мен іс-әрекет жүйесі ретінде
- •Педагогикалық ғылым мен практиканың әлеуметтік мақсаты;
- •Ы.Алтынсариннің, м. Жұмабевтың, Шоқан Уалихановтың, Абай және Шәкәрімнің этнопедагогикалық ой-пікірлері
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтік тұжырымдамасы.
- •Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және дамуының болашағы
- •Дәріс № 3. Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлары
- •Мәдениеттің ұлттық (этникалық) қызметі
- •Мәдениет
- •Дәріс № 4. Халық идеялындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі
- •Дәстүр, салттар, ғұрыптардың тәрбиелік ролі
- •Дәріс № 5. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •Дәріс № 6. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.
- •Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдыларына тартудың халықтық құралдары
- •Дәріс № 8. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі
- •Қазақтың музыкалық аспаптары
- •Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні
- •3. Бөлім Этнопедагогика бойынша тәрбие жұмысының әдіснамасы
- •Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізу жағдайы
Этнопедагика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде
Г.Н.Волков этнопедагогиканы педагогика, этнография, фольклористиканың қиылысуында пайда болған интегративті ғылым деп есептейді. Ол этнопедагогиканың құрамына кіретін ғылымдар арасындағы байланыс түрлерін келесідегдей түрде сипаттайды:
-
ғылымаралық байланыстар Э П Ф.
- зерттеу обьектілері жақындығы бойынша ғылымдар интеграциясы:
- кординационды типтегі байланыс
Этнопедагогиканың бөлінбейтін құрамдас бөлігі бола отырып, зерттеу нүктелерін этнопедагогикалық тұрғыда жүргізеді. Этнопедагогика педагогикалық білімдердің интегративті саласы болғандықтан, ол этнографиямен, этнопсихологиямен, этнофилософиямен, педагогикамен, этномәдениетпен және т.б. ғылыми педагогика түрлерімен тығыз байланысты. Этнологиялық сөздікте этнопедагогика халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде көрсетілген, этнопсихология этникалық стереотиптердің ұлттық сана-сезімнің қалыптастырудың заңдылықтарын, ұлттық мінез-құлық адам мінезінің этникалық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық білім саласы. Ал, этнология- тар мағынасында теоретикалық халыққа кіріспе оның объектісі- этнос және оның өмірлік іс-әрекеті. Этномәдениет- этникалық ерекшелікті меңгеретін және этнодифференциалды қызметті атқаратын мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Этномәдениет- бұл этнос мәдениетінің маңызды компоненті. Этнософия- әр халықтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің қайнар көзі және негізі.
Демек, осы ғылымдар өзара бір-бірімен қиылысып, түп негізі педагогика болып табылатын жаңа білім саласы этнопедагогиканы қалыптастырады.
Этнопедагогика әдіснамасы ұғымы білім мен іс-әрекет жүйесі ретінде
Ғалым В.В. Краевский: «Түсінбеушілік методологиясының анықтамасы мен міндеттерінен басталады»... дей келіп, педагогика аймағындағы іс-әрекеттің үш түрінің байланысын: практикалық, арнайы – ғылыми және әдіснамалық зерттеу формаларын береді. В.В Краевский ғылым мен практика үшін үлкен маңызы бар, келесі сұрақтарға жауап беруге тырысады: « педагогиканың методологиясымен айналысу деген не? Педагогика методологиясымен кім айналысуы керек? Методологиялық білім алудың қандай әдісі бар?» В.В Краевский практикалық іс-әрекеттен бастайды. Оның субьектісі (педагог, тәрбиеші) педагогикалық іс-әрекеттің құрамына кіретін, әртүрлі білімдерді қажет етеді. Олардың жиынтығын автор методологиялық қамтамасыз етілу деп атайды, яғни зерттеуші ғылыми танымның субьектісі ретінде арнайы іс-әрекетпен айналысады және ол да өзінің іс-әрекетінде ғылыми қамтамасыз етілуді қажет етеді.
Ғалым В.В. Краевскийдің белгілеуінше, «педагогиканың методологиясы өзінің реттеушілік функциясын күшейте отырып, педагогикалық шынайылықты және тікелей ғылыми іс-әрекетті туғызады». Осылай байланыстыра отырып, педагогикалық шынайылықты және тікелей өзінің көзқарасын келесі түрде көрсетеді: «педагогика методологиясы – бұл тек педагогикалық шынайылықты көрсететін, білімді игерудің амал-тәсілдерінің принциптері және педагогикалық ғылымның құрылымы мен негізі туралы білімнің жүйесі ғана емес. Сонымен қатар, ол арнайы-ғылыми педагогикалық зерттеулердің методологиялық қамтамасыз етілудегі іс-әрекет жүйесі болып табылады. Олай болатын болса, педагогикалық практикалық іс-әрекет – педагогикалық ғылымдардың обьектісі, ал ғылыми іс-әрекет- педагогикалық ғылымның методологиясының обьектісі (Кесте бойынша талдау жасау)
Методологиялық қамтамасыз етілу: методологиялық іс-әрекеттің анағұрлым көп таралған түрі – зерттеуді методологиялық қамтамасыз етудің қалыптасуы.
В.В. Краевскийдің еңбектерін талдағанда, бұл этнопедагогикалық зерттеулер көбінесе педагогиканың шарықтауына бағытталған, іс-әрекеттің арнайы ғылыми сипатында болғандығын көрсетеді. Педагогикалық теория және методологияның қатынасы туралы сұрақтар бойынша ғалымдардың пікірлері:
В.В. Краевскийдің көсқарасымен мына тұрғыда сәйкес келеді, яғни методологиялық білімнің мәні тек білім және таным туралы емес, сонымен қатар сәйкес келетін обьектінің қайта пайда болуы туралы білім ретінде де:
1. Танымдық құралдардың дамуына және зерттеулерге бағытталған методологиялық талдаумен сәйкес келеді.
2. Шынайлықтың кейбір обьекті аймағының шарықтауына және зерттеулерге бағытталған нақты-ғылыми талдаумен сәйкес келеді.
Олардың пікірінше, методологиялық, теориялық, эмпирикалық білімнің тығыз байланысын және шынайылықтың өзі қазіргі методологиялық анализдің дамуының ерекшелігін қажет деп санаған.
Этнопедагогика үшін методологиялық білімнің қалыптасу көзі біріншіден, обьективтіліктің, танымдылықтың, детерминизмнің, дамудың, тарихилықтың, теория мен практиканың бірлігінің – материалистік принципі болып табылады.
Екіншіден, жалпы ғылымдық әдістер – анализ, синтез, дедукция, индукция, аналогия, идеализация, салыстыру, бақылау, эксперимент, өлшеу, модельдеу, және т.б., Үшіншіден, этнопедагогика аймағындағы арнайы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, сонымен қатар педагогтардың практикалық іс-әрекеті.
Этнопедагогиканың өзекті идеясы – бұл этнология, этнопсихология, этномәдениет т.б. жеке ғылымдарда белгілі болған зерттеу құралдары мен әдістерінің қатынасы мен дамуына байланысты пайда болған, ғылыми білімнің ерекше бөлігі ретінде қатысатын ғылыми зерттеудің методологиясы болып табылады.
Педагогиканың теориясы және методологиясы арасындағы өзара байланысты зерттей келе, зерттеуші мынаны табады:
Методология пәні- педагогикалық ғылым, яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеу процесі және оның нәтижесі – педагогикалық білімдердің жүйесі;
Теория пәні – мақсатты бағытталған оқу-тәрбие процесі. Бірақ зерттеушінің анықтағанындай, көрсетілген айырмашылықтарға қатысты, яғни педагогиканың методологиясы мен теориясы іштей бірыңғай немесе біртұтас.
Методологиялық білімнің құрамына В.И. Журавлев мына топтарды кіргізеді:
