- •5. Дәріс материалдары
- •Дәріс № 1. Этнопедагогика пәні және оның міндеттері
- •Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы
- •Кесте 1 (этнопедагогика)
- •Этнопедагика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде
- •Этнопедагогика әдіснамасы ұғымы білім мен іс-әрекет жүйесі ретінде
- •Педагогикалық ғылым мен практиканың әлеуметтік мақсаты;
- •Ы.Алтынсариннің, м. Жұмабевтың, Шоқан Уалихановтың, Абай және Шәкәрімнің этнопедагогикалық ой-пікірлері
- •Ш.Уәлихановтың әлеуметтік тұжырымдамасы.
- •Қазақстандағы этнопедагогика ғылымының қазіргі жағдайы және дамуының болашағы
- •Дәріс № 3. Тәрбиенің этникалық ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлары
- •Мәдениеттің ұлттық (этникалық) қызметі
- •Мәдениет
- •Дәріс № 4. Халық идеялындағы «жетілген тұлға» және оны тәрбиелеудің тәжірибесі
- •Дәстүр, салттар, ғұрыптардың тәрбиелік ролі
- •Дәріс № 5. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.
- •Дәріс № 6. Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.
- •Балаларды білімге, ой-өрісті кеңейту икемділіктерімен дағдыларына тартудың халықтық құралдары
- •Дәріс № 8. Халық педагогикасындағы адамгершілік тәрбиесі
- •Қазақтың музыкалық аспаптары
- •Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні
- •3. Бөлім Этнопедагогика бойынша тәрбие жұмысының әдіснамасы
- •Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізу жағдайы
5. Дәріс материалдары
Дәріс № 1. Этнопедагогика пәні және оның міндеттері
Орта ғасыр данышпаны Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл сөзінен туындайтын тағылым – тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім – жетім, жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген қорытындыға келеміз.
Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екені белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу үрдісі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салалаларымен қатар оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласы қарастырылады.
Халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың алғашқы құралы және тәрбие жүйесі қызметін атқарып келді. Яғни, осыдан ғылыми педагогикамен халық педагогикасының тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік – идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары – халықтық педагогиканы ой-елегінен өткізіп, зерттеп тәрбие оқу-ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика осылай пайда болды.
Этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірибесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Халықтық педагогика – белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс-тәжірибесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым – этнопедагогика. Олай болатын болса этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз.
Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы
Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын дербес ғылым ретінде қарастырылады. Осыған орай этнопедагогика компоненттерінің логикалық құрылымын айқындау үшін оның мақсаты мен міндетін, обьектісі мен заңдарын, заңдылықтары мен теориясын педагогикамен салыстыруда құрылымдық- талдау әдісін қолданамыз. Мұндағы этнопедагогика компоненттерін Г.Н. Волков еңбегі бойынша құрылған.
Кесте 1 (этнопедагогика бойынша: мақсаты, міндеттері, обьектісі, пәні, функциясы, әдістері, принциптері, категориялары, заңдары, заңдылықтары, теориялары қарастырылады.)
