Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЕ 6 курс ВОП каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы

Объективті құрылымды клиникалық емтихан технологиясы негізінде тәжірибелік дағдыларды меңгеру бойынша дифференцильды сынаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: «ЖТД»

Пән: «Жұқпалы аурулары»

Курс: 6

Шымкент 201__ ж.

«Объективті құрылымды клиникалық емтихан технологиясы негізінде тәжірибелік дағдыларды меңгеру бойынша дифференцильды сынаққа арналған әдістемелік нұсқау», «ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруге аттестацияға арналған әдістемелік нұсқауды дайындау нұсқауы бойынша» және ғылым және кадр ресурстары Департаментінің директорымен 2007 ж. 20 маусымда бекітілген, 051102 «Терапия» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы, 2003 ж. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес құрастырылған.

Әдістемелік нұсқауды Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а., м.ғ.к. Абуова Г.Н. және доц.м.а., м.ғ.к. Бердалиева Ф.А. құрастырған.

Кафедра мәжілісінде қаралған

Хаттама №___ «___» ______ 201__ ж.

Кіріспе

Жұқпалы аурулар саласында қазіргі медицинаның жетістіктері, жүйелі медициналық көмекті және эпидемияға қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру мәселелері. Қазақстан Республикасының жұқпалы ауруларды бақылау мен басқару көптеген эпидемиялық инфекциямен ауыратындардың санын азайтты, құрылымы және сипатына өзгеріс әкелді.

«ЖТД» мамандығы бойынша жалпы дайындық - кеңінен таралған балалар жұқпалы ауруларды клиникалық диагностикалауға, алған білімдерін, ауруды ерте анықтау мақсатында аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тиімді қолдануды, ошақта ілкі эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді оқып үйрену қабілетін дамытуды қарастырады.

Маманды дайындауда негізгі көңіл балалар жұқпалы ауруларды алдын алуда қарастырылған шараларға ерекше назар аударылады.

Интерндерге арналған ақпарат:

  • Дифференциальды сынақ басталар алдында барлық интернденге бейдж және шифр көрсетілген аттестациялық парақ беріледі.

  • Интерн өзінің шифр нөмерін білуі керек.

  • Тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз интерндердің келесі станцияға өтуі ысқырықтан кейін басталады.

  • Келесі дыбысты ысқырық болғаннан кейін тапсырманы орындамағанына қарамай келесі этапқа өтеді

  • Интерн сынақ қабылдаушыға сұрақ қоймауы тиіс.

Сынақ қабылдаушыға ақпарат:

  • Әр емтихан қабылдаушыға бір этап міндеттеледі, ол сол этапқа

салуына дейін жауап береді

  • Емтихан қабылдаушы бағалау парағына интерн бейдж нөмірін енгізіп, интернің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.

  • Емтихан қабылдаушы интернің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, интернің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.

  • Сынақ қабылдаушы қорытынды балды есептеп, сынақ тапсырушының қосымша аттестациялық парағына енгізіп, этаптың тұсына өз қолтаңбасын қойып, интернге беруі керек

Сынақ қабылдаушының интернбен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға болмайды.

  • Сынақ қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын кафедра меңгерушісіне тапсыруы қажет.

  • Әр интерн бойынша сынақтың қорытынды бағасын шығарғанда сынақ қабылдаушы қатысуы қажет.

«ЖТД» мамандығының интерндерге арналған

«Жұқпалы аурулар» пәні бойынша

Оқке сатыларының кезектілік кестесі

Полотно 17

«Жұқпалы аурулар» пәні бойынша Дифференциальды сынақ құрамындағы оқке үшін клиникалық дағдылардың тапсырмалар тізімі

Кезең

Интерндерге арналған тапсырмалар

Макс.

балл

Уақыт мин.

1

Инфекциялық аурудан эпид.анамнез жинауды іске асырыңыз.

4

5

2

Клиникалық жағдайлы есепті шешу

4

5

3

Асқазанды жуу

4

8

4

Бактериологиялық зерттеуге қанды алу

4

8

5

Люмбальдық пункцияны жасау

4

8

Барлығы

20

34

«Жұқпалы аурулар» пәні бойынша оқке өткізу үшін қажетті құралдар мен құжаттар тізімі

Кезең

Кезеңдердің аталуы

Қажетті құрал-жабдықтар

1

Жұқпалы науқастан анамнезін, эпид.анамнез жинау

Сынақ алушыға ақпарат, интернге арналған тапсырма, волонтер, калькулятор, сағат, ручка.

2

Клиникалық жағдайлы есепті шешу

Сынақ алушыға ақпарат, интернге арналған тапсырма, калькулятор, сағат, ручка.

3

Асқазанды жуу

Сынақ алушыға ақпарат, интернге арналған тапсырмалар, тренажер, резинкелі қолғап (бір рет қолданатын латексті қолғап), бетперде, стерильді май, бикс, пинцет, зажим, тампоны бар стерильді пробиркалар, штатив, арнайы ыдыс, жасына сай зондтар варонкасымен, 2-фартук, кемінде 10л су асқазанды жуу үшін, маркер,баланың жолдамалы бланкілер, калькулятор, сағат.

4

Бактериологиялық зерттеуге қанды алу

Сынақ алушыға ақпарат, интернге арналған тапсырма, тренажер, резинкелі қолғап (бір рет қолданатын латексті қолғап), бетперде, 20гр бір рет қолданатын шприц, резенкелі жгут, спирт 70 %, мақта, қан алу үшін қоректі ортасы бар флакон, жолдамалы бланкілер.

5

Люмбальдық пункцияны жасау

Сынақ алушыға ақпарат, интернге арналған тапсырма, тренажер, резинкелі қолғап (бір рет қолданатын латексті қолғап), бетперде, мандрені бар шприц, спирт 70 %, 5% йод ерітіндісі, 5% новакаин ерітіндісі, бір рет колданған шприц,тампоны бар стерильді пробиркалар, штатив, жолдамалы бланкілер.

1 КЕЗЕҢ а

Сарыппен ауыратын науқастан анамнезін, эпид.анамнез жинау

Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері

Қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша бағасы

Науқасты отырғызып, шағымын, an.morbi, an.vitae, жинағаннан кейін эпидемиологиялық анамнезді сұрауға көшті.

0

0

0

0

1

Қойылған сұрақ: «Сіз ауылды жерде немесе қалада тұрасыз ба?»

0,5

0,3

0,1

0,1

2

Қойылған сұрақ: «үйіңізде мал шаруашылығын ұстайсызба?»

1,0

0,7

0,3

0,2

3

Қойылған сұрақ: «мал шаруашылығыңызда сарыппен ауыратын малыңыз

барма?»

1,5

1,0

0,8

0,6

4

Қойылған сұрақ: «Сіз малға қарайсыз ба: малдарды туғызғансызба, жүнін қырықтыңызба, мал тезегін тазаладыңызба, малды сойғанға, етін бөлгенде, терісін алғанға қатыстыңызба?»

2,5

2,0

1,8

1,5

5

Қойылған сұрақ: «Сіз қайнатылмаған сүтті, брынзаны, қаймақты, шегілген етті, дұрыс қуырылмаған етті қолданасызба?»

3,0

2,5

2,2

1,8

6

Қойылған сұрақ: «Сіздің мамандығыңыз – ет өндіруші немесе сүт өнімдерімен (еткомбинат, сүт заводы, тұшпара цехы, тері заводы, ет сатушы) байланысы барма?»

1,5

1,0

0,8

0,7

7

Сұрау нәтижесінде диагноз туралы тұжырымдама жасады.

0,5

0,5

0,5

0,1

Кезең бойынша максималды балл – 10

Тапсырмаға берілген уақыт – 5 мин.

1 КЕЗЕҢ б

Ауа арқылы тарайтын аурумен ауыратын науқастан анамнезін, эпид.анамнез жинау