Биология
1. Қоректену, тыныс алу әрекеттері жүретін жасушаның негізгі бір бөлігі. A) Вакуоль B) Ядро C) Пластид D) Цитоплазма E) Қабықша |
2. Жапырақтары арқылы көбейетін бөлме өсімдігі- A) Традесканция B) Алоэ C) Қынагүл D) Пеларгония (қазтамақ) E) Бегония |
3. Саңырауқұлақ жасушасында болмайды: A) Ядрошық. B) Хлорофилл. C) Ядро. D) Цитоплазма. E) Ядро шырыны. |
4. Денесі жұмыр және буылттықтардан құралған құрттар аталады: A) Жұмыр құрттар B) Кірпікшелі құрттар C) Сорғыш құрттар D) Таспа құрттар E) Буылтық құрттар |
5. Өрмекшітәрізділердің энцефалит ауруын тудыратындары : A) Қотыр қышыма кенесі. B) Қыршаян. C) Кішкене қызыл өрмек кенесі. D) Жайылым кенесі. E) Тайга кенесі. |
6. Шеміршекті жарты сақинадан құралған тыныс алу мүшесі: A) кеңірдек B) танау C) көмей D) аңқа E) кеңсірік |
7. Aуру тарататын микроорганизмдердің асқорыту жолдарына түсуі- A) тағаммен. B) ауру адамдар арқылы. C) ауамен. D) шаң-тозаңмен. E) ауыр металдар қалдығымен. |
8. Полисахаридтерге жататын: A) Сүт қанты. B) Галактоза. C) Крахмал. D) Дезоксирибоза. E) Сахароза. |
9. Еуропеоидтық нәсілге жататын түпкілікті тұрғындардың отаны - A) Шығыс Азия. B) Африка. C) Еуропа. D) Индонезия. E) Аустралия. |
10. Сабақтың орталық бөлігі: A) Өзек B) Қабық C) Камбий D) Сүрек E) Тін |
11. Өсу гормонын бөлетін A) Ұйқыбез B) Эпифиз C) Гипоталамус D) Гипофиз E) Бүйрекүсті без |
12. Орталық жүйке жүйесінің қозуын нашарлататын ауру A) бақшаңкөз B) мерез C) акромегалия D) микседема E) туберкулез |
13. Салатамыр қаны: A) Көмірқышқыл газына қаныққан қан. B) Қуыс көктамырдағы қан. C) Глюкоза мен пептидтерге қаныққан қан. D) Мочевинаға қаныққан қан. E) Оттегіне қаныққан қан. |
14. Қант диабетінің дамуы A) Инсулин гормонының жетіспеуінен. B) Барлық без қызметтеріне байланысты. C) Инсулиннің көп бөлінуінен. D) Қалқанша безі қызметінің бұзылуынан. E) Жыныс бездері қызметінің бұзылуынан. |
15. Диплоидты жиынтығы бар хромосома зиготада ... қалыптасады. A) конъюгациялануда B) митозда C) кроссинговерде D) мейозда E) ұрықтануда |
16. Аталық жыныс хромосомасы гетерогаметалы болатын ағзалар: A) көбелектер, қоңыздар. B) құстар. C) құстар, көбелектер. D) көбелектер. E) дрозофила, адам. |
17. Түрдің генетикалық критерийі дегеніміз - A) түр тіршілік ететін сыртқы орта факторларының жиынтығы. B) түрдің табиғатта орын тебетін белгілі ареалы. C) бір түрге жататын даралардың сыртқы және ішкі белгілерінің ұқсастығы. D) хромосомалардың жиынтығы, саны, мөлшері, пішіні. E) бір түр особьтарында тіршілік әрекет процестерінің ұқсастығы. |
18. Продуцентті ағзалар A) гетеротрофтылар. B) симбиозды өмір сүретіндер. C) фотосинтездеушілер. D) консументтер. E) редуценттер. |
19. Биосфера туралы ілім негізін қалаған A) Ж.Б. Ламарк B) В.И. Вернадский C) Э. Дарвин D) Э. Зюсс E) Ч. Дарвин |
20. Қазақстанда өспейтін даражарнақты A) Жүгері B) Күріш C) Бидайық D) Бамбук E) Тары |
21. Сабағында жақсы жетілдірген 2 және нашар 1 гүлі бар а/ш дақыл A) Бидай B) Жүгері C) Қарабидай D) Сұлы E) Арпа |
22. Амебаның қорегін қармауы A) Дене сыртымен B) Жалған аяқтарымен C) Аузымен D) Ядросымен E) Мұртшаларымен |
23. Құстың зәр шығару жүйесінің ерекшелігі, оның құрамында: A) несеп ағары бар B) қуығы жоқ C) қуығы бар D) бүйрегі бар E) бүйрегі жоқ |
24. Жүріп бара жатқан көлікте оқудың көзге зиянды әсері- A) Колба тәрізді клеткаларды тітіркендіреді. B) Торлы қабықты тітіркендіреді. C) Көз бұршағын өзгертеді. D) Көз рецепторын тітіркендіреді. E) Көз қарашығын үлкейтеді. |
25. Прокариоттардың жасушаларында қандай органоид кездеседі? A) Пластидтер. B) Рибосома. C) Ядро. D) Эндоплазмалық тор. E) Митохондрия.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
