ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІМ БЕРУ МЕН ТЕСТІЛЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК
СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
БАЙҚАУ СЫНАҒЫ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
4240 - НҰСҚА
2008
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Антонимдік жұпты көрсетіңіз. A) Алыс-жақын. B) Елгезек-тіл алғыш. C) Кейіпкер-бейне. D) Жоғары-биік. E) Қызыл-қызғылт. |
2. Қысаң дауыстылы сөзді көрсетіңіз. A) Сабақ. B) Cәкен. C) Еңбек. D) Іңір. E) Орақ. |
3. Әліпбидегі алтыншы әріпті белгілеңіз. A) В. B) Ғ. C) С. D) Д. E) Г. |
4. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз. A) Баспахана үйі. B) Малды ауыл. C) Сыпайы бала. D) Биіктеу адам. E) Кішкене төбешік. |
5. Сын есімдердің ішіндегі күшейтпелі шырайды табыңыз. A) Қысқалау. B) Ұзындау. C) Үп-үлкен. D) Қысқа. E) Үлкенірек. |
6. Шылауды табыңыз. A) Сықылды, әлі. B) Жөнінде, беу. C) Ғана, сайын, әрі. D) Қатар, гөрі, оһ. E) Шамалы, қысқасы. |
7. Еліктеу сөзді көрсетіңіз. A) Елең ете қалды. B) Енді-енді танылды. C) Ерте келді. D) Шалқасынан құлады. E) Етпетінен түсті. |
8. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Аспалы шам. B) Бес арыс. C) Ас бұршақ. D) Биікке көтерілу. E) Аспан айналып жерге түскендей. |
9. «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» сөзінің иесін табыңыз. A) Мұхтар Әуезов. B) Ахмет Байтұрсынов. C) Абай Құнанбаев. D) Ыбырай Алтынсарин. E) Шоқан Уәлиханов. |
10. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Айран, ірімшік, құрт – ұлттық тағамдар. B) Қараша үйден ханша шығар. C) Қымыз қасиетті асқа саналады. D) Түйе сүтін емдікке пайдаланады. E) Биенің сүтінен қымыз дайындайды. |
11. Қате жазылған сөзді табыңыз. A) Сыйлық. B) Тыйым. C) Қиын. D) Сыйым. E) Жыйын. |
12. Жіктік жалғаулы көмекші есімді анықтаңыз. A) Арт. B) Үсті. C) Маңындамыз. D) Бет. E) Ортасы. |
13. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыз. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны 1928 жылы ашылған. A) Реттік. B) Жинақтық. C) Есептік. D) Болжалдық. E) Топтау. |
14. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті көрсетіңіз. A) Әрқашан өзіңді ойлағайсың. B) Бір-біріне сыбырлай сөйлеседі. C) Сөйлеуші, айтушы адамдар - басқалар. D) Бұным - саған көрсеткен назым. E) Бірде шал сол ұлдарын жинапты. |
15. Ортақ етісті табыңыз. A) Жуын. B) Сөйлет. C) Құйылды. D) Барғыз. E) Хабарлас. |
16. Толықтауыштық қатынастағы етістікті тіркесті көрсетіңіз. A) Кәсіпкерлікпен айналысу. B) Кешкі мезгіл. C) Аспалы шам. D) Мақтаншақ бала. E) Үлкеннің ақылы. |
17. Талғаулы жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз. A) Қарағай, қайың, терек біздің жерде көбірек кездеседі. B) Бұл - қысқа, бірақ қызық әңгіме. C) Оның қасында Мұхит пен Жарқын, Қатира мен Ханбибі де бар еді. D) Ел сөзі - әрі мақтан, әрі міндет. E) Ол я бөлең, я жиенің - әйтеуір саған ұқсас еді. |
18. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. B) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. C) Еңбек баланы мықты етеді. D) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. E) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы. |
19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз. A) –Армысыз ардақты, ата?! B) –Армысыз ардақты ата. C) –Армысыз, ардақты, ата. D) –Армысыз ардақты ата? E) –Армысыз, ардақты ата! |
20. Мәтелді ажыратыңыз. A) Ердің атын еңбек шығарар. B) Бірлігі күшті ел озады. C) Соқыр тауыққа бәрі бидай. D) Бірлік болмай, тірлік болмас. E) Өжет адам өлімді жеңеді. |
21. Кіріккен сөзді анықтаңыз. A) Көкжиек. B) Тасбақа. C) Айдана. D) Сөйтіп. E) Бекзат. |
22. Үстеудің құрамдық түрін белгілеңіз. Кей күні бара алмаймын. A) Етістік, зат есім. B) Күрделі етістік. C) Есімдік, зат есім. D) Зат есім, етістік. E) Зат есім, сын есім. |
23. Жай сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз. Қаңтар, 1917 жыл. A) Жақсыз. B) Жақты. C) Жалаң. D) Атаулы. E) Жайылма. |
24. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз. A) Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан жұрт соған таң қалды. B) Меніңше, сол үйінділердің өзінде ғана бір миллион пұт мыс жатыр. C) Шіркін-ай, керемет деген осындай болады екен. D) Мейлі қыс, мейлі жаз болсын, өмір бір арнамен ағып жатыр. E) Табиғаттың өзі-ақ мүмкіндік беруде. |
25. Төл сөзді сөйлемді табыңыз. A) Әркім-әуелі өз ауылының баласы. B) “Білмеске сөзің қор боп кетер,”- деген М.Дулатұлы. C) Бала жігіт бұйрықты екі етпейтінін айтты. D) Бұл-ойланатын нәрсе. E) Туған жер- алтын бесік.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
Қазақстан тарихы
1. Алғашқы егіншілердің егін оратын қарапайым құрал атауы. A) Шалғы B) Қайла C) Тас орақ D) Тас тесе E) Дән тергіш |
2. «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» сияқты атаулар осы хандыққа тән: A) Алтын Орда B) Моғол хандығы C) Ақ Орда D) Әбілқайыр хандығы E) Батыс Сібір |
3. Алаша хан мен Жошы хан күмбездері орналасқан аймақ: A) Түркістан. B) Сарыарқа. C) Жетісу. D) Үстірт. E) Манғыстау. |
4. Тәуекел ханның тұсында берік қамал,ірі сауда орталығына айналған қала A) Сайрам B) Созақ C) Сауран D) Тараз E) Сығанақ |
5. 1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы A) Ж.Тіленшіұлы B) Ж.Нұрмұхамедұлы C) К.Қасымұлы D) С.Датұлы E) М.Өтемісұлы |
6. 1916- жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: A) Халық бұқарасы. B) Байлар. C) Саудагерлер. D) Казактар. E) Дін өкілдері. |
7. Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция (қарсыласы) басшыларының бірі: A) І.Құрамысов. B) С.Сәдуақасов. C) В.Ленин. D) А.Андреев. E) А.Иманов. |
8. 1954 жылы орнынан босатылған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы: A) Л.Брежнев. B) П.Пономаренко. C) Ю.Скворцов. D) Ж. Шаяхметов. E) Д.А.Қонаев. |
9. Әбу Насыр әл Фараби туралы жазылған «Ұстаздың қайтып оралуы» романының авторы A) Ғабит Мүсірепов B) Әбдіжәміл Нұрпейісов C) Ілияс Есенберлин D) Жұбан Молдағалиев E) Әнуар Әлімжанов |
10. Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар A) Сақ-парадарайа B) Дайлар C) Сақ-тиграхауда D) Массагеттер E) Сақ-хаумаварга |
11. VІІ ғ. “Он оқ будун” мемлекетінің атауы A) Шығыс Түрік қағанаты. B) Эфталиттер мемлекеті. C) Түркеш қағанаты. D) Батыс Түрік қағанаты. E) Қарлұқ қағанаты. |
12. Орта ғасырлық отқа табыну қасиетін байланыстырады: A) Жер сумен B) Тәңірмен C) Ұмаймен D) Аспан әлемімен E) Жұлдызмен |
13. «Сабалақ» атанѓан Абылай келіп қосылған әкесімен аѓайындас Орта ж‰здіњ ханы: A) Әбілқайыр. B) Әбілмәмбет. C) Әбілманс±р. D) К‰шік. E) Уәли. |
14. «Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты? A) 1820 жылы B) 1818 жылы C) 1822 жылы D) 1825 жылы E) 1824 жылы |
15. XІX ғ. 60 жылдары Верныйда тұрған шығыстанушы ғалым, саяхатшы: A) Бабаджанов. B) Ахшарумов. C) Даль. D) Уәлиханов. E) Сейдалин. |
16. Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес A) Башыр Айтов B) С.Мадатов C) Мехти Рафаилов D) Вали Ахун Юлдашев E) М.Ниязов |
17. Поляк А.Янушкевич Қазақстанда жүзбе-жүз кездескен: A) Тәттімбетпен B) Ы.Алтынсаринмен C) Құрманғазымен D) Ш.Уалихановпен E) Құнанбаймен |
18. 1905 жылы қарашада Семей облысының губернаторының әскери күш шақыруына себеп болған ереуіл. A) Ұсақ шеберханалар жұмысшыларының. B) Кеніш жұмысшыларының. C) Пошта-телеграф қызметкерлерінің. D) Жергілікті интеллигенцияның. E) Теміржолшылардың. |
19. Қазір қолданып жүрген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған жыл: A) 1992ж. қаңтарда. B) 1992ж. маусымда. C) 1997ж. қазанда. D) 1991ж. желтоқсанда. E) 1995ж. тамызда. |
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет. A) Қыпшақ хандығы. B) Қарақытай мемлекеті. C) Қимақ хандығы. D) Оғыз мемлекеті. E) Қарахан мемлекеті. |
21. XIV ғ. аяғы мен XV ғ. I-ші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғаны туралы дерек қалдырды: A) Рузбихан B) Масуди C) Қашғари D) Рашид ад - Дин E) Марвази |
22. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: A) «Тарих-и-Абулхаир-хани» B) «Оғызнама» C) «Шежірелер жинағы» D) «Та’рих-и-Рашиди» E) «Кодекс куманикус» |
23. Қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатынын жазған саяхатшы A) Дүрбек B) М.Протектор C) Петохвя D) Әл-Мокдиси E) Якуб |
24. 1917-1918 жылдары қазақ, ұйғыр, орыс еңбекшілері арасындағы қатынастарды жақсартуға үлес қосқан қайраткер: A) С.Сейфуллин. B) М.Масанчи. C) Т.Бокин. D) А.Розыбакиев. E) Б.Әшекеев. |
25. 1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді: A) Қ.Қайсеновке. B) Б.Бейсекбаевқа. C) Т.Бигелдиновке. D) Б.Момышұлына. E) Р.Қошқарбаевқа.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ |
