Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.2 лекция ЭА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.62 Кб
Скачать

1.1.1. Тұрақсыз токты генераторлардың жұмыс істеу принципі.

Сурет 2-де тұрақсыз токта істейтін тұмсық бейнелі роторлық автомобиль генераторы құрылғысынының жеңілдетілген схемасы көрсетілген. Генератор, мынандй негізгі конструкивтік элементтерге ие:

  • электротехникалық болат пластиналардан құрастырылған қозғалмайтын стартор 1;

  • статор орамасы 2;

  • айналушы тұмсық бейнелі ротор плюстері 9 және олардың арасына орнатылған төлке 15;

  • қоздырғыш орамасына 8, оның шығатын басы, біліктен және бір-бірінен екі бөлектелген түйісуші шығыршыққа 13 дәнекерленген;

  • жетек жағындағы 3 және түйісуші шығыршық 10 жағындағы алюминий қорытпасынан жасалған қақпаққа оған екі жақты резиналық тығыздаушымен және оның біррет барлық артқару мерзіміне жететін май салынған 5 және 11 подшипниктер орнатылған.

Түйісуші шығыршық жағындағы қақпаққа, екі тікбұрышты мыс-граффиттік шеткамен 12 және түзеткіш блогымен 7, пластмассалық щеткаұстағыш 14 орнатылған. Қалақшалардың 6 көмегімен, генераторды салқындатушы, сорушы желдеткіш түдырады. Генератордың жетегі шкив 4 көмегімен жүзеге асады.

Генератордың жұмыс істеу принципі мынандай. Тұтандыру бекіткішін қосқанда, аккумулятор батареясынан қоздырғыш орамасына кернеу беріледі де, ол қоздырғыш токтың пайда болуын туындатады. Қоздырғыш тогы, ал оның жұмысшы бөлігі тұмсық бейнелі полюстің магниттік өрістік бір жағын ғана таралған, ол қоздырғыш орамасынан өткенде магниттік өріс тудырады. Полюстардан шығасала магниттік ағын, ауа саңлауын қиып өтіп, стартордың тістерінен және оның арқасынан ағып өтіп, ол тағы бір рет ауа саңлауын уиып өтеді де, ол тұмсық бейнелі полюстің магниттік өрістігінің басқа жағынан кіріп, төлке және білік арқалы тұйықталады.

Автомобиль генераторларында үшфазалы көпірлік екіжартылай периодтық схемадағы түзеткіштер көбірек қолданыс тапты. Бұл схемаларда, түзетілген қуат Рd мен генератор қуаты Р, арасында өте қолайлы, теориялық Р = 1,045 · , қатынас бар.

Үшфазалық көпірлік түзеткіштік схемасы түзетілген кернеудің онша үлкен емес салыстырмалы болқулығын (пульсация) қамтамасы етеді, бұл осы күнгі автомобилдерде электрониканың кеңінен қолданылатындығына байланысты, автомобиль генераторларына қойылатын бірден-бір маңызды талап болып табылады.

Сурет 2. Тұмсық тәрізді роторлы тұрақсыз тоқты автомобиль генераторы

Үшфазалы көпірлік түзеткіштік схемасы мынандай сипатта жұмыс істейді. Генератор стартерының орамасы «жұлдызша» схемасы бойынша жалғанған (сурет 3, а) деп жорамалдайық. Әрбір берілген уақыты моментінде бірінші топтағы диод жұмыс істейді де, осы уақытта оның анодтық шығушысы генератордағы бейтарап нүкте N салыстырғанда ең үлкен оң потенциалға ие болады, ол оның орнынв – екінші топтағы диодтың шығушы катоды, сол N нүктесіне салыстарғанда абсолюттік мәні бойынша ең үлкен теріс потенциалға ие болады. Мұндай түзеткіш схемасы бойынша түзетілген кернеудің толқу жиілігі, генератор фазасының екі еселенген санына тең болады, яғни бір периодта 6 толқуға (сурет 3, б) тең болады. 1 [ 5 ÷ 12]

а – электрлік схема; б – фазалық және түзетілген кернеудің осцилограммасы

Сурет 3. Үшфазалық көпірлік түзетілу схемасы:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]