- •2.2.1. Дәріс тақырыбы: «Кіріспе. Электрлік жабдықтау жүйесі (Автомобиль генераторлары. Автомобиль генераторларының құрылымы. Автомобиль сетіндегі кернейді реттеу»).
- •Электрлік жетістіріп беру жүйесі
- •Сурет 1. Электр жеткізіп беру жүйесінің структуралық схемасы.
- •1.1.1. Тұрақсыз токты генераторлардың жұмыс істеу принципі.
- •Сурет 2. Тұмсық тәрізді роторлы тұрақсыз тоқты автомобиль генераторы
- •1.1.2. Тұрақсыз токты генераторлардың сипаттамала.
- •1.3. Автомобилдердің борттық тізбегіндегі кернеуді ретттеу
- •1.4. Кернеуді реттегіштер
- •Сурет 9. Реттеуші-реле рр 380
- •2.1. Қорғасынды-қышқылдық аккумуляторларындағы физика-химиялық процесстер.
- •2.2. 2. . Стартерлық аккумулятор батареяларының құрылғылары.Нығады. Ағынан және электростатикалық өріс пен осмотикалық ғы қандай даынСтартерлық аккумулятор батареяларының құрылғылары.
- •2.3. Аккумуляторлық батареялардың негізгі параметрлері.
- •2.4. Аккумулятор батареясының зарядталу және зарядсыздану сипаттамасы.
- •2.5. Аккумуляторлық батареяларды зарядтау әдістері.
- •2.7. Электрді жетістіру жүйесін техникалық пайдалану. Диагностикалау әдістері.
Дәрістік сабақ конспектілері.
2.2.1. Дәріс тақырыбы: «Кіріспе. Электрлік жабдықтау жүйесі (Автомобиль генераторлары. Автомобиль генераторларының құрылымы. Автомобиль сетіндегі кернейді реттеу»).
КІРІСПЕ
Автомобиль жасау өнеркәсібі және автомобиль көлігі алдына өте күрделі талап қойылған, олардың ішінде: жанармайдың меншікті шығынын төмендету, жұмыс істеу қорын арттыру және көп еңбекті азайту, автомобилдерді техникалық күтуді азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін жоғарылату, зиянды жану өнімдерінің ауға шығарылуын төмендету жатады.
Бұл қойылған талаптарды, автомобилдердің агрегаттары мен түзілімдерін жетілдеру, қозғалтқыштар мен трансмиссияны автоматтық басқарудың электрондық жүйесін жасау және ендірумен, техникалық диагностикалаушы әдістерін және құралдарын жасап шығару жолымен шешуге болады.
Біздің елімізде ғылым мен техниканың ілгерілеуін шапшаңдару, халықтың әл-аухатын арттыру автомобиль көліктерінің өркендеуімен үзіліссіз байланысқан, оның көмегімен осы күнгі барлық көлік түрлерімен тасымалданатын жүктердің 60 %-ті, жолаушылардың 80 %-ті тасымалданады.
Автомобилдердің пайдаланылу сенімділігі, үнемділігі, қаупсізділік белсенділігі және үнемділік сапасы көп жағдайда оның электржабдықтарының жұмысымен анықталынады.
Осы күнгі автомобилдердің электржабдықтары жүзге жақын және одан көп бұйымдардан құрастырылған болып өте күрделі жүйе екендігін көрсетіп, оның құны жалпы автомобиль бағасының шамамен 30 % құныны құрайды.
Автомобилдердің электржабдықтарын жүйелі әдістемеде қарастырғанда, оны бірнешедербес функционалдық жүйе түрінде көрсетуге болады – электржеткізуші, жүргізу (іске қосу), тұтандыру, жарықтандыру және дабылдау қозғалтқыш пен трансмиссияны автоматтық басқару жүйелері, хабарландыру және диагностикалау.
Автомобилдегі электрөткізгіштердің жалпы ұзынды 250-600 м. дейн жетеді. Өткізгіштерді орнату, оларды бір жгутаға біріктіру, олардың принципиалдық және теру-жинау (монтаждық) схемаларын құру белгілі-бір қиыншылықтар тудырады.
Кернеуді контактысыз электрондық реттеуші тұрақсыз токты істейтін тербелмелі реттегішті генераторлар толығымен ауыстырылған. Түйіспесіз электрондық және микропроцессорлық тұтандыру, сондай-ақ жанармай беруді автоматтық басқару жүйелері пайда болды. Күтілмейтін аккумуляторлық батареялар деп аталатындар жасалатын. ІЖҚ (іштен жанушы қозғалтқыштар) іске қосу жүйесінде редікторлы стартерларды қолданудың болашағы зор деп есептеледі.
Ке»нгі жылдары автомобилдерде электрондық жүйелер және аспаптар кеңінен қолданыла бастады. Кәзіргі кезде практика жүзінде қалаған электржабдық жүйесіне электрондық элементтер қосылған. Бұларға, барлық мүмкін болған релелер, реттегіштер, датчиктер және басқада кіреді. Электроника мен микропроцессорлық техникасының қолданылуы қозғалтқыштар мен трансмиссияны автоматтық басқару жүйесін дамытуға себепші болды.
Автомобилдерде электрондық құрылғыларды енгізу, оларда арнайы элементтік базалардың жасалынуымен байланысқан, себебі автомобилдердің электржабдықтары бұйымдарының жұмыс жағдайы тіптен ерекшелінген. Бұларға, температураның кең ауқымда өзгеретіндігі (-50 0 - + 150 0 С), тербелістер, қоршаған ортанаың агресивтік әсеріне ұшырайтындығы жатады.
Автомобилдердің электржабдықтарын күрделендіре берудің кері жағы тағыда бар, онымен байланысты бұзылулар санының артуына алып келуі мүмкін. Осы күнгі автомобилдердің бұзылуларының 30 % артығы, олардың электр жабдықтарының бұзылуынан туындайды. Сондықтанда, жаңа жүйелер мен тораптарын диагностикаландыру әдістері мен құралдарын өз уақтында жетілдіру мәселесі өте күрделі болып табылады.
