- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
Обеспечение надежной работы Электр станция, қосалқы станция және өндіріс кәсіпорнының электрмен жабдықтау жүйесін сенімді жұмыспен қамтамасыздандыру белгілі дәрежеде жоғарғы дәрежелі ажыратқыштың қарсылықсыз жұмысында анықталады.
Ажыратқыштар – электрлік қондырғылардағы негізгі коммутациялы аппараттар және ток тізбегін ажырату және сөндіру үшін қызмет етеді. Ажыратқыштардың бірегей ерекшелігі өзінің функцияларын қосылған және сөндірілген кейпінде сенімді орындауы керек, сонымен қатар, апатты жағдайды қосып, кез келген жұмыс режимінде коммутациялық операцияларды лезде орындауға дайын болуы керек.
Коммутациялық аппараттардың тексеруі РҚ тексеруі кезінде, ажыратқыштарды кезектен тыс тексеру – қысқа тұйықталу тогын сөндіргеннен соң жүргізіледі. Тексеру кезінде қызып кетуге және түйіспелі байланыстың сыртқы күйіне, ажыратқыштың және жетектің бекітілуіне, оқшауламаның күйі және ластану деңгейіне, жерлендіру тізбегінің дұрыстығына назар аударылады.
Майлы ажыратқыштарда май деңгейі, оның ағуының жоқ болуы, май ластануының сатысы және температурасы бақыланады.
Бактың көп көлемді (жанындағы) майлы ажыратқышында май толық құйылмайды, қақпақ астында доғаны сөндіру процесінде белгіленетін газ қысымының жылдам жоғарылауын демпфирлеуге арналған ауа жастықшасы қалады.
Майдың жоғарғы деңгейінде демпфирлаушы эффект азаяды және ажыратқыш багы газдың жоғарғы қысымынан жарылуы мүмкін. Майдың төменгі газдың ауа жастықшасынан шығатын деңгейінде (бастысы сутегі) майдың жұқа қабатында салқындап үлгермейді және сутегінің ауалы қоспасының (күркіреген қоспа) жарылуын болдыра алады.
Температураның төмендеуімен ажыратқыштың уақытша сипаттамасына айтарлықтай әсер етіп, майдың тұтқырлығы жоғарылайды. Сондықтан, қоршаған ортаның -25°С-тан төмен температурасында төмендеуі кезінде майлы ажыратқыштың электрлік қызу құрылғысы автоматты түрде қосылуы керек.
Майдың ластануы және ылғалдануы пайдалану кезінде оның электрлік беріктілігінің төмендеуіне әкеледі. 110 кВ және одан жоғары кернеулі көп көлемді ажыратқыштарда майды электрлік беріктілікке тексеру жүргізіледі, қысқы тұйықталу немесе жүктеме тогының коммутацияның шекті рұқсат етілген саны ажыратқышпен орындалу кезінде; 35 кВ-дейінгі кернеулі көп көлемді ажыратқышта және барлық кернеулі аз көлемді ажыратқышта май ажыратқышпен коммутацияның шекті рұқсат етілген санынан кейін ауысуында жатады. Коммутацияның шекті рұқсат етілген саны пайдалану бойынша нұсқамадағы өндіруші-кәсіпорынмен ұсынылады.
Ауа ажыратқыштарында оралған ауаның жылыстауы және қысымы; элегаздық ажыратқыштарда – элегаздың жылыстауы, қысымы және ылғалдылығы бақыланады.
Майлы және ауа ажыратқыштары төменгі сенімділікке, үлкен емес коммутациялы ресурсқа, өрт қауіптілігіне (майлы ажыратқыштарда), жөндеу және қызмет көрсетуде жоғары еңбек өажеттілігіне ие екендігін айта кету керек. Сондықтан, қазіргі уақытта жаңа құрылыс және қайта құрастыру кезінде жоғары техникалық сипаттамасы бар элегаздық және вакуумдық ажыратқыштар орнатылады.
Әр түрлі конструктивті орындауларда профилактикалық өлшеу және күштік ажыратқыштарды тексеру ұсынылады. Жекелей алғанда, кез келген конструкцияның ажыратқышын тексеру бағдарламасына келесілер жатады:
Берілген өндіруші-кәсіпорын кедергісінің өлшеміне сәйкес ажыратқыштың түйіспелі жүктемесінде тұрақты ток кедергісін өлшеу;
Төмен кернеу кезінде жетек жұмысын тексеру; айнымалы (тұрақты) ток кезінде электромагниттің басқаруы минималды кернеуінің жұмысы 0,65С/НОМ (0,7£/ном) аз болмауы керек;
3. Берілген өндіруші-кәсіпорынның сипаттамаларына сәйкес ажыратқыштың жылдамдық (қосу және сөндіру уақыты) сипаттамасын өлшеу;
4. Ажыратқышты АПВ циклінің жұмысына арналған О-В и О-В-0 циклінде сынау.
Айырғыштарды тексеру кезіндетүйіспенің және оқшауламаның күйіне негізгі назар аударылады. Түйіспелі қысымның әлсіреуі, қышқылдану және түйіспенің ластануы өтпелі кедергінің жоғарылауына, түйіспенің жоғарғы қызуына, тіпті, олардың өртенуіне әкеледі. Түйіспелі із бар болған кезде еруі түйіспенің басқа үлкен емес ақауларынан қорғайды және техникалық вазелин жұқалап жағылады. Түйіспенің белгілі зақымдануы кезінде оларды жаңасымен ауыстырылады.
Айырғыштарды қосу кезінде түйіспеде бір соққы болмауы керек – түйіспелер осі сәйкес келуі керек. Айырғыштар полюстері бірдей уақытта ажырап және тұйықталуы керек. Тексеріс айырғыштың баяу қосылуымен бір плюстің түйіспесінің жанасу кезіне дейін орындалады. Бұдан кейін 3 мм-ден аспайтын басқа полюстерін түйіспелер арқылы саңылаулар өлшенеді. Белгіленген жеткіліксіздердің бар болуы айырғыштардың қызмет көрсетуі кезінде жойылады.
Айырғыштардың оқшауламасы, әсіресе, сыртқы орналасуда күрделі шартта жұмыс істейді. Жұмыс кернеуі және асқын кернеу оған механикалық жүктеме, аппараттың келісілген жұмысы, шина ауырлығы, мұздақ тәрізді әсер етеді. Ажыратқыштардың оқшауламаларының жоғарысындағы ластануы шатырдың ықтималдылығын, әсіресе, дымқыл ауа райында жоғарылайды. Оқшауламадағы жарылу және сынықтарын жаңарту кезінде армирлайтын белдіктердің белгілі қирауында аппараттың жөндеуге енгізілуін қадағалайды.
Айырғыштарды өлшеу және тексеру жұмыстарына мыналар жатады:
1. Айырғыштың түйіспелі жүйесінің тұрақты токқа кедергісі; түйіспелердің омдық кедергілері барлық кернеулер класы үшін 1.3-кестеде келтірілген мәндерден аспауы керек.
1.3-кесте
Номинал ток, А |
600 |
1000 |
1500...2000 |
Кедергі , мкОм |
175 |
120 |
50 |
Күш , Н |
-200 |
-400 |
-400 |
Бір түйіспенің басқасынан тарту күшін өлшеу; осы өлшеумен түйіспелі қысым тексеріледі; түйіспені майлауда өлшеу жоқ болғанда жүргізіледі; тарту күші 1.3-кестеде келтірілген нормаға сәйкес келуі керек.
Жұмысты басқаруды электромагниттерді және электр қозғалтқыш жетектерді шығаруда қалыпты кернеу кезінде бір еселі қосылуды және сөндіруді тексеру;
Рұқсат етуге болмайтын механикалық блоктаулардың жұмысын тексеру:
Жерлендіргіш пышақтар қосулы кезінде айырғыштың басты пышағымен операция жасау;
Басты пышақтар қосулы кезінде айырғыштың жерлендіргіш пышақтарымен операция жасау.
5. қысқа тұйықтағыштарда қосылу уақыты, бөлгіштерде сөндіру уақыты анықталады. Бұл уақытша сипаттамалар өндіруші-зауыт нормасымен сәйкес келуі керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Коммутациялы аппараттарды тексеру қалай жүзеге асады?
2. Қосалқы станцияларда жоғарғы кернеулі ажыратқыштар қандай мақсатта орнатылады?
3. Жұмыстың қандай түрлері ажыратқыштарды тексеруге жатады?
4. Жұмыстың қандай түрлері айырғыштарды тексеруге жатады?
5. Майлы ажыратқыштарда қандай параметрлер бақыланады?
