- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
КЖ ол зақымданғанда жөнделеді, мысалы, каабель оқшауламасының тесілуі кезінде, ал КЖ жөндеудегі негізгі операция жаңа муфта орналастыру немесе қолданыстағы кабельдік муфтаны ауыстыру болып табылады. Сондықтан, КЖ-ні пайдалану кезінде апатты-қайта орналастыру жөндеу жүйесі (АҚОЖ жүйесі) қолданылады.
Кабельдің зақымдану кезінде қызмет етуші жұмысшы зақымданған орынды іздеп табуы керек, ал жердегі траншеяға кабель төсеу кезінде – осы жердегі траншея телімін қазу керек. Қазғанда қауіпсіздікті сақтаған жөн, ал 0,4м-ден көп тереңдікте - тек күрекпен қазады.
КЖ-ні ағымдағы және күрделі жөндеу кезіндегі жұмыс көлемі алдыңғы тексерулердің, бақылау жмен өлшеулердің нәтижесі бойынша анықталады. КЖ жөндеуді жоспарлау үшін келесі падалану-техникалық құжаттамалар жүргізіледі:
- КЖ төлқұжаты;
- тексеру қағаздары;
- кабельдік журнал;
- кабельдердің барлық жерасты коммуникацияларына қиылысқаны және жақын орналасуы көрсетілген жасырын жұмыстардың актісі;
- кабельдік муфталарды монтаждаудың актісі;
- оқшаулама кедергісін өлшеу хаттамасы;
- жоғары кернеулі КЖ оқшауламасын тексеру хаттамасы;
- жерлендіруші қондырғының кедергісін өлшеу хаттамасы;
- КЖ-нің қателіктерінің журналы;
- КЖ-дегі жұмыс тізімінің журналы және басқа да құжаттар.
Бұл құжаттар негізінде барлық кабельдік желілердің саны мен техникалық күйіне сәйкес жөндеуге шығарылған жылы көрсетілген көп жылдық жұмыс графигі құрылады. Көп жылдық график негізінде жұмыстың жылдық графигі құрылады.
КЖ-ні күрделі жөндеу кезінде келесі негізгі жұмыстар орындалады:
- кабель және муфтаның күйінің бағасымен кабельдік траншеяны ішінара тік қазу;
- кабельді дұрыстап жайып салумен, қабықтың коррозиясын жою, арналарды тазалау, кабельдерді бекітуге арналған құрылымды жөндеумен немесе ауыстырумен толық арналарын жабу;
- ақаулы муфталарды бөлу;
- КЖ телімін бөлшектеп немесе толық ауыстыру;
- жерлендіргіш қондырғыларды жөндеу;
- кабельді орналастыруда металл құрылымдарды сырлау.
Жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін КЖ-ні тексеру жүргізіледі. Бұдан басқа, кабельдер 24 сағат бойы жүктеме астында тексеріледі.
КЖ-ні күрделі жөндеу кезінде орындалған барлық жұмыстар акті бойынша қабылданады. Актілер барлық қосымшаларымен кабельдік желінің төлқұжатында сақталады.
Бақылау сұрақтары:
1. 1000В-тан жоғары кернеулі ӘЖ-ін ағымдағы жөндеу кезінде қандай жұмыстар орындалады?
2. Кабельді желілерді ағымдағы жөндеу кезінде қандай жұмыстар орындалады?
3. Кабельді желілерді күрделі жөндеу кезінде қандай жұмыстар орындалады?
4. Кабельді желілердің телімдерін қалай байланыстырады?
5. Кабельді желілерді тексеру қалай жүргізіледі?
6. Кабельді желілерді пайдалану кезіндегі шекті жүктемелер.
7. Профилактикалық өлшеу және тексеру қалай жүргізіледі?
8. Зақымдану орнын анықтау қалай жүргізіледі?
9. Кабельді желілерді жөндеуді жоспарлауға арналған пайдалану-техникалық құжаттамаларды атаңдар.
10. Қатыстық әдістің мәні неде?
