Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.49 Mб
Скачать

2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру

Электрмен жабдықтау дистанциясының сызықтық бөлімшесінің басшылары алғашқы тіркеу мен есептеу құжаттамаларының әр түрлі құжаттамаларын жүргізеді және ЭЧ-дағы оның қабылданған мерзімін ұсынады. Барлық құжаттамалар оперативті-техникалық, тіркеу, есептеу және еңбекті қорғау бойынша құжаттамаларға бөлінеді.

Ережеге сәйкес электрмен жабдықтау дистанциясындағы пайдалануға енгізілген әр объектіде және оның сызықты бөлімшелерінде келесі құжаттамалар болу керек: ғимарат, құрылыс, және электротехникалық коммуникациялар келтірілген басты жоспар; алдағы барлық өзгерістер бекітілген құжаттама (сызбалар, түсіндірме жазбалар және т.б.); жасырын жұмыстарды қабылдау, электр жабдықты тексеру мен дайындау, пайдалануға электр қондырғыларын қабылдау актілері; біріншілік және екіншілік электрлік байланыстардың орындау жұмыс сұлбалары; негізгі электр жабдықтың техникалық төлқұжаты; электр қондырғылардың қызмет көрсетуі бойынша, сондай-ақ, әр жұмыс орны бойынша қызметтік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар.

Әр сызықты бөлімшеде ЭЧ-нің бас инженері бекіткен нұсқама тізімі мен сұлбалар құрылған болуы керек. Олар 3 жылда кемінде 1 рет қаралады. Тізімге келесі құжаттар кіруі керек:

- саналған электр жабдықтың журналы және олардың техникалық мәліметтері көрсетілген қорғаныс құралының, сонымен қатар, оларға меншіктелген инвентарлық нөмірлердің (төлқұжаттық мәліметтерге немесе журналға тексеру, жөндеу актісі мен хаттамасы және жабдықты ревизиялау жатады) төлқұжаттық картасы; электр жабдықтың, электр қондырғының және құрылыстың сызбалары, артық бөлшектердің сызбаларының жинағы; әуе және кабельдік трассалардың орындалу және кабельдік журналдар;

- жерасты кабельдік трассалардың және ғимарат пен құрылысқа байланған жерлендіруші қондырғылардың сызбалары, сондай-ақ, байланыстырушы муфталардың орнының көрсетілуімен және басқа коммуникациялармен қиылысуы;

- тұтас кәсіпорын бойынша және бөлек цех пен телім (бөлімше) бойынша құрылған электрмен жабдықтаудың жалпы сұлбасы;

- цех, телім (бөлімше) электр қондырғысының қызмет көрсетуі бойынша пайдаланылатын және әр жұмыс орны бойынша қызметтік нұсқама жинағы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқама.

Пайдалану үрдісінде шығарылған электр қондырғыдағы барлық өзгерістер электрлік сұлбаларға жылдам енгізілуі тиіс және олармен қызмет етуші жұмысшы міндетті түрде танысуы керек. Сызбада ЭЧ-нің бас инженерінің қызметі мен өзгеріс енгізілген күні көрсетіліп, қолы қойылуы керек. Өзгерістермен танысқан қызмет көрсетуші тұлғаға қажетті ақпарат үкімдер журналында жазылады.

Негізгі электрлік сұлбаға сәйкес 2 жылда кемінде 1 рет фактілі пайдаланылатын сұлбаны тексереді, оның ішінде тартылым қосалқы станциясының бірсызықты және оперативті сұлбасы; қоректену сұлбасы және түйіспелі торапты секциялау мен ӘЖ-нің өзінің және түйіспелі торап ауданына жататын автоблоктау; жоспарлар мен қоректену сұлбасы, автоблоктау желісін секциялау; кабельдік желілердің трассаларының және басқа да тұтынушылардың сұлбасы. Екіншілік коммутацияның және релелік қорғаныстың сұлбасы берілген қондырғының ғимаратындағы белгілі орында ілінеді.

Әр жұмыс орнында төмендегілер көрсетілетін нұсқамалар құрылады:

- жабдықтың қызмет көрсетуі бойынша нұсқамалар тізімі, нормативті-техникалық құжаттамалар (НТҚ), электр жабдықтың сұлбасы, нақты қызметтегі жұмысшылар үшін міндетті білім;

- жұмысшының жауапкершілік пен міндеттер құқығы;

- жоғары сатыдағылар мен бағыныштылар арасындағы және басқа да қызметкердің жұмысы бойынша байланысы бар тұлғалардың өзара қарым-қатынасы.

Нұсқама 3 жылда кемінде 1 рет қарастырылады. Оперативті жұмысшының жұмыс орнындағы құжаттаманың негізгі көлемі Ережеге сәйкес:

  • оперативті сұлба немесе сұлба-макет;

  • оперативті журнал;

  • электрлік жабдықтағы жұмыс жасаудың наряд-рұқсатнама бланкалары;

  • ауыстырып қосу бланкалары;

  • электр жабдықтағы ақаулар мен олқылықтар журналы немесе картотека;

  • бақылау-өлшегіш құралдар мен электр санағыштардың көрсетулерінің мәліметтер тізімі;

  • жабық телімде ағымдағы пайдалану ретімен жеке орындалатын жұмыстар тізімі;

  • өндірістік нұсқама тізімінің журналы;

  • апатқа қарсы дайындық тізімінің журналы;

  • электр қондырғыларын жеке тексеруге құқығы бар тұлғалар тізімі; наряд, оперативті үкім беруге құқығы бар тұлға, электрмен жабдықтау ұйымдарының жауапты кезекшісі;

  • релелік қорғаныс, автоматика және телемеханика журналы мен релелік қорғаныс пен автоматиканы орналастыру картасы;

  • үкімдер журналы.

Оперативті құжаттаманың көлемі жергілікті шартқа тәуелділікте бас инженердің шешімі бойынша толтырылған болуы мүмкін.