- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
Өлшеу трансформаторларын тексеру күн сайын кернеу алусыз – қосалқы станцияда тұрақты қызмет көрсететін жұмысшымен, қосалқы станцияда қызмет көрсететін жұмысшысыз 10 күнде кемінде бір рет ЭЧ бас инженері бекіткен мерзімде жүргізіледі.
Трансформаторларды ағымдағы жөндеу 3 жылда 1 рет жүргізіледі. Күрделі жөндеу – тексеру мен күй нәтижесі бойынша, ал тексеру 6 жылда 1 рет жүргізіледі.
Тексеру кезінде шығарулардың тығынының және олардың жылтыратылған жоғарысының, оқшаулама армировкасын және олардың қақпаққа бекітілу күйін; шығатын оқшауламаларының фланецтарынан және қаттамадан майдың ағуының болмауы; жерлендіру күйі мұқият тексеріледі.
Оқшауламаны бақылау сұлбасында жұмыс істейтін кернеу өлшеуіш трансформаторларын (КТ) тексеру кезінде пультте табылатын, құралдың қателіктері бойынша болуы ықтимал себептер мен белгілерді анықтауға болады. Мысалы, егер фазаның бірінде кернеудің қалыпты мәні болса, ал қалған екеуінде – екі есе төмен, онда ЖК трансформатор орамаларының бір фазасы үзілуі немесе ЖК жағындағы сақтандырғыштарының бірінің күюі мүмкін.
Кернеудің осындай мәнінде фазалардың бірінде және нөлге тең немесе басқа екуінен қалыпты мәнінің жартысынан аз, онда ТК орамасының фазаларының бірі үзілуі; байланыстырушы сымдардың бірінің түйіспесінің бұзылуы немесе ажырауы; ТК-дің фазаларының бірінің сақтандырғышының күюі мүмкін.
Егер
екі фазаның кернеуі қалыпты мәнге ие,
ал үшіншісі қалыптыдан
есе үлкен болса
(сұлбада ашық үшбұрышқа қосылған
бірфазалы трансформаторлар 3), онда
олардың бірі торапқа дұрыс қосылмаған
немесе жөндеуден кейін оның қысқыштары
дұрыс белгіленбеген.
2.28-сурет Ток трансформаторының полярлығын тексеру
Ток трансформаторының (ТТ) полярлығын тексеру 2.28-суретте көрсетілген сұлба бойынша жүргізіледі. Үшфазалы трансформаторды тексеру кезінде миллиамперметрдің нұсқағышының бірыңғай емес ауытқуы оның орамасының дұрыс жалғанбағанын және жөндеудің қажеттілігін куәландырады.
Ағымдағы жөндеу. 35-110кВ кернеудегі ТТ-ын жерлендіру, түйіспелі байланыс, нығыздау, май көрсеткіш қондырғы мен құйғыш кран күйін тексерумен сыртқы тексеруге, сондай-ақ, фарфор оқшауламаны тазалауға және май сынамасын сұрыптауға апарады. Майлы КТ-ын жөндеу кезінде жоғарыда көрсетілген операциялардан басқа, тексеру, тазалау және сақтандырғыштарды майлау мен трансформатор былғарысын тазалау операциялары орындалады.
ЗНОЛ-35БУХЛ1 типті оқшаулама құймасымен құрғақ КТ пайдалану үрдісінде шаңнан тазартады, құйылған бетті тексереді (сынықтар мен жарылулардың болмауы) және байланыстардың бекіткішін тартады. Құрғақ КТ-ын тексеру көлеміне бос жүріс тогын, 1000В-та оқшаулама кедергісін мегаомметрмен өлшеу, сондай-ақ, жоғарғы кернеудегі оқшауламаның электрлік беріктігін тексеру жатады. Құрғақ өлшеуіш трансформаторлар қызмет көрсетуде қарапайым және жөндеуді талап етпейді. Егер тексеру нәтижесінде алдағы пайдалануға қатысатын қандай да бір қателіктер табылатын болса, онда жай ғана трансформаторларды ауыстырады.
ТТ мен КТ-ын тексеруден бұрын кернеу алумен тексеру жүргізеді. Бұл кезде орамалардың шығаруларының зауыттық таңбалауларының бар болуын, сонымен қатар, корпустағы тақтайшаны тексереді. Сырланған немесе бұзылған заттар қайта орнатылады. Өтпелі ТТ-ның біріншілік орамасының қосылуы мен тұрғызылған және шиналы монтаждаудың («жоғары», «төмен» жазуларына сәйкес) дұрыстығын; оған, сондай-ақ, клеммалы жинаққа шығарулардың бекуін шолып анықтайды. ТТ-ның екіншілік орамаларының жерлендірілуін тексереді. Бұл кезде ТТ-ның өзара электрлік байланысқан клеммалы жинақта жалғыз жерлендіруі болатын жерлендірілуіне, сонымен қатар, ТТ дифференциалды қорғанысының жерлендіруіне аса назар аударылады. Камера ішіндегі ток және кернеу тізбегінің сымы мен оқшауламаларының дұрыстығын шолып анықтайды.
ТТ және КТ оқшауламасының кедергісін келесі жүйелілікпен мегаомметрмен өлшейді: трансформатор орамасы - корпус; ЖК орамасы – ТК орама; камерада жерге қатысты және өзара шығарудан жинақталған клеммаға дейінгі сым қылдарын; жерге қатысты және өзара таратушы қондырғы камерасынан қорғаныс панелінің қысқышына дейінгі кабель қылын.
Егер 1000В-тан жоғары трансформатордың біріншілік орама кернеуі үшін 2500В-ты мегаомметр қолданса; екіншілік орамалар, сонымен қатар, 1000В-қа дейінгі біріншілік орамалар 500-1000В-та мегаомметрмен тексереді. Өлшеу нәтижелері алдыңғымен салыстырылады. Оқшаулама кедергісін төмендеткен жағдайда себептері анықталады және оларды жояды. Оқшаулама кедергісін алған жағдайда себептер анықталып, олар жойылады. Қорытындысында жерге қатысты барлық байланыстардың жерге қатысты тізбегінің оқшауламасының кедергісі өлшенеді, минималды мәні 1МОм-нан төмен болуы керек. Бұдан басқа, екі жылда 1 рет ТТ және КТ-ның 1000В жоғары кернеулі екіншілік орамасын тексереді.
Трансформация коэффициентін тексеру немесе қателігін анықтау бірінші рет қосуда жүргізеді. Егер бос жүріс сипаттамасы зауыттық сипаттамадан 20%-ға көп ауытқу табылса, пайдалану үрдісінде трансформация коэффициентін қорғанысты толық тексеру кезінде өлшейді. Көп орамалы трансформаторлардың трансформация коэффициентін бір дәнекерлеуде (максималды) барлық екіншілік орамалар үшін тексереді, бұл кезде қалған екіншілік орамалар тұйықталған болуы керек.
Өлшеу
кезінде трансформацияның ақиқат
коэффициенті КТ,
біріншілік
және екіншілік
І2
орамалардың
токтарының қатынасы анықталады. Номиналды
КН
және
ақиқат
КТ
трансформация коэффициенттерінің
арасындағы айырмашылық ораманың берілген
класына арналған шекті
шамасынан жоғарыламайтын ток қателігін
сипаттайды.
Қоректену көзінің сапасында барлық және 1000А-ге дейінгі КТ-ның Iн трансформация коэффициентін тексеру кезінде К-501 блогын, АТТ-5, АТТ-6 және АТТД-2В типті аппараттарды қолдануға болады.
Орама оқшауламасының диэлектрлік шығынның тангенс бұрышын өлшеу біріншілік орамаларының екеуі де номиналды кернеуде есептелген; негізгі оқшауламасы қағаздан, бакелит немесе битуминозды материалдан жасалған 35кВ және одан жоғары кернеулі ТТ өлшеуіш трансформаторларда жүргізіледі, сондай-ақ, ТФН және ТФЗН маркалы ТТ-да – май сапасының қанағаттанарлықсыз көрсеткішінде жүргізіледі. Бұл кезде және сыйымдылықтың уақыт ағымымен өзгерісінің сипаттамасына назар аударылады.
Трансформатор майы 35кВ және одан жоғары трансформаторларда ғана тексеріледі, 35кВ-тан төмен кернеуде сынақ алынбайды, егер профилактикалық тексеру нормасын қанағаттандырмаса, онда оны толығымен ауыстырады (2.11-кесте).
Ток
трансформаторларының сипаттамалық
магниттеуінің
номиналды токқа тәуелділігін (номиналды
жиілік және кернеудің синусоидалы
формасын) К-5
К-500
құралының көмегімен 2.29-суретте
келтірілген сұлба бойынша анықтайды.
2.29, а-сұлба
бойынша біріншілік орамадағы токты, ал
ЭҚК-пен – екіншілік орамадағы токты
өлшейді,
2.29,
б
– сұлба
бойынша - керісінше.
Екі жағдайдағы токтың өлшеу мәні және
ЭҚК бір немесе тармақтың сондай санына,
көбінесе екіншілік орама тармағының
санына келтіріледі. Трансформацияның
үлкен коэффициентін тексеруі кезінде
2.29,
в-суреттегі
жеңілдетілген сұлбаға әкеледі.
Кейде
бұл жағдайда вольтметр ЭҚК-ін өлшемейді,
суммарлы шама - ток трансформаторының
екіншілік орамасының активті және
индуктивті кедергілерінің кернеу
түсуіне қоса ЭҚК-ін өлшеді. Осындай
сұлба бойынша өлшеу нәтижесінде
тұрғызылған сипаттама дәл орнынан
жоғары, әсіресе өзекшенің терең қаныққан
аймағында орналасады. Сондықтан,
жеңілдетілген сұлба бойынша тексеруді
магниттеу тізбегінің толық кедергісі
екіншілік ораманың толық кедергісінен
үлкен болғанда ғана жүргізуге болады.
Магниттеу тогын токтың қолданыстағы мәніне әсерін тигізетін құралмен (мысалы, электромагнитті), ал ЭҚК-ін – қолданыстағы немесе орташа түзетілген кернеуге әсер етуші, бірақ, синусоидалы кернеу мәніне градуирленген әсер етуші вольтметрмен өлшейді. Бірінші рет қосқанда нөлдік мәнінен номиналды мәнге дейін өзгертіп, сипаттаманың 10-15 нүктесін, келесі жоспарлы тексеруде – 5 немесе 8 нүктесін алады. Бос жүрістің алынған сипаттамасын (2.29, г-сурет) төлқұжаттағымен салыстырады, 20%-дан көп айырмашылық қателіктердің бар екенін көрсетеді (тармақ аралық тұйықталу, магнит сымның зақымдануы және т.б.).
2.11-кесте
Трансформатор майы сапасының шекті рұқсат етілген көрсеткіштері
№ п/п |
Атауы |
Мәні |
1 |
Трансформаторлар, аппараттар және кернеудегі енгізулер үшін стандартты май сынағыш аппаратта анықталған ең аз сыналған кернеу, кВ: 15-ке дейін 15-дан 35-ке дейін 60-дан 220-ға дейін |
20 кВ 25 кВ 35 кВ |
2 |
Механикалық қоспа құрамы (шолып тексеру кезінде) Өлшенген көмір құрамы (тек қана майлы ажыратқыштар үшін анықталады), көп емес |
0
1 балл |
3 |
Қышқылдық сан, көп емес |
0,25 мг КОН |
4 |
Суда ерігіш қышқылдар және сілтілер құрамы: 630кВА-ден көп қуатты трансформаторлар және май толтырылған герметикалық енгізулер үшін герметикалық емес енгізулер үшін 630кВА-ге дейінгі қуатты трансформаторлар үшін |
0,014 мг КОН
0,03 мг КОН Анықталмайды |
5 |
Алдыңғы талдаумен салыстыру бойынша мұнара температурасының төмендеуі, көп емес |
5°С |
6 |
Диэлектрлік шығын 70°С кездегі тангенс бұрышы, көп емес |
7 % |
2.29-сурет Ток трансформаторының тексеру сұлбасы (а, б, в) және бос жүріс сипаттамасы (г): 6, 7, 17, 18 – К-501 және К-500 құралының клеммалары
Ток және кернеу трансформаторларын тексеру аяқталу бойынша белгілеуге келісілген барлық сымдарды жалғайды және шинадағы түйіспелерді тартады. КТ-дағы кернеуде қосқаннан кейін фазакөрсеткіш көмегімен фазалардың кезегін тексереді.
Бақылау сұрақтары:
Өлшеуіш трансформаторларды тексеру қалай жүзеге асады?
Ток трансформаторын ағымдағы жөндеу қалай жүзеге асады?
3. ТТ және КТ-ның оқшаулама кедергісін өлшеу қалай жүзеге асады?
4. Трансформация коэффициентін тексеру қалай жүргізіледі?
5. Оқшауламаның диэлектрлік шығынының тангенс бұрышын өлшеу қалай іске асады?
