- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
Орташа жөндеу көмегімен ең жауапты бөлшектердің және электр жабдықтардың жинақ бірлігінің аса тозу қаупінің алдын алады немесе құрылыстан апаттың шығуын болдырмайды. Жөндеудің бұл түрінде механизмдер мен аппараттардың бөлек бөлшектерін ауыстырады, электрлік байланыстардың сенімділігін қайта орнатады.
Орташа жөндеу қосалқы станция жұмысшысы қатысқанда жөндеу-ревизиялау күшінің бойынша бекітілген жоспармен орындайды. Оны жүргізуде бағдарлама және барлық операциясы, уақыты және трансформаторлардың герметизациялау шарты көрсетілген жұмыс графигі құрылады.
Орташа жөндеу құрамына:
- жинақтаушы түйіндердің (майлы салқындатқыштар, енгізулер, резеңкелі тығыздау, реттегіштердің кернеулері және т.б.) ақауларын ауыстыр немесе жөндеу;
- релелік қорғаныстың және трансформатордың автоматты басқару сұлбасын тексеру;
- кеңейткіштің ішкі тексеруі және тазалау;
- трансформатор багін сырлау және тазалау;
- майдың пленкалы немесе азотты қорғанысын ревизиялау;
- оқшауламаны кептіру немесе қатты кептіру (қажет кезінде) жатады.
Орташа жөндеу кезінде трансформатордың белсенді бөліктерін герметизациялау тексеру және өлшеу нәтижелерінің қажеттілігі бойынша жүргізіледі. Бұл тексеру және өлшеу, егер герметизациялау орны болса, орташа жөндеуден кейін жүргізеді.
Күрделі жөндеу кезінде электр жабдықтың бөлшектері және бөлек базисті бөліктерін ауыстырады және қайта орналастырады. Күрделі жөндеуге күштік трансформатордың жаңа орамаларын орау және орнату жатады.
Электр жабдықтардың күрделі жөндеуін орындау, заңдылық бойынша, оның бөлшектік немесе толық ажырату қажеттілігімен орындалады. Кейбір жағдайларда күрделі жөндеу кезінде электр жабдықтарды жаңартады, яғни, құрылымды жетілдіреді, пайдалану сапасын жақсартады, жөндеуге жарамдылықты, сенімділікті арттырады.
Жаңартудың негізгі мақсаты – ескі техникалық параметрлердің және электр жабдықтың конструктивті жетілдірілмеген қазіргі заманғы техникалық сипаттаманың ең жақсы жетілдірілген электрлік аппаратқа жақындауы.
Трансформаторды күрделі жөндеу арнайыланған шеберханада немесе ерекшелік ретінде, оны қондыру орнында жүргізеді. Трансформаторды күрделі жөндеу үшін алдын ала талап етілетін ақаулық мәліметтерді және орнатылған ретпен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы құрады.
Төмендегілер трансформаторларды енгізуге арналған күрделі жөндеудегі көрсеткіштер болып табылады:
- орташа жөндеу кезінде хроматографиялық талдау, тексеру және өлшеу нәтижесі бойынша анықталған жойылмайтын дамушы зақымданулар;
- жөндеу қажеттілігін немесе ораманы зақымданудан болатын электродинамикалық беріктіктің, тармақтық тұйықталудың және т.б. зақымдануын болдыратын, апаттық зақымдану.
Күрделі жөндеу кезінде келесі жұмыстар орындалады.
Трансформатордың ашу және өзекшені тексеру кезінде шинаны (сымды) сөндіреді, жуылған және кептірілген тараға майды құяды; пайдаланылған құбырды, содан соң газдық релені, кеңейткішті кранмен алады және сөндіреді. Радиаторда майдың болмауын тексереді, фланецты әлсіретеді, болттарды жояды және көтергіш кран көмегімен радиаторларды тазалауға және жөндеуге арналып дайындалған орынға ауыстырады.
Трансформатор қақпағындағы люкті ашады және бакқа жіберіп, төмен және жоғары кернеулі енгізулерден қарсылықтарды және ауыстырып қосқыш штангаларын жетек кернеуінен сөндіреді. Қақпақты кранға орнатып, болттарды жояды, оны трансформатордан алады және дайындалған қайрақта тегістейді.
Суырмалы бөлікті көтеруді егер температура қоршаған ортанікінен 5 0С-тан аспайтын болғанда орындауға болады. Трансформатор багі төменгі температурада ғимаратқа орналастырады. Бұл жағдайда өзекшені бактың барлық биіктігі бойынша шық түскеннен кейін ғана, яғни шамамен 25-35 сағаттан кейін көтеруге болады. Ораманың зақымдануы жоғалғанда трансформатор өзекшесі көтеріледі, ағаш бөлшектерді, ауыстырып қосқыш және бұрғыштың бекітілуін сынбау үшін баяу және мұқият қадағалау керек. Бактың жоғарысына көтерілген суырмалы бөлікті шлангадан алынған құрғақ трансформатор майымен, ал содан соң щеткамен мұқият жуады. Май қалдығын құйғаннан кейін өзекшені ағаш торға орналастырады және мұқият тексереді.
Тексеру кезінде суырмалы бөлікті жабатын тұнба сипаттамасына, оқшауламаның сыртқы күйіне, түсіне, серпімділігіне, сынғыштығына және механикалық төзімділігіне үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, егер электр картонның бірнеше жерінен кесілген тілімдер иілу бұрышында сынса, онда оқшаулама нашар және ауыстыруға болады. Жармалы және теңестіруші оқшауламаның төсемінің бекітілу беріктілігі тексеріледі. Орама тармақтарының әлсізденуі оның пресстеу және сынамен жару жолымен жояды.
Ораманы пресстеу сонымен қатар, пресстеуші сақина біздерінің бауымен, біз және гайка оймасынан кейін үш жердегі дөңгелектеуі бойынша өздігінен айналуына жеткенше шығарылады. Бөлек тармақтар көтерілетін орында киперлі лентадан бандаж байлайды, ал тармақтық ораманың зақымдануын лак шүберекпен жояды. Ауыстырып қосқыш пен бұрғыштардың бекітілуін, жармалы оқшауламаның оқшауламалы төсемесінің дұрыс орналасуын тексереді, оқшауламалы цилиндрді, ағаш бөлшектерді бақылайды.
Мегаомметрмен топталған біздер мен орама оқшауламасын өлшейді және алдыңғы өлшеулер нәтижесімен салыстырады. Зақымданған тығындар ауыстырылады. Ревизия мен жөндеуден кейін трансформатордың суырмалы бөлігін құрғақ маймен екінші рет жуады.
Кернеу ауыстырып қосқышын жөндеу кезінде алдымен оны трансформатордан алады, шөгіндіден тазалайды, түйіспенің жоғарысын әйнек қағазбен бөледі және тазалайды. Қатты күйіп зақымданған бөлшектерді ауыстырады. Түйіспелі қысымды орташа арифметикалық үш өлшеуден шығарып, өлшейді. Бұл кездегі шашу нәтижесі орташадан 10% аспауы керек. Түйіспені ашу кезінде қысым өлшеуі сигналды шам көрсетуі бойынша немесе түйіспе мен бұрғы арасындағы алдын ала қойылған босату бойынша немесе 0,1мм-ден аспайтын қалыңдықтағы қағаз тілімімен жүргізеді. Түйіспе қысымының өлшемі төлқұжаттық мәліметтермен сәйкес болуы керек.
Түйіспе күйін тексергеннен кейін ауыстырып қосқыш жетек күйін тексереді және ауыстырып қосқыш қондырғының дөңгелек диаграммасын алуға тура келеді. Әдетте, сигналды шам әдісі қабылданады.
Ауыстырып қосқышты орнына қондырады және барлық байланыстар мен дәнекерлерді, сонымен қатар, енгізулердің оқшауламалы демпферлі байланыстарының күйін тексереді. Тұрақты ток көпірімен РПН ауыстырып қосқыштың барлық жағдайында тұрақты ток түйіспелерінің кедергілерін өлшейді, бұл шашу мәні 2 %-дан аспауы керек, ал ауыстырып қосқыш жетегінің күйі ауыстырып қосқыш түйіспесінің нақты күйіне сәйкес келуі керек.
Трансформатор багін жөндеуін оның тазалауы мен сынығын пісіріп бітеуге апарады. Бактың ішкі жағын мақият тазалайды, күйдіргіш соданың 15-20 % ерітіндісімен жуады және дәнекерлеуші шамның қызуымен баяу әрі теңдей етіп кептіреді.
Майдың ағатын жерін газды дәнекерлеумен пісіріп бітейді. Дәнекерленген жапсардың сапасы бак тазалығына едәуір тәуелді, демек, май бөлшектерінің түсуі кезінде дәнекерлегенде қабыршақ түзіледі. Бұдан басқа, дәнекерлеу жұмысы кезінде бакта май қалдықтарының тұтануы және будан жарылу болмас үшін өрт қауіпсіздігі ережесі сақталады.
Бактың ішкі бөлігін дәнекерлегеннен кейін түксіз майлықпен сүртеді, содан соң таза құрғақ маймен жуады. Қақпақтағы және бактің сыртқы бөлігіндегі кеуіп қалған кірлерін қырғышпен, металл щеткамен және майда суланған ескі заттармен, содан кейін құрғақ заттармен кетіреді.
Дәнекерлеудің аяқталуы бойынша трансформатордың жиналған багы толығымен 1-2 сағат бойы май бағанының артық қысымымен кеңейткіштегі 1,5 м биіктіктегі май деңгейімен тексереді. Тексеру уақытында бакпен және кеңейткішпен байланысты барлық саңылаулар герметикалы жабылады.
Саңылаудан құндақталған немесе ішіне қысылып жабылған, ұсақталған немесе ісінген төсемелерді ауыстыру қажет. Оларды арнайы жанармайлы тұрақты немесе майлы төзімді 8 мм қалыңдықтағы резеңкеден С-90 немесе С-14 маркалы резеңкеден дайындайды. Бұл резеңкені тікелей қақпақта, фланецте және т.с.с. немесе үлгіде орналастырады. Кесу үшін арнайы құрылғы көмегімен төсеме белгісі және болт саңылауы бойынша кеседі.
Зақымданған және бұзылған оқшауламаларда, дұрыс емес енгізулерді жөндеу кезінде орамаларды шығарудан сөндіреді және қақпақты алады. Оның фланеці негізінде осындай жаңа оқшауламаларды қондырудан бұрын трансформатор қақпағындағы оны қондыратын орынды мұқият тазалайды. Алдын ала мүмкін ақауларды тауып және электрлік тексеру жүргізіп, оқшауламаны мұқият тексереді. Фланец астындағы төсемені С-90 маркалы майлы төзімді пластикалық резеңкеден дайындайды. Тікелей қондырудан бұрын екі жақтың төсемесін, сонымен қатар, фланец астындағы трансформатор қақпағын және оқшаулама фланецін бакелитті лактың немесе БФ-4 желімінің жұқа қабатымен жабады. Оқшаулама фланецінің болт төсемесін қондырғаннан кейін теңдей етіп тартады. Армировкалау және бекіту ылғалдың жиналуына мүмкіндік бермеуі керек.
Суырмалы бөлікті босату және суыру кезінде кран көмегімен оны ревизиялаудан соң қауіпсіздікті сақтай отыра бак үстіне көтереді. Магнит сымның тіректік желісін майлықпен мұқият сүртеді, гайканы бекітеді, бекіткіш желілерді үш орынға және бактағы суырмалы бөлікке босатады. Босату және қондыру кезінде өзекше бак қабырғасының жанасуын бекітеді. Мегаомметрмен жерлендірудің дұрыстығын, яғни, престеуші консоль және бак арасындағы тізбекте магнит сымның болуын тексереді. Содан кейін енгізулі бак қақпағын қондырады, одан соң 12 В-та ауыспалы шаммен электромонтерді трансформатор багіне люк арқылы босатады және шығаруды енгізуге және кернеу ауыстырып қосқышының штангасын жетекке байланыстырады. Байланыстарды тексергеннен кейін термосигнализаторды алады, оны тексереді, төсемелер мен гильзаны ауыстырады, штуцерді жуып, орнына қайта орналастырып, қосады.
Пайдаланылған құбырды және газдық релені кірден тазалайды, кеңейткішті құрғақ маймен жуады, тыныстайтын құбырдың мыс торын шаңнан тазалайды, майлы көрсеткіш құбырды жуады. Бактан кеңейткішке майлы сымда кранды тексереді және қажет кезінде жөндейді. Содан соң кеңейткішті және газдық релені бак қақпағына көтереді, жаңа төсемелерді, олардың фланецтерін орнатады, болттарды тартып, сымды газдық релеге қосады. Пайдаланылған құбырды және бұқтырманы сүртеді, олардың тұтастығын тексереді, бак қақпағына көтереді және құбырдың дұрыс бүгілу күйін сақтап, жаңа төсемеге орналастырады.
Радиаторларды жөндеу кезінде оларды шаңнан, кірден және май ағуынан тазартады, табылған жарықтарды пісіріп бітейді. Егер радиаторлардың зақымдануын дәнекерлеп жою орындалмаса, онда жамау көмегімен төрттен аспайтын құбырды бұқтырмалайды. Қажет кезінде әр радиаторды трансформаторды ойша тексеру қысымымен тексереді. Содан кейін радиаторларды таза құрғақ маймен центрифуга немесе сүзгі-пресс көмегімен жуады, бұл операция кезінде фланецтің біреуі ашық болуы керек. Радиаторлы кранда майдың ағуын тапса, оны алып тастайды, асбестті шнурдан толтырылған сальникті ауыстырады және таңдайды, жаңа төсемелерді орнына қояды, ауаны шығару үшін тығын күйін тексереді, бұдан соң жөнделген радиаторлар фланец болтында ілінеді және төсемелер болттармен тартылады.
Трансформаторды маймен толтыру трансформатордың барлық тығыздауларының бекітілуін тексергеннен кейін орындайды. Бұл үшін бактың төменгі кранына (фланецке) май шаруашылығы вагонының шлангасын жалғайды, барлық крандар ашық күйде орналасқанына және насос қосылғанына көз жеткізеді. Радиатордағы, кеңейткіштегі, топталған құбырдағы және т.б. ауа тығындары майды құю мөлшері бойынша жояды. Ауа трансформатордан кеңейткіштің тыныстағыш саңылауы арқылы жойылуы керек. Май деңгейі шамамен кеңейткіштің ортасына жеткенде құюды тоқтатады. Трансформатор кранын жабады және май шаруашылығы кранының шлангасын сөндіреді. Құю үшін зауыт көрсеткен талапты қанағаттандыратын таза құрғақ май қолданылады. Бакқа құйылатын май температурасы өзекше температурасынан 10С-тан аспайтын болуы керек. Майды трансформаторға құйғаннан кейін құрғақ майлықпен сүртеді. Май сынағын сұрыптауын құйып болғаннан соң 10сағаттан кейін алуға болады.
Күрделі жөндеуден кейін міндетті түрде толық көлемде трансформаторға тексеру жүргізеді және тексеру туралы хаттама толтырады.
Бақылау сұрақтары:
Күштік трансформаторларды қандай белгілері бойынша ажыратады?
Күштік трансформаторларды қандай мақсатта пайдаланады?
Үш фазалы екі орамалы күштік трансформатор қалай құрастырылған?
Трансформаторлардың ең сипаттамалы қателіктерін және олардың пайда болу мүмкіндіктерін атаңдар.
Трансформаторды жіктеу кезіндегі жүргізілетін негізгі операцияларды атаңдар.
Трансформатордың магнит сымдарын жөндеу немен қорытындыланады?
Енгізулерді және трансформатордың ауыстырып қосқыш қондырғыларын жөндеу қалай орындалады?
Трансформатордың белсенді бөліктерін кептірудің қандай тәсілдері бар?
Құрғақ және өлшеуіш трансформаторлардың өлшеуі немен қорытындыланады?
Трансформаторлардың жөндеуден кейінгі негізгі тексерулерін атаңдар.
