Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.49 Mб
Скачать

2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер

Ағымдағы жөндеуден кейінгі тексеру құрамында электромеханик және қосалқы станцияның 5-ші және 3-ші разрядты электромонтеры бар жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

Трансформаторларды тексеру көлемі олардың қуатымен және оқшаулама класымен анықталады.

630 кВА қуатқа дейінгі трансформаторлар күрделі жөндеуден кейін келесі тексерулерге түседі: барлық орамалардың кедергілері өлшеулері анықталумен; бакты радиаторлы гидравликалық қысыммен престеу; жармалы бөрененің оқшауламаларын және тұйықталуды анықтауға арналған топталған біздерді өлшеу; ауыстырып қосқыш қондырғыларды; 35кВ және одан төмен орама оқшауламасының өндірістік жоғары кернеулі жиілігін тексеру. Осындай трансформаторлардағы май сынағын термофисонды сүзгімен алмайды. Оқшауламаның сипаттамасында жұмысты оқшауламаны қайта орнату, термофисонды сүзгілердегі май мен силикагелді ауыстырумен орындайды. Сонымен қатар, трансформаторды фазировкалау және номиналды кернеуде оның соққысымен қосу жүргізіледі.

630 кВ·А-тан көп қуатты трансформаторлар мынадай қосымша тексерулерге түседі: ораманың ылғалдылығын анықтау ( қатынасымен); орма және енгізудің оқшауламаларының -ін анықтау; тұрақты ток орамасының кедергісін өлшеу; енгізу оқшауламасының кедергісін (R60)өлшеу; бос жүріс және қысқа тұйықталудың тогын және шығынын, сондай-ақ, қысқа тұйықталу кернеуін өлшеу; РПН құрылғысының дөңгелек диаграммасын алу.

Толық көлемде трансформаторды тексеру күрделі жөндеуден кейін жүргізіледі; ағымдағы жөндеуден кейін тексеру көлемі қысқарады. Орташа жөндеуге келесі тексерулер мен өлшеуерден өту керек:

- майда еріген газдың хроматографиялық талдауы;

- транформатор және РПН құрылғысының багіндегі майды тексеру;

- орманың оқшауламалы сипаттамасын, , тұрақты токтағы және бос жүрістегі орама кедергісін өлшеу (тексеру тек қана хроматографиялық талдауда табылған ақаудың даму деңгейін бағалау қажет болған жағдайда жүргізіледі);

- ауыстырып қосқыш қондырғының жұмысын тексеру, дөңгелек диаграмманы алу (зауыт-өндіруші нұсқамасына сәйкес ауыстырып қосудың санын анықтағаннан кейін);

- ма толтырылған енгізулердің өлшеулер мен тексерулерінің толық кешені;

- пленкалы қорғанысты трансформаторлардағы майдың газдық құрамын анықтау.

Ағымдағы жөндеуден кейінгі тексеру құрамында электромеханик, тартылым қосалқы станциясының 5-ші және 3-ші разрядты электромонтеры бар жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

При измерении сопротивления изоляции обмоток с определением анықтамасымен оқшаулама орамасының кедергісін өлшеу кезінде алдымен, трансформатордың барлық орамаларын жерлендіреді және қысқартады, осыла тексерілген ораманы тексерудің басында кемінде 2 минутқа жерлендіреді. 2500 В-та мегаомметр орамалар және трансформатор багі жерлендірілген күйінде тексерілген орамаға қосылады, одан соң тексерілген орамадан жерлендіруді алып тастап 120 айн/мин жиілікті мегаомметр тұтқасын айналдырады және өлшеу басының уақытын санайды. Кедергі мәнін мегаомметр шкаласы бойынша тұтқа айналып бастағаннан кейін 15 және 60с арқылы есептеледі. Трансформатор орамасының ылғалдану дәрежесін анықтайтын абсорбция коэффициенті мына формуламен анықталады:

, (2.2)

Әр орама үшін міндетті түрде 3 өлшеу жүргізіледі және 10-нан 30 0С-ге дейінгі температурада ылғалданбайтын, әдетте, мынадай шектікте жататын ораманың: 35кВ және одан төмен – кемінде 1,3; 110кВ және одан жоғары кернеулі трансформатор – 1,5-2,0; оқшауламасында жергілікті ақаулар немесе ылғалы бар трансформатор орамалары үшін 1-ге жуық, орташа абсорбция коэффициентін есептейді.

Осыдан температура 10 0С-қа дейін төмендегенде оқшаулама кедергісі 1 минут ішінде 1,5 есеге өседі, зауыттық төлқұжатында оқшаулама кедергісі май температураларының айырмасы болып табылатын 0С температураға келеді, зауыттық тексеруде ( 0С) және монтаждық жұмыста ( ) төмендегі формулада:

, (2.3)

мұндағы К – айырмасына тәуелді түзетілген коэффициент. К мәні 2.1-кестеде келтірілген.

2.1-кесте

Түзетілген коэффициент мәні

Параметр

, 0С айырмасындағы коэффициент мәні

10

20

30

40

50

60

К

1,50

2,25

3,46

5,00

7,50

11,20

Диэлектрлік шығынның тангенс бұрышы орама оқшауламасы және оның пайдалану үрдісіндегі өзгеруі ораманың ылғалдану дәрежесін сипаттайды және трансформатор күйін бағалау кезінде мәнге ие болады. Диэлектрлік шығынның тангенс бұрышының мәні нормаланбайды, бірақ, оқшауламаны тексеру нәтижесін кешенді түрде қарастырғанда есептелуі керек. Мұндайда 2.2-кестедегі келтірілген мәндерден бағыт алуға болады.

Диэлектрлік шығынның тангенс бұрышы анымалы ток көпірі МД-16 аударылған сұлба бойынша (2.9-сурет) өлшенеді.

2.2-кесте

Диэлектрлік шығынның тангенс бұрышының мәні

Сыналған ораманың номиналды кернеуі, кВ

Орама температурасында мәні, 0С

10

20

30

40

50

60

70

35 кВ, 1000кВА-тен көп қуатты және барлығы 110 150 қуатты

1,8

2,5

3,5

5,0

7,0

10,0

14,0

барлығы 220 кВ қуатты

1

1,3

1,6

2,0

2,5

3,2

4,0

2.9-сурет Диэлектрлік шығынның тангенс бұрышын және

ауыспалы ток көпірі МД-16-мен трансформатор орамасының сыйымдылығын өлшеу сұлбасы:

Т - қоректендіруші трансформатор; С – эталонды конденсатор; Сх – өлшеу объектісі; - ауыспалы ток көпірі; СИ – көпір клеммасы

өлшеу дәлдігінде сұлба жинау мұқияттылығы үлкен әсерін тигізеді. Тексерілген аппараттың корпусы, қоректендіруші трансформатор Т, кернеу көпірі pR және вариатор жерлендіру контурынан сенімді металл түйіспесі болуы керек, тексеру орны – қоршалған, сыналатын сұлбадағы барлық түйіспелі байланысының сенімділігі – тексерілген. Көпірді өлшеу объектісімен байланыстырушы сым экрандалған, ал экран Э көпірінің енгізуімен сенімді байланысқан болуы керек. Егер тексеру кезінде бұл сым ұзартылуы керек, қосымша сым да экрандалған, ал оның экраны негізгі сымға экранмен сенімді байланысқан болуы керек. Егер ұзартылған сым ұзындығы 1-1,5 м-ден кем болса, онда экрандалған сымды қолдануға рұқсат етіледі.

Тексерілетін сұлбаны жинау кезінде барлық ток жүретін бөліктері аударылған сұлба бойынша өлшеу кезінде жерлендірілген бөліктен кемінде 0,5 м арақашықтықта орналасады.

Аударылған сұлба бойынша өлшеу кезінде көпірдің ішкі түйіндері жоғары кернеу астында орналасады, сондықтан, көпірдің корпусының жерлендіруіне (олар толық тексерілген кернеуде оқшауланған болса да) ерекше назар аудару қажет, ал өлшеуді тек қана диэлектрлік қолғаппен және резеңке етікпен жүргізеді.

Егер трансформатор багі маймен толтырылған болса, онда -ты 10кВ-тан жоғарыламайтын кернеуде көпірмен өлшеуге тура келеді, бірақ, зауыттық тексерілген кернеудің 60%-нан жоғарыламайтын болу керек, ал егер толмаған болса - 10 кВ-қа дейінгі кернеуде 35 кВ және одан жоғары, 3кВ-қа дейінгі кернеулі орама үшін 35 кВ-қа дейінгі кернеулі ораманы ( шектікте) тексереді.

Диэлектрлік шығынының тангенс бұрышы орама оқшауламасының пайдалану шартында тек қана 110 кВ және одан жоғары кернеулі трансформаторда, сонымен қатар, 31 500 кВ·А және одан жоғары кернеуден тәуелсіз қуатты трансформаторда тексеру жүргізіледі. Күрделі жөндеу кезінде өлшеу жөндеуге дейін және жөндеуден кейін жүргізеді.

Тұрақты ток орамасының кедергісін өлшеу тұрақты ток көпірінің Т трансформаторының барлық А, В, С фазаларында РПН немесе ПБВ-ның барлық жағдайында жүргізіледі. Орама кедергісінің 10-2-104Ом шегінде өлшеуіш көпір Р-316 тұрақты токтың 2,8-4,0 В кернеуімен өзге көзіне, ал 104-106 Ом шегінде - 12-20 В кернеуімен қосады.

Тұрақты ток көзі ажыратқыш арқылы алдын ала шунтталған қысқышқа НБ қосылады (2.10-сурет). Индикатордың қоректенуі тұрақты ток торабынан іске асады немесе сыртқы гальванометрде кемінде 20мм/мкА сезімталдықпен және бөлек ажыратқыш арқылы 10 Ом-нан аспайтын ішкі кедергімен НГ қысқышқа қосады.

Егер ораманың күткен кедергісі кемінде 20 Ом болса, өлшеу төрт қысқышты сұлба бойынша, ал 20 Ом-нан артық болса – екі қысқышты сұлба бойынша жүргізіледі. Өлшеу төрт қысқышпен өлшеу жағдайында көпірдің потенциалды қысқыштары өлшенген орамаға жақын баланысуын қадағалау керек.

Тұрақты ток орамасының кедергісін өлшеуден бұрын майдың жоғарғы қабатының температурасын өлшеді және өлшенген ораманы кемінде 2 минутқа жерлендіреді. Содан соң көпір сұлбасын жинайды. Өлшегіш енгізуге өлшенетін ораманы жалғайды, жерлендіруді алғаннан кейін шунтталған гальвонометрге ажыратқыш батареясын қосады. 1 - 5 мин период арқылы орамадағы орналастырылған токқа жету үшін көпірдің біркелкілігін тұрғызу үшін алдымен Қатқыл, содан соң – Нақты түймелерін басады. Өлшеу нәтижелері жазылып алынады. Гальванометрді Қатқыл Нақты және индикаторды Қосу түймелерін жіберіп шунттайды. Бұдан кейін ажыратқыш батареясын сөндіреді. Басқа орамаларда және қопармаларда өлшеулер ойша жүргізіледі.

Егер трансформаторда нөлдік енгізу болса, онда өлшеулер енгізу фаза аралығында жүргізіледі. Өлшеулер нәтижесі бір фаза кедергісін көрсетеді. Нөлдік енгізусіз жұлдызша байланысқан трансформаторларда өлшеулер бір фазаның кедергісін көрсетеді. Мұндайда орама кедергісі төмендегі формуламен анықталуы мүмкін:

, (2.4)

, (2.5)

, (2.6)

2.10-сурет Орама кедергісін тұрақты ток көпірі Р-316 арқылы өлшеу сұлбасы

Үшбұрышша жалғанған орама кедергісін өлшеу кезінде тізбек кедергісінің параллельді байланыспен түзілген өлшенген фазалары екі тізбектей байланысқан фазалармен әсерлеседі. Ораманың фактілі кедергісі келесі формула жолымен есептеледі:

, (2.7)

, (2.8)

(2.9)

мұндағы - трансформатордың енгізулер мен кедергілер арасындағы өлшенген мәні.

Фазалы орамалар кедергісі мен алдыңғы өлшеулер нәтижесімен өзара салыстырылады. Олар 2%-дан аспайтындай айырмашылықта болады. Алдыңғы өлшеудің нәтижесімен салыстыру кезінде кедергі формула бойынша бір температураға келтіріледі:

(2.10)

мұндағы температурасындағы өлшенген кедергі, Ом; температураға келтірілген кедергі, Ом.

Бірінші өлшеуден кейін батареядан қоректендіруді сөндіреді, ыдыратады және тексерілген ораманы жерлендіреді. Өлшенген кедергіні қайта есептейді.

Орама кедергісін өлшеу кезінде өлшегіш құралдар (0,5-ші класстан төмен емес) сымының байланысқан жеріндегі түйіспе сапасына және өлшеу кезіндегі орама температурасына назар аудару қажет.

Токты және бос жүріс шығынын өлшегенде төмен кернеулі ормада, әдетте, өндірістік жиіліктің номиналды кернеуі түсіріледі және трансформатордың үш фазасындағы ток өлшенеді, сонымен қатар, қолданыстағы трансформатордың бос жүрістегі қуаты анықталады. Бос жүріс шығынын өлшеу от UH кернеуінде рұқсат етіледі. Бұл бос жүріс шығынында номиналды кернеу төмендегі формуламен анықтады:

(2.11)

мұндағы - кернеу UH -нен кезіндегі бос жүріс шығыны; n – трансформатор болатының типіне тәуелді көрсеткіш (n = 1,8 және 1,9 сәйкесінше ыстық тегістеу және салқын тегістеу болаттары үшін).

Бос жүріс тогы нормаланбайды, бірақ, оның мәнінің ұзындығы зауыттық немесе алдыңғы тексерумен салыстыру бойынша трансформатордың магнит сымдарының болатында және тармақ оқшауламасында 20-25% ақау пайда болғандығын көрсетеді.

Трансформатор байланысының топтарының тексеру (2.11-сурет) – ауыстырмалы орамамен күрделі жөндеуден кейінгі өте маңызды тексеру, әр түрлі топтармен байланысқан трансформаторды параллельді жұмысқа қосуға болмайды.

Ораманы орағаннан дұрыс байланыстар болмауы мүмкін. Жұмыс үшін тұрақты ток көзі В және гальванометр рА қажет. Орама енгізуіне выводам АВ жоғарғы кернеулі тұрақты ток келеді, ал енгізуге (ав, вс, ас) кезекпен гальванометр жалғанады.

Нұсқағыш ауытқуының нәтижесін кестеге енгізеді, бұл кезде гальванометр нұсқағышы оңға бұрылғанда «+», солға «-» белгісін білдіреді. Қосқан кезде нұсқағыш өзгермесе «нөлді» білдіреді. Мұндай өлшеуді тұрақты токты ВС и АС енгізулеріне жеткізіп, жүргізеді. Өлшеу нәтижесін кестеде берілгендермен салыстырады және олармен трансформатордың байланысу тобын анықтайды.

ВС

АС

АВ

ав

-

+

+

вс

+

+

+

ас

+

+

+


а –тексеру және өлшеу сұлбасы; б - векторлық диаграмма

2.11- сурет Күштік трансформатордың байланысу тобын тексеру

Трансформация коэффициентін анықтау екі вольтметрдің 0,5-тен төмен болмайтын дәлдік класының тәсілімен жүргізіледі. Көзі бар тұрақты токқа тәуелділіктен кез келген орамаға кернеу беруге болады. Вольтметрлер олар бойынша есептеулер шкаланың (электромагнитті жүйенің құралында шкаланың басы тең емес болады) екінші жартысында болатындай етіп таңдалуы керек. Біріншілік және екіншілік ораманың сызықты кернеулері бірдей уақытта өлшенеді.

Трансформацияның өлшенген коэффициенті

, (2.12)

төлқұжаттағы немесе тармақтардың басқа фазаларынан 1-2 %-дан көп болмайтындай айырмашылықта болуы керек, сондықтан, олар үлкен айырмашылықта болса параллельді жұмысқа қоспау керек. Трансформация коэффициенті ораманың барлық тармағында және барлық фазалар үшін анықталады.