- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
Қосалқы станциядағы трансформаторлардың техникалық тексеруі оперативті-жөндеу жұмысшысымен күнделікті, ал қосалқы станция басшысымен түнгі уақытта 15 күнде 1 рет жүргізіледі (тәждеуді, разрядты, ток жүретін бөлшектің қызуын тексереді). Төмендеткіш және түрлендіргіш трансформаторлардың кезектен тыс тексерулері, сондай-ақ, трансформатордың жеке қажеттіліктерін температураның лезде төмендеуі кезінде, олардың газдық әрекетінің және дифференциалды қорғанысының сөндірілуі кезінде өндіреді. Тұрақты оперативті-жөндеу жұмысшысы жоқ тартылым қосалқы станциясында жергілікті нұсқамамен орналастырылған мерзімдегі тексерулер 10 күнде кемінде 1 рет жүргізіледі.
Трансформаторларды техникалық тексеру кезінде:
- жұмыс режимін;
- енгізудегі май деңгейі ( герметикалық енгізулерде -қысым) және кеңейткіште және термометрдің көрсеткішіне сәйкес;
- трансформаторлардың қаптамаларының күйі және тығыздау орнындағы май ағуының болмауы; енгізулер (разряд іздерінің, жарылудың, сынықтардың, ластанудың болмауы); кабельді шиналау (түйіспелі байланыстардың қызуының болмауы); майды үздіксіз қата генерациялау, термофисонды сүзгілердің және ылғал сорғыш патрондардың, силикагельдің түсі бойынша бақылауының; май жинайтын және майлы салқындатқыштың май тазалағыш қондырғыларын;
- жұмыс және қорғаушы жерлендірулердің сигнализация және сынаушы сақтандырғыш қондырғыларының дұрыстығын;
- кернеу реттегіш қондырғылардың күйінің көрсеткіштерінің жүктеме астындағы (РПН) трансформаторда және басқару щитіндегі сәйкестігін;
- зақымдануға немесе трансформаторда орналасқан құрамдық бөліктің, құралдардың және аппараттардың қате жұмысына әкелетін өзге шулардың, жоғары вибрацияның болмауын;
- пайдаланылған құбырдың мембранасының тұтастығын;
- сыртқы қондырғының трансформаторының айналасындағы алаңның және іргетастың тұтастығын тексереді.
Қысқы уақытта қосымша шина сымдарының керілуіне және енгізуге түсуіне назар аудару керек.
Тексеру кезінде қандай да бір жұмысты орындауға рұқсат етілмейді. Трансформаторды тексеруді кернеу астындағыдай олардың жөндеуімен қатар сөндірулі күйде жүргізуге болады.
Ағымдағы жөндеу. Ағымдағы жөндеуді жүргізу үшін трансформатор жұмыстан шығарылады. Трансформатордың ағымдағы жөндеуі РПН-сіз 35кВ және одан жоғары кернеумен 2 жылда 1 рет жүргізілуі тиіс; РПН-ді трансформаторларда – 1 жылда 1 рет; қалғандарына – 4 жылда кемінде 1 рет; норматив бойынша жұмыс істейтіндерге – 2 жылда 1 рет жүргізіледі. Жөндеу үш орындаушы бригадасынан кернеу алумен жүргізіледі.
Күштік трансформатордың ағымдағы жөндеуі тізбек бойынша орындалатын келесі операциялардан тұрады.
Трансформатор күйін тексеру және бакты тазалау кезінде сөндіргеннен кейін барлық рұқсат етілген орындарды, бөлшектерді, қорғаушы жерлендіру күйін мұқият тексереді. Бірінші кезекте басқалардан аз қызған радиатор табылған жағдайда міндетті түрде анықтап, оларды жояды, радиаторлардың қызуының қармалаудағы теңсіздігін тексереді. Сөндіруден бұрын тексеру үшін жеткіліксіз орындарда сөндіргеннен кейін тікелей байланысқан орындардағы түіспелердің қызуын тексереді. Тексеруді термоиндикатор, шам бойынша, «Thermovision 550» жабдығының көмегімен немесе қармалауда жүргізеді. Қатты қызуы бар түйіспелерді, түйіспелік жоғарылықтағы барқыт егеу немесе әйнек қағазды таңдайды.
Жерлендірудің болттық бекітуін қатайтады, дәнекерленген байланыстардың сенімділігін тексереді.
Қақпақты, бакты, кеңейткішті ластан тазалайды және сығушы кранның, радиатордың төменгі тығындарын тексереді. Қажет кезінде толтыруды ауыстырады, түсіруші кранды және тығынды бекітеді, қақпақтың және радиаторлардың болттарын бекітеді.
Құрғақ трансформаторларда топталған біздердегі қызу орнын анықтайды, олардың оқшауламасындағы кедергісін тексереді (2.7-сурет). Түйіспелердің немесе олардың төмендетілген кедергілерінің қызуы табылған кезде оларды сұрыптайды.
Кеңейткіштерді тексеруде және ластан тазартуда тыныстағыш түтікшенің астындағы мыс торды тазалайды (2.8-сурет). Хабарлама кранын кеңейткішпен ашып, май көрсеткішті 1 сүртеді, лас майды және су тұнбасын түсіреді.
Бұл үшін май бөлігін кеңейткіштен түсіріп, май көрсеткіштің жұмысын тексереді, содан соғ оны қайтадан құяды. Әйнек түтікшенің тығыздығын және тұтастығын тексереді. Қоршаған ортаның -45; +15 и +40 С температурасында кеңейткішке қажет кезінде май деңгейін бақылайтын бақылау орнатады. Бекітуді қатайтады, қажет кезінде кеңейткішке және май толтыратын енгізуге май құйылады.
2.7 – сурет Магнит сымның топталған біздерінің оқшауламасының кедергісін өлшеу:
1 – магнит сым; 2 – топталған біз; 3 - мегаомметр
2.8-сурет Кеңейткіш:
1 – кран; 2 – фланец; 3 –құбыр; 4 –сақтандырғыш құбыры; 5 –кеңейткіш; 6 - құбырша; 7 – бак қақпағы; 8 – кронштейн; 9 –газдық реле; 10 – құбырша
Оқшауламаларды тазалау кезінде оларды уайт-спиритке батырылған майлықпен, содан соң құрғақ майлықпен сүртеді. Фланецтің шаңын және кірін қырғышпен және ескі шүберекпен тазалады. Оқшауламаның жоғарысында шаң, кір, разрядтың және аққан майдың ізі, фарфордың жарылуы мен сынуы болмауы керек. Жұмыста дөңгелектеу бойынша 60 мм-ден көп емес және тереңдігі бойынша 5мм болатын сынық қабырғалы оқшауламаларды, белдемше сынығы3 см2 және қзындығы 25мм, тереңдігі 0,5мм сырылудың болуына қалдыруға рұқсатетіледі. Оқшауламаларды падалануда уақытша қалатын барлық сынықтар және сырылулар ылғал- майлы тұрақты лак немесе эмальмен (№ 1201) жабылады.
Кернеу реттегіш және салқындату жүйесінің жетек механизмінің жұмысын тексеруде трансформаторды жерлендіреді және сөндіреді, кернеу реттегіш жетек механизмінің орталық тоқтатқыш болтын бұрады, одан соң, барлық үш жағдайда жетек жұмысын бақап көреді. Р-333 тұрақты ток көпірімен трансформатор орамасының кедергісін өлшейді. Ол төлқұжаттағы мәліметтерден 20%-ға айырмашылық жасайды. Мегаомметрмен салқындатқыш вентилятор қозғалтқышының орама оқшауламасының кедергісін өлшейді; мәні 1 Мом-ден кем емес болғанда қозғалтқышты кептіру үшін алып тастайды.
Силикагельді ауыстыру майдың химиялық талдауының нәтижесі бойынша термосифон және ауа тазартқыш сүзгілерде орындалады. Бұл кезде май қышқылдылығы термофисонды сүзгі арқылы мадың қайта генерациялау үздіксіз автоматты түрде төмендеуі мүмкін. Майдың ылғалдануын шектеу үшін ( кеңейткіштегі ма деңгейінің төмендеуінен ылғал ауаның түсуі кезінде) термофисонды сүзгіде ауа тазартқыштар орналастырылады. Пайдалануда кептіргіштерді (силикагельді) бақылау оның сырлануын бақылауда қорытындыланады. Бөлек кристаллдарда көгілдір түстің пайда болу кезінде сүзгіні қадағалауды күшету керек, ал кептіргіштің үлкен бөлігі көгілдір түске ие болғанда оны ауыстыру керек
ПГ-22 релесімен газдық қорғанысты тексеру кезінде алдымен трансформатор қондырғыларының 1-1,5%-дан көп емес еңістікте, ал трансформатордан кеңейткішке майлы сым 2-4 %-дан кем емес еңістікте тұратын дұрыстығын тексереді. Трансформатор астындағы катоктың қажетті еңістігін тұрғызу үшін газдық реле орналасқан жағынан төсемелерді төседі. Газдық реле корпусын майдан және ластан тазалайды. Түйіспелі қалыптан қақпақты алып тастайды және кабель қылының клеммалы релеге байланысының сенімділігін тексереді. Содан соң, насостың иілгіш шлангасы газдық реле кранға кигізіледі, майлы сымда трансформатордан кеңеткішке және сигналда қосылған, газдық релеге насоспен ауа толтырылады. Трансформатордың малы ажыратқышы қосылады. Сөндіруде газдық реле жұмысы тексеріледі, бұл кезде кеңейткіштегі кран жабық тұрғанда газдық реледен ма құйылады, релеге ауа жіберіледі және реле түйіспелері қақпақпен жабылады.
Күштік трансформаторларда газдық реленің 3 түрі қолданылады: ПГ-22, РГЧЗ шынылық газдық релесі және BF80/Q Бухгольцтің газдық релесі.
Газдық реленің жұмысы кезінде жұмысшы оның ерекшеліктерін еске түсіруі керек және оперативті және өте дұрыс әрекет етуі керек.
Газдық реле кеңеткіште май деңгейінен төмен орналасады, сондықтан ол маймен қалыпты деңгейде толтырылады. Газ жоғарғы бөлікке баяу жиналғанда газдық реле сигналда жұмыс істейді; ішкі зақымдану, газдың қызулы белгіленуімен жанамаланады және кеңейткіштегі бактан майдың тез (соққы тәріздес) араласады.
Газдық қорғаныс жұмысының барлық жағдайында (сигналда немесе сөндіруде) трансформатордың немесе газдық реленің тексеруі жүргізіледі. Бұл кезде кеңейткіштегі май деңгейі, ағудың жоқтығы, пайдаланылған құбырдың мембранасының тұтастығы тексеріледі. Қарайтын терезе арқылы газдық реле корпусында оның түсін, көлемін, ауыспалы газ талдаушының, әр түрлі құрылымдардың аспираторлары, резеңке сорғыш баллондардың, металл газ жинақтар және басқа да құрылғылардың не үшін қолданылатындығын анықтайды. Қосалқы станцияда жұмысшы алдын ала сынақты сұрыптау қабылдауын үйренген болуы өте маңызды, керісінше жағдайда сұрыптау талдауы нәтижесі қателескен болуы мүмкін.
Реледегі газ көлемі бойынша зақымдану деңгейі белгіленеді, ал газ құрамы бойынша - оның сипаттамасы және белгіленген көзі: майдың немесе қатты оқшауламаның бөлінуі, сонымен бірге, қатты қызулар немесе оқшаулағыш матермалдардың толық анықталған құрамынан газдың белгіленуін болдырады. Мысалы, қоспа газда көмірқышқылдың тотығы, екі тотығы үлкен көлемде қатысып, қатты оқшауламаның сынуына себеп болады.
Трансформатор күйінің шамаланған бағасы газдың күюінің және түсінің тексерілуі негізінде жүргізіледі. Газдың ақ-сұр түсі қағаз немесе картонның, сары - ағаш, қанық көк немесе қара - май зақымдануында пайда болады. Газдың күюі трансформатор ішіндегі зақымданудың белгісі. Ол анықталуға химиялық талдауда газ сынамасы сұрыпталғаннан кейін түседі. Егер, реле кранынан сынақта алынған газ сіріңкеге жақындатқанда жанса, онда трансформаторды тексерусіз және ішкі бақылаусыз жұмыста (автоматты түрде сөндіргеннен кейін) қалдыруға болмайды. Мұндайда ішкі зақымдану белгілері және жұмыс істемеу жоқ болса, трансформаторды ішкі тексерулерсіз жұмысқа қосуы мүмкін. Егер газдық реледе газ (түссіз, иіссіз, жанбайтын) табылатын болса, онда оны реледен шығару керек. Мұндайда зақымданудың және жұмыс істемеудің (дифференциалды қорғаныс) ішкі белгілері табылмаса, трансформаторды ішкі тексерулерсіз жұмысқа қосуы мүмкін.
Тәжірибеде трансформатор сөндірілгенде қорғаныстың тізбегінің қателігінен екіншілік байланысты болдыратын, сонымен қатар, тесіп өтетін ҚТ тогы өтуімен екі көлемнің әр түрлі қысымда байланысқан кезінде, майға электродинамикалық әсер тармақ аралық орама соққымен берілгенде жалған жұмыс істеу жағдайлары белгілі болған. Мысалы, газдық қорғаныс кранның желіде ашылған уақытында, трансформатордың баланыстырушы кеңеткіші эластикалық резервуармен оның азотымен кезекті әрекетінде жұмыс істейді. Барлық бұл жағдайларда газдық реленің болмауы сипаттамалы болып табылады. Ол трансформаторда ешқандай белгілері білінбегенше маймен толтырылған күйінде қалады. Қорғаныстың осылай жұмыс істеуі жалған жұмыс істеуді классификациялау тәрізді қабылданған. Осы жағдайда сөндіру себептері анықталғаннан кейін трансформаторды жұмысқа қосады, ал дұрыс емес газдық релені жөндеуге жібереді.
Май деңгейін тексерудің трансформатордың қалыпты жұмысы, оның газдық релесі сияқты маңызды мағынасы бар. Пленкалы қорғанысты трансформатордағы май деңгейінің азаюы вакуумның құрылуына, пайдаланылған құбырдың диаграммасының бұзылуына және сөндірулі кезінде газдық қорғаныстың жұмыс істеуне әкеледі. ЖК жағындағы ажыратқышсыз қосалқы станцияда трансформатордағы және газдық реле корпусындағы май деңгейінің төмендеуі газдық қорғаныстың жұмыс істеуін, қысқа тұйықтағыштың қосылуын және қоректендіруші желінің сөндірілуін болдырады.
Кеңейткіштегі май деңгейінің жеткіліксіздігі және сыртқы ауа температурасының лезде төмендеуі немесе жүктеменің төмендеуі кезінде жұмысшыға сигналда газдық қорғанысты жүргізуге болмайды, сонымен, май деңгеінің қатты төмендеуі кезінде бетін ашып қоюға болады және трансформатордың жұмыс істетін белсенді бөлігі зақымдануы ықтимал.
Әсіресе, трансформаторда май деңгейінің жылдам төмендеуі кезінде газдық қорғанысты «сигналда» аудару рұқсат етілмеген, мысалы, қатты ағу салдарынан. Трансформаторда ағуды тоқтату және майды құю мөлшерін қабылдау керек. Газдық қорғаныстың сөндірілген элементін құю уақытында әдетте сигналда жүргізеді. Газдық қорғаныстың «сөндіруге» өтуі жұмыс аяқталғаннан соң лезде құю тәсіліне тәуелсіз жүргізіледі. пайдаланудағы трансформаторлар енгізулері резервтен немесе жөндеуден кейін «сөндіруде» газдық қорғаныспен жүргізіледі.
