- •Isbn 978-601-207-798-8
- •1. Электр жабдықтарының техникалық диагностикасы
- •1.1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар
- •1.2 Электр жабдықты жылулық бақылау
- •1.3 Май толтырылған жабдық күйін бағалау әдісі
- •1. Трансформатор майының күйін бағалау
- •2. Трансформаторлық май ақпараттық орта ретінде
- •3. Оқшауланған жүйенің күйін бағалау
- •5. Түйіспелі байланыс күйінің бағасы
- •6. Ораманың геометриялық күйінің бағасы
- •7. Ораманы қысу күшінің бағасы
- •8. Салқындату жүйесі күйінің бағасы
- •9. Ауыстырып қосқыш жабдық күйінің бағасы
- •10. Майды қышқылданудан және ылғалданудан қорғайтын құралдар күйінің бағасы
- •1.4 Күштік трансформаторлар күйінің диагностикасы мен бағасы
- •1.5 Коммутациялық аппараттар күйінің бағасы және диагностикасы
- •1.6 Кабельді желінің диагностикасы
- •1.7 Трансформаторлық май күйінің бағасы
- •1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау
- •1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.
- •2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар
- •1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы
- •2. Электр жабдықтарын жөндеу
- •2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
- •2.2 Қосалқы станция электр жабдықтары –
- •2.2.1 Күштік трансформаторларды тексеру және ағымдағы жөндеу
- •2.2.2 Күштік трансформаторды профилактикалық және жөндеуден кейінгі тексерулер
- •2.2.3 Күштік трансформаторларды орташа және күрделі жөндеу
- •2.3 Айнымалы токтың жоғары вольтты ажыратқышын тексеру және күрделі жөндеу
- •2.4 Электрлік тораптарды жөндеу
- •2.4.1 Әуе беріліс кабельдік желілерін пайдалану
- •2.4.2 Профилактикалық өлшеу және тексеру
- •2.4.3 Зақымдану орнын анықтау
- •2.4.4 Кабельдік желілерді жөндеу
- •2.5 Түйіспелі торапты жөндеу
- •2.5.1 Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- •2.5.2 Әуе нұсқағышын модернизациялаудың жүйелі технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.6 Өлшеу трансформаторларының қызмет көрсетуі, жөндеу және тексеру
- •2.7 Аккумуляторлық батареялардың техникалық қызмет көрсетуі
- •2.7.1 Аккумулятор батареясын ағымдағы жөндеу
- •2.8 Техникалық құжаттамалар мен есеп беру
- •2.8.1 Оперативті журнал. Қосалқы станциядағы оперативті құжаттаманы басқару
- •2.8.2 Уақыттың типтік нормалары және электрмен жабдықтау қондырғыларын жөндеу мен қызмет көрсетуіндегі технологиялық карталары
- •Әдебиеттер
- •Электр қондырғыларындағы жұмысқа арналған наряд-рұқсатнама формасы
2. Электр жабдықтарын жөндеу
2.1 Жөндеу түрлері. Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері
Жөндеудің жоспарлы-ескертпелі жүйелері. Электр жабдықты жөндеу жөндеудің қабылданған жоспарлы-ескертпелі жүйелеріне сәйкес жүргізіледі(ЖЕЖ). Жөндеудің мерзімділігі және көлемі жұмыс режиміне тәуелділікте, электр жабдықты пайдалану шартында және техникалық күйінде ЖЕЖ жүйесімен қойылады. Сондықтан, ЖЕЖ жүйесі – бұл орындалуы электр жабдықтың ұзақ және апатсыз жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдастырылатын және техникалық шаралардың жүйесі.
Өнеркәсіп кәсіпорнының электр жабдығының ЖЕЖ ұйымдастыруда үш негізгі жүйе бар:орталықтандырылған, децентрализацияланған және аралас.
Орталықтандырылған жүйе кезінде жөндеуді электр жабдықтың немесе жұмыстың түрі бойынша арнайыланған бірнеше жөндеу қызметтері орындайды.
Бұл қызметтер кәсіпорынның бас энергетигіне бағынады. Цехтың немесе қосалқы станцияның қызмет көрсететін электр жабдықтары, жұмысшысы қадағалау және кіші ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды ғана орындайды.
Децентрализацияланған жүйе арнайыланған жөндеу қызметтерінің болмауымен сипатталады. Барлық электр жөндеу жұмыстарын жауапты басшыға административті бағынатын, мысалы, цех басшысы электр жөндеу шеберханасының немесе бригаданың жұмысшысы орындайды .
Аралас жүйе кәсіпорын құрылымында электр жөндеу шеберханасы және бригадасы бар, көлемі және күрделілігі бойынша кішігірім жөндеу жұмыстарын,сол сияқты, күрделі және көлемі бойынша үлкен жұмыс болып табылатын арнайыланған жөндеу қызметтерін де орындайтындығымен сипатталады.
Қазіргі кезде техникалық диагностика және жөндеу жүргізу үшін жөндеу мерзімін қысқартуға болатын (жабдықтың күйін анықтау және қателіктерді табу), жөндеуде шығындарды азайтуға және электр жабдықты пайдалану эффектілігін жоғарылататын есептегіш және микропроцессорлы техника құралдары (қондырғылар, стендтер, диагностикалауға және электр жабдықты тексеруге арналған қондырғылар) кең көлемде қолданылады.
Жөндеу түрлері. Кәсіпорын электр жабдықтарының ЖЕЖ туралы жағдайымен орындалатын жөндеудің бірнеше түрлері (ағымдағы және күрделі, орташа және күрделі немесе ағымдағы, орташа және күрделі) қарастырылған. Тәжірибеде кеңінен электр жабдықтың көп бөлігі үшін қарастырылған жөндеудің екі түрі: ағымдағы және күрделі қолданылады.
Ағымдағы жөндеу кезінде барлық электр жабдықтарын тексергеннен кейін ұсақ ақауларды жояды, электр жабдықтың қалыпты жұмысын келесі жоспарлы жөндеуге дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін механизмдерді реттейді және көлемі бойынша кіші жұмыстың басқа қатарын орындайды (мысалы, сақтандырғыштың зарядкасын балқыған қоспамен ауыстырады, аппараттың түйіспелерінің күйіп кеткен тазалағышын тозған щеткаға ауыстырады). Ағымдағы жөндеулер әдетте электр жабдықтар өндірістік жабдықтың қысқа мерзімді кідірісінде өңдеусіз жүргізіледі.
Трансформаторлардың ағымдағы жөндеуі кезінде трансформаторды және барлық арматураларды: кеңейткіштерді қоқыстардан тазалау; май құю (қажет кезінде); май көрсеткіш қондырғыларды тексеру, түсіргіш кранды толтыру, трансформаторлардың төменгі жақтағы сынауыш сақтандырғыштар нөлмен жерлендірілген, жұмыс және қорғаушы жерлендірудің, орама оқшауламасының кедергісі, трансформатор майын тексеру, газдық қорғанысты тексеру сыртқы тексерулері жүргізіледі.
Орташа жөндеу ең жауапты бөлшектердің және электр жабдықтардың түйіндерінің артық тозуын ескертеді. Мұндай жағдайда, бөлек бөлшектерді ауыстырады, электр қозғалтқыш орамасының тура бөлшектерін ақаулардан шеттетеді, щетка ұстағыштарды жөндейді (серіппені және иілгіш байланыстарды ауыстырады), фазалы роторлы электр қозғалтқыштардың түйіспелі сақиналарын тегістейді және т.с.с.
Күрделі жөндеу кезінде бөлек негізгі бөлшектерді және электр жабдықтарының түйіндерін ауыстырады және қайта орналастырады. Мысалы, жөндеудің бұл түріне электрлік машиналардың статорлық немесе роторлық орамаларына жіп орау, электр қозғалтқыштардың сырғанау подшипниктерін қайта төгу, күштік трансформаторларға жаңа орама орналастыру және дайындау жатады.
Кеүрделі жөндеу әдетте, электр жабдықты жекелей немесе толық өңдеу кезінде жүргізіледі. Кейде күрделі жөндеу кезінде электр машиналары, трансформаторларды және коммутациялық аппараттарды модернизацияда жүзеге асырады, яғни, құрылымын жетілдіреді, пайдалану көрсеткіштерін жақсартады, сенімділігі және басқа да сипаттамалары жоғарылайды. Модернизацияның басты мақсаты жөнделетін электр жабдықтың техникалық көрсеткіштерінің жабдықтың жаңа техникалық көрсеткіштерге ең жақын жуықтауы. Осы уақыт жоғалтуы кезінде электр жабдықты модернизациялауда құралдар және материалдар оның модернизациясынан кейін мақсатқа жететін техникалық немесе экономикалық нәтижелерімен дәлелденген болуы керек.
Егер күрделі жөндеу кезінде модернизация құрылымның және жабдықтың негізгі техникалық параметрлерінің өзгеруімен жүзеге асатын болса, онда ол күрделі-қайта құрастыру жөндеуі деп аталады.
Трансформаторлардың күрделі жөндеуі кезінде трансформаторды жару өңделеді; өзекшені көтеру және оны тексеру; суырмалы бөлшекті жөндеу (болаттар, орамалар, ауыстырып қосқыштар, бұрғыштар); тазалағыш қондырғыларды жөндеу; былғарыны сырлау және тазалау; бақылаушы-өлшегіш құралдарды тексеру; сигналды және қорғаушы қондырғылар; майды тазалау және ауыстыру; оқшауламаны кептіру; трансформаторды жинау, қойылған өлшеулержәне тексерулер жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарын жоспарлау. Электр жабдықты жөндеу жөндеу аралық периодтан, жөндеу циклдарынан және олардың құрылымдарынан шығарылып жоспарланады (2.1-сурет).
Жөндеу аралық период – электр жабдықтың екі кезекті жоспарлы жөндеулерінің периоды, мысалы, көршілес ағымдық, ағымдық және күрделі немесе ағымдық және орташа жөндеулер.
Жөндеу циклі – электр жабдықтың жұмысының екі кезекті күрделі жөндеу мен пайдаланудағы бірінші күрделі жөндеуге дейінгі уақыт аралығы.
2.1-сурет Жөндеу циклінің құрылымы Ц:
К – күрделі жөндеу; Т –ағымдағы жөндеу;
С – орташа жөндеу; п – жөндеу аралық период
Жөндеу циклінің құрылымы бір жөндеу циклінің ұзақтығындағы ағымдағы және орташа жөндеулердің жинағын көрсетеді.
Жөндеу аралық периодтың және жөндеу циклінің ұзақтығын анықтау үшін негізгі электр жабдығы берілген режимде қалыпты жұмыс істей алатын есептік (немесе нақты) уақыт қызмет етеді. Мұндайда өте жылдам тозатын электр жабдықтың түйіндері мен бөлшектерінің қалыпты жұмыс ұзақтығына бағытталады.
Кәсіпорын электр жабдықтарын жөндеу бір жылда квартал және ай бойынша бөліп, жоспарланады. Жөндеуді бұлай жоспарлау ағымдық (электр жабдықты ең ұзақ периодқа жоспарлау перспективті деп) деп аталады.
Электр жабдықты жөндеудің жалпы немсе жергілікті тораптық графиктер көмегімен жөндейтін оперативті түрі де бар (2.2-сурет). Жалпы тораптық график нақты кешеннің электр қондырғысын(бөлек электр қондырғыны, қосалқы станцияны, цехты) жөндеуді, ал жергілікті график – электр жабдықтың жөндеудің бөлек үлкен бөлігін (қуатты электр қозғалтқышты, күштік трансформаторды) қарастырады.
Жөндеу жұмыстарының ең жақсы ұйымдастырылуының орталықтандырылған материалмен, бейімделуімен және механизммен қамтылуы кезінде алдын ала құрастырылған тораптық графикті қолдануында мақсатқа жетуі мүмкін.
Электр жабдықты жөндеудің тораптық графигі жалпы және жергілікті болуы мүмкін. Жалпы тораптық график белгілі кешеннің электр жабдықтарын жөндеуді, мысалы, барлық қосалқы станцияның электр жабдықтарын жөндеу жұмыстары бойынша, ал жергілікті график қосалқы станция бөлшектерін жөндеуді, мысалы, құрылыс бөлшектерін, шатырды, вентильдерді және т.б. жөндеу бойынша жұмысқа қосылған таратушы құрылғыны жөндеуді қарастырады.
Тораптық график жоспарланған жұмыстың және алынған нәтижелердің өзара байланыстарын орнатуға, жоспарды өте дәл есептеуге, өз уақытында оны қысқыртуға мүмкіндік береді.
Тораптық жоспарлау көптеген факторлардың талдауының нәтижесінде және өндірістің жөндеу жұмысының анықталған кезектілігін қарастырады:
2.2-сурет Электр жабдықты жөндеудің тораптық графигі
- барлық кешен жұмысын бөлек кезекті кезеңдерге бөлшектеу, олардың әр қайсысы еңбек шығындарын ведомсты нормасымен сәйкес бригада орындайды;
- барлық оқиғаларды суреттеу және анықтау (басқа жұмысты бастау үшін қажетті жұмыс нәтижесі);
- жөндеудің қажетті соңғы нәтижесіне жету үшін фактіге негізделген уақыт шығынының және уақыт нормативінің есебімен барлық жұмысты анықтау;
- тораптық графикті құрастыру;
- баға жүйесі негізінде график бойынша әр жұмыстың орындалу уақытын анықтау;
- күрделі жолдардың есебі, яғни, барлық жұмыстың орындалуының ең ұзақ уақыттағы жолы;
- резервті уақытты анықтау;
- графиктің талдауы және оптимизациясы және күрделі жол уақытын қысқарту бойынша шараларды өңдеу;
- тораптық график көмегімен жұмыс жүрісін басқару.
Түйіспелі торап (2.2 сурет) бөлек операциялардың және жұмыс элементтерінің орындалу схемасын жабдықты жөндеу бойынша, сондай-ақ, олардың өзара байланысын, ретін, жұмысты орындауын бақылау және технологиялық кезекпен орындалуын ұсынады. Оған жұмыстарды және оқиғаларды түсіреді. Әр оқиға жқмыстың басталуымен және аяқталуымен сипатталады, ал жұмыс келесіге алдыңғысынан өтетін жетілдірілуі қажет әрекетті білдіреді. Жұмыс графикте шеңбермен белгіленіп, оқиғалар арасындағы байланысты көрсететін нұсқағышпен белгіленеді.
Жұмыс нақты, анық бейнеленген және жауапты орындаушысы болуы керек; оның ұзақтығы сағатпен немесе күнмен анықталады.
Тораптық графикті өңдеудегң маңызды элемент – күрделі жол ұзақтығын анықтау. Графикте жолдар басындағы және соңындағы оқиғаларды көрсететін жұмыстардың өзара байланысын білдіретін сызықтармен келтірілген.
Сонымен, 2.2-суретте 1-оқиға А-10 и Б-8 жұмыс басы болып, ал 2 және 7-оқиға осы жұмыстардың нәтижелері болып табылады. Өз кезегінде, 2 және 7-оқиғалар, алдыңғы А-10 және Б-8 жұмысының келешек нәтижесі, К-17, С-20 және Д-16, т.б. жұмыс басы болып табылады. Нұсқағыш графигін құрастыру кезінде шығатын жұмыс оқиғасының нөмірі ол кіретін жердің оқиға нөмірінен аз боп, солдан оңға қарай жүру керек. Тораптық графикте кіретін және шығатын жұмыстар ерекшеленеді. Графикте 2-оқиға жұмысы үшін Б-8 кіретін, ал Д-16 мен С-20 –шығатын жұмыстар. Нұсқағыш үстіндегі әріп жұмыс индексін, ал сан – жұмыс ұзақтылығын көрсетеді.
Жөндеудің тораптық графигінде барлық кешен жұмысының жалпы аяқталу уақытына тәуелді таратушы қондырғылардың (майлы ажыратқышты, трансформаторларды, вентиляцияны және т.б. жөндеу) жөндеуі бойынша бөлек жұмыстар анық көрсетілген. Бұл мерзім шығатын оқиғадан аяқтаушы оқиғаға дейінгі кішігірім ұзақтылық жөндеу жұмысын орындау жүйелілігімен анықталады. Бұл жүйелілік тораптық графиктегі күрделі жолды (қалың сызықпен белгіленген) анықтайды.
Трансформатордың күрделі жөндеуі кезінде жұмыс жүргізу жүйелілігі типтік технологиялық үрдістің тораптық моделімен анықталады (2.3-сурет).
Жөндеудің тораптық графигі жүйеліліктің, жұмыс өндірісінің мерзімі мен ұзақтылығының, жұмыс ауысымының, жөндеуші жұмысшылардың кәсіби және сандық құрамының көрсеткішімен қондырғыны жөндеу үрдісінің (құрамдық бөлігі немесе жүйесі) құрамдық графикалық бейнелеу, ұйымдастыру-басқару құжаты болып табылады.
Сетевой график ремонта разрабатывается в соответствии с «Методическими указаниями по разработке и применению системы сетевого планирования и управления при ремонте оборудования подстанций».
2.3-сурет Трансформатордың күрделі жөндеуінің типтік технологиялық үрдісінің тораптық моделі:
1 – жөндеуге дайындық; 2 – сөндіру (шинадан ажырату); 3 – салқындату жүйесін демонтаждау; 4 – салқындату жүйесін жөндеу; 5 – трансформаторды жөндеу алаңына жеткізу; 6 – трансформатордың күюі; 7 – енгізулерді және арматураларды демонтаждау; 8 – трансформаторды жару; 9 – енгізулерді тексеру және жөндеу; 10 – арматураларды жөндеу; 11 - бакты жөндеу; 12 – белсенді бөлікті тексеру және жөндеу; 13 - трансформатор жинағы; 14 - трансформатор майын құю; 15 – ауыстырып қосқыш қондырғыны жөндеу; 16 – трансформаторды тексеру және күюі; 17 - трансформаторды қондырғы орнына ауыстыру; 18 - трансформаторды іргетаста монтаждау; 19 – қорытындылаушы жұмыстар
Трансформаторды жөндеуге дайындық техникалық құжаттаманың жинақтылық тексерісіне қосу, жөндеу алаңына дайындау, технологиялық жабдықтың, жабдықтаудың және құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру, керек, сондай-ақ, қажетті материалдардың бар екенін анықтау қажет.
Трансформаторды күрделі жөндеуде техникалық құжаттама жинағына мыналар кіруі міндетті:
- зауыт-өндірушінің техникалық құжаттамасы;
- тораптық график;
- темір жолға дайындық туралы акт;
- бағыттық технолргиялық үрдіс;
- технологиялық жабдықтың, жабдықтаудың және құралдың тізімі;
- жөндеуге қажетті материалдар тізімі.
Жөндеу алаңы белсенді бөлікті және енгізулерді шаңнан және ылғалдан, сонымен қатар, 2.4-суретте келтірілген сұлбаға сәйкес технологиялық телімдер аралық байланысты және орналастыруды қорғауды қамтамасыз ету керек.
2.4-сурет Күрделі жөндеуде технологиялық телімдер аралық байланыс сұлбасы:
1 – трансформаторды орнату орны (демонтаждау және монтаждау); 2 – белсенді бөлікті жөндеу телімі; 3 – майда бөлшектерді және түйіндерді дайындау телімі; 4 – салқындату жүйесін жөндеу телімі; 5 – арматураны және майда түйіндерді жөндеу телімі; 6 – енгізулерді тексеру және жөндеу телімі; 7 – бакты және қақпақты жөндеу телімі; 8 – кеңейткішті және пайдаланылған құбырды жөндеу телімі; 9 – бақылау және қорғау құралдарын тексеру және жөндеу телімі
Күрделі жол жоспардың және жұмыс жүрісі үшін бақылауды ұйымдастырудың пайдалы таңдауы үшін негізін ұсынады. Кез келген жолдың ұзақтылығының күрделі жолға қатынасы жоспардың кернеулік дәрежесін сипаттайды.
Егер күрделі жол уақыт бойынша оқиғаның басынан аяғына дейін ең ұзақ болып табылса, барлық басқа оқиғалар және жұмыстар ең қысқа жолда жатуы керек.
Жабдықты жөндеу жүрісінде уақыт бойынша тораптық графиктің солай аталатын оптимизациясы өндірілуі мүмкін. Оны жұмыс мерзімін қысқарту мақсатында бірінші кезекте күрделі жол бойынша өндіреді. Бұған төмендегілерді қарастыратын шаралар құрастырылады:
- алдыңғысының толық аяқталуынан ерте өндірістің бөлек жұмыс түрлерінің басы (мысалы, майлы ажыратқышты жөндеу аяқталмады, бірақ, жөндеуді бастауға немесе оның айырғыштарын ревизиялауға болады) ертерек толық аяқталған алдыңғысынан бөлек жұмыстар бөлек жұмыс түрлерін өндірудің басы ;
- бригада санының жоғарылауы;
- күрделі жолда жатпайтын жұмысты уақытша тоқтату, күрделі жолда жататын адамдарды жұмысқа жіберу (мысалы, адамдарды құрылыс жұмыстарынан алу және жабдықтың жөндеуі аяқталған ұяшық шинасын сырлауға жіберу).
Аналитикалық шаралар қандай да бір себеппен бөлек жұмыстарды орындау бұзылғанда жүргізіледі. Тораптық жоспарлауда үлкен ұйымдастырушы және тәртіпке салынатын мәндер, жұмыстың анық орындалуына бағытталған және жұмысшылар еңбегінің өндірісінің жоғарылауы болады.
Бақылау сұрақтары:
Қандай негізгі себептер электр жабдықтың механикалық, электрлік және моральді тозуын болдырады?
ЖЕЖ жүйесі өзімен бірге нені ұсынады?
ЖЕЖ жүйесі қалай орталықтандырылған, децентрализделген және аралас болып ұйымдастырылады?
Жөндеу түрлерін атаңдар.
Жөндеу циклінің құрылымын түсіндіріңдер.
Электр жабдықтың ағымдағы және күрделі жөндеулері несімен ерекшеленеді?
Жөндеу аралық период және жөндеу циклі дегеніміз не?
Электр жабдықты жөндеудің тораптық графигі өзімен бірге нені ұсынады?
