Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.49 Mб
Скачать

1.9 Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасы

Түйіспелі торап күйінің баллдық бағасы. Жол электр техникалық зертханасының құрамында түйіспелі торапты сынауға арналған арнайы вагон – зертханасы болады. Кварталда бір рет және қосымша күрделі жөндеуден кейін олар түйіспелі торапты тексереді және оның құрамының элементтерінің баллдық бағасын анықтайды. Вагон-зертхана пойыз құрамында немесе жеке локомотивпен 120 км/сағ жылдамдықта түйіспелі торап күйінің жазбасын жазып алу керек.

Жол түйіспелі торабын тексеру үшін түйіспелі торапты бақылау үшін вагон (ТТБВ)және барлық электрмен жабдықтау дистанциясының жетекшілері бекіткенге дейін бекіту күшіне енетін арнайы график құрылады.

Түйіспелі торапты вагон-зертхана жұмысшысымен бірге өз ауданының шегінде басшылар немесе ЭЧК электромеханиктері, ЭЧ өкілі, электрмен жабдықтау қызметі қатысады. Түйіспелі тораптың күйін бақылау үшін және оның құрамын баллдық бағамен анықтау үшін арнайы жазып алатын аппарат қолданылады.

Баллдық бағаның маңызы алынған нақты мәліметтер өлшеулерінің бөлек параметрлерінің нормамен, анықталған Ережелермен (ПУТЭКС) және әр ЭЧК үшін электрмен жабдықтау Департаментінің директоры бекіткен түйіспелі асылғының негізгі параметрлерінің нормативті журналында жазылғандармен салыстырылады. Өзгертулер электрмен жабдықтау дистанциясының директорының ұсынуы бойынша нормативті журналға енгізіледі. Түйіспелі асылғының қалыпты параметрлерден ауытқуы, зақымдану және бүліну 1.5-кестеде көрсетілген айыппұл баллымен есептеледі.

Соңғы құрылым ТТБВ-ті қолдануымен түйіспелі торап күйінің 2002 жылы бекітілген жаңа баллдық баға әдісі қалыпты параметрлерден қайта ауытқуларға қосымша айыппұл баллының енгізілуінен: ауытқудың бір жерде қайталануы балл санын екі еселендіреді, ТТБВ айналмаларының эффективтілігі жоғарылады. Бұдан басқа, бір дерде ертерек 400 балл боп бағаланған ауытқудың қайталануы, сол жерде 5 есе көбейеді.

1.5-кете

Түйіспелі асылғының қалыпты параметрлерден ауытқуы

№ п/п

Көрсеткіш

Қалыпты параметрлерден ауытқуы, өлшеуіштер

Балл

1. Тіркеуші көрсеткіштер

1

2

3

4

1.1

Белгілеу нүктесіндегі түйіспелі сымның зигзагы, өткін ортасындағы жолдың қисық телімінде және ток қабылдағыштың осінен ең үлкен ауытқуының кездесу нүктесіндегі және ауа нұсқағышындағы шығаруы, см

±16±20

±20-дан көп

50

100

1.2

Түйіспелі сымның зигзагы немесе шығаруы, см

зигзаг үшін 50-ден көп және шығару үшін 45-тен көп абсолютті мәндер

200

1.3

Түзу телімдегі нормативті журналда қарастырылмаған көрші тіректегі біржақты зигзаг

Тірек аралық өткін

100

1.4

Түйіспелі сымның көршілес тіректердегі биіктік бойынша және жасанды құрылысқа кірер жерде еңіс кезінде қалыптан ауытқу айырмашылығы, см

11-15

16-20

21-25

25-тан көп

10*

50

100

200

1.5

Түйіспелі сымның асылғысының рельс басының деңгейінен жоғары немесе Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің 2000 жылдың 17ақпанынан бастап №109-I бекіткен

Қазақстан Республикасы темір жол ПТЭ орналастырған нормадан төмен биіктігі

Тірек аралық өткін

200

1.6

Ток қабылдағыштың соққымен қысқыштарда, кездесу нүктесінде, ауа нұсқағыштарында және секциялы оқшауламаларда, түйіспелі сымнан ток қабылдағыш табанынан үзілуінде өтуінің барлық түрлері

Соққы, үзілу

100

1.5-кесте

1

2

3

4

1.7

Қапсыру аймағындағы басты және қабырға жолының түйіспелі сымның биіктігі бойынша ауытқуы

Қабырғалық жол бойынша

4-тен 8-ге дейін бірыңғай

8 және одан көп

4 және одан көп

8-ден 12-ге дейін бірыңғай

12 және одан көп

100

200

200*

100

200

1.8

Жұмыс түйіспелі сымнан кететін және қиылысатын анкерлі тармақтардың, белгілеу элементтерінің, белгіленуші арқанның, тартылатын және басқа сымдардың тіркеуші датчиктің 8 см ұзындығымен тіркеуші мәніне дейін азаюы

Тіркеу

200

1.9

Түйіспелі сымның иілу нұсқағышының ауа температурасына сәйкес келмеуі

Тірек аралық өткін

200

2. Көзбен шолынатын көрсеткіштер

2.1

Белгіленетін, қосымша арқан жағдайының немесе оның негізгі өзегі ауа температурасында немесе техникалық нормамен сәйкес келмеуі

Фиксатор

100

2.2

Қапсыру аймағындағы ауа нұсқағышының қысқыштарының болуы

Нұсқағыш

100

2.3.

Компенсатор жүктерінің жерден ауа температурасының ролигіне дейінгі арақашықтығының сәйкес келмеуі

Анкерлеу

100

2.4

Көпқылды арқандағы жұлынған қылдардың болуы

Үзілу

100

2.5

Түйіспелі тораптың сынған оқшауламасы

Оқшаулама

50

2.6

Түйіспелі торап тіректерінің нормативке сәйкес келмейтін еңкіштігі

Тірек

50

2.7

Тіректің жерлендіруінің болмауы

Тірек

50

2.8

Реттеу немесе айырғыштың болмауы

Айырғыш

50

1.5-кестесінің жалғасы

1

2

3

4

2.9

Тірек номерлеудің болмауы немесе қанағаттанарлықсыз күйі

Перегон немесе станция

50

2.10

Арнайы көрсеткіштердің және ауа аралығындағы және бейтарап қоспадағы тіректің ерекшелейтін бояуларының болмауы

Кездесуі

50

2.11

Орта анкерлеудің тармақтарының салбырауы

Анкерлеу

50

тү2.12

Үзілген ішек

Ішек

20

2.13

Техникалық қызмет көрсету нормасынан қарапайым белгіленгендердің қалып отыруы

Ескерту

10

3. Есептелген көрсеткіштер

3.1

Тіректің немесе түйіспелі тораптың қатаң көлденеңінің құлауы

Құлау

600

3.2

Ток қабылдағыштың сынуы

Сыну

300

3.3

Арқалаушы арқан сымның немесе түйіспелі сымның үзілуі

Үзілу

300

3.4

Жұмыстағы бүліну жағдайы немесе жұмысшының қателігінен пп. 3.1., 3.2., 3.3 бойынша есептелгендерден басқа, пойыздың кешігуіне әкелетін түйіспелі тораптың зақымдануы

Бүліну

Зақымдану

300

100

Осындай қайталанулар үш немесе одан да көп орын алғанда ЭЧК-ға «қанағаттанарлықсыз» деген баға беріледі. Екі немесе одан да көп өзара байланысты параметрлер бір өткінде ауытқығанда, параметрге үлкен айыппұл балы бар айыппұл салынады.

Состояние контактной сети в пределах ЭЧК, ЭЧ және электрмен жабдықтау дистанциясы шегіндегі түйіспелі торап күйі кварталда алынған айыппұл балын бір жолды есептеудегі тексерілген шақырым санына қатынасымен анықталатын орташа балмен бағаланады.

Өлшеу дәлдігінің жоғарылауына байланысты өлшеуіш вагон-зертханамен тіркелген параметрлер және қосымша параметрлерінің енгізулерінің саны ЭЧК, ЭЧ және электрмен жабдықтау дистанциясының түйіспелі торап күйінің бағасы 1.6- кесте бойынша қойылады.

Нормативті параметрлерден қалып отыратын 400 балда бағаланатын орын лезде қалпына келеді.

1.6 -кесте

Түйіспелі торап күйінің бағасының белгілері

Орташа айыппұл балы

Бағалар

25-ке дейін (қоса санағанда)

Өте жақсы

25-тен көп және 50-ге дейін (қоса санағанда)

Жақсы

50-ден көп және 100-ге дейін (қоса санағанда)

Қанағаттанарлық

100-ден көп

Қанағаттанарлықсыз

Түйіспелі торапты ТТБВ вагонымен тексеру нәтижелері әр ЭЧК бойынша ЭЧ жетекшілігімен қарастырылады, ал қанағаттанарлықсыз баға берілгенде – шараларды өңдеу және түйіспелі тораптың күйін жақсарту бойынша қабылданған өлшеммен электрмен жабдықтау қызметінің жетекшілігімен инспекторлық айналымның нәтижелерін өңдеу жүргізіледі.

Пайдалану тәжірибесі түйіспелі тораптың балдық бағасына үлкен әсер ететінін, жол күйін көрсетеді. Жол дистанциясының кейбір жағдайларында ЭЧ жұмысшыларының келісімінсіз жолды тегістейді, сондықтан, мақсатқа сай бір жылда бір рет жол өзгертуші вагонмен бірлескен айналымдар жасалады.

ВИКС - НП типті вагон-зертхананың қазіргі заманғы құрылымы түйіспелі тораптың барлық негізгі параметрлерін қазіргі заманғы әдіспен өлшеуге мүмкіндік береді (1.12-сурет).

1.12-сурет Түйіспелі торап обьектілерінің бейне бақылаулары

«ЭРА» диагностикалық кешені. Темір жол инфрақұрылымының техникалық обьектілерінің күйін бақылау құралы

Жалпы тағайындаулары. ИНФОТРАНС ғылыми-өндірістік орталығы 2006 жылдың желтоқсанында «ЭРА» (ДК) темір жол инфрақұрылымының техникалық обьектілерінің күйін бақылайтын диагностикалық кешеннің үлгісін өңдеді және жасады.

«ЭРА» диагностикалық кешені толық отандық өңдеуді ұсынады және диагностиканың мобильді жаңа модулді класын ашады. Бұл кластың әр вагон-зертханасы өзімен инфрақұрылымның техникалық обьектілерін немесе олардың күйін бақылау есептерін шешуге арналған; тапсырыс берушінің талап етуімен және өзінің графигі бойынша жұмыс істеумен бақылаудың әр түрлі жүйесімен жинақталуы мүмкін аяқталған өлшеуіш модульді ұсынады.

Бұлармен бірге бөлек вагон-зертханалар қажет кезінде кез келген уақытта барлық инфрақұрылымдардың техникалық обьектілерінің күйін жан-жақты бақылау үшін жеке кешенде бірлестірілуі мүмкін. Бұл кезде ешқандай қосымша баптаулар мен қосылулар талап етілмейді: «ЭРА» кешенінің есептерін толық шешу үшін аппаратты-бағдарламалық қамтамасыздандыру автоматты түрде үйлестіріледі.

Қазіргі уақытта кешеннің екі модификациясы ұсынылады: тораптық және жолдық деңгей. Тораптық деңгейге бағытталған кешен, сондай-ақ, жолдың жылдадықты және жоғары жылдамдықты телімдерінің бақылауы бойынша есепті шешуде КВЛ-П3.0 және КВЛ-АРКС вагон-зертханасынан тұрады, ал жол деңгейінде инфрақұрылымды бақылауға арналған КВЛ-П2.1 және КВЛ-АРКС құрастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Түйіспелі торап күйінің балдық бағасы.

2. ТТБВ-ның мәнің түсіндіріңдер.

3. Түйіспелі торап күйінің бағалар белгілері немен қорытындыланады?

4. Түйіспелі тораптың техникалық диагностикасын жүргізу мерзімділігін санаңдар.

5. Түйіспелі торап бағасы үшін көрсеткіштердің қандай түрлері бар?