Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАРАСАЕВА А.КАЗ-УП по ТДиРЭ исправ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.49 Mб
Скачать

1.8 Трансформаторлардың техникалық күйін хроматографиялық бақылау

Майдың май толтырылған жабдықтың белсенді бөлшегінің элементімен әрекеттестігінің нәтижесінде майда өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер осы майдың тозу үрдісін ғана сипаттайды, бірақ, белсенді бөлік элементтерінің күйі туралы ақпарат береді. Сонымен, май талдауының нәтижесі негізінде жабдықтың белсенді бөлшегіндегі ақаулардың дамуы және бар болуы туралы талқылауға болады. Осындай әдістердің арасынан мынаны белгілеп көрсетуге болады:

Майда еритін газдардың хроматографиялық талдауы – талдаудың келесілерімен қорытындыланатын ең ақпаратты әдісінің бірі. Белсенді бөліктің ақауларының дамуы әр түрлі газдардың белгілерімен май және басқа материалдар құлай бастайтын май және жергілікті қызу ошағының немесе жергілікті электрлік разрядтар ошағының туындауымен байланысты. Ақаулардың дамуының алғашқы сатысында белгіленуші газдар саны көп емес және олардың майда ерігіштік деңгейі жоғарыламайды. Сондықтан, майда ыдырауы ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін. Майда еритін газдардың хроматографиялық талдауы (ЕГХТ) майдан және олардың сапалы, сандық талдауының ыдырауындағы алдын ала газдарды алуымен қорытындыланады. Қазіргі уақытта диагностикалау мақсаты үшін ЕГХТ нәтижесі бойынша келесі газдардың еріген майдағы концентрациясы анықталады: сутегі Н2, ацетилен С2Н2, этан С2Н6, метан СН4, этилен С2Н4, көміртек тотығы СО және көміртектің қос тотығы СО2 .

ЕГХТ көмегімен трансформаторларда ақаудың екі тобын табуға болады.

1 Топ. Ток жүретін байланыстардың және тірек құрастыратын элементтердің қызып кетуі.

Негізгі газдар: С2Н4 – майдың қызуы және 600°С –тан жоғары қағаз-майлы оқшаулама кезінде немесе С2Н2 – доғалық разрядты болдыратын иай қызуы кезінде.

Екі жағдайда да сипаттамалы газ болып Н2, СН4 и С2Н6 табылады.

Ток жүретін байланыстардың қызып кетуі қызумен немесе қондырғыларды қосқыш түйіспелердің өртенуімен анықталуы мүмкін; электростатикалық экран бекітілген орнының әлсіреуінен және қызуынан; электростатикалық экранның үзілуімен; ТК бұрылысының компенсатор бұрандасының әлсізденуі; ТК бұрылысының түйіспелі байланысының қызуы және өтпелі оқшауламаның біздерінің әлсізденуі; орама элементтерінің сіңетін дәнекерлеуімен: ораманың параллельді және элементарлы өткізгіштерінің тұйықталуы және т.б.

Тіректің құрастырушы металл элементтердің қызып кетуі электротехникалық болаттың қанағаттандырмайтын оқшауламасының жапырағынан; тіректік біздер немесе жапсырма оқшауламасының, жармалық бөрененің қысқа тұйықталу контурының түзілуімен бұзылуынан; жалпы қызумен және жармалық бөренедегі, темір табандағы, престеуші сақина және бұрандадан; магнит сымның дұрыс жерленбеуінен; амортизатор және реактор табандығының шипінің оқшауламаларының, престеу кезінде домкраттардың және престеуші сақиналардың және т.б. бұзылуынан анықталуы мүмкін.

2 Топ. Майдағы электрлік разрядтар

Майдағы электрлік разрядтар үлкен және кіші қуатты разрядты болуы мүмкін.

Жеке разрядтарда негізгі газ боп Н2, аз құрамды сипаттамалы газ боп - СН4 және С2Н2 табылады.

Ұшқындық және доғалық разрядта негізгі газ Н2 немесе С2Н2; кез келген құрамды сипаттамалы газ - СН4 және С2Н4.

Шекті концентрацияның жоғарылауы СО және СO2 қатты оқшауламаның жылдам тозуын және/немесе ылғалдануын куәландырады. Қатты оқшауламаның күюі кезінде негізгі газ көміртек диоксиді болып табылады.

Негізгі (кілттік) газдар – ақаудың анықталған түрі үшін ең сипаттамалысы:

Электрлік сипатының ақаулары:

Сутегі – жекелей разрядтар, ұшқындық және доғалық разрядтар;

ацетилен – электрлік доға, ұшқын;

Термиялық сипатының ақаулары:

этилен – май және қағаз –майлы оқшауламаның 600°С-тан жоғары қызуы;

метан - май және қағаз –майлы оқшауламаның (400-600)°С температура диапазонында қызуы немесе май және қағаз –майлы оқшауламаның еріп жүруші разрядтармен қызуы;

этан - май және қағаз –майлы оқшауламаның (300-400)°С температура диапазонында қызуы;

оксид және көміртек диоксиді майдың және/немесе қатты оқшауламаның тозуы және ылғалдануы;

көміртек диоксиді- қатты оқшауламаның қызуы.

Ақауды анықтағаннан және зақымдануынан кейін және екі-үш келесі тексеруден кем емес жұмыстан, әсіресе, 2 топ ақауларымен трансформатор шығаруын жоспарлау керек. Жұмыстан дамушы ақаулармен трансформатор қаншалықты ерте шығарылса, соншалықты оның апаттық зақымдануы және жөндеу жұмыстарының көлемінің қаупі аз болады.

Егер диагностика нәтижесі бойынша трансформатор жұмыстан шығарылу керек болса, бірақ, қандай да бір объективті себеппен бұл жүзеге аспаса, оны май сынағының жиіленген сұрыптауымен және газдардың хроматографиялық талдауымен бақылауда қалдыруға тура келеді.

Майдың ЕГХТ анықтау үшін хроматографтардың барлық типі : 3700, «Цвет-500», «Цвег-800», «Кристалл-2000М» қолданылады.

Хроматографтар базасында өзін ең жақсы көрсеткен хроматографиялық комплекс «Кристалл-2000М» - қызмет көрсетуде қарапайым, сенімді.

Зертханада хроматографиялық әдіспен жалпы газ құрамы, ылғал құрамы, ионол бойынша тоғыз газ анықталады.

Хроматографиялық талдаулардың жоспарлы жүргізілу мерзімділігі келесідей орналастырылған:

  • май автотрансформаторлар багінен, трансформаторлардан, шунттаушы реакторлардан бір жылда екі рет мерзімділігімен 6 айда бір рет алынады;

  • масло май отандық өндірістің жоғарғы вольтты енгізулерінен бір жылда 6 айда бір рет мерзімділігімен сыналатын ИВЕЮ 686.344.006 зауыттық сызбасы бойынша 500 кВ енгізуден басқасын бір жылда бір рет сыналады.;

  • май РПН контактор багінен бір жылда бір рет алынады;

Еріген майда газдар көп болғанда жабдықтан май сынамасын сұрыптау мерзімділігі жеке орналастырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Хроматографиялық талдаудың маңызы немен қорытындыланады?

2. ЕГХТ нәтижесі бойынша қандай газдардың концентрациясы анықталады?

3. Электрлік сипаттаманың ақаулары үшін сипаттамалы газдарды атаңдар.

4. Перечислите газы, характерные для дефектов термического характера.

5. Трансформатордағы ЕГХТ көмегімен ақаулардың қанша тобын анықтауға болады?

6. Хроматографиялық талдау жүргізудің жоспарлы мерзімділігі неден тұрады?

7. Майдың ЕГХТ анықтауға арналған хроматографтардың қандай түрлерін білесіңдер?