- •Дәрістің тезистік мазмұны Модуль 1 Эксперименттік психологияға кіріспе
- •Модуль 2 Эмпирикалық мәліметтерді алу процедуралары
- •Психологиядағы объективті әдіс мәселесі
- •(Практикалық сабақ)
- •Дәріс 8. Тақырып: ч. Осгудтың семантикалық дифференциал әдісі
- •Дәріс 9. Тақырып. Эксперимент каузалды гипотезаларды тексеру құралы ретінде
- •Дәріс 10. Тақырып. Психологиялық эксперименттің түрлері Психологиялық эксперименттің түрлері:
- •Психологиялық зерттеулерде қолданылатын эксперименталды жоспарлардың түрлері
- •І. Эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар
- •Іі. Хаттаманың құрылымы
- •Ііі. Эксперименттің сипатталуы
- •Дәріс 12. Тақырып. Ғылыми зерттеулердегі гипотезалар.
- •Психологиялық эксперименттің түрлері:
І. Эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар
Эксперименттің алғышарты эксперименттің қадамын жоспарлау;
2-ші қадам эксперимент барысын регистрациялау, тіркеу, хаттамаға енгізу. Тәуелсіз айнымалы (яғни экспериментатор өзгерте алатын айнымалы) мен тәуелді айнымалы (яғни эксперимент нәтижесінің әсерінен туындайтын айнымалы) анықталады. Эксперименттің негізгі қорытындысы тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың арасындағы байланысты айқындау.
Кез-келген эксперимент болжам негізінде жүргізіледі және міндетті түрде айнымалылардың кері байланысын көрсететін контргипотеза туындайды, қалыптасады. Эксперименттің мақсаты екі болжамды да нақтылап тексеріп, қайсысының дұрыс екендігін анықтау болып табылады.
Іі. Хаттаманың құрылымы
а) эксперименттің болжамы;
б) тәуелсіз айнымалыны анықтау, бағалау тәсілін іздестіру;
в) бағалау, өлшеу тәсілдерін анықтау;
г) эксперимент барысындағы басқа жағдайларды, артефактілерді есепке алу;
д) эксперимент жүргізуді кезеңдерге бөлу;
ж) зерттелушінің нәтижесіне алғашқы сипат беру;
з) нәтижелерді талдау және зерттелініп отырған болжам туралы шешім шығару.
Ііі. Эксперименттің сипатталуы
Пункттер:
эксперименттің мақсаты туралы қысқаша түсінік;
зерттелушілер контингентіне сипаттама беру;
эксперименттік құрал-жабдықтар;
эксперименттің процедурасы;
эксперименттің барысы, нәтижелері;
нәтижелерді талдау;
белгілі-бір шешімдер қалыптастыру.
Дәріс 12. Тақырып. Ғылыми зерттеулердегі гипотезалар.
Гипотеза (болжам) – бұл әлі де бекітілмеген және әлі де жоққа шығарылмаған, теориядан немесе тәжірибеден туындайтын ғылыми болжам. Ғылыми методологиясында теоритикалық гипотезалар мен эмпирикалық гипотезалар бөлініп шығарылады. Теориялық гипотезалар теория негізінде пайда болады және ол теориядағы ішкі қайшылықтарды, қарама-қайшылықтарды тексеру мақсатымен қолданылады. Қандай да бір теория моделін тексеру үшін қолданылады. Теоретикалық гипотезаларды толық түрде зерттеген Файерабенд. Оның айтуынша теоретикалық ғылыми гипотезалар мынадай принциптерді қанағаттандырушы керек:
фальсификация принципі – эксперимнтте жоққа шығарылу, бекітілмеу принципі.
верификация принципі – экспериментте бікітілу, дәлелдену керек.
Эмпирикалық гипотезалар еш теорияға қатыссыз, тәжиірибе негінде пайда болады.
Гипотезалар мағынасы бойынша мынадай түрлері болады:
белгілі бір құбылыстардың бар болуы туралы гипотеза.
құбылыстар арсындағы байланыстың болу, болмауы туралы гипотеза. Бұл гипотезалар корреляциялық зерттеулерде тексеріледі.
құбылыстар арсындағы себеп-салдар, яғни каузалды (причинно-следственные) байланыстардың бар немесе жоқ болуы жөніндегі гипотезалар. Бұл нағыз эксперименталды гипотезалар болып есептеледі. Мұнда міндетті түрде тәуелсіз айнымалы, тәуелді айнымалы, қосымша айнымалылар анықталады.
Готтстанкер эксперименталды гипотезалардың мынадай түрлерін ұсынады:
Контр-гипотеза – негізгі эксперименталды гипотезаға қарсы, альтернативті.
Үшінші эксперименталды гипотеза- негізгі, альтернативті гипотезаларға конкурентті гипотеза.
Дәл эксперименталды гипотеза – бір ғана тәуелсіз айнымалы мен тәуелді айнымалының арақатынасын көрсететін гипотеза.
Максималды немесе минималды мән жөніндегі гипотеза – тәуелсіз айнымалының қандай деңгейінде тәуелді айнымалы максималды немесе минималды мән қабылдайтыны туралы гипотеза.
Жинақталған (комплекстік) эксперименталды гипотеза – факторлық эксперименттерде қолданылатын, бір неше тәуелсіз айнымалылардың тәуелді айнымалыға әсері, бір бірімен байланысы туралы гипотеза.
Эксперименталды психологиялық зерттеулерде сонымен қоса статистикалық гипотезалар қолданылады. Олар математика, статистика тілінде зерттелетін көрсеткіштердің мәндері арсында байланыстарды көрсетеді. Статистикалық гипотезалардың түрлері:
Нольдік гипотеза (Н ) өлшеніп отырған 2 құбылыстың, немесе 2 көрсеткіштің арасында байланыстың жоқ екендігі туралы гипотеза.
Альтернативті гипотеза (Н ) салыстырп отырған екі белгінің, көрсеткіштің арасында мәнді байланыстың бар екендігі туралы гипотеза.
Осы екі гипотеза бағытталған немесе бағытталмаған болуы мүмкін. Егер біз А тобында қандай да бір эксперимент нәтижесінде В тобына қарағанда көп (айқын көрінетін) өзгеріс болғанын дәлелдегіміз келсе, онда бағытталған гипотеза құраймыз. Онда бағытталған Н гипотезасы: О1 мәні О2 мәнінен артық, көп емес, ал бағытталған Н гипотезасы: О1 мәні О2 мәнінен артық екндігін көрсетеді. Егер біз А және В тобындағы мәндердің таралу формасының айырмашылықтарын дәлелдейтін болсақ, онда бағытталмаған гипотеза құраймыз. Онда Н : О1 мәні мен О2 мәндерінің арасында айырмашылықтар жоқ. Н : О1 мен О2 мәндерінің арсында мәнді айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Статистикалық гипотезаларды тексеру статистикалық критерийлер арқылы жүзеге асырылады.
