- •Дәрістің тезистік мазмұны Модуль 1 Эксперименттік психологияға кіріспе
- •Модуль 2 Эмпирикалық мәліметтерді алу процедуралары
- •Психологиядағы объективті әдіс мәселесі
- •(Практикалық сабақ)
- •Дәріс 8. Тақырып: ч. Осгудтың семантикалық дифференциал әдісі
- •Дәріс 9. Тақырып. Эксперимент каузалды гипотезаларды тексеру құралы ретінде
- •Дәріс 10. Тақырып. Психологиялық эксперименттің түрлері Психологиялық эксперименттің түрлері:
- •Психологиялық зерттеулерде қолданылатын эксперименталды жоспарлардың түрлері
- •І. Эксперимент жүргізуге қойылатын талаптар
- •Іі. Хаттаманың құрылымы
- •Ііі. Эксперименттің сипатталуы
- •Дәріс 12. Тақырып. Ғылыми зерттеулердегі гипотезалар.
- •Психологиялық эксперименттің түрлері:
(Практикалық сабақ)
Бейлз әлеуметтік психологиялық шағын топтардағы пікір-талас (дискуссия) процесін бақылауда қолданылатын мына категориялардың жүйесін ұсынды:
А:
1-категория. Ынтымақтастықты көрсету басқа адамның статусын көтеруге тырысу.
2-категория. Шиеленісті басуға тырысады, әзіл-қалжың айтады.
3-категория. Позитивті мақұлдау көрсетеді, басқалармен келіседі.
В:
4-категория. Басқалардың автономиясы. Кеңес, бағыт береді.
5-категория. Ақпарат, бағдар береді, мәліметтерді нақтылайды.
6-категория. Пікір қосады, басқа пікірлерді бағалайды, талдайды.
С:
7-категория. Бағдар, ақпарат сұрайды, нақтылауды қажет етеді.
8-категория. Пікір, бағалау сұрайды.
9-категория. Кеңес, бағдар, әрекеттің мүмкін шешімдерін қажет етеді, сұрайды.
Д:
10-категория. Пассивті қарсылық көрсетеді (формальдылық), көмектесуден бас тартады, формальдылықты ұстанады.
11-категория. Негативті шиеленісушілікті қалыптастырады, қарсылық-келіспеушілік көрсетеді.
12-категория. Өзін-өзі қорғауға тырысады, басқалардың статусын төмендетуге тырысады.
A – категориялардың жиынтығы, позитивті сезімнің эмоциялық ауданы;
В және C – нейтралды эмоциялар ауданы. Бұл көбіне шешім қабылдау ауданы;
D – негативті эмоциялардың ауданы;
A - D – басым болғанда лидер болады;
В - C – басым болғанда іскер лидер болады;
6 және 7 A – бағдарлану мәселесі;
5 және 8 В – пікірлерді бағалау мәселесі;
4 және 9 C – қадағалау мәселесі;
3 және 10 D – шешім шығару мәселесі;
2 және 11 E – шиеленісуді төмендету мәселесі;
1 және 12 F – интеграция мәселесі.
Бақылау мақсаты: Дискуссия барысында қарым-қатынас ерекшеліктерін бақылау
Бақылау объектісі: ___ курс студенті.
Аты-жөні _____________________________________
Бақылаушы _____________________________________
Бақыланатын көрсеткіштер (12 категория) |
Бақылау нәтижесі |
Пікірлесу, жалпы мақулдау, көмектесу
|
|
Күлдіру, риза болғанын көрсету
|
|
Ұғыну, қабылдау, тілектестік көрсету
|
|
Ұсыныс жасау, нұсқаулар беру
|
|
Пікір айту, баға беру, қорытынды жасау
|
|
Хабарлау, басқалардың сол хабарға назарын аудару
|
|
Қосымша информацияны сұрау, қайталуға, растауға өтініш жасау
|
|
Бағыт беруді, пікірлерді айтуды, талдау жасауды басқалардан сұрау
|
|
Ақыл сұрау, көмек сұрау, қосымша нұсқаулар жасауды сұрау
|
|
Мақулдамау, ешкіммен келіспеу
|
|
Өзін кінәләу немесе қарым-қатынастан қашқақтау
|
|
Өшпенділік (враждебность), агрессия көрсету, өзін ғана жақтау
|
|
Бақылау нәтижелерін талдау
1,2,3- жағымды эмоциялар
4,5,6-шешім қабылдау
7,8,9-өтініш жасау
10,11,12-жағымсыз эмоциялар
6-дәріс. Тақырып. Анкета сұрақтама әдісінің түрі ретінде
Сұрақтама әдісіне анкета, сұхбаттасу, әңгімелесу жатады.
Сұхбаттасу әдісі. (inter – аралық , view-көзқарас). Сұхбаттасу сұрақтама әдісінің бір түрі болып табылады. Интервьюер (сұрақ қоюшы) мен респондент (жауап беруші) тікелей емес қарым-қатынастарда болуына байланысты интервью индивидуалды және топтық болып бөлінеді. Жанама тікелей емес және тет-а-тет (tet a tet – бетпе-бет) жанама деген түрлері бар. Психологияда негізінен индивидуалды және тікелей түрі қолданылады. Сұхбаттасу әдісі көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңінде қолайлы, яғни мәселені бастапқы түрде анықтау үшін қолданылғаны жөн. Сұхбаттасудың мақсаты – альтернативті жауаптардың бірін таңдап алу емес. Неғұрлым маңызды деген сұрақтар алдын-ала анықталып, неғұрлым маңызды деп есептелінетін жағдайға тоқталады. Сұхбаттасудың барысын интервьюер бақылап отырады.
Әңгімелесу әдісі жүйеленбеген және жартылай жүйеленген болып есептеледі. Бұл әдіс клиникалық зерттеу барысында және бала психологиясында жиі қолданылады.
Анкета әдісі. Бұл әдістің негізінде сұрақтамалар жатыр. Анкетаны жүргізудің кезеңдері мыналар:
мәліметтердің сипатын анықтау;
анкетаның жоспарын жасау;
анкетаны жүргізіп көру, түзету.
Анкеталық сұрақтардың жіктелуі:
Сұрақтардың мазмұнына қарай: тікелей және жанама сұрақтар болып бөлінуі мүмкін;
Түріне байланысты: а) ашық сұрақтар - еркін формадағы жауаптарды талап етеді. Оның кемшілігі – интерпретация жасау кемшілігі болып табылады; б) жабық сұрақтар - жауаптардың дайын нұсқаулары беріледі. Артықшылығы – интерпретациялау (өңдеу) жеңіл өтеді. Ал, оның кемшілігі – біріншіден, зерттелінушінің ойын берілген жауаптар дәл көрсете алмауы мүмкін, екіншіден, қосымша респонденттің жауаптары, ақпараттары ескерілмей қалады; в) жартылай ашық сұрақтар.
Қызметтері бойынша: қадағалаушы және сүзуші болып бөлінеді (контралирующий и фильтирующий).
Сұрақтарды қалыптастырудың ережелері:
әр сұрақ жеке логиалық тұжырым беруі керек;
сұрақтарды жасауда күнделікті сөздік қордағы сөздер қолданылуы тиіс;
сұрақтар нақты болуы керек. Артық ешқандай сөз болмауы тиіс.
сұрақтың варианттары болуы керек;
сұрақтар негативті реакцияларды тұрырмауы қажет;
егер респондент берілген варианттардың бірін таңдамаған жағдайда, спонданды түрде кездейсоқ жауап бере алу мүмкіншілігі болуы керек;
сұрақтар стереотипті жауаптарды тудыратындай етіп құрастырылмауы тиіс.
Анкетаның жалпы композициясы (құрылымы):
Кіріспе бөлімі.
Негізгі бөлім – сұрақтардың жиынтығы.
контакт орнатуға бағытталған сұрақтар;
негізгі мәселеге жауап берілетін сұрақтар алынады;
қадағалау сұрақтары және бекітуші сұрақтар беріледі.
Деографиялық бөлім. Мұнда зерттелінуші туралы қысқаша мәліметтер (оның жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы сияқты сұрақтар) алынады.
7-дәріс. Тақырып: Контент-анализ
Контент-анализдің қалыптасу тарихы;
Контент-анализдің негізгі бірліктері мен категориялары;
Контент-анализ жүргізу кезеңдері;
Сандық және сапалық бірліктер.
Контент-анализ (мазмұнды талдау) әдісі - түрлі әлеуметтік зерттеулерде, соның ішінде әлеуметтік психологияда қолданылатын құжаттарды зерттеу әдістерінің бірі. Контент-анализдің басқа құжаттарды зерттеу әдістерінен ерекшелігі – зерттелінетін мәтіндердің қандай да бір мағыналық бірліктерінің кездесу жиілігін тіркеп, алынған сандық мәліметтер құжаттың сандық, сапалық және латентті (жасырын) мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде құжат адам әрекетінің мәтін түріндегі өнімі болып табылады. Сондықтан да, құжатта әлеуметтік және психологиялық факторлардың әсері зор болады. Контент-анализдің мақсаты – (мәтіннен тыс шындыққа жету) құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.
Контент-анализдік зерттеуді дұрыс жүргізу үшін, мынадай талаптар орындалу қажет:
Зерттеудің «кілттік» - концептуалды ұғымдары анықталу керек. Олар контент-анализдің категориялары деп аталады;
Талданылатын құжаттағы осы категориялардың кездесу жиілігі және көлемі сенімді және жүйелі түрде тіркеліп отыруы қажет;
Алынған мәліметтерге міндетті түрде сандық және сапалық талдаулар жүргізілуі қажет.
Контент-анализдің қолданылу аудандары мыналар:
Қандай да бір топтың немесе тұлғаның хабарламасы арқылы сол коммуникатордың әлеуметтік сипатын анықтауда қолданылады. Мұнда кез-келген хабарлама алынады.
Сұрақтамалардағы реципиенттің әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында қолданылады.
Жалпы автобиографияларға, биографияларға талдау жасау барысында қолданылады.
Контент-анализдің даму тарихы.
1. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі кезең мәлімет мазмұнын жиілік бойынша талдаудың алғашқы қалыптасу кезеңі.
2. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары классикалық контент-анализдің кезеңі деп аталынады. Оның негізін салған Г. Лассуэл мен Берельсон, сонықтан ол осы ғалымдардың атымен байланысты.
3. 50-ші жылдардың соңынан бастап 60-шы жылдардың бас кезіне дейінгі кезең. Бұл кезең Ч. Осгудтің контент-анализді жетілдіруі және Ф. Стоунның контент-анализді компьютерлеуі кезеңі деп аталады.
«Шын мәнісіндегі және ықтималды өлшемдерді салыстыра отырып, тәуелділіктердің кездейсоқ немесе кездейсоқ еместігін анықтап отырады».
