- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Шаймуханова Жайна Тлеукеновна – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.Ғ.М.
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •Қр азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары.
- •5 Дәріс. Шарттың ұғымы және жағдайлары.
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Қр азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары.
1. Қандай қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады?
А)Қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарєа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар;
В)Мемлекеттің қаржылық қызметі процессінде туындайтын қатынастар;
СМемлекеттің қызмет ету аясындағы қатынастар;
Д)Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар;
Е)Қатысушылардың теңдігіне негізделген кез-келген қоғамдық қатынастар.
2. ҚР-сы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданды:
А) 27 желтоқсан 1994 жылы;
В)1 наурыз 1995 жылы;
С)1 шілде 1998 жылы;
Д)31 тамыз 1995 жылы;
Е) 28 қаңтар 1992 жылы.
3.Жалпы ереже бойынша азаматтық заң актілерінің:
А)Кері күші болмайды жјне ол күшінен енгізілгеннен кейін пайда болған
қатынастарға ғана қолданылады;
В)Оларды күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылады;
С)Кері күші болады;
Д)Кері күші болады, егер Конституцияда тікелей көзделсе;
Е)Кері күші болады, егер ол ҚР Заңымен көзделсе;
4. Азаматтық кодекске сәйкес азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы - ол:
А)Ұқсас ќатынастарды реттейтін азаматтық заң қалыптарын қолдану;
В)Тараптардың құқықтары мен міндеттерін адал, парасатты және әділ әрекет
жасау талаптарына сәйкес жүзеге асыру;
С)Тараптың құқықтары мен міндеттерін азаматтық заңдардың әніне қарай
белгілеу;
Д)“Құқық ұқсастығы” ұғымымен бірдей;
Е) Іскерлік әдет-ғұрыпты қолдану.
5. Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын не құрайды:
А)Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері
В)Тауар-ақша қатынастары;
С)Қатысушылардың теңдігіне негізделген қатынастар
Д)Мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі;
Е)Заңды маңызы бар фактілер.
6.Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын не құрайды:
А)азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері;
В)тауар-ақша қатынастары;
С)қатысушылардың теңдігіне негізделген қоғамдық қатынастар;
Д)мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі;
Е)заңды маңызы бар фактілер.
7.Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуының негізі не болып табылады:
А)заңды фактілер;
В)азаматтың деликті қабілеттілігі;
С)азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері;
Д)заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі;
Е)кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі.
8.Заңды фактілердің түрлері:
А) құқық тудыратын, құқық тоқтататын, құқық өзгертетін;
В)абсолютті және қатысты;
С)міндетті, ерікті;
Д)бастапқы және туынды;
Е) негізгі және қосалқы.
9.Азаматтық құқықтың обьектілері болып нелер табылады?
А) материалдық игіліктер мен рухани игіліктер;
В)заңды тұлғалар;
С) жеке тұлғалар;
Д)адам және азаматтар;
Е)Қазақстан Республикасының азаматтары.
10.Азаматтық құқықты қорғауды қай орган жүзеге асырады?
А)сот;
В)парламент;
С)үкімет;
Д)конституциялық кеңес;
Е)министрліктер мен ведомстволар.
Бақылау өлшем құралы.
Азаматтық құқықтың түсiнiгі.
Азаматтық құқықпен реттелетін, мүліктік қатынастар ұғымы.
Жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық-құқықтық реттеудің пәні ретінде.
Азаматтық құқықтың принциптері.
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі.
Міндеттемені орындау.
Азаматтық заңдар және оның жүйесі.
Азаматтық заңдардың қолданылуы.
Азаматтық құқық ғылымы.
Азаматтық құқықтың пәні мен тәсілі.
Азаматтық құқықпен реттелетін, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Азаматтық құқықтың принциптері.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық.
Азаматтық заңдар ұғымы және құрылымы.
Азаматтық заңдардың уақытқа, кеңістікке және адамдардың шеңберіне қарай қолданылуы.
Азаматтық заңдар және халықаралық құқықтың нормалары.
Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы және ерекшеліктері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.
Жеке тұлға ұғымы. Азаматтардың құқық қабілеттілігі.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық қабілеттілігі.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.
Азаматты әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану.
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері.
Азаматты хабар-ошарсыз деп тану немесе өлді деп жариялаудың тәртібі, жағдайлары мен зардабы.
Заңды тұлға ұғымы және белгілері.
Заңды тұлғалардың түрлері.
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі, олардың түрлері.
Заңды тұлғаны құру.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
Қайта құру.
Заңды тұлғаның банкроттығы.
Шаруашылық серіктестік ұғымы және оның нысандары.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік заңды тұлғалар ретінде.
Акционерлік қоғам - заңды тұлға.
Мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлға ретінде.
Өндірістік кооператив заңды тұлға ретінде.
Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
Мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде.
Азаматтық құқық объектілері ұғымы және түрлері.
Заттық құқытар ұғымы және олардың түрлері.
Меншік және меншік құқығы.
Ақша, бағалы қағаздар мен валюталық қазыналар азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Ұғымы, түрлері, сипаттамасы.
Мемлекеттік меншік құқығы.
Ар-ожданды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау.
Мүліктік емес жеке құқықтар ұғымы және түрлері.
Мәміле ұғымы және олардың түрлері.
Мәмілелердің нысаны.
Мәмілелердің жарамдылық жағдайлары.
Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары.
Жалған және қулықпен жасалған мәмілелер.
Мәмілелердің жарамсыздық жағдайлары.
Азаматтық құқықтағы өкілдік.
Коммерциялық өкілдік.
Сенімхат ұғымы және түрлері.
Сенімхаттың мерзімі. Сенім ауысуы.
Сенімхатты тоқтату. Сенімхатты тоқтатудың салдары.
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңыздылығы.
Мерзімдерді есептеу.
Талап қою мерзімінің ұғымы және мерзімдері.
Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру.
Талап қою мерзімін өткізіп алудың салдары.
Талап мерзімі қолданылмайтын талаптар.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындау ұғымы және әдістері.
Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы және әдістері.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі.
Шарт ұғымы.
Шарттың мазмұны мен нысаны.
Шарттың түрлері.
Шарт жасасу.
Шартты өзгерту және бұзу.
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы |
Ф.4.09-33 |
|
28.05.2015 ж. |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
(пәннің атауы)
Кафедра Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер
Тьютор Шаймұханова Жайна Тлеукеновна
Мамандық «5В030100» Құқықтану
Кредит саны 3
Пән циклі 3семестр
Студенттер саны 80
Әдебиет түрі |
№ |
Шифр |
Әдебиет атауы |
Бар болуы |
Ескерту |
|
Кітапханада және кафедрада |
% қамтамасыздығы |
|||||
|
|
|
Негізгі |
|
|
|
Негізгі |
1 |
Х623(2К)я73 Ж19 |
Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. 1-ші том. [Мәтін]: Оқулық / Ғ.А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б. |
114 экз. |
100% |
|
2 |
Х623(2К)я73 Ж19 |
Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. 2-ші том. [Мәтін]: Оқулық / Ғ.А. Жайлин.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 358б. |
109 экз. |
100% |
|
|
3 |
Х623.0(2К)я73 Д 87 |
Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының азаматтық құқы. Жалпы бөлім [Мәтін]: Оқу құралы - Алматы, 2006.- 158с.
|
87 экз. |
100% |
|
|
4 |
Х623.0(2К)я73 Т65 |
Төлеуғалиев Ғ.И Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: 1-том [Мәтін]: Оқулық. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. - Алматы: Жетi жарғы, 2001.- 376бет. |
54 экз. |
67,5% |
|
|
5 |
Х623(2К)я7 Ы68 |
Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық: Практикум. Жалпы және ерекше бөлім.1-2 бөлім. [Мәтін] - Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 222б.
|
82 экз |
100% |
|
|
|
6 |
Х623(2К)-324 Қ 18
|
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер) [Мәтін]: 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасында.- 2-басылым.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 488бет. |
62 экз. |
77,5% |
|
|
|
|
Қосымша |
|
|
|
Қосымша |
1 |
Х624я73 А32 |
Айтжан Б.Е. , Шіркінбаев Т.Б. Отбасы құқығы [Мәтін]: Оқу құралы (көмекші оқу құралы) Алматы: Жетi жарғы, 2006.- 112б.
|
247экз |
100% |
|
2 |
Х0я73 А 22 |
Ағдарбеков Т., Алайдаров А. Құқық негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.- 260 б.
|
237 экз. |
100% |
|
|
3 |
Х623.8я73 А52
|
Аманқожаев, А. А. Мұрагерлік құқық [Мәтін]: Дәрістер курсы - Алматы: ҒБО КҚУ, 2008.- 100б. |
50 экз. |
62,5% |
|
|
4 |
Х0я21 З 22 |
Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин [Мәтін] = Словарь терминов законодательства. Около 25000 терминов.- 5-ші басылуы, өңделіп, толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 832б. |
14 экз. |
17,5% |
|
|
5 |
Хя21 С 28 |
Сәбікенов, С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі. 17000 жуық термин. А-Я [Мәтін] = Казахско-русский русско-казахский словарь юридических терминов и понятий. Около 17 000 терминов. А-Я / С. Сәбікенов, Г. Сәбікенова.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688 бет.
|
15 экз. |
18,7% |
|
|
6 |
Х629.2(2к)я73 Н86 |
Ү. Нұрмашев, Ф. Нұрмашева. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы [Мәтін]: Оқу құралы . - Алматы: Жеті жарғы, 2009.- 400б.
|
30 экз. |
37,5% |
|
|
|
|
Электрондық |
|
|
|
|
1 |
Х623(2К)я73 Ы 68 |
Ынтымақов С.Д. Азаматтық құқық [Мәтін]: Практикум - Алматы: Юридическая литература, 2003.- 1 электр. опт. диск. |
1 экз. |
|
|
|
|
2 |
Х623(2К)я73 Ж 19 |
Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім[Мәтін]: Оқулық / - Алматы: Юридическая литература, 2009.- 1 электр. опт. диск.
|
1 экз. |
|
|
|
|
|
Интернет ресурс |
|
|
|
|
1 |
|
www.pravo.by/ |
|
|
|
|
2 |
|
www.zakon.kz/ |
|
|
|
|
3 |
|
www.adilet.gov.kz/ru |
|
|
|
|
4 |
|
www.juristlib.ru/ |
|
|
|
|
5 |
|
pravouch.com |
|
|
|
Дәрістер кешені
№1 дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
1. Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны.Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеу.Мүліктік және мүліктік емес қатынастар.
2. Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі.Азаматтық құқықтың түсінігі,мәні және негізгі бастаулары.
3. Шетелдік азаматтық құқыққа жалпы сипаттама. Азаматтық құқық және азаматтық заңдар.
4. Азаматтық заңдардың уақытқа және кеңістікке қарай қолданылуы. Азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы.
Негізгі ұғымдар: Азаматтық құқық, азаматтық құықтық қатынас, азаматтық құқық жүйесі, мүліктік қатынас, мүліктік емес қатынас, объект, субъект, цивильді құқық.
1. «Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі,оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы –цивильді (juscivile)құқық деп атаған.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді.Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар –ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай –ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1 –бабы, 1 –тармағы ). 2. Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі. Азаматтық құқықтың түсінігі,мәні және негізгі бастаулары. «Принцип» (қағидат) термині латынның сөзі –бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) –ол норматифтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық –құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:
азаматтық –құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
шарт екендігі;
жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен аралсуына жол беруге болмайтындығы;
азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
3. Шетелдік азаматтық құқыққа жалпы сипаттама.Азаматтық құқық және азаматтық заңдар. Құқық пен заңшығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырымас бөлігі, сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердің тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер үшін, оның ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.
Маман – цивилист шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты да оқып – үйренуі керек.
Халықаралық жеке құқық дегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен әдет – ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық – құқықтық және материалдық-құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қатынастарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.
4. Азаматтық заңның күші деп заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысанын айтамыз. Азаматтық заңдардың күшіне ену тәртібі Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның VII тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Осы заңның 36 –бабына орай нормативтік –құқықтық құжаттар төмендегідей мерзімде:
1)Қазақстан Республикасының заңдары,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары,егер сол актілердің өзінде немесе олардың күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе,олар алғаш рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның палаталарының қаулылары,егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе,алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдері олар қабылданған күннен бастап;
4)орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкімет құрамына кіретіндерінің де,кірмейтіндерінің де,оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай –ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері –егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе,алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
№2 дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматтық құқықты реттейтін пәніне және тәсілдеріне байланысты азаматтық-құқықтық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері, объектілері және мазмұны.
Азаматтық субъективтік құқық және субъективтік міндеттер түсінігі.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы.
Негізгі ұғымдар: азаматтық құқықтық қатынас, азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері, азаматтық құқықтық қатынастың объектілері, заңды тұлға, жеке тұлға, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер, заңдық факті.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық-құқықтық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады.
Заңды тұлғалардың барлық істері азаматтық-құқықтық қатынасы ретімен жүзеге асады. өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осыладың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарына қатысушыладың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасындақатынастардың мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.
Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субъектілер(қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және объектілер (құқықтар мен міндеттердің қатысы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер)
Құқық қатынастарының элементі ретінде айтқанымызда, біз субъективтік құқық туралы да айтамыз. Бұл «құқық» деген сөзге беретін екінші мағына.
Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субъективті құқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екінші алдыңдағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу-сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы арасында екі бірдей құқық қатынасы пайда болады. Оның біріншісіне сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық-құқықтық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың туу, мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.
Субъективті құқықтардың сипаты олардың саралуаы арқылы көрінеді. Біріншіден, абсолюттік (шек қойылмаған) және арақатысты құқық болып бөлінеді. Кейбір құқықтар азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді. Бұл құқықтар жөнінде үшінші тараптағылардың бәрі де міндетті субъект болып табылады. Мұндай құқықтар абсолюттік (шексіз) құқық деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда – абсолюттік құқықты қандай да біреу болмасын бұзуға болмайды, сондықтан да бұл құқық қандай біреуден болмасын қорғалып отыруға тиіс. Мұндай құқыққа жататындар – меншік құқығы, авторлық және тағы басқалар.
Енді тағы бір тәсіл - өзін-өзі қорғауға тоқатала кетелік. Осы сөз тіркесінің өзінен көрініп тұрғандай, азамат пен ұйым өзінің құқығын өзі қорғайды. Бұл орайда өзін-өзі қорғау тек құқық бұзушыға және оның әрекеттерін жоюға ғана бағытталуы тиіс. Тәжірибеде өзін-өзі қорғау жиі кездеседі. Мысалы, телефон станциясы абанетті көрсетілген қызметке төлемді үнемі уақытылы төлемегені үшін байланыс жүйесінен айырып тастайды. Мұндай өзін-өзі қорғау құқығы кепіл, мүлікті қорғау шарасы, қажетті қорғану және т.б. түрлерінде кездеседі.
№3 Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері.
Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану.
Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, азамат, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, әрекет қабілеттілік, құқық қабілеттілік, хал-ахуал актілері.
1. Азаматтың есімі оны дараландырудың аса маңызды құралы. Азамат өз есімі мен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК 15-бабының 1-тармағы).
Заңдарды азаматтық құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін.
Жалпы ереже бойынша азаматтың фамилиясын, атын, әкесінің атын ауыстыруға оның өтініші бойынша рұқсат ету тәртібімен ол 16 жасқа жеткенде жол беріледі.
Азаматтың тұрғылықты жері оны дараландырып тұратын келесі белгісі болып табылады. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады (АК 16-бабы).
Азаматтың өміріндегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматтық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілер заңдық фактілерге жатады.
2. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетті деп танылуы мүмкін (АК 28-бабының 1-тармағы). Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, ол өлді деп жариялануы мүмкін (АК 31-бабының 1-тармағы).
Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшілерді және өзге адамдарды өлді деп жариялау үшін ерекше тәртіп белгіленген. Бұл адамдар соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК 31-бабы).
3. ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті – азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. «Азаматтық құқық субъектісі» ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді, тұрғылықты жерді және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектілерінің ішінен АК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді.
«Жеке тұлға» жалпы ұғымы ҚР АК –нің 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымы мен ҚР-ның азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Азаматтық құқық субъектілік – салалық құқық субъектіліктің бір түрі.
№4 дәріс. Заңды тұлғалар
Заңды тұлғаның ұғымы.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.
Негізгі ұғымдар: заңды тұлға, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар, шаруашылық серіктестіктер, құрылтайшы, жарғы, жарғылық капитал, заңды тұлғаның әрекет және құқық қабілеттілігі.
1. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Занды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
2. Құкық қабілеттілік дегеніміз — бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше зандық қасиет.
Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан, тұлға үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді.
Занды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық құкықтарды иелену және өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады.
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердің занды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады (мысалы, Мемлекетгік заң университетінің Астанадағы филиалы). Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын занды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлга арасындагы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан занды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылу жағдайдарын анықтайды.
Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын занды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестікгің жаршсында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлға-лардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
№5 дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде
Заңды тұлғаның ұғымы.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.
Негізгі ұғымдар: заңды тұлға, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар, шаруашылық серіктестіктер, құрылтайшы, жарғы, жарғылық капитал, заңды тұлғаның әрекет және құқық қабілеттілігі.
1. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Занды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиетгерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, занды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді. Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, занды тұлғаның академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиетгеріне "ұжым теориясы" деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның "мақсатты мүлік ретіндегі" анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, ".. .осы заманғы коммерциялық пракгикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясьн қостайтын дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе -ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: занды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері — жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, меншіктен пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Занды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз — бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Шындық теориясы немесе XIX ғасырдағы. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория занды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
№6 дәріс. Азаматтық құқықтың объектілері
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі және түрлері.
Жылжитын және жылжымайтын мүлік.
Заттардың азаматтық құқық объектілері ретінде өзгеше жіктелуі.
Қызмет көрсету және басқа да әрекеттер-азаматтық құқық объектілері ретінде.
Негізгі ұғымдар: Мүліктік және мүліктік емес игіліктер,бағалы қағаздар, мүліктік емес өзіндік құқықтар, Жылжитын мүлік, жылжымайтын мүлік қызмет көрсету.
1. Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтық құқықтың субъектілері үнемі өзара әр түрлі қарым-қатынастарда түсуге мәжбүр болады. Субъектілер арасында қалыптасқан нағыз нақты қатынастар сан түрлі болады және құқықтармен міндеттердің негізінде олар құқықтың қатынастар нысанына ие болады. Қоғамдық қатынастардың құқықтардың түрлі салалардың нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарды тауар ақша айналымы салаларында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық қатынастардың нормаларын реттейтін объектіге қарай азаматтық құқықтық қатынастардың мынандай түрлері болады.
мүліктік қатынастар
мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастар
мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Мүліктік және мүліктік емес қатынастарға азаматтық құқықтық реттеу. Мұндай қатынастармен қатысушыларға құқықтармен міндеттер беру жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтық құқықтық қатынастарда қатысушылардың субъективтік құқықтармен субъективтік міндеттерді оның мазмұнын құрайды. Субъективтік міндет дегеніміз – бұл міндетті тұлғаның байқалуға тиісті мінез құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқықтың берілген тұлғаның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету мүмкіндігінен немесе міндетті тұлғадан белгілі бір әрекеттер жасауды таоап ету мүмкіндігімен көрінеді.
2.Жеке индивидтерді жеке тұлғалар деп атайды. Қызметінің мақсытына қарай заңды тұлғалар
заңды тұлғалар
коммерциялық
коммерциялық емес
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар комерциялық ұйымдарға жатады.
Комерциялық емес ұйымдар табыс табуды өзге мақсаттар үшін құрылады. Мысалы: діни бірлестіктердің негізі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады.
Құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде әр түрлі заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілерінің негізгі түрлері азаматтық кодекстің 115 бабында аталған. Мұнда олар мүліктік және мүліктік емес игіліктермен құқықтар азаматтық құқықтық объектілері бола алады. (115-бап 1 тармағы).
3.Мүліктік игіліктермен құқықтарға (мүлікке: заттар, ақша, шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық, интелектуалдық) қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, бұйымды дараландырудың өзге де мүліктік құқықтармен басқа да мүлік жатады. Азаматтық кодекстің 117 бабының II тармағына сәйкес жеке мүліктік емес игіліктермен қоса жеке адамдардың өмірі, денсаулығы, қадыр-қасиеті, абырой,игі атақ, ккерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпиямен отбасы құпиялары, есім алу құқығы, автор болу құқығы шығарма қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктермен құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілеріннің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
3.Азаматтар мен заңды тұлғаларының басқа тарапқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол бермейді (АК-тің 8-бабының 3-5-тармақтары). Осы талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады.
Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы жөніндегі ережеде маңызды. Тауарлар, қызметтер және ақша Қазақстан Республикасыеың барлық аумағында еркін қозғалыста болады. Қазақстан Республикасындағы не заң шығарушының, не атқару билігінің тауарлар мен қызметтердің қозғалысын шектеуге хақылары жоқ. Еркін қозғалысқа тек заңмен ғана тыйым салуға болады.
4. Моральдық зиян ақшалай түрде өндіріледі. Моральдық зиянның көлемін анықтау кезінде жәбірленушінің шеккен рухани зардабын субъективті баға ретінде ескереді. Сондай-ақ жәбірленушінің рухани денсаулығына байланысты зардап шегуінің дәрежесін анықтайтын объективті мәліметтер де ескеріледі: өмірлік маңызы бар жағдайларға қастандық жасау объектісі (өмірі, денсаулы-
ғы, абыройы, ар-намысы, еркіндігі, үйіне ешкім тиіспейтіндігі және т.б.); құқық бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын туысқанын өлтіру, денеге жарақат салу, сол арқылы мүгедек ету, еркінен айыру, жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа душар ету және т.б.); адамды мазақ қылатын жалған мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі; жәбірленушінің өмірлік хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылық, қызметтік, материалдық, денсаулық жағдайлары, жасы және басқалары); басқа да назар аударуға тұратын жайыттар.
№7 дәріс. Мәмілелер
Мәміленің түсінігі және оның белгілері.
Мәміленің жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.
Негізгі ұғымдар:біржақты мәмілелер мен шарттар, биржалық мәмілелер, мәмілелерді тіркеу, жарамсыз мәмілелер мен жарамсыздықтың салдары, мәмілелер жарамсыздығының негіздері
1. Азаматтық заңдар тұрғысынан алғанда, кәсіпкерлік қызмет – банктік немесе биржалық операциялар, сауда және де тағы басқа әрекеттер жасалғанына қарамастан-әртүрлі мәмілелер жасау деп ұғынылуы мүмкін. Мәміле – бұл азаматтық айналымда ең көп тараған заңды фактілер болып саналады.
Мәміле деген не?
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекісінің 147- бабына сай азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерімәмілелер деп танылады.
Осы негізде мәміле келесі белгілермен сипатталады:
а) мәміле – бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін жасаған әрекет негізінде пайда болған ерікті сыртқы қызмет актісі.
ә) мәміле — субъектінің өз еркімен жасаған актісі.
Болашақ еріктілік актісі болып, мәміле – ерік пен ерік білдіру үйлестігін көрсетеді.
Ерік «маған не керек?», ал ерік білдіру «бұл үшін мен не жасауым керек?» деген сұрақтарға жауап береді. (Мысалы: мен өзімді алдын-ала аурудан сақтау немесе қартайған шағымда өзімді қамтамасыз ету үшін алдағы өмірімді сақтандыру мәмілесін жасаймын. Сонымен ерік дегеніміз мәмілені жасау барысындағы азаматтың тілеуі, ықыласы. Бірақ та мәміле үшін тек ерік білдіру жеткіліксіз. Сонымен қатар, ерікті басқа бөгде адамдарға да жария ету қажет.
Ерік білдіру деп – адамның ішкі шешімін сыртқа шығарып, білдіру тәсілдерін айтамыз.
Ерік білдіру – заңды салдар туғызатын мәміленің маңызды элементі болып табылады. Бұл мәміленің оқиғадан ерекшелігі, яғни оқиға тұлғаның еркіне тәуелді болмайтын жағдайлар. Мәмілелер тек ерік білдіру арқылы ғана емес, сонымен бірге мүлікті беру арқылы салдар туғызады. Мысалға сыйға тарту шарты сыға беруші мен сыйға алушының ерік білдіруінен және сыйды алушыға затты беру әрекетінен туындайды.
Мына келесі тәсілдер бойынша мәміле жасау кезінде ішкі ерік білдіру айқындалады:
Тікелей ерік білдіру – мәмілеге қатысушының ерікті түрде әрекет жасау пиғылын басқаларға жазбаша немесе ауызша түрде жеткізу. Мысалы: хат жазу, қолхат жазып беру, сенімхат беру, ауызша келісім беру.
Жанама ерік білдіру – бул мәміле жасауға бел байлаған тұлғаның әрекетінен мәміле жасауға ниет білдіргенін растайтын әрекеттер жасауынан білінеді. Бұл әрекеттер конклюденттік (пиғылына немесе осы мәмілені жасауға ерік білдіруіне сәйкес әрекеттер) деп аталады. Газдалған суды сататын автомат арқылы жасалған мәміленің өзі тұлғаның мәміле жасауға қатысу ниетін білдіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 151- бабының 2 тармағына сай, конклюденттік әрекеттер жасау арқылы мәмілелер жасауға заңда көрсетілген жағдайларда немесе бұл туралы тараптардың арасында арнайы келісім болған жағдай ғана жол берілед
Үндемеу арқылы ерік білдіру мәміле жасауға ерік білдірудің заңмен жол берілетін тәсілі деп танылады. Бірақ Бұл үшін заңда үндемей қалушылықтың «иә» не «жок» дегеннің белгілі бір мағына беретінін көрсетуі қажет.
В) мәміле заңға қайшы келмейтін субъектінің – ерікті әрекеті болып саналады.
Мәміленің заңдылығы – мәмілеге қатысатын тұлғалардың қалауы болып табылатын, заңдармен осы мәміле үшін белгіленген, мәмілеге қатысушылар осы мәмілеге қатысқанда көздеген құқықтық салдар туындататын заңды фактілердің қасиеттеріне ие болуын білдіреді.
Мәміле заңға сәйкестігімен құқық бұзушылықтан (деликтіден)- заңға қайшы және құқықты бұзған тұлға ойламаған және олай болуын қаламаған құқықтық салдар туындататын ерікті әрекеттер қатарына жатуымен ерекшеленеді.
Мәміле азаматтық құқықтар мен міндеттер
2.«Мәміле» деген түсініктің өзі өз бойына 4 элементті жинақтайды . Біріншіден – бұл мәмілеге қатысатын тұлғалардың өзі. Екіншіден – бұл субъективтік (ерік және ерік білдіру) жағы. Үшіншіден – нысаны. Төртіншіден – мазмұны. Мәміленің бір элементінің кем болуы оның жарамсыздығьша әкеп соғады. Сонымен мәміленің жарамдылығының қамтамасыз ететін жағдайларға төмендегілер жатады:
1.Мәмілені әрекетке қабілетті тұлғаның жасай алуы.
Тұлғаның ерік білдіруінің оның еркіне сәйкес келуі.
Мәміленің нысанының заңмен белгіленген нысанға сәйкес болуы.
Мәміленің мазмұнының заңға қайшы келмеуі, яғни бұл жерде мәміленің мазмұны заң талаптарынан ауытқымауы тиіс.
№8 дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
Өкілдіктің ұғымы мен маңызы
Сенімхат
Негізгі ұғымдар: коммерциялық өкілдік, өкілеттігі жоқ өкілдік, сенімхат, сенімхаттың мерзімі, сенімхаттың тоқтатылу салдары.
1.Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық кұқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді, және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Ісәрекеттердің бәрін өкіл рқылы істеуге ола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңылық әрекеттрді өзі ғана жасауы керектігі заңа айтылған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағ-дайлардыңбәрінде де өкілдікке рұқат беріледі.
Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адамда, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды (АК-тің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субьект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының1-тармағы).
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді.
2.Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).
Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік — өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға кұқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.
Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, соңдықтан да өкілдін келісімі талап етілмейді.
Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).
Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат — әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе — берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.
№9 дәріс. Мерзімдер. Талап мерзімі.
Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері.
Талап қою мерзімі.
Негізгі ұғымдар: мерзім белгілеу, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің басталуы, талап қою ұғымы, талап қою мерзімдері,талап қою қолданылмайтын талаптар.
1. Азаматтық айналымда және әлеуметтік мәселелерді шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.
Мерзімнің маңызы – оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім – бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады.
Күнтізбелік күн дегеніміз бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.б.).
Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Өзінің табиғатын қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
Субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі;
Тыйым салатын мерзім;
Кепілдік мерзім;
Шағымдану мерзімі;
Азаматтық-құқықтық міндеттерді орындай мерзімі;
Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі немесе талап қою мерзімі.
2. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталады.
Талап қою мерзімі институты – азаматтық құқықтың көне институттарының бірі.
ҚР азаматтық құқығында талап қою мерзімінің екі түрін ажыратады: жалпы мерзім және арнаулы мерзім.
АК 178-бабының негізінде «талап қоюдың жалпы мерзімі 3 жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттары мен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін». Азаматтық құқықта мұндай мерзімдерді арнаулы мерзімдер деп атайды. Олар заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады. Мысалы, жекешелендіру туралы жарлықпен сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдан жалпы мерзіммен салыстырғанда арнаулы мерзімдердің ұзартылған немесе қысқартылған болуы мүмкін екені көрінеді.
№10 дәріс. Заттық құқық.
Шаруашылық жүргізу құқығы.
Оралымды басқару құқығы.
Жерге заттық құқық.
Негізгі ұғымдар: заттардың берілуі,
1. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мелекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқытарын азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін бюджеттік ұйымдар мәртебесімен шатастырмау үшін ең алдымен шаруашылық жүргізу құқығы деген ұғым енгізілді.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік базасын құрал-жабдық, еңбек құралы және ақша қаражаты құрайды. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу және өнім өндіру құқықтарын иеленеді. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар бойынша бөлініске түспейді, бұл кәсіпорынның жұмыскерлері арасындағы қатынасқа да қатысты.
Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі, егер заңда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлік болып табылады (АК 197-бабы).
Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңның талаптарына сәйкес мынандай құқықтарға ие болады:
кәсіпорынды құру, тарату және қайта құру;
оның қызметінің атқаратын жұмысы мен мақсаты;
кәсіпорын қарамағындағы мүліктерді мақсатты пайдалануға және сақтауға бақылау жасау;
кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндеге мүліктерді пайдаланудан табыс түсіру.
Шаруашылық жүргізу құқығының субъектілері заңға сәйкес мына төмендегідей деп танылады:
республикалық меншіктегі кәсіпорындар;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар;
шаруашылық жүргізу құқығының негізінде еншілес кәсіпорындарда құрылуы мүмкін.
2. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктік мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады (АК 202-бап).
Бұл құқықтың субъектісі қазыналық кәсіпорын немесе кез келген меншік түріндеге мекеме болып табылады.
Құқық объектісі қазыналық кәсіпорынның мүлкі мен мекеменің мүлкі саналады.
Оралымды басқару құқығының мазмұнының шаруашылық жүргізу құқығына қарағанда аясы тарлау келеді. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорынды құрылған сәттен бастап оны қаржыландыруды тоқтатады, бұл мемлекеттік мекемеден басты айырмашылық болып есептеледі.
Орылымды басқару құқығы дегеніміз заттық құқық, яғни қазыналық кәсіпорын мен мекеменің өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында меншік иесінің мүлкін заң талабына, өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмасына және мүліктің мақсатына сәйкес заттық құқықты пайдалану болып табылады.
3. ҚР АК-нің 195-бабының 1-тармағына және «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» жарлықтың 1-бабына сәйкес, жерге құқықтардың ішінен меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар заттық құқықтарға жатады. Заң доктринасында жер учаскесіне заттық құқықтарға, жоғарыда аталғандардан басқа, әдебиетте кепілді, сенімгерлікпен басқару құқығын жатқызады. Біз жер учаскелеріне оралымды басқару құқығының туындауы мүмкін деп ойлаймыз. Мұндай құқыққа, әсересе, ғимараттары мен құрылыстары өздеріне оралымды басқару құқығында тиесілі мемлекеттік емес мекемелер мұқтаж болып отыр. Жер учаскесіне шектелген өзге де заттық құқықтар (тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы) мемлекеттік меншік құқығынан туынды құқықтар болып табылады, ал мемлекеттік емес мекеме құқығы құрылтайшылардың жеке меншік құқығынан туынды болуға тиіс. Оралымды басқару құқығы осындай конструкцияға жатады. Бірақ күшіндегі жер заңнамасы жер учаскелерін оралымды басқару құқығының объектілері деп танымайды.
Барлық көрсетілген құқықтардың объектісі – жер учаскелері. Заттық құқықтар дара белгілерімен анықталатын заттарға туындайды. Баяндалғандарға жүгінсек, жер учаскесіне заттық құқықтың туындауының алғышарты – объектіні қалыптастыру болып табылады.
№11 дәріс. Меншік құқығының ұғымы.
Меншік құқығының объектілері.
Меншік құқығының нысаны мен түрлері.
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік меншік құқығы, жеке меншік ұғымы және оның түрлері, стратегиялық объектілер, жерге және басқа табиғи ресурстарға меншік.
1. Меншік құқығының объектілері заңдық табиғаты бойынша сан алуан болып келеді. Жер учаскесі, кітап, су қоймасы, баубақша, жануар, компьютерлік бағдарлама, бағалы қағаздар және т.с.с. осылардың барлығы органикалық ресурстар санатына жатады. Қоғамдық ғылымдар тұрғысынан олар субъективтік меншік құқығының объектісі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Азаматтық құқықта заттар деп денелік сезуге мүмкіндік бар объектілер, тауардың экономикалық нысаны бар заттар танылады. Заттар белгілі бір материалдық құндылығы бар еңбектің нәтижесі болып табылады. Оларға тек қана әдеттегі өндіріс құралжабдықтары немесе әр түрлі тұтыну заттары ғана жатпайды, сонымен қатар ақша жйне бағалы қағаздар да жатады. Сондайақ азаматтық құқыта заттардың санатына, адамдардың еңбегімен өндірілгеннемесе алынған, сондықтан да тауарға айналған әр түрлі энергетикалық ресурстар және шикізаттар түрлері жатады. Қалыпты жағдайдағы атмосфералық ауа азаматтық құқықтың, ішінара меншік құқығының объектісі бола алмайды, ал егер де ауа немесе оның құрамдас бөліктері адамдардың еңбегінің нәтижесінде өзгертілсе немесе қалайда бір ерекшеленсе (қыздырылған ауапар, сұйықталған ауагаз, компрессордың көмегімен сығылған ауа және т.б.) олар тауарға айналып, азаматтық құқықтың объектісі болып табылады.
Меншік қатынастарында жер және басқа да табиғи ресурстар, әлбетте, ерекше орын алады, олар әдетте еңбек нәтижесі болып табылмайды (арнайы өңделген жер учаскелерін немесе қолмен отырғызылған ормандарды есептемегенде). Бұл объектілер адам еібегінің нәтижесінде пайда болмаса да, қандай да бір түрде тауарлық айналымға тартылады. Сондықтан да азаматтық құқықтық қатынастың объектілері ретінде жер учаскелері, жер қойнауының байлықтары, су қорлары және басқа да табиғи ресурстар заттар категориясына жатады.
Тұлғаға жеке меншік негізінде тиесілі мүліктің құрамына жеке міндеттемелік құқықтар енуі мүмкін (мысалы, банктегі салымды талап ету, бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы), корпоративтік құқықтар (акционерлік және басқа да шаруашылық қоғамдарға, кооперативтерге қатысу құқығы), сондайақ айрықша құқық құрамынан кейбір өкілеттіктер. Олар сол арқылы заттың құқық режиміне өтпейді, бірақта біртұтас кешен ретінде тұлғаға тиісті мүліктіің құрамында болады. Нақ осы кешен мүмкін болатын несие берушілердің талап қою объектісін құрайды. Тек қана осындай мүліктік кешен азаматтық айналымның тәуелсіз және тұтас объетісінің құрамында болып, белгілі бір жағдайларды сақтай отырып, сатып алусату немесе жалдау шарты бойынша оқшаулана алады.
Азаматтық құқықта заттардың жіктелуінің маңызды критериі олардың айналым қабілеттілігі болып табылады, яғни мүліктік айналым объектісі бола алу және иелерін айырбастай алу қабілеттілігі. Осы көзқарас тұрғысынан заттар үш топқа бөлінеді. Олардың бірі арнайы билік органдарының рұқсатынсыз азаматтыққұқықтық мәліметтер нәтижесінде еркін бір тұлғадан екінші тұлғаға өте алуы. Айналымы рұқсыт етілген заттар заттардың басым бөлігін құрайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6бабына сәйкес ҚР екі меншік нысаны танылады: 1) мемлекеттік және 2) жеке меншік. Олар бірдей дәрежеде мемлекетпен қорғалады.
АК меншіктің екі нысанын қарастырады: мемлекеттік меншік (192бап) және жеке меншік (191бап). Меншіктің осы екі нысанына байланысты тарихта екі көзқарас пайда болды.
2. Меншік құқығының пайда болатын кезін анықтаудың тәжірибелік маңызы зор.
Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады (АК 238-бабы, 1-тармағы). Жылжымайтын мүлікке заттық құқықтардың ішінен, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан артық мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан артық мерзімге пайдалану құқығы, кепіл, рента, сенімгерлікпен басқару мемлекеттік тіркеуге жатады. Пайдалану құқығы деп, бұл жерде жалдау, төлеусіз пайдалану құқығын, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқығын беретін сервитуттарды айтамыз.
3. Меншік құқығының тоқтауы оның пайда болуы сияқты, заңда көзделген заңдық фактілердің болуын керек етеді. АК 249-бабының 1-тармағында меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады делінген. Жекешелендірген жағдайда мемлекеттік меншік құқығы мүлікті жеке тұлғалардың немесе мемлекеттік емес тұлғалардың меншігіне ақылы немесе ақысыз беру туралы шарттың негізінде тоқтайды.
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздеріне мыналар жатады:
меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару;
заң актілеріне сәйкес сол адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу;
реквизиция;
тәркілеу;
жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу;
күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу.
АК-нің 249-бабының 4-тармағында меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір негізі – ұлт меншігіне айналдыру көзделген.
№12 дәріс. Ортақ меншік құқығы
Ортақ меншік ұғымы.
Ортақ үлесті меншік құқығы.
Ортақ бірлескен меншік.
Негізгі ұғымдар: үлестік меншік мүлікке билік ету, сатып алудың басым құқығы, ортақ бірлескен, ортақ мүліктегі үлестен ақы өндіріп алу, жекешелендірілген тұрғын ортақ меншік.
1. Заңдық мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға меншік құқығында тиесілі мүлікті білдіреді. Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке бөледі (АК 209-бап 2-тармағы). Үлесті меншікте мүлік меншік иелерінің әрқасысының меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікте болады, ал бірлескен меншікте ондай үлестер анықталмайды. Егер заң актілерніде өзгедей белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болып табылады.
Үлесті және бірлескен меншіктің қатысушылары бірінен бірі едеуір бөлек болып келеді. Үлесті меншіктің қатысушылары азаматтық құқықтың заңнамада көзделген кез келген субъектілері және олар кез келген жиынтықта болуы мүмкін. Мысалы, үлесті меншіктің қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, азаматтар мен заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бірлескен меншіктің қатысушылар тек жеке тұлғалар ғана болады, олар көбінесе бірімен бірі туыстық қатынаста ғана болады.
2. Ортақ үлесті меншік құқығында оның әр бір қатысушысының белгілі бі үлесі болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе оның құнындағы үлес емес ол ортақ меншік құқығындағы үлес. Бұл үлес ортақ үлесті меншіктің барлық басқа қатысушыларының үлестеріне қатысты бөлшекпен өлшенеді. Мысалы, үлесті меншіктің барлық ортақ құқығына қатысты 1\4, 1\2, 3\5 т.с.с. Сонымен, ортақ мүлік үлесті меншіктің қатысушылар арасында бөлінбейді, ортақ мүліктің құнындағы үлес бөлініп алынбайды.
Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестер тең де, тең емес те болыу мүмкін. АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді. Егер заң құжаттарында немесе үлесті меншіктің барлық қатысушыларының келісімдерінде өзгеше көзделмеген болса, олар тең болады (АК 210-бабының 1-тармағы).
Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-те меншік құқығы үшін көзделген барлық құқық өкілеттіктерін, яғни иемдену, пайдалану және билік ету құқытарын қамтиды.
Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысушыларының келісуімен жүзеге асырылады (АК 212-бабының 1-тармағы).
3. Ортақ үлесті меншікке қарағанда ортақ бірлескен меншік құқығындағы үлестер бөлінбейді. Үлесті еншілеу бірлескен меншікті бөлгенде немесе еншілегенде оның тоқтаған немесе өзгерген сатысы ретінде бола алады.
Ортақ бірлескен меншік үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың меғншігі, шаруа (фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге меншік (АК 219-бабы 1-тармағы).
Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде және бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен өзге де көзделмеген кезде және ол кез келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.
Бірлескен меншіктің қатысушыларының шеңбері заңмен анықталады және олардың отбасылық қатынастарымен байланыста болғандықтан бірлескен меншік құқығы құқық мирасқорлығы ретінде басқа адамдарға өте алмайды. Ортақтас меншік иелері бірлескен меншік құқығын емес, бірлескен меншіктегі мүлікті иеліктен шығара алады.
Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады (АК 220-бабы 1-тармағы). Бұл ортақтас меншік иелерінің әрқайсысы және олардың барлығы бірге бірлескен меншікті бүтін нәрсе ретінде теңдей негізде иемденуге және пайдалануға құқылы екендігін білдіреді. Мысалы, жекешелендірілген пәтерді бірлесіп иемдену және пайдалану.
Бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады (АК 220-бабы 2-тармағы).
№13 дәріс. Міндеттеменің ұғымы мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі.
Міндеттемелік құқықтың тараптары.
Негізгі ұғымдар: міндеттеме тараптары, міндеттемеге қатысушылар, міндеттеменің пайда болу негіздері
1. Міңдеттемелік құқық — азаматтық құқықтың ең үлкен бөлімі, міндеттемелерге қатысты нормалар Азаматтық кодекс көлемінің жартысынан көбін алады.
Міндеттемелік құқықты заттық құқық, интеллектуалдық меншік, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық сияқты салалармен қатар азаматтық құқықтың бір саласы деп қарауға болады.
Міндеттемелік құқықтың ерекшелігі сол — ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді
Қазіргі Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кең ауқымын реттеп, күн асқан сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндетгемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Азаматтық құқыққа бұрыннан белгілі біржақты мәміленің түрі -конкурс — қазіргі кезде мүлде өзге сипатқа ие болды, мемлекеттік меншікті жекешелендіргенде, жылжымайтын мүліктің ипотекасында, мемлекеттік тапсырыстар алғанда, банкроттықта қолданыс тауып ұдайы дамып келеді. Сатып алу-сату (көсіпорындарды, жерді, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты мүліктік құқықтарды сатып алу-сату және т.б.), кепілге салу (ипотека, жер учаскесін, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу, т,б.) сияқты міндетгемелер едәуір өзгеріске ұшырады.
Шарттардың жаңа түрлері шығуда (рента, факторинг, франчайзинг, форфейтинг, сенімгерлікпен басқару, т.б.). Бұл процесс жалғасуда, Міндеттеменің өтпелі кезеңде экономиканы құқықтық реттеудің ең бір тиімді де сенімді аспабы болатындығы сөзсіз.
Міндеттемелік құқық екі үлкен бөлімнен тұрады:
1. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі. Мұның нормалары мыналарды реттейді:
- міндеттеме ұғымын және түрлерін; міндеттеменің туындау негіздерін;
- міндеттеменің орындалуын;
- міндеттеменың орындалуын қамтамасыз етуді;
- міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілікті;
- міндеттемеде тұлғалардың ауысуын; міндеттеменің өзгеруі мен тоқтауын;
- шарт — міндеттеме туындауының негізі.
2. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі бір типті міндеттемелерді реттейтін жеке институттардан тұрады;
- шарттық міндеттемелер;
- шарттан тыс міндеттемелер.
2. Әдебиетте, әдетте, міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің тараптарын (борышкср мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің мазмұнына әсер етеді, оның құқықтык мәнін анықтайды.
Соған байланысты ҚР Азаматтық кодексінде ТМД-ның басқа елдерінің Азаматтық кодекстерінде жоқ жаңа термин — "міндеттеменің қатысушылары" енгізілді. АК-ның 270-бабының 1-тарауында "тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттеменің қатысушылары болып табылады" - делінген.
Сондықтан, "міндеттеменің қатысушысы" ұғымы өзіне субъектілердің екі санатын қамтиды:
міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші);
үшінші жақ.
"Міндеттеме тараптары" ұғымына талдау жасағанда, бәрінен бұрын, міндеттемедегі тұлғалардың көптігі проблемасы кездеседі. АК-ның 286-бабында былай делінген: "Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан езгеше туыңдамайтындықтан міндеттеме).
№14 дәріс. Міндеттеменің тоқтатылуы.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы.
Құқықтық жауаптылық шаралар жүйесіндегі азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің орны.
Негізгі ұғымдар: міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдардың орнын толтыру, залалдар мен айып төлеу, субсидиялық жауапкершілік, міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершілік негіздері.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Осындай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
1) тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекет-
сіздігі);
2) жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың
бар болуы;
3) құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның
келтірген зиянының салдары арасыңдағы болатын себепті бай-
ланыс;
4) құқық бұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы - азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамы болып табылады.
Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақ та, кейбір жағдайларда заң азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды (мысалы, жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді (АК-тің 931- бабы).
Құқыққа қайшы тұлғалардың қылықтары — азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс-әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады. Азаматтық құқықта құқыққа қайшы тұғаның қылыға объективті және субъективті құқықтардың міндетті түрде бір мезгілде бұзылуын көрсетеді.
Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшы қылығының жағдайы іс-әрекетте не әрекетсіздікте көрінуі мүмкін. Мінез-құлықтың саналы түрде болуы объективті жағдай,құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқық бұзушылығы оған қарамайды, сондықтан да қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының объективті жағын құрайды.
Кінә — азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін (немесе әрекетсіздігін) жан-дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі
Қылмыстық жауаптылыққа қасақана немесе абайсызда қылмыс жасаған адам тартылады.
Азаматтық заңдарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді. Кінә қасақана немесе абайсыз түрде болады.
Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Тұлғаның кінәсіз болуы оны жауапкершіліктен арашалайды.
Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді.
Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам,егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бөлініс өтеуге тиіс (АК-тің 9-бабы 5-тармағы).
