- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Шаймуханова Жайна Тлеукеновна – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.Ғ.М.
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •Әдебиеттер:
- •Глоссарий
- •Қр азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары.
- •5 Дәріс. Шарттың ұғымы және жағдайлары.
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер). 27.12.1997ж. –Алматы, 2012.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995. –Алматы, 2012.
3. Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім). Оқу құралы -Алматы, 2006.
4. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. -Алматы, 2003.
5.Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. 1-том. Оқулық. -Алматы, 2001.
6. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. 1-том. -Алматы, 2006.
7.Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Гражданский кодекс РК. Комментарий. Книга 1.Общая часть. -Алматы, 2003.
8.Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1. Общие положения.
-Москва, 2008г.
9.Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. –Алматы, 2003.
СӨЖ.
Жалпы мақсаты - зерттелетін тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды және дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.
Әдістемелік ұсыныс.
1 «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (жалпы бөлім) курсы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып таңдалған тақырыпты терең оқу.
2. Таңдалған тақырыптарды барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау; қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәжірибелік мәнін қоғам өміріндегі рөлін анықтау.
3. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзерістеріне, ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік құқықтық актілерге көңіл бөлу.
4. Қолданыстағы заң бойынша автоматтандырылған базадан деректер алу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жинағын пайдалану.
5. Тілі қиын заңдар, терминдер және ұғымдар бойынша оны ұғыну үшін заңдық, қаржылық, экономикалық сөздіктерді пайдалануы, сондай-ақ оқытушыдан кеңес алу қажет.
6. Аталған курсты оқуға заң газеттері мен журналындағы ғылыми жариялымдар көмек береді.
7. Жұмыс жоспарын жеке жасап, аталған курсты жүргізетін оқытушыларға бекіттіру, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу.
8. Барлық тізбектелген құжаттарды қажеттілігіне қарай пайдалану, онда барлық статистикалық деректерді, жұмыста қолданылған басқа хабарламаны көрсету арқылы диаграмма, графиктер, кескіндер, кесте салу.
9. Жұмыс текстін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.
10. Семинар сабақтарында реферат бойынша сөз сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.
11. Әр тақырып, оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда жоғары бағаланады.
Мынадай жұмыстарға жоғары бағалар қойылады:
терең дәлелді ашылған тақырыпқа;
құжатты өте жақсы меңгергендігіне, оны жан-жақты талқылап игергеніне, қорытындылар жасауына куәландырушы;
айтылуы бірізді, қисынды және жүйелі мазмұндауға;
дұрыс әдебиеттік тілмен жазылуына;
- пунктуациялық, грамматикалық және орфографиялық қателердің жоқтығының мазмұнға стилистикалық сәйкестігіне.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тапсырмалардың мазмұны |
Сағат саны |
Тапсыру мезгілі |
Бақылау түрі |
1
|
1. ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі мәні.
|
10 |
4-апта |
1) нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс 2) слайд құру 3) конспект
|
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы, түрлері және элементтері.
|
3 |
|||
3. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері. |
2 |
|||
2 |
1. Азаматтық құқықтық қатынастарда Қазақстан Респуликасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысуы.
|
7 |
7-апта |
1) конспект 2) тест тапсырмалары 3) кесте түрінде слайд, |
2. Азаматтық құқық объектілерінің олардың айналым қабілетіне қарай түрлері. |
6 |
|||
3. Мәмілелер, шарттар, міндеттемелер арақатынасы.
|
7 |
|||
3 |
1. Өкілдік түрлері.
|
7 |
11-апта |
1) слайд құру 2) 3 есеп құрастыру 3) конспект |
2. Сенімхаттың тоқтатылуы және оның салдары. |
6 |
|||
3. Қазақстан Республикасының Констиуциясы бойынша меншік |
7 |
|||
4 |
1. Ортақ бірлескен меншік, оның пайда болу негіздері.Ортақ мүліктегі үлестен өндіріп алу.
|
5 |
14-апта |
1) 3 есеп құрастыру 2) слайд 3) конспект
|
2. Сервитуттар: түсінігі, түрлері. Белгілеу мен тоқтату негіздері, тәртіптері. |
10 |
|||
3. Азаматтық құқықтық жауапкершілік түрлері:шарттық және шарттан тыс, үлесті және ортақ, негізгі және субсидиарлық, толық және шектеулі, аралас жауапкершілік, регресс тәртібіндегі жауапкешілік |
5 |
|||
|
Барлығы |
75 |
|
|
Аралық бақылау тапсырмалары.
1-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
Азаматтық құқықтың түсiнiгі.
Азаматтық құқықпен реттелетін, мүліктік қатынастар ұғымы.
Жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық-құқықтық реттеудің пәні ретінде.
Азаматтық құқықтың принциптері.
Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі.
Міндеттемені орындау.
Азаматтық заңдар және оның жүйесі.
Азаматтық заңдардың қолданылуы.
Азаматтық құқық ғылымы.
Азаматтық құқықтың пәні мен тәсілі.
Азаматтық құқықпен реттелетін, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Азаматтық құқықтың принциптері.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық.
Азаматтық заңдар ұғымы және құрылымы.
Азаматтық заңдардың уақытқа, кеңістікке және адамдардың шеңберіне қарай қолданылуы.
Азаматтық заңдар және халықаралық құқықтың нормалары.
Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы және ерекшеліктері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.
Жеке тұлға ұғымы. Азаматтардың құқық қабілеттілігі.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық қабілеттілігі.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.
Азаматты әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану.
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері.
Азаматты хабар-ошарсыз деп тану немесе өлді деп жариялаудың тәртібі, жағдайлары мен зардабы.
Заңды тұлға ұғымы және белгілері.
Заңды тұлғалардың түрлері.
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі, олардың түрлері.
Заңды тұлғаны құру.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
Қайта құру.
Заңды тұлғаның банкроттығы.
Шаруашылық серіктестік ұғымы және оның нысандары.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік заңды тұлғалар ретінде.
2-аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
Акционерлік қоғам - заңды тұлға.
Мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлға ретінде.
Өндірістік кооператив заңды тұлға ретінде.
Коммерциялық емес заңды тұлғалар.
Мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде.
Азаматтық құқық объектілері ұғымы және түрлері.
Заттық құқытар ұғымы және олардың түрлері.
Меншік және меншік құқығы.
Ақша, бағалы қағаздар мен валюталық қазыналар азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Ұғымы, түрлері, сипаттамасы.
Мемлекеттік меншік құқығы.
Ар-ожданды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау.
Мүліктік емес жеке құқықтар ұғымы және түрлері.
Мәміле ұғымы және олардың түрлері.
Мәмілелердің нысаны.
Мәмілелердің жарамдылық жағдайлары.
Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың салдары.
Жалған және қулықпен жасалған мәмілелер.
Мәмілелердің жарамсыздық жағдайлары.
Азаматтық құқықтағы өкілдік.
Коммерциялық өкілдік.
Сенімхат ұғымы және түрлері.
Сенімхаттың мерзімі. Сенім ауысуы.
Сенімхатты тоқтату. Сенімхатты тоқтатудың салдары.
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңыздылығы.
Мерзімдерді есептеу.
Талап қою мерзімінің ұғымы және мерзімдері.
Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру.
Талап қою мерзімін өткізіп алудың салдары.
Талап мерзімі қолданылмайтын талаптар.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындау ұғымы және әдістері.
Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы және әдістері.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі.
Шарт ұғымы.
Шарттың мазмұны мен нысаны.
Шарттың түрлері.
Шарт жасасу.
Шартты өзгерту және бұзу.
