- •Пәнінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
- •Мазмұны
- •Микромодуль 1 – Дәрілік полимерлердің түрлері және олардың маңызы
- •Жмқ фармацияда қолдануы
- •Микромодуль 2 – Негізгі дәрілік полимерлердің технологиясы
- •1 Сур. Полипропиленді үздіксіз өндірудің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-газбөлгіш, 4-ыдырату аппараты, 5,7-центрифугалар, 6-шаю аппараты, 8-кептіргіш
- •1 Сур. Блок әдіспен пвх өндірудің технологиялық схемасы: 1-авоклав, 2-айналмалы автоклав, 3-фильтр, 4-конденсатор, 5-виброелеуіш, 6-центрифуга, 7-кептіргіш
- •2 Сурет. Суспензиялық әдіспен пвх өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-жинағыш, 4-центрифуга, 5-кептіргіш, 6-бункер-циклон, 7-үсақтау түйін, 8-қорап машинасы.
- •3 Сурет. Эмульсиялық пвх өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-дегазатор, 4-жинағыш, 5-тұрақтандыру аппараты, 6-кептіргіш.
- •Практикалық сабақтар
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары
3 Сурет. Эмульсиялық пвх өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-дегазатор, 4-жинағыш, 5-тұрақтандыру аппараты, 6-кептіргіш.
ПВХ негізінен таблеткалардың, драже және суппозиториялардың қабықшалар ретінде қолданылады. ПВХ жақпамайларды сақтау үшін қолданылатын тара ретінде қолданылады. Қан қую және қанның құрғақ консерванттар ретінде қолданылады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: поливинилхлоридтің қасиеттері, қолданылуы, технологиясы, технологиялық схемалары
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Поливинилхлорид полимерленуінің мерзімді екістадиялық процесін неге қолданатының түсіндірініздер?
Винилхлоридтің суспензиялық полимерленуінің артықшылығы неде?
Поливинилхлоридтің қасиеттері мен қолдану аймағын сипаттаныздар.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18
2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 310-311 б.
3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 185-199.
Дәріс 30 – Поликарбонаттар өңдірісі
Дәріс жоспары:
Поликарбонатты алу әдістері
Поликарбонаттың модификациясы
Поликарбонаттың физика химиялық қасиеттері
Поликарбонаттар (ПК) – дигидроқосылыстар мен көмірқышқылдың полиэфирлері. Негізгі тізбегінде карбонатты байланыстар болады
Өндірісте ПКны екі әдіспен алады: балқымада дифенилолпропан мен көмір қышқылының ароматты диэфирлерінің (диарилкарбонаттар) переэтерификациясы және фазалар бөліну шекарасында дифенилолпропанды фосгенирлеу. Бірінші жағдайда реакцияның жалпы теңдеуі:
Осы әдіс бойынша ПК алу процессі катализаторлар қатысында екі стадияда жүреді: 1. 150-2000С температурада және қысымы 4 кПа. Бұл кезде фенолдың 80-90% бөлінеді. 2. Температураны 250-2800С дейін көтереді және қысымды 133 Па дейін төмендетеді. Дайын полимердің балқымасын реактордан инертті газ көмегімен шығарады.
Негізгі өндірістік әдіс – дифенилолпропанды фосгенирлеу
Технологиялық процесс келесі операциялардан тұрады: дифенилолпропанды фосгенирлеу, полимерді жуу, суспензиядан ПК тұндыру және бөліп алу (2 сурет). ПК негізгі артықшылығы – жоғары тұтқырлық, алынған бұйымдарының тұрақты мөлшерлері, жоғары термотұрақтылығы және диэлектрлік қасиеттері, оптикалық мөлдірлік.
2 сурет. ПК өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-реактор, 3-фильтр, 4-кері тоңазытқыш, 5-жуғыш, 6-сусыздану аппараты, 7-қондырғы колонна, 8-дефлегматор, 9-тұндырғыш, 10-өлшегіш, 11-фильтр, 12-кептіргіш, 13-экструдер-гранулятор.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: поликарбонаттың фармацияда қолдануы, қасиеттері, технологиясы
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Поликарбонаттар медицинада неліктен кең қолданылады?
Поликарбонаттың кең тараған алу технологиясын сипаттаныздар
Поликарбонаттардың қасиеттерін сипаттаныздар.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18
2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 321-322 б.
3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 199-210.
