Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
полимер бектуров.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
915.59 Кб
Скачать

1 Сур. Полипропиленді үздіксіз өндірудің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-газбөлгіш, 4-ыдырату аппараты, 5,7-центрифугалар, 6-шаю аппараты, 8-кептіргіш

Полиизобутилен

Изобутилен СН2 = С (СН3)2 – түссіз газ, қайнау температурасы 6,9 °С, балқу температурасы—140,4 °С. Өңдірісте изобутиленді изобутанның дегидрогенизациясымен және біріншілік изобутил спиртінің дегидратациясымен алады.

Изобутилен протонды қышқылдар және кейбір элементтер галогенидтерімен қатысында полимерленеді. Өндірісте жоғарымолекулалық полиизобутиленді алу үшін үшфторлы борды қолданады. Изобутилен үшфторлы бор қатысында полимерлену үшін құрамында протонды сутегі бар активатордың аздаған мөлшері қажет. Мұндай активатор ретінде техникалық изобутилен құрамында болатын изобутил спиртін қолданады. Изобутилен полимерленуінің ингибиторы күкірт пен хлорлы сутегі болады.

Изобутилен полимерленуін сұйық этиленде жүргізеді (температура —100 °С жуық). Этилен мономер үшін еріткіш сонымен қатар хладагент болып табылады.

Процесс таспалы (ленточный) үздіксіз полимеризаторда 5 жүреді (2 сурет).

2 сурет. Полиизобутиленді өндірудің үздіксіз процесінің технологиялық схемасы: 1-жылуалмастырғыш, 2-буландырғыш, 3-изобутилен дозаторы, 4-үшфторлы бор дозаторы, 5-полимеризатор, 6-тұрақтандырғыш дозаторы, 7-араластырғыш, 8-полимерді суыту стеллаждары, 9- орауыш пресс, 10 – этиленді үшфторлы бордан тазарту апараты

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: полипропилен, полиизобутилен өңдірісі, фармацияда қолдалынуы, қасиеттері

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Пропилен полимеризациясын қандай жағдайда өткізеді?

  2. Полиизобутилен өндірісінің негізгі стадияларын сипаттаңыздар.

  3. Полипропиленнің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

  4. Полиизобутиленің қолдану аймағын атаңыздар

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18

2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 299-301 б.

3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 90-109.

Дәріс 27-29 – Поливинилхлорид өңдірісі

Дәріс жоспары:

1. Блок әдісімен ПВХ өңдірісі

2. Суспензиялық әдіспен ПВХ өңдірісі.

3. Эмульсиялық әдіспен ПВХ өңдірісі.

4. ПВХ қасиеттері

Блок әдісімен ПВХ өңдірісі. Ерекшелік – түзілген ПВХ мономерде ерімейді. Бұл реакция жылуы берілуін күрделі қылады. Полимерленудің мерзімді екістадиялық процесің қолданады (1 сур).

1 Сур. Блок әдіспен пвх өндірудің технологиялық схемасы: 1-авоклав, 2-айналмалы автоклав, 3-фильтр, 4-конденсатор, 5-виброелеуіш, 6-центрифуга, 7-кептіргіш

Суспензиялық әдіспен ПВХ өңдірісі. Винилхлоридті суспензиялық полимерлену әдісі алынған полимердің жоғары тазалығымен процесті жеңіл реттеумен үйлестіреді. Суспензиялық ПВХ өндіру процесі келесі стадиялардан тұрады: реакциялық қоспаны дайындау, полимерлену, центрифугалау және кептіру.

2 Сурет. Суспензиялық әдіспен пвх өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-жинағыш, 4-центрифуга, 5-кептіргіш, 6-бункер-циклон, 7-үсақтау түйін, 8-қорап машинасы.

Эмульсиялық әдіспен ПВХ өңдірісі . Эмульсиялық ПВХ мерзімді және үздіксіз әдістермен алады. Үздіксіз әдіс бірнеше стадиялардан тұрады: сулы фазаны дайындау, полимерлену, дегазация, тұрақтандыру және кептіру. Суда еритін тотық инициаторлары, мысалы сутек асқыны немесе калий персульфаты және ионогенді эмульгаторлар қолданады. рН реттеу үшін буфер тұзын түзетін фосфор қышқылын және сілтіні енгізеді.