- •3. Пәннің міндеттері:
- •4. Оқытудың соңғы нәтижелері және пәннің мазмұны:
- •5. Пререквизиттер:
- •6. Постреквизиттер:
- •7. Сабақтардың тақырыптық жоспарлары
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысының (сөж) тақырыптық жоспары
- •8. Оқу және оқыту әдістері
- •9. Студенттердің білімін бағалау
- •7.1.2 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •7.1. 3 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстар тақырыптары
- •«Жүрек - қантамырлар жүйесі» модульінің екінші кезеңі
- •«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •7.2.2 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •7.2.3 «Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмыстар тақырыптары
- •«Тыныс алу жүйесі» модулі бірінші кезең Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •Екінші кезең Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •«Асқорыту жүйесі» модулі Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •«Эндокриндік жүйе» модулі Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •«Несептік-жыныстық жүйе» модулі бірінші кезең Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •Екінші кезең Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Интеграцияланған тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары» модулі Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •«Қан түзуші жүйе» модулі Интеграцияланған дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
G-041.07.01.20-2007 |
2006ж ЖМБС бойынша жұмыс бағдарламасы |
01.08.2007ж №01 тек |
Бет
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Семей қаласының ММУ
ОӘжТЖ бойынша проректоры
профессор Б.А.Жетписбаев
________________________
«____»___________ 2009ж.
ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Ішкі аурулар пропедевтикасы
Пән коды: БД 016
Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»
Оқу сағаттар көлемі: 216
Курс – 3, семестр – 5,6
Семей 2009
Пәннің интеграцияланған жұмыс бағдарламасы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған
Авторлар:
Жумамбаева Р.М.
Даутов Д.Х.
Токабаев А.К.
«16» маусымда 2009 ж кафедра отырысында талқыланды
№11 Хаттама
Каф. меңгерушісі, профессор____________________Жумамбаева Р.М.
Жұмыс бағдарламасы клиникалық пәндердің циклдық әдістемелік комиссиясында талқыланды.
16.06.2009 ж №11 хаттама
Төрағасы_______________________Жумадилова З.К.
СММУ Орталық Әдістемелік Кеңесінде бекітілді
22.06.2009 ж № 6 хаттама
Төрағасы _______________________ Жетписбаев Б.А.
1 КІРІСПЕ
Негізгі пәннен алынған біліммен клиникалық пәндер арқылы қалыптасқан практикалық біліммен дағдыларының үйлесуі дәрігерді даярлау барысында тұжырымды білім және дағдыларды қалыптастырудың негізгі шарты.
2. Пәннің мақсаты: Жас шамалық өзгешеліктерімен қоса ішкі аурулар пропедевтикасы фундаментальді пәндерді оқытуды біріктіру негізінде оқудың ақырғы нәтижеге жетуін қамтамасыз ету болып саналады. Интеграцияланған оқу студенттердің фундаментальді пәндер мен ішкі аурулар пропедевтикасын әрбір жүйені бір ізділіктілікпен оқуын қарастырады. Негізіне адам ағзаларының сегіз жүйесі бойынша модульдер принципі алынды: жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару-жыныс, эндокринді, тері және оның қосалқылары мен қимыл-тірек, қан айналым жүйесі.
3. Пәннің міндеттері:
1-ші кезеңде:
Ересектер мен әр жастағы балалардың жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару-жыныс, эндокринді, тері және оның қосалқылары мен қимыл-тірек, қан айналым жүйелеріне клиникалық тексерулер жүргізуді үйрету.
2-ші кезеңде:
барлық ішкі ағзалар жүйелері зақымдануы барысында негізгі клиникалық симптомдар мен синдромдарды анықтауды үйрету;
барлық ішкі ағзалар жүйелерінің зақымдануында жиі кездесетін синдром-дардың визуальді диагностика әдістерімен зерттеген мәліметтеріне интерпретация жасауды үйрету;
науқасты зертханалық және инструментальды тексеру жоспарын жасауға және алынған қорытындыларына интерпретация беруге үйрету;
ішкі ағзалар зақымдануында жиі кездесетін синдромдарға тағайындалатын негізгі дәрілік препараттардың фармакологиялық әсер ету механизмдерін түсінуге үйрету;
ішкі ағзалар зақымдануының негізгі синдромдарына әсер ететін дәрілік препараттарды таңдай білуді және оған рецепт жазуды үйрету.
4. Оқытудың соңғы нәтижелері және пәннің мазмұны:
Оқытудың соңғы нәтижелері |
Пәннің мазмұны |
«ЖҮРЕК - ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» |
|
1-ШІ КЕЗЕҢ |
|
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет:
|
Жүрек аймағын тексеру: жүрек ұшы соққысы және жүрек соққысы, пальпациясы. Сипаттамасы: қалыпты жағдайда орналасуы, көлемі, күші, биіктігі. Балалардағы ерекшеліктері. Перкуссия. Жүректің шала тұйық дыбыс шекарасын анықтау. Жүректің конфигурациясын анықтау. Жүректің шекараларын құрайтын қалыпты жағдайдағы жүректің бөліктері. Балалардағы ерекшеліктері. Аускультация. Жүректің аускультация әдісі. Науқастың әр түрлі жағдайында, дем алу және дем шығару фазасындағы, тыныштық жағдайда, физикалық күштен кейінгі жүрек аускультациясы. Кеуде сарайының алдына жүрек қақпақшаларының проекциясы, қақпақшаларды тыңдайтын нүктелер. Жүректі тыңдау реттілігі. Жүректің аускультация кезіндегі қарыншалардың систоласы мен диастоласын ажырату. Жүрек тондары, пайда болу механизмі. Жүректің негізгі тондары (I, II) және қосымша (III және IV) тондары. Жүрек тондарының қасиеттері: дауыстылығы және тембрі. Балалардағы ерекшеліктері. Қан тамырларды зерттеу. Ұйқы және білезік қан тамырларының пальпациясы. Көзге көрінетін пульсация, созылғыштығы, мойындықтық шұңқырда қолқа соғуын анықтау, қолқа соғуын анықтау. Білезік артериясында пульстің қасиеттері. Екі қолдағы пульсті салыстыру, жиілігі, ритмі, толығуы, кернеуі, көлемі, пульстің түрі. Артериялық қысымды (АҚ) анықтау. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің зертханалық зерттеу әдістері. Ферменттердің белсенділігіне интерпретация жасау: аспарагинді және аланинді аминотрансферазаларға (АсАт и АлАт), креатинфосфокиназаға (КФК), лактатдегидрогеназаға (ЛДГ), тропониндерге, жалпы ақуызға, ақуыз фракцияларына, С-реактивті ақуызға, серомукоидқа, антистрептокиназаға, холестеринге, триглицеридтер мен липопротеидтерге. Балалардағы ерекшеліктері. |
2-ШІ КЕЗЕҢ |
|
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет:
|
Сұрастыру. Негізгі шағымдары. Жүрек аймақтарының ауырсынулары. Симптомның сипаттамасы: орналасуы, сипаты, иррадиациясы, ұзақтылығы, қарқындылығы, физикалық күш салуына, уайымдауға байланысты, ауырсынуды алып тастау тәсілдері. Диагностикалық маңызы. Ентігу. Ентігудің физикалық күшке байланысы. Ентігу (жүрек астмасы), уақыты және пайда болу жағдайы, ұстама ұзақтығы және оларды алып тастау тәсілі, диагностикалық маңызы. Жүрек соғуы, жүректің шалыс соғуы. Жүрек соғуының себептері. Диагностикалық маңызы. Жөтел, қанды жөтел, сипаттамасы, пайда болу себептері, диагностикалық маңызы. Ісіну. Симптомның орналасуы және сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек патологиясы бар науқастың жалпы тексерісі: есі, төсектегі қалпы, дене бітімі және конституциясы, тері жамылғысының түсі (цианоз, бозару, қызару). Ісінулер, анасарка. Осындай өзгерістердің диагностикалық маңызы. Жүрек ұшы соққысы теріс. Систолалық және диастолалық дірілін анықтау, диагностикалық маңызы. Ірі шеткі тамырларды қарау. Ұйқы артериясының («каротид билеуі»), басқа артериялардың пульсациясы. Мойындағы артериялық және веналық пульсациялар өзгешеліктері, диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек аймағын қарау: жүректік дөнес, патологиялық пульсация, диагностикалық маңызы. Жүректің және жүрек ұшы соғысын пальпациялау. Сипаттамасы: патологияда орналасуы, көлемі, күші, жоғарлығы. Систолалық және диастолалық дірілін анықтау, диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. Перкуссия. Жүрек шегарасы өзгеруінің диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. Аускультация. Жүрек соғу дыбысының өзгеруі: күшеюі, бәсеңдеуі, қосарлануы және ыдырауы, қосымша дыбыстары. Үштармақты “перепела” ритмі және “ат шабыс” ритмі. Көкірек сырылы. Шудың жіктелуі. Жүрек жұмысы фазаларына қарасты шуылдар. Систолалық және диастолалық сырылдар. |
|
Тембрі бойынша шулардың қасиеттері (жұмсақ, ысқырықтық, дөрекі, тырнау секілді сырылдар, ара кесу дыбысы), ұзақтығы бойынша (қысқа, ұзын), дауыстығы бойынша (төмен, қатты) және қарқындығы бойынша (бәсендеуші, күшеюші). Сырылдар жақсы естілетін орындар. Сырылдардың берілуі (Проводимость шумов). Функциялық шулардан органикалық шулардың айырмашылығы. Перикардтың қажалу шуы, плевраперикардтық шулар, диагностикалық маңызы. Қан тамырлардың аускультациясы. Қосарланған Траубе дыбысы және қосарланған Виноградов-Дюрозье дыбысы, олардың диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктері. Артериалық гипертензия және гипотензия туралы түсініктер. Жас шамалық ерекшеліктері. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің зертханалық зерттеу әдістері. Ферменттер белсенділігіне интерпретация жасау: Аспарагинді және аланинді аминотрансфеазаларға (АсАт және АлАт), креатинфосфокиназаға (КФК), лактатдегидрогеназаға (ЛДГ), тропониндерге, жалпы белокқа, белоктық фракцияларға, С-реактивті белокқа, серомукоидқа, антистрептокиназаға, холестеринге, триглицеридтер мен липопротеидтерге. Жүрек-қан тамыр аурулар диагностикасында зертханалық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы. Балалардағы ерекшеліктер. Жүрек-қан тамырлар жүйесі патологиясының негізгі клиникалық синдромдары:
|
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ»
|
1-ШІ КЕЗЕҢ: |
|
|---|---|---|
|
Студент білуге тиісті:
Студент істей алуға тиісті:
|
Кеуде қуысын қарау. Кеуде қуысының пішіні: нормостеникалық, гиперстеникалық, астеникалық. Тыныс алу түрлері: кеуделік, құрсақтық, аралас. Тыныс алу козғалысының симметриялылығы, қосымша бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы. Бір минуттағы тыныс алудың жиілігі, тереңдігі және ырғақтығы. Балалардың кеуде сарайын қарауда ерешеліктері. Пальпация. Кеуде куысын пальпациялау әдісі. Ауыру сезімінің пайда болу аймақтарын аныктау. Кеуде қуысының серпімділігін анықтау. Дауыс дірілін анықтау. Перкуссия. Ересек адамдар мен балаларда салыстырмалы және топографиялық перкуссия. Салыстырмалы перкуссия, оның ережелері. Кеуде қуысының симметриялық бөліктерінде перкуторлық дыбыстың сипаттамасы (анық өкпелік). Диагностикалық маңызы. Топографиялық перкуссия. Өкпенің төменгі шекараларын анықтау және өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығын анықтау. Аускультация. Аускультация тәсілінің техникасы және ережелері. Өкпенің аускультация әдістері. Негізгі тыныс шулары, олардың пайда болу механизмі және диагностикалық маңызы. Балалардағы аускультативті белгілердің ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесін зертханалық-аспапты зерттеу әдістері: Қақырықты, плевра сұйықтығын зерттеу. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: спирометрия, спирография, пикфлоуметрия. Балалардың тыныс алу ағзаларын зерттеу ерекшеліктері |
|
2-ШІ КЕЗЕҢ: |
|
|
Студент білуге тиісті:
Студент істей алуға тиісті: |
Сұрастыру. Негізгі шағымдар және олардың пайда болу механизмі. Жетел: құрғақ және ылғалды, жәй-ақырын немесе қатты-күшейген, ұстамалы немесе тұрақты, пайда болу уақыты, пайда болу жағдайы және жөтелді тоқтату түрі. Қақырық, диагностикалық маңызы. Қан қақыру, өкпеден қан кету: оньщ мұрын-жұтқыншақтан, өңештен және асқазаннан қанкетуден айырмашылығы. Кеуде қуысының ауырсынуы, диагностикалық маңызы. Ентікпе: сипаты, пайда болу уақыты, ұзақтығы. Ентікпенің түрлері. |
|
- өкпе тінінің тығыздалуы; -өкпеде қуыс пайда болуы; -өкпеде артық ауа жиналуын (эмфиземаның); -бронх өткізгіштігінің бұзылуы; - плевра қуысында сұйықтық және ауа жиналу; -тынысалу жетіспеушілігі (жедел және созылмалы). - бронх-өкпе ауруларымен науқастарға зертханалық және аспаптық тексеру жоспарын құрастыру, алынған қорытындыларға интерпретация жасау; |
Қарау: мұрын арқылы тыныс алудың бұзылуы. Диагностикалық маңызы. Тыныс алу жүйесі патологиясы бар науқастарда ес-сананың бұзылуы. Тыныс алу жүйесі патологиясы бар науқастарда төсектегі мәжбүрлі қалпы. Орталық цианоз, оның патогенезі. Кеуде қуысының патологиялық түрлері (эмфизематозды, паралитикалық, рахиттік, қайық, ойық тәріздес). Омыртқаның қисаюы: лордоз, кифоз, сколиоз, кифосколиоз. Кеуде қуысының симметриялылығы (жергілікті үлкею немесе ішке кіріп кету, бір жақты ұлғаюы немесе кішіреюі). Тыныс алу қозғалысының симметриялығы, қосымша бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы. Тыныс алудың тереңділігі мен ырғағының бұзылуы: терең-Куссмауль, аритмиялық - Чейн-Стокс және Биот, ентігудің объективті белгілері. Диагностикалық маңызы. Балалардың кеуде қуысын қарауда ерешеліктері. Пальпация. Ауыру сезімінің пайда болу аймақтары. Кеуде қуысы серпімділігін өзгеруі. Дауыс дірілі өзгеруі. Диагностикалық маңызы. Перкуссия. Салыстырмалы перкуссия: патологиялық жағдайда перкуторлық дыбыстың кеуде қуысының симметриялық бөліктерінде өзгеру түрлері (дабылды, қорапты, тұйықталған, тұйық, тұйықталған-дабылды). Диагностикалық маңызы. Топографиялық перкуссия. Өзгерістердің диагностикалық маңызы. Аускультация. Қосымша тыныс шулуры, олардың пайда болу механизмі және диагностикалық маңызы. Патологиялық жағдайда везикулярлы тыныстың өзгеруі. Бронхиалды тыныс дыбысы және оның түрлері. Диагностикалық маңызы. Сырылдар. Құрғақ және ылғалды сырылдар - төмен реңді, жоғары реңді. Ылғалды сырылдар: ұсақ, орта және ірі көпіршікті, үнді және үнсіз, сырыдардың орналасуы және таралуы. Крепитация. Плевра үйкеліс шуы. Қосымша тыныс дыбыстарының диагностикалық маңызы. Балалардағы аускультациялық белгілердің ерешеліктері.
|
|
|
Тыныс алу жүйесі патологиясындағы негізгі клиникалық синдромдар:
|
|
«ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ» |
|
|
Студент білуі керек:
|
Сұрастырып тексеру. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, жүрек қағу, ентігу, тез шаршағыштық, тәбеттің өзгеруі (жоғалуы немесе бұрмалануы), иіс сезудің өзгерістері, қызба, глоссалгиялар, естен тану, тері қышуы, парестезиялар, жүрістің бұзылуы. Қызыл иектің қанағыштығы, мұрыннан, асқазан-ішек жолдарынан, жатырдан қан кету. Тамақтың ауырсынуы, оң және сол жақ қабырға доғасы астындағы ауырсыну және ауырлық сезімі. Алынған мәліметтердің диагностикалық маңызы. Қан түзуші жүйесі патологиясы кезіндегі аурудың даму тарихы және өмір тарихы ерекшеліктері. Антенатальды және постнатальды даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Қарап тексеру. Жүрісін бағалау (спастикалық атаксия). Тері жабыны мен шырышты қабат түсінің өзгеруі (бозаруы, сарғаюы, тырнақ іздерінің болуы, Хантеров глосситі, ангулярлы стоматит, Лукин симптомы, хейлит, ойық жаралар, афталар). Геморрагиялық симптомдар (петехиялар, пурпура, экхимоздар және т.б.). |
Студент үйреніп алуы қажет:
|
Тырнақтардың патологиялық өзгерістері (сынғыштық, жолақтардың болуы, койлонихиялар және т.б.), шаштың өзгерісі (сынғыштық, түсуі, жұқаруы). Перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Пальпация. Сүйектердің ауырсынғыштығының диагностикалық маңызы. Перифериялық лимфа түйіндерін зерттеу әдісі. Ұлғайған лимфа түйіндерінің сипаттамасы: өлшемі, пішіні, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынғыштығы, жеке орналасқан түйіннің немесе конгломераттың беті, айналасындағы тіндермен және өзара жабысуы. Бауыр мен көкбауырға пальпация жасау. Гепато-, спленомегалия. Жасына сай ерекшеліктер. Перкуссия. Жалпақ сүйектерді ұрғылап тексергенде ауырсыну сезімінің байқалуы. Кеңейген тамыр шоғырларының енін, үлкейген бауыр мен көкбауырды анықтау әдістері және диагностикалық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктері. Аускультация. Жүрек тондары өзгерісінің, жүрек ұшында және мойындырық көк тамырда систолалық шудың, тахикардияның диагностикалық маңызы. Қан түзуші жүйесінің зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері. Қанның жалпы анализі. Қанның морфологиясы. Жасқа байланысты ерекшеліктері (қайшылану симптомы). Эритроциттер санының, гемоглобиннің, түсті көрсеткіш мөлшерінің азаюының және көбеюінің диагностикалық маңызы, орташа эритроцитарлық көлем. Сүйек кемігі, лифа түйіндердің пункциясы, трепанобиопсия туралы түсініктердің, шеткі қанда ретикулоциттердің пайда болуының, эритроциттер пішіні және мөлшері өзгерістерінің (анизоцитоз, микроцитоз, макроцитоз, пойкилоцитоз), ЭТЖ жоғарылауының диагностикалық маңызы. Шеткі қандағы лейкоциттердің саны мен сапасының маңызы (лейкоцитоз, лейкопения, токсикалық түйіршіктену). Тромбоциттер санының өзгеруінің, перифериялық қанда жетілмеген жасушалардың пайда болуының диагностикалық маңызы. Қан ағу, қанның ұю, жартылай тромбопластиндік уақыттардың, фибриноген деңгейінің, протромбин индексінің диагностикалық маңызы. Сүйек кемігі, лимфа түйіндері пункциясы, трепанобиопсия туралы түсінік. Қан түзуші жүйесі зақымдануының негізгі клиникалық синдромдарының клиникалық-зертханалық сипаттамасы: 1. Анемиялық синдром. Себептері. Негізгі клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы.
3. Геморрагиялық синдром. Негізгі клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы. |
|
«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ»
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет:
жүйке жүйесі патологиясы бар науқастардың зертханалық және аспаптық зерттеу жоспарын құруды, алынған нәтижелерді талдауды.
|
Науқастың медициналық картасын толтыру реті және жоспары. Бірінші беті. Төлқұжат көрсеткіштері. Науқасты дұрыс сипаттау реті. Науқасты белсенді сұрастыру түсінігі. Науқасты жалпы қарауды жүргізу реті: шарт, ереже және техника. Науқастың жалпы жағдайы. Санасы (ашық, сіресіп қалған, ұйқыда, ессіз күйде, ессіз күйдің ұқсамаған түрі). Науқастың төсектегі қалпы (белсенді, әрекетсіз, мәжбүрленген). Дене бітімі. дене темпратурасы. Антропометриялық өлшемі: бойы, салмағы. Бой-салмақ көрсеткіші. Басты қарау. Бет әлпеті. Мойынды қарау. Тері жамылғысы мен шырышты қабат жағдайына баға беру. Түсі (бозару, көгеру, сарғаю, топырақ түсті), пигменттелген және депигменттелген, ылғалдылығы және құрғақтығы, тері серпімділігі, тыртық, бөрткен, қан құйылу, тырнақ ізі, трофикалы ойық жарасы, тесілу. Тері асты май қабаты: оның дамуы (әлсіз, орташа, шамадан тыс), артық май жиналған орын. Әлсіз ісіну және ісіктің болуы, олардың орналасуы, таралуы (тұтас немесе аймақтық). Лимфа түйіндері: оларды зерттеу әдістемесі, үлкендігі, консистенциясы, ауырсынуы, қозғалысы, өзара немесе айналасындағы тіндер мен тұтасуы. Бұлшық ет: олардың даму дәрежесі, тонусы, күші, атрофиясы (тұтас немесе аймақтық). Сүйек: формасы, сыну бұзылу бар жоқтығы, соққылағанда ауырсыну сезімінің бар, жоқтығы. Буын: конфигурациясының өзгерісі, домбығу, қозғалғанда сықырлау мен ауырсыну сезімі, активті немесе пассивті қозғалысының көлемі. Жүйке жүйесі зақымдалған науқастарды сұрастыру. Негізгі шағымдары (бастың ауырсынуы, жүйке діңін бойлаған немесе жүйке түбірінің ауырсыну сезімі, тітіркенудің ауырласуы, жаман түс көру, қол-аяқ тартылуы, сезімталдықтың төмендеуі т.б.) және олардың даму механизмі. Ауру анамнезі: басталу ерекшелігі және ауру ағымының ерекшелігі. Жүйке жүйесінің патологиясы бар науқастарды жалпы қарау. Науқасты сырттай қарау: сыртқы келбеті, төсектегі күйі, сана деңгейі (ессіз күйде, сіресіп қалған, ұйқыда). Глазго кома шкаласы. Еске сақтау қабілетінің бұзылысы. Дермографиялық сипаттамасы. Бет бұлшық етінің ассиметриясы бар не жоқ болуы. Қарашық реакциясы (жарық, түйісу, ауырсынудан тітіркену реакциясы). Нистагм. Аяқ-қолдың және олардың қозғалысының ассиметриясы (салдану, бұлшық ет қызметінің әлсіреуі, жарты денесінің салдануы, екі жақтың немесе бір жақтың бұлшық ет қызметінің әлсіреуі), қол-аяқтың тонусы (спастикалық парапарез, гемипарез, бұлшық еттің жирылу қысымының жоғарылауы, контрактуралар, босаң парез т.б.). Бұлшық етттің тонусы мен күшін анықтау. Сіңір рефлексін анықтау. Көру және есту жағдайы. Сөйлеудің бұзылуы: моторлық афазия, сезімталдық афазия, дизартрия, кекештену, афония. Дәм және иіс сезудің бұзылуы. Жоғарғы ми қызметінің бұзылу синдромы: афазия, апраксия, агнозия, амнезия, деменция. Сезімталдықтың бұзылуы (беткейлік, ауырсыну, дене қызуының, денемен сезіну), терең (бұлшық ет-буын, ауырлықты сезіну, тербеліс). Пирамиданы анықтау (Бабинский, Гордон, Оппенгейм, Шеффер,). Әрекеттің сәйкестігі және оның бұзылысы саусақ-мұрын, өкше-тізе сынамасы, дисдиадохокинез сынамасы (тез алмасулы қозғалыстың бұзылысы), кері итеру қабілетінің жоғалу сынамасы. Ромберг күйі. Менингит симптомын зерттеу. мойын бұлшық етінің ригидтігін анықтау, Керниг симптомы, Брудзинский симптомы, жалпы гиперестезия. |
«АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» |
|
Студент білуі керек:
|
Диспепсиялық бұзылыстар: жүрек айну, құсу, кекіру, қыжылдау, іштің кебуі, тәбеттің өзгеруі, дәмнің бұрмалануы, дәреттің бұзылуы (іш өту, қату, метеоризм). Симптомдардың детализациясы, айқындылық дәрежесі, тамақпен байланысы, саны мен сапасының әсері, аталған белгілерді жеңілдетін дәрілік заттар. Диагностикалық маңызы. Анамнездің ерекшеліктері: тамақтану түрі, тамақтану тәртібін сақтау, ас-қорыту жүйесінің өткен аурулары, алкоголь қолдану, аллергия.
|
Студент үйреніп алуы қажет:
|
Қарау. Тамақтану бұзылысының дәрежесі, тері жамылғысының жағдайы, сарғаюдың әлсіз белгілері, тамыр жұлдызшалары, ксантолазмалар, қасыну іздері, бауыр алақандары, геморрагиялар, гинекомастия, шаштың түсуі. Ауыз қуысын, ауыз қуысының кіліегей қабатын, бадамша бездерін, аран, тіл, тістерді, қызыл иекті қарау. Адыңғы құрсақ қабырғасының топографиясы. Ішті қарау: іштің пішіні, тыныс алу актісіне қатысуы, ассиметрия, адыңғы құрсақ қабырғасында венозды коллатеральдардың, көзге көрінетін коллатеральдардың болуы, кіндік сақинасының жағдайы, қабырғааралықтың томпаюы. Іштің пальпациясы. Беткей бейімделу пальпациясының тәсілдері. Құрсақ бұлшық еттерінің кернеулігін, жарықтарды, іштің тік бұлшық еттерінің ажырауын анықтау. Образцов-Стражеско бойынша терең сырғымалы пальпацияның тәсілдері. Кезектілігі және пальпация нәтижелері (орналасуы, қозғалысы, ауырсынуы, консистенциясы, көлемі, ағза беткейінің сипаты, құрылдың болуы). Бауыр және талақ пальпациясының әдістері (беткейі, аурсынуы, шегі). Ұйқыбезі басы, денесі, ұшы орналасқан аймақтардың пальпациясы. Іштің перкуссиясы. Перкуторлы дыбыстың сипаты. Асцитті анықтау. Бауыр және көкбауырдың Курлов бойынша өлшемдері. Аускультация. Асқазан және ішектің перистальтикасын есту. Зертханалық және аспапты зерртеу әдістері. Асқазанды рН метриялық зерттеу туралы түсінік. Helicobacter pіlory зерттеу әдістері. Копрологиялық зерттеу және оның диагностикалық маңызы. Пигментті, май, көмірсу, ақуыз алмасуының көрсеткіштерін анықтау. Бауырдың бөлу қызметін және ферменттерін зерттеу. Қан және зәрде амилаза активтілігін анықтау. Дуоденумдік зондтау, диагностикалық зерттеу. Өңеш, асқазан, 12-елі ішек, тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеудің диагностикалық маңызы. Асқорыту жолдары ағзалары ауруларының диагностикасындағы эндоскопиялық зерттеу әдістерінің маңызы. Асқазан, 12-елі ішек, тоқ ішек, бауыр, талақ биопсиясының диагностикалық маңызы.
|
«НЕСЕПТІК-ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕ»
1-ШІ КЕЗЕҢ: |
|
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет: несептік жыныстық жүйе ағзаларын жалпы қарау, пальпациясы, перкуссиясын жасауды. |
Жалпы шолып қарау. Бүйрек ауруында науқастың сырт келбеті: ақыл-естің бұзылыстары, төсектегі күй-қалыпы, бет-әлпеті. Тері жағдайы: түсі, қасыну іздері болуы, зәр қышқылы криссталдарының болуы. Ісінулер жайылу ерекшеліктері және бұлардың басқа себептен болған ісінулерден айырмашылықтары. Бел тұсының ісінуі және қызаруы. Пальпация: бүйрек пальпациясының диагностикалық маңызы. Бүйрек төмен түсу дәрежелерін бағалау. Перкуссия: бүйрек тұсын соққылау әдісімен тексеру маңызы, қуықтың жоғарғы шетін перкуссия әдісімен тексеру маңызы. Аускультация. Бүйрек артерияларын тындау әдістері. Балаларда несептік жыныстық жүйені физикальды тексеру ерекшеліктері. Екіншілік жыныстық белгілерін бағалау. |
2-ШІ КЕЗЕҢ: |
|
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет:
Несептік жыныстық жүйе патологиясы бар науқасты зертханалық және аспапты тексеру жоспарын құру және алған қорытынды нәтижелерін интерпретация жасауды. |
Сұрастыру: негізгі шағымдары. Бүйрек, несеп шығару жолдары және жыныстық ағзалары ауруларында кездесетін ауырсынулар. Ауырсынуларды нақтылау (орыны, сипаттамасы, иррадиациясы, ұзақтығы, күштілігі, несеп шығарумен байланысы). Ауырсынулардың және дизуриялық бұзылыстардың диагноз қоюға маңыздылығы. Жыныс жолдарынан қан кету және патологиялық бөліністері. Диагноз қоюға маңыздылығы. Несеп шығару және репродуктивті жүйелер патологиясындағы негізгі клиникалық синдромдардың клиникалық-зертханалық сипаттамасы:
|
«ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ, ТЕРІ МЕН ОНЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫ»
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет:
|
Сұрастыру. Негізгі шағымдары. Бұлшықеттердегі, сүйектердегі және буындардағы ауыру сезімі, «таңертеңгілік құрысу», бұлшықеттердің әлсіздігі, терінің қышуы, қызба. Тірек-қимыл жүйесінің, тері және тері қосалқылары патологиясы кезіндегі өмір және ауру тарихының ерекшеліктері. Антенаталдық және постнаталдық даму ерекшеліктері. Қарап тексеру және пальпация. Бас сүйегін, кеуденің, омыртқаның, аяқ-қол сүйектерін қарау. Жасына және жынысына байланысты сүйек қаңқасының жеке бөліктерінің пропорционалдығының, пішін өзгерістерінің диагностика-лық маңызы. Балалардың «еңбегін», бас сүйегінің тігістерін, қаңқасын зерттеу ерекшеліктері. Сүйектердің ауырсынуының диагностикалық маңызы. Тері және тері қосалқылары жағынан болатын өзгерістердің диагностикалық маңызы. Түсі, ылғалдылығы, терінің эластикалығы, жергілікті қызуы. Тері бөртпелерінің негізгі элементтері туралы түсінік: розеола, эритема, петехия-лар, пурпура, экхимоз, папула, везикула, күлдіреуік (булла), пустула; жиі кездесетін терідегі өзгерістер (витилиго, депигментация, мең, трофикасының бұзылыстыры, ксантомалар мен ксантелазмалар, телеангиэктазиялар). Теріасты шел қабатының дамуы және оның біркелкі таралуы. Жалпы және жергілікті ісінулер. Шаш өсуінің бұзылыстары. Тырнақтарды қарау (сағат әйнегіндей, койлонихиялар, сызықтану, сынғыш). Буындардың сипаттамасы: буындардың конфигурациясы, ісінуі, терінің қызаруы, зақымдалған буын аймағындағы жергілікті қызба. Буындардағы белсенді және белсенді емес қозғалыстардың көлемін анықтау. Буын үстіндегі тері бөртпелері, ауыру сезімі, тығызданулардың, түйінді құрылымдардың болуы және олардың орналасуы. Бұлшықет жүйесін қарап тексеру (даму дәрежесін, тонусын, күшін, даму симметриялығын, атрофияларды анықтау). Бұлшықеттегі ауыру сезімінің диагностикалық маңызы. Жасқа байланысты ерекшеліктер. Буындық синдром: зақымданған буындардың көлемі (ірі, ұсақ), буындағы ауыру сезімі, деформация, гиперемия, ісіну, сұйықтық жиналу, эрозиялар, остеолиз, контрактуралар, буын қызметінің бұзылуы, таңертеңгілік құрысу, жергілікті қызба. Зертханалық зертеулердің негізгі көрсеткіштерінің диагностикалық маңызы туралы жалпы түсінік: қанның жалпы анализі, биохимиялық және иммунологиялық зерттеулер (СРБ, жалпы белок және белоктық фракциялар, серомукоид, фибриноген, несеп қышқылы, LE клеткалар, антистрептококктық АД, ревматоидтық фактор, иммуноглобулиндер, комплемент). |
«ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» |
|
Студент білуі керек:
Студент үйреніп алуы қажет:
|
Сұрастыру. Шағымдары, олардың пайда болу механизмі және өзара байланыстылығы: психикалық қозу болуы, ренжігіштік, тершеңдік, жүрек соғуының жиілеуі, қол саусақтарының дірілі, үлкен дәреттің жиілеуі, бұлшық еттің шаршауы, апатия, ұйқышылдық, сылбырлық, тері қышуы, шөл, тәбеттің жоғарлауы, жүдеу. Балаларды сұрастыру еркшеліктері. Анамнезі, ауру алдындағы басты себептерін анықтау (психикалық жарақаттар, қорқу, шошу, жыныстық жетісу кезіндегі гормондардың өзгерулері, жүктіліктен жеңілу, климакс). Тұқым қуалаушылыққа бейімділік. Қарау: сананың тежелуі; мінез ерекшеліктері (абдырау, тез сөйлеу, жайбарақаттылық, дөрекі түсініксіз сөйлеу). Науқастың жалпы кейпі: көз симптомдары, ісіңкілік, дене өсуінің бұзылуы (алыптылық немесе нанизм) және дене мүшелері ара-қатынасы бұзылуы, екіншілік жыныстық белгілерінің болуы. Тері жамылғысы, оның түсі, рубеоз, гиперпигментация, эластикалы-лығы, құрғақтығы, стриялар. Гипертермия және гипотермия. Шаш түктерінің ерекшеліктері: шаштың түсуі, гипертрихоз. Тері асты клетчаткасы, оның орналасу ерекшеліктері. Семіздік, жүдеу және кахексия. Шеткі ісіктер. Мойынды қарау, қалқанша безінің көлемі өсуі. Пальпация. Қалқанша безінің пальпациясы. Диагностикалық маңызы. Эндокринді патология белгілерін анықтау үшін науқастың ішкі ағзаларын клиникалық тексеру. Қосымша тексеру әдістері: биохимиялық тексеру қорытындыларын бағалау (қандағы және несептегі қантты анықтау, зәрдегі ацетон, ТТГ, Т3, Т4; холестерин); Визуальді диагностика және зертханалық тексеру (қалқанша без, ұйқы безі, бүйрек үсті бездері және басқалары) қорытындыларын салыстыру және симптомдарды табу, клиникалық синдромдарды негіздеу. Негізгі клиникалық синдромдар:
Гипер- және гипокортицизм синдромдары. |
