Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M071800 EE kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.37 Кб
Скачать
  1. Блок – «Электрмашиналары», «Электр механикасы және электр техникалық жабдық»

3.1 Электрмашиналары

Трансформаторлар. Кернеу трансформаторларының арналымы және пайдалану саласы. Бір фазалы трансформатордың құрылысы. Трансформатордың магнит өзектері, материалы және оны дайындау технологиясы. Болат шығыны және оны азайту тәсілдері.

Трансформатор орамдары және олардың арналымы. Материалы және оны дайындау технологиясы. Бір фазалы трансформаторлардың белгіленуі және маркіленуі.

Бос жүріс кезіндегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Жүктелген кездегі бір фазалы трансформатордың жұмыс істеу принципі. Трансформатор орамының ЭҚК. Трансформатордың бірінші және екінші орамдарының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Трансформатордың актив кедергісінің және индуктивті шашыраңқы кедергісінің физикалық мәні.

«Келтірілген» трансформатордың физикалық мәні және оның магниттеуші күші. «Келтірілген» трансформатордың параметрлері, «келтірілген» трансформатордың эквивалентті орынбасар электрлік сұлбасын ауыстыруын негіздеу. ЭҚК, токтың және электр кедергінің физикалық мәні. Трансформатордың Т-тәрізді орынбасар сұлбасы. Контурларға арналған кешенді түрдегі Кирхгоф теңдігі және оның трансформатор орамдарының электрлік тепе-теңдік теңдеуінен өзгешелігі. Трансформатордың бос жүріс режимі және жүктемелік режимі үшін векторлық диаграммасы. Трансформаторлардың энергетикалық балансы. Трансформатордың бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибесі, қысқа тұйықталу кернеуінің негізгі параметрлерін анықтау. Трансформатордың эксплуатациялық көрсеткіштері. Жүктеменің шамасына және сипаттамасына қарай трансформатордың екінші кернеуінің өзгеруі. Трансформатордың сыртқы сипаттамасы.

Үшфазалы трансформаторлар. Олардың магнит өзегі конструкциясының ерекшеліктері және орамдағы асимметрия топтарына әсері. Трансформатордың орамдарын олардың жалғану сұлбасы және топтардың белгіленуі. Үшфазалы трансформаторлардың үшбұрыш және жұлдызша жалғанудың жетістіктері мен кемшіліктері. Трансформатордың параллель жұмысы. Трансформатордың параллель жұмысқа қосылудың керектілігі және қосылу шарты. Трансформатордың кернеуін реттеу. Симметриясыз жүктемедегі үшфазалы трансформатордың жұмысы. Үш орамды трансформаторлар. Автортрансформаторлар. Арнайы трансформаторлар. Кернеу мен токты өлшегіш трансформаторлар. Олардың конструкциялы және эксплуатациялық ерекшеліктері. Балқытып қосу трансформаторлары.

Асинхронды машиналар. Айнымалы ток машиналарының арналымы және пайдалану аймағы. Асинхронды қозғалтқыштар. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторының конструкциясы. Материалы және оларды дайындау технологиясы. Асинхронды қозғалтқыштың статор мен роторының орамдарының типі және олардың негізгі параметрлері. Асинхронды қозғалтқыштың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру принципі. Асинхронды күштің магниттеуші күштері. Асинхронды қозғалтқыштың статоры мен роторындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Асинхронды электр қозғалтқышы электрлік тепе-теңдігінің теңдеулер жүйесі. Трансформаторға келтірілген асинхронды қозғалтқыш. Асинхронды электр қозғалтқышының роторы қозғалмай тұрғандағы электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Келтірілген асинхронды қозғалтқыштың Т-тәріздес және Г-тәріздес орынбасар сұлбасы. Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы. Асинхронды қозғалтқыштың моменті. Асинхронды қозғалтқышты электромагниттік моментінің жалпы көрсетілуі. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс сипаттамасы.

Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштар және олардың пайдалану саласы. Конструкциялық ерекшеліктері. Жұмыс принципі.

Синхронды машиналар. Синхронды машиналардың арналымы, типі және құрылысы. Айқындалған полюсті және айқындалмаған полюсті синхронды машиналар. Синхронды генератормен айналатын біліктің механикалық энергиясы. Электр энергияға түрлену принципі. Якорь реакциясының ұғымы. Айқындалмаған және айқындалған полюсті синхронды генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Айқындалмаған полюсті және айқындалған полюсті синхронды генератордың орынбасар эквивалентті сұлбасы және олардың параметрлері. Синхронды генератордың сипаттамасы. Бос жүріс, қысқа тұйықталу, жүктемелік, сыртқы және реттейтін сипаттамалары. Синхронды машинаның қысқа тұйықталу қатынасы. Синхронды генераторлардың жүйемен параллель жұмыс істеуі. Шарты және оның қосылу тәсілі. Үшфазалы синхронды қозғалтқыш. Синхронды қозғалтқыштың электр энергиясының айналатын біліктің механикалық энергиясына түрлену принципі. Асинхронды қозғалтқыштың алдында синхронды қозғалтқыштың жетістігі мен кемшілігі. Синхронды қозғалтқыштың электромагниттік қуаты және моменті. Синхронды қозғалтқыштарды жүргізу тәсілі. Синхронды қозғалтқыштың реактивті қуаттың компенсаторы режиміндегі жұмысы.

Тұрақты ток машинасы

Тұрақты ток машинасының арналымы және пайдалану саласы. Тұрақты ток машинасының құрылысы. Тұрақты ток машинасының конструкциялық элементтерінің арналымы. Тұрақты ток генераторы мен қозғалтқышының жұмыс істеу принципі. Тұрақты ток машинасының магнит тізбегі. Магнит тізбегінің негізгі есептеулері. Тұрақты ток машинасының негізгі орамы. Тұрақты ток машинасындағы якорь реакциясы. Геометриялық және физикалық нейтралды ұғымы. Машинаның жұмысына якорь реакциясының әсері. Тұрақты ток машинасындағы коммутация және оның пайда болуы. Коммутациялық процестің мәні. Коммутацияны жақсарту тәсілдері. Тұрақты ток машинасының қоздыру жүйелері. Тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток машинаның якорь орамындағы индукцияланатын электр қозғаушы күші. Генератордың электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты генераторлардың электрлік сипаттамалары.

Тұрақты ток қозғалтқыштары. Тұрақты ток қозғалтқышының электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі. Тұрақты ток қозғалтқышының жылдамдық сипаттамасы. Момент теңдеуі. Әртүрлі жүйедегі қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының якоры мен түзілген электромагнитті момент. Әртүрлі жүйелі қыздырғышты тұрақты ток қозғалтқышының механикалық сипаттамасы. Тұрақты ток қозғалтқышының жүргізу реверс принциптері және айналу жылдамдығын реттеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]