- •6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша
- •Бағдарламасы
- •1 Блок - «Электртехникасының теориялық негіздері»
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Блок - «Сала экономикасы»
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Блок – «Электрмашиналары», «Электр механикасы және электр техникалық жабдық»
- •3.1 Электрмашиналары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •3.4 Электртехникалық қондырғылар және жүйелер
- •3.5. Жарықтехникасы және жарық көздері
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Блок - «Электрлік энергетикасы»
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
6М071800 «Электрлік энергетика» мамандығы бойынша
магистратураға қабылдау емтихандарының
Бағдарламасы
1 Блок - «Электртехникасының теориялық негіздері»
Тұрақты токтың сызықты электр тізбегі
Электр тізбегінің элементтері, электр энергия көзі үшін балама сұлба. ЭҚК-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Потенциалдық диаграмма. Кирхгофф заңдарын тармақталған тізбекті есептеуде қолдану. Түйін потенциал тәсілі, екі түйін тәсілі. Қуат балансы. Контурлық токтар тәсілі. Матрицалық түрдегі тізбек күйінің теңдігі. Сызықты электр сұлбаларын түрлендіру. Электр тізбектерінің бастапқы қасиеттері. Беттестіру принципі, өзаралық қасиет, тармақтағы өзара және кірерлік өткізгіштер. Компенсация теоремасы. Кернеу мен токтың арасындағы сызықтық қатынас. Сызықты электр тізбегін есептеуде, топологиялық тәсілді қолдану. Екіұштылар туралы ортақ ескеру. Активті екіұшты теоремасы және оның тармақталған тізбекті есептеуде қолдану. Активті екіұштыдан пассивті екіұштыға энергия беру. Электр тізбектерін зерттеу үшін компьютерлік технологияны қолдану.
Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбегі
Бір фазалы синусоидалы токтың бастапқы түсініктері. Токтың орташа және әсерлік мәндері, ЭҚК, кернеу. Кедергідегі, индуктивтіктегі және сыйымдылықтағы синусоилы ток. Комплекс түрдегі Ом және Кирхгофф заңдары. Векторлық және топографиялық диаграмма. Синусоидалы токтагы қуаттар. Қуат балансы. Максимал қуатты кернеу көзінен, қабылдағышқа беру шарты. Синусоидалы ток көзінде тармақталған тізбекті есептеу. Индуктивті байланысқан элементтер. Өзаралық индукцияның ЭҚК. Индуктивті байланысқан элементтер. Өзаралық индукцияның ЭҚК. Индуктивті байланысқан элементтердің тізбектеп қосылуы. Парраллель индуктивтік байланысқан элементтер тізбегі. Индуктивті байланысты эквивалентті алмастыру. Тізбектің индуктивті байланысқан элементтердің арасындағы энергияны тапсыру. Болат өзекшесі жоқ трансформатор. Индуктивті байланысы бар кездегі тармақталған тізбектерді есептеу. Синусоидалы ток көзінің тармақталған электр тізбегін компьютерлік моделдеу.
Үшфазалы тізбек
Көп фазалы қоректендіру көзі және көп фазалы тізбек туралы түсінік. Жұлдызша және үш бұрышты қосу. Үш фазалы тізбектегі симметриялы режім. Үш фазалы тізбектің, әртүрлі сұлбаларын қосылғандағыкейбір қасиеттері. Симметриялы емес режімдегі үш фазалы тізбекті, статикалық жүктемемен есептеу. Кейбір дара жағдайлардағы қабылдағыш фазасындағы кернеу. Үш фазалы желінің эквиваленттік сұлбалары. Үш фазалы тізбектегі қуатты өлшеу. Айналмалы магнит өрісі. Синхронды және асинхронды қозқозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі. Үш фазалы жүйе өлшемдерінің симметриялы құраушылары. Кернеудің және токтың симметриялы құраушыларына, үш фазалы тізбектің кейбір қасиеттерінің қатынасы. Токтардың әртүрлі тізбектей қосылыстарындағы симметриялы үш фазалы тізбектің кедергілері. Симметриялы емес үш фазалы тізбектегі кернеу мен токтың симметриялы құраушылары. Симметриялы емес жүктемелі тізбектегі есептеу. Желідегі симметриялы емес тізбек бөлігін есептеу.
Синусоидалы емес токтар
Синусоидалы емес ЭҚК, кернеу және токтар. Периодты синусоидалы емес қисықты тригонометриялық картаға тарату. Периодты синусоидалы емес ЭҚК, кернеудің және токтың максимал, әсерлік және орташа мәндері. Периодты синусоидалы емес қисықтың формасын сипаттайтын коэффициенттер. Периодты бүгілетін синусоидалы емес қисықтар. Периодты бүгілетін кернеудің, токтың жәнеЭҚК-ның әсерлік мәндері. Синусоидалы емес ЭҚК және ток кезіндегі резонанс. Периодты синусоидалы емес токтың қуаты. Үш фазалы тізбектердегі жоғары гармониктер.
Сызықты емес электрлік тізбектер
Сызықты емес электрлік тізбектердің теориясындағы және техникасындағы соңғы жетістіктер. Қарапайым сызықты емес тізбектердің элементтері және баламалы сұлбалары. Сызықты емес элементтері бар тармақталмаған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес элементтері параллель жалғанған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес сызықты элементтері аралас жалғанған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес активті екіұштылардың вольтамперлік сипаттамалары. Сызықты емес элементтері бар тармақталған электрлік тізбектерді есептеудің мысалдары. Сызықты және сызықты емес элементтері бар тізбектерді есептеу үшін активті екіұштылар теориясын қолдану.
Магниттік тізбектердің негізгі ұғымдары және заңдары. Тармақталмаған магниттік тізбектерді есептеу.
Айнымалы токтың сызықты емес тізбектеріндегі құбылыстар. Айнымалы токтың сызықты емес тізбектерін есептеу әдістері. Бірдей жиілікті ЭҚК көздері бар тізбектердің жалпы сипаттамасы. Вентильдері бар тізбектегі ток қисығының формасы. Қарапайым түзеткіштер. Болат магнит өткізгіші бар орамадағы токты есептеу. Феррорезонанс құбылысы.
