Ұйымдастыру жоспары
Бұл бөлімде жаңа істің кіммен бірге ұйымдастырылатыны және онымен жұмыс істеу қалай жоспарланатыны туралы айта кету керек. Бұған қоса біліктілікке қатысты талаптар қойылып, мұнда мыналар көрсетілуі керек:
а) істі табысты жүргізу үшін қандай (білімі, тәжірибесі, жұмыс саласы қандай) маман және қандай еңбекақы қажет?
б) мамандар жұмысқа қандай жағдайларда қабылданады (тұрақты жұмыс, қосымша жұмыс істеушілер, (сыртқы сараптаушылар));
в) осындай мамандарды жалға алу бойынша қызмет көрсететін ұйымның кәсіпқойларын пайдалануға болады ма?
г) егер қызметкерлердің бір бөлігі жұмысқа қабылданған жағдайда, өз қызметкерлері туралы қысқаша өмірбаяндық мәліметтер берілуі тиіс:
біліктілігі;
бұрынғы жұмыс тәжірибесі және оның кәсіпорынға келтірер пайдасы;
Сонымен қатар бұл бөлімде кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы да келтіріледі, ол мыналарды бейнелейді:
а) кім және немен айналасатын болады?
б) барлық қызметтердің бір-бірімен өзара әрекеттесуі;
в) олардың қызметін үйлестіру және бақылау.
Бұл бөлімде басшы персоналының еңбек ақысын төлеу және оны ынталандыру мәселелерін айта кету де орынды.
Штаттық кесте және ӨӨП жалақы қоры
Штаттық бірлік атаулары |
Саны |
1 жұмыскердің 1 айлық жалақысы |
Негізгі жалақы ның айлық қоры |
Қосымша жалақы 30% |
Жылдық жалақы қоры, барлығы |
Әкімшілік персонал |
|
|
|
|
|
Инженерлік құрам |
|
|
|
|
|
Қызметкерлер |
|
|
|
|
|
Жұмысшылар |
|
|
|
|
|
КҚП |
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
Бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға аударымдарды есептеу
Жалақы қорына аударылатын аударымдар атаулары |
Жыл |
1 тоқ. |
2 тоқ. |
3 тоқ. |
4 тоқ. |
Салықсыз жалақы қоры-бырлығы |
|
|
|
|
|
Медициналық сақтандыру және зейнетақы қорлары 30% |
|
|
|
|
|
Жұмысбастылық қоры (2%) |
|
|
|
|
|
Барлық салықтар |
|
|
|
|
|
Салық қосылған жалақы қоры |
|
|
|
|
|
Зандық жоспар
Бұл бөлімнің нақты толысуы таңдап алынған ұйымдастыру нысанына байланысты:
а) меншікті жеке иелік;
б) акционерлік қоғам;
в) кооператив (бірлестік);
г) мемлекеттік иелік;
д) біріккен кәсіпорын және т.б.
