- •§1. Өсімдік шаруашылығының негіздері бар астық өсірудің объектілері, міндеттері және әдістері
- •§1. Астық дақылдарын жіктеу және топтастыру туралы түсінік
- •§2. Астық дақылдары тұқымдарының морфологиясы мен анатомиясы
- •§3. Бұршақты өсімдіктер тұқымының морфологиясы мен анатомиясы
- •§4. Майлы өсімдіктер тұқымының морфологиясы мен анатомиясы
- •Часть I
- •§1. Объекты, задачи и методы зерноведения с основами растениеводства
- •§ 1. Понятие о систематике и классификации зерновых культур
- •§ 2. Морфология и анатомия семян зерновых злаков
- •§ 3. Морфология и анатомия семян бобовых растений
- •§ 4. Морфология и анатомия семян масличных растений
§1. Астық дақылдарын жіктеу және топтастыру туралы түсінік
Өсімдіктердің ғылыми табиғи жүйесі - анықталған өсімдіктер арасындағы байланысты белгілейтін, Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізінде өсімдік ағзасының барлық алуан түрлілігін шолып, тіркеп және жіктеп, оларға тарихи түсініктеме береді.
Заманауи жіктеу сүйенетін, санаттар қатарынан, астық өсіру үшін ең көп практикалық мәні: тұқымдастық, тектік, түр, түрше, өзге түрі, нәсілі, пішіні, сұрпы бар санаттарды бөліп аламыз.
Тұқымдастық. Латынша атауы familia. Тұқымдастық дегеніміз ортақ тарихи шығу тегі бар, көбею және таралу органдарының құрылымы бойынша, ал кейде вегетативті органдары бойынша да бір-біріне ұқсас, жақын тектілерді біріктіретін ботаника мен зоологиядағы жүйелі санатты аңғартады. Мысалы, дәнді дақылдар тұқымдастығына (Graminae) бидай, қара бидай, сұлы, арпа және т.б. кіреді. Бұршақ тұқымдастығына (Leguminosae) бұршақ, атбасбұршақтар, үрме бұршақ, соя, жасымық, нут және т.б. жатады.
Тегі. Латынша атауы genus — тек — жақын түрлерді бірлестіруші, таксономиялық санат. Мысалы, бидай тегінің түрлері: жұмсақ бидай, қатты бидай, ағылшын бидайы, ергежейлі бидай және т.б. Қара бидай тегіндегі он шақты түрден, тек бір түрі – себілетін қара бидай өңделеді.
Кейде тұқымдастық пен тек арасына аралық санат - триба (tribus) енгізіледі – ол жақын тектерді біріктіру үшін қолданылады. Мысалы, бидайдың, қара бидайдың, арпа мен оларға жақын дақыл - бидайық, элимус – арпа трибусын (Hordeae) құрайды.
Түрі. Латынша атауы species. Швед табиғи зерттеушісі мен натуралисі Линнеймен енгізілген, негізгі топтау бірлігін көрсетеді. Түрлер, олар тіршілігінің әдеттегі, қалыпты жағдайларында бір-бірімен будандаспайтын немесе оларды будандастырған кезде кәдімгідей өнімді тұқым бермейтін, яғни физиологиялық үйлесімсіз, бір текке жататын, ағзалар нысаны болып табылады.
Текті шегінде өсімдіктердің (жануарлардың) түрлерін айыру үшін Линнеймен жіктеулерге ғылыммен қабылданған латын тіліндегі түр нышандарының қосарлы атаулары енгізілді.
Кейде түрлерді түршелерге (subspecies) бөледі.
Практикада түр атаулары әрдайым қолданылмайды. Жиірек - түпкі атаулармен шектеледі.
Әр түрлілік. Латынша атауы varietas. Әр түрлілік — сол түрдегі басқа дарақтардан (особей) морфологиялық, физиологиялық және экологиялық ерекшеленген, дарақтар жиынтығын білдіретін, таксономиялық санат.
Сұрып (сорт) — бұл өсірудің нақты жағдайларында биологиялық, шаруашылық және технологиялық ерекшеліктердің бірдей кешеніне ие болатын, белгілі тектілігі бар өсімдіктер жиынтығы.
Тектестіру. Дала дақылдарының көптеген тектестірулері бар. Астық өсірудің алдына қойылған міндеттеріне, оның мазмұнына қарай, осы пәнмен зерделенетін барлық дақылдарды бес топқа бөлген жөн.
Дәнді дақылдар. Крахмалға бай, дәні бар өсімдіктер: дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, сұлы, арпа, тары, жүгері, құмай жүгері, күріш, қонақ) және қарақұмық тұқымдастарынан – қарақұмық.
Бұршақ дақылдары. Ақуызға бай, тұқымдары бар өсімдіктер: бұршақ, атбасбұршақтар, үрме бұршақ, соя, жасымық, ноғатық, нут және т.б.
Майлы дақылдар. Жемісі мен тұқымдары майға бай, әртүрлі тұқымдастар өсімдіктері: күнбағыс, сафлор, қыша, арыш, рапс, жер жаңғақ, үпілмәлік, көкнәр, зығыр, кендір, ляллеманция және т.б.
Эфир-майлы дақылдар. Жемісі мен тұқымдары майға ғана емес – жеңіл жылжымалы, хош иісті сұйыққа, әртүрлі органикалық заттардың қоспасы, эфир майына бай, әртүрлі тұқымдастар өсімдіктері: күнзе, бәден, анизет, зере, дәуаскөк, жалбыз, жұпар жүзім бәдені, лаванда және т.б.
Себілетін азықтық шөптер: жоңышқа, эспарцет, беде, түйежоңышқа, үйбидайық, шалғындық атқонақ және т.б.
Астықты дәнді дақылдар, адамның ең маңызды азығы – нан алынатын, азық-түлік астығын алу көзі болып табылады. Сондықтан оларды сондай-ақ нан дақылдары немесе жай нан деп атайды.
Нан дақылдары екі топқа бөлінеді: а) бірінші топтың нандары, немесе әдеттегі нан, немесе нағыз нан (бидай, қара бидай, арпа мен сұлы); б) екінші топтың нандары, немесе тары түсті нандар, немесе нағыз емес нандар (жүгері, тары, қонақ, құмай жүгері және күріш).
Әдеттегі нан астығының ішкі жағында ұзын бойында анық көрінетін жырашығы болады. Ұрығына қарама-қарсы, ең шетінде (қатты бидай мен арпадан басқа) шоқша сақалшасы немесе айдары болады. Дән бірнеше тамырдан өсіп, саны (3—8) әр түр мен тегіне қарай әртүрлі болады. Гүл шоғы – масақ немесе сыпырғы (сұлы мен күріште). Масақта төменгі гүлдер дамып, жеміс береді, ал жоғарғылары ұрықсыз немесе қысаңқы (кемітілген, әлсізденген). Сабақтары әдетте бос. Күзгі және жазғы нысандары бар. Нағыз нандар, тары түстес нандарға қарағанда олар ылғалды көп талап ететін, бірақ жылу мен жарыққа онша мән бермейтін, ұзақкүн өсімдіктеріне жатады. Бастапқы фазадағы дамуы (өнуінен түптенуге дейін) азды-көпті жылдамырақ.
Тары түсті нандардың мынадай ерекше сипаттары бар. Дәннің ішкі жағында ұзын бойында жырашығы жоқ. Дән бір ұрықтық тамырдан өнеді. Гүл шоғы – сыпырғы немесе собық (жүгеріде). Масақта жоғарғы гүлдер дамып, жеміс береді, ал төменгілері ұрықсыз және қысаңқы. Сабаны (собағы) әдетте толық өзекпен толған. Тек жаздық нысандары бар. Нағыз емес нандар кәдімгі нандарға қарағанда олар жылу мен жарықты көп талап ететін, бірақ ылғалға онша мән бермейтін, құрғақшылыққа шыдамды (күріштен басқасы) қысқакүн өсімдіктеріне жатады. Бастапқы фазадағы дамуы өте баяу.
Астықты, бұршақты, майлы және майлы-әфирлі өсімдіктер, сондай-ақ себілетін азықтық шөптер гүлді өсімдіктерге жатады, өйткені олардың көбею органдары - гүлдер болып табылады. Гүлді өсімдіктердің барлық ауқымды әртүрлілігі екі класқа: қосжарнақты және біржарнақты болып бөлінеді.
Қосжарнақты (dicotyledones) өсімдіктердің негізгі белгілері - тұқым ұрығында екі тұқым бөлігінің болуы, өсімдіктің барлық дамуы бойы немесе тек басында сонда қалатын бас тамырдың болуы болып табылады. Біржарнақты (Monocotyledones) өсімдіктердің негізгі белгілері мыналар: тұқым ұрығында, екі тұқым үлесінің біреуіне жабыса өсуінің немесе тұқым үлесінен біреуінің (ұрық қалқаншасының) жоғалған кезіндегі бір тұқым үлесінің болуы; бас тамырдың бүйірлік және бағыныңқы тамырлармен алмасуының нәтижесінде қалыптасқан, тамырлардың көптүбірлі жүйесі.
Жемісі. Түйін ұрықтанғаннан кейінгі шоқтанып өнуден, ал кейде тіпті гүл ложасынан қалыптасады.
Тұқымы. Ұрықтанған тұқым бүршігінен, яғни түйін бөлігінен алынады. Ол ұрықтанғаннан кейінгі дамыған тұқым бүршігі түрінде болып, оның жамылғысы - сыртқы қабықшаға, аналық жасушасы – ұрыққа, ал ұрық қапшығы – эндоспермге айналады.
Дәнегі. Бір тұқымнан тұратын, нан дақылдарының жемісі.
Тұқымы. Өздік тұқымды себетін сияқты, оларды солай себетін барлық жемістер. Мысал ретінде бидай, қара бидай, жүгері және басқа дақылдар мен күнбағыстың жеміс-тұқымшағы және т.б. дәнектері бола алады.
Нан дақылдарының жемістері құрғақ, яғни пісіп-өнген кезде кепкен болып келеді.
Нан дақылдарының жемістері шын және жалған; ашылатын және ашылмайтын болып бөлінеді.
Шын жеміс деп, олар қалыптасқан кезде тек түйін қатысқан қалыптасуларды атайды.
Шын жемістерге бидай, қара бидай, жүгері және күнбағыс тұқымының дәнектері жатады.
Жалған жемістер деп, түйіннен басқа, гүлдердің басқа бөліктері қатысқан қалыптасуларды атайды. Жалған жемістерге, гүл қабыршақтары бар, қабыршақты (пленкалы) дақылдардың жемістері – арпа, сұлы тұқымдары жатады.
Ашылмаған жемістер - олар піскеннен кейін тұтас түрде себуге дайын. Оларға: дақылдар дәнегі – олардың жарнағы жеміске жуыққа (жеміс қабығына) айналған, түйіннің қабырғаларымен жабысып қалған, құрғақ бір тұқымды жеміс; тұқымшақ (күнбағыстың) оның дәнектен айырмашылығы - жарнағы жеміске жуықпен бірге жабыспағандығында.
Ашылатын жемістер деп піскен кезде олар жарылып, жан-жағына тұқым шашатын жемістерді атайды.
Ашылатын жемістерге: а) листовка (жапырақша) (чернушка) — бір ұялы көптұқымды жеміс, шеттері қоса өскен, жапырақ түрлес, піскен кезде бір шетінен жарылып, саңылау пайда болады; атбасбұршақ (бұршақты) листовкаға ұқсас. Айырмашылығы атбасбұршақ екі тігістен жарылады; кейде ол біртұқымды кейде екітұқымды болып келеді; струнок (пернеше) (қыша және басқа крест тәріздес гүлдер) — екі ұялы көптұқымды жеміс, екі жармадан жарылады.
