Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практ. занятия №1 на каз. яз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.7 Кб
Скачать

I-бөлім

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ БАР АСТЫҚ ӨСІРУДІҢ МӘНІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТАРИХЫ

§1. Өсімдік шаруашылығының негіздері бар астық өсірудің объектілері, міндеттері және әдістері

Астық өсіру, немесе астық туралы ғылым, астық өндірісінің өнімін зерделейді.

Астық өсіру өсімдік шаруашылығымен – міндетіне өсімдік дақылдарының жоғары түсімін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жақсы сапасын алуды қамтамасыз етуші, теориялық негіздер мен практикалық тәсілдерді әзірлеу кіретін, ауыл шаруашылығы ғылымымен қабысады.

Астықтың сапасы мен оның технологиялық ерекшеліктері егістіктердегі өсу жағдайына байланысты. Өсімдік шаруашылығы астық өсіруге, оның морфологиясын, анатомиясын, химиялық құрамын, биохимиялық, химия-коллоидтық, физика-механикалық, ұн тарту, нан пісіру, макарондық және басқа сапалық және технологиялық сипаттамасын қалыптастырушы, егістіктегі (топырақтық, климаттық, агротехникалық және т.б.) астықтың қалыптасу заңдылықтары мен шарттарын ашуға жол береді.

Өсімдік шаруашылығының негіздері бар астық өсірудің мазмұны, ғылыми пән ретінде мыналарды:

1) нан өсімдіктерінің түрлері мен сұрпы, дақылдар мен тегі бойынша астықтың морфологиялық және анатомиялық сипаттамасын;

2) астықтың химиялық құрамы мен оның құбылмалығын анықтаушы факторларды;

3) жеке астық дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін;

4) астықта болып жататын, физиологиялық және биохимиялық процестерді;

5) өсу шарттарының астықтың сапасы мен технологиялық бағасына тигізетін ықпалын;

6) астықтың сапалық және технологиялық ерекшеліктерін бағалаудың көрсеткіштері мен әдістерін;

7) астық дақылдарын орналастырудың қолданыстағы географиясын;

8) астық өндірісі дамуының жай-күйі мен перспективасын қамтиды.

Астық өсірудің пайдаланылатын әдістері, екі топқа бөлінеді.

Біріншіден, ол, ғылымның аралас саласында қолданылатын және тек сол ғылыми пәнде ол сүйенетін (өсімдік шаруашылығы, физика, биохимия және т.б.) әдістерді пайдаланады.

Екіншіден, астық өсіру оның нысаналығы мен мазмұнының ерекшелігі мәжбүр ететін, өз әдістерін әзірлейді.

Астық - сақтау және өңдеу объектісі ретінде екі ерекшелікпен айрықшаланады. Ол массалық өнім болып табылады. Сонымен қатар бұл өнімнің құрамы, сапалық және технологиялық қасиеттері көптеген факторлардың әсерінен ауқымды шектерде өзгере алады. Осыдан нәтижелерді өңдеу үшін математикалық статистика әдістерін кеңінен қолданумен - ауқымды бақылау қажеттілігі туындайды.

Астықты зерделеу кезінде екі негізгі бағытты бөліп алу қажет.

Біріншіден, астық массасын сақтау және өңдеу мәні ретінде, оның әртүрлі қасиеттерін зерделеу керек.

Екіншіден, астық массасы – бұл негізгі дақылдың, сондай-ақ әртүрлі бөтен қосылыстар дәндерінің өз сипаттамалары бойынша бірдей емес үлкен сандардан тұратын, күрделі кешен екендігін, ескеру керек.

АСТЫҚ ӨСІМДІКТЕРІ ТІРШІЛІГІНЕН НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Жер шарындағы барлық өсімдіктер - жабайы өсетін өсімдіктер және мәдени дақылдар болып бөлінеді. Мәдени дақылдарға адам өсіретін өсімдіктер жатады; олар оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Жабайы өсетін өсімдіктер өну жағдайына деген олардың икемділігі мен озық өміршеңдігін қамтамасыз ететін, нышандарымен және қасиеттерімен өзгешеленеді. Мәдени дақылдар мен жабайы өсімдіктер шығу тегінің тұтастығымен байланысты.

Егілетін өсімдіктердегі жаңа белгілер мен қасиеттер ұзақ уақыт ішінде жер өңдеу жүйелері мен дақылдар тәсілдерінің, яғни өсімдіктерге арналған ортаның өзгеру әсерінен, әрдайым өрбіп отырған. Алдымен іріктеумен, содан кейін селекцияның көмегімен адам мәдени дақылдардың қолданыстағы әр алуан түрлерін, пішіндерін және сұрыптарын шығарды.