- •Қазақстанның географиялық орны
- •6. Қазақстанның 9 географиялық аймақтары
- •4. Сарыарқа
- •Ел басқару жүйесі. Президент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Экономика
- •Ішкі және сыртқы сауда
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Сурет бойынша 2 сөйлем құрастырыңыз.
- •Банк жүйесі
- •Ұлттық валюта
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отан отбасынан басталады
- •3Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.
- •4Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.
- •5 Сөздерді жұптастырыңыз.
- •7 Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңыз.
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Қазақстандағы некеге тұру жүйесі
- •5. Оқымысты бала.
- •6. «Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыңа нені елестетеді? Сызбаны толтыр.
- •7.Әзірет Әлінің дәйектемелерін жаттап алыңдар.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Еңбек. Еңбек нарығы
- •Салауатты өмір салты
- •Ұлттық спорт
7 Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңыз.
Отбасы-әр адамның алтын ұясы. Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін өте маңызды. Жақсы дәстүр отбасының мықты шаңыраққа айналуына тірек болады. Отбасылық дәстүрлерге отбасы мүшелерінің туған күндерін атап өту, саяхатқа шығу, қонаққа бару, қонақ шақыру, мерекелік дастархан жасау,
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
________________________________________________________________
Сіздің отбасыңызда қандай дәстүрлер қалыптасқан?
Отбасы бақытты болуы үшін отбасылық дәстүрлердің маңызы бар деп ойлайсыз ба?
СӨЖ тапсырмалары:
«Жан жылуы – отбасы жылуы» тақырыбына шығарма жазу.
Отбасы туралы 15 мақал-мәтел жазып, жатқа айту.
Қазақстандағы некеге тұру жүйесі.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.
4. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырмалар орындату.
1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Өзара құқықтары Әлеуметтік орта Бабына сәйкес |
Отбасылық қатынас Азаматтық құқық Неке суын ішу |
Сақина алмастыру Шексіз бақыт Ойлап тапқан |
2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Қазақстандағы некеге тұру жүйесі
Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі. Еркек пен әйелдің өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін әлеуметтік форма.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.
Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің) тойға шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы тойға алдыртып некесуын ішіп, некелерін қидыру.
Неке сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы (формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты бейнелейді.
3.Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыздар.
4. Мәтіннен тәуелдік, көптік жалғаулы сөздерді табыңыз.
5. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.
6. Берілген сөйлемді сөз құрамына талдаңыздар:
Некеге тұру кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, ұлттық, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.
СӨЖ тапсырмалары
«Неке» деген ұғымды қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жазыңыз.
Осы тақырып аясында досыңызбен сұхбаттасыңыз.
5-АПТА. 1-тақырып. Білім. Жоғары оқу орындары. Еңбек. Еңбек нарығы.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.
4. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырмалар орындату.
БІЛІМ.
"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі. Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесін негізінен үш ортадан көріп, біліп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол - отбасы, қоршап жатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіп келе жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланысты болып, балаға жүйелі ықпал етуге мүмкін. Керісінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісіне қайшы келуі де мүмкін. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін объект біреу. Ол - бала, жасөспірім, жас. Бала алдында жауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына, неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты. Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуіне ортақ және айырмашылық неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айту. Ал, ұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайлы, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесіне айналдыру арқылы... Білім беру - өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші.
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша таныс емес сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
2. Мәтінді оқып аударып, әңгімелеңіз.
3. «Оқу,білім жайлы» мақал-мәтелдерді аударып, мағынасын түсініп, жаттап алыңдар.
1.Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. 8.Алтын алма, білім ал.
2.Білім – арзан, білу - қымбат. 9.Ғылым – теңіз, білім – қайық. 3.Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы. 10.Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
4.Кітап – алтын қазына.
5.Өмір – үлкен мектеп. 6.Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
7. Білгеніңді сөйлеме, Не сөйлегеніңді біл.
4. Мәнерлеп оқып, мазмұнын өз ойыңды қоса отырып әңгімеле. Балалар, бұл-жол басы даналыққа, Келіңдер түсіп,байқап, қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық Жүріңдер, іздеп тауып алалық та.
