Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ta_1178_yrypt-15zh_1sem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347.94 Кб
Скачать

Ел басқару жүйесі. Президент

Басқару жүйесі - фирманың ұйымдық құрылымының нышаны. Оған қаржыландыру, жоспарлау, өнім шығаруды бақылау, есептеу жүйелері, т.б. кіреді.

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Қазақ КСР Президентінің мынадай өкілеттіктері айқындалды:

Республика аумағында тұратын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; республиканың егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қолданады; одақтық шарттың сақталуын қамтамасыз етеді; елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының өкілі болып табылады; Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының КСРО Федерациясы Кеңесіндегі өкілі болып табылады; Қазақ КСР жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарын өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; республикадағы жағдай туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне жыл сайын баяндама жасайды және Қазақ КСР-інің ішкі саяси және сыртқы саяси қызметінің неғұрлым маңызды мәселелері туралы дүркін-дүркін хабарлап отырады; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақ КСР ЖоғарғыСотының төрағасы, Қазақ КСР Бас мемлекеттік арбитры қызметіне кандидатураларды ұсынады; аталған лауазымды адамдарды, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасынан басқаларын міндеттерінен босату туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне ұсыныс енгізеді; Қазақ КСР Министрлер Кеңесін орнынан түсіру туралы не оның орнынан түсуін қабылдау туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алдына мәселе қояды; Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының келісуі бойынша Қазақ КСР Үкіметінің мүшелерін қызметінен босатады және оларды тағайындайды, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бекітуіне ұсынады;

Тапсырмалар:

1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз

3-тапсырма. Мына шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

Президенті, басшысы, Қазақстан, мемлекеттік, Республикасының, Қазақстан, Республикасының.

4-тапсырма. «Президент» сөзін септеңіз

5-тапсырма. Септік жалғауларын табыңыз

СОӨЖ

Егер мен президент болсам... эссе жазыңыз

СӨЖ

«Ел басқару жүйесі» тақырыбы бойынша слайд дайындаңыз.

2-АПТА. 1-тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Грамматика.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Ұлттық қауіпсіздік.

Ұлттық қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығын айтамыз..

Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады:

  • жеке адамның қауіпсіздігі,

  • қоғамның қауіпсіздігі

  • мемлекеттің қауіпсіздігі.

Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады.

Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

Тапсырмалар

1тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз(жеке жұмыс)

2 тапсырма . Синтаксистік талдау жасаңыз

Ұлттық қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығын айтамыз.

3 тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз, аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз: ұлттық....., .... құндылықтар,өмір..., адамның...., .... қауіпсіздігі, жүзеге....

4 тапсырма. Септік жалғауларын ажыратыңыз

5 тапсырма. "Қауіпсіздік" сөзіне синонимдік қатар жасаңыз.

СОӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

«Қауіпсiздік мәселесі» туралы не білесіз?

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылымы» тақырыбы бойынша реферат дайындаңыз.

Қарулы күштер.

1992 жылдың 7мамырында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылды.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгіледі.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: “ Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”.

Тапсырмалар

1тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз(жеке жұмыс)

2 тапсырма . Септік жалғауларын ажыратыңыздар.

3 тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз, аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз: міндетті ..., құқықтық ..., қажет болған... , .... күштер, бастығының ...., ... қауіпсіздік.

Қажетті сөздер: көмекшісі, атқару, жағдайда, қорғау, қарулы, ұлттық,

4 тапсырма. «Адасқан әріптер»

Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау, сөйлем құрастыру.

- к, е, р, л, і.

  • р, а, т, ы, қ, ш, т, а.

  • в, я, а, г, р, д, и,.

  • ф, п, о, в, а, н, и, л.

  • м, а, т, ғ, з, ы.

5 тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты салтанатты жиында Бас қолбасшы ретінде құттықтау сөз сөйлейсіз. Қалай сөйлейсіз, өз ойыңызды жазыңыз.

СОӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

Бас қолбасшы туралы не білесіздер?

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары

«Отанды қорғау - басты парызың» ой толғау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша). – Астана, 2012.

2. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Жалпы ред.басқарған: Әлкебаева Д.А. – Алматы ,2013

3. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақ тілі. Авт. СалқынбайА., Иманқұлова С. – Алматы, 2012.

4. Қазақстан Республикасының Заңы. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы// Егемен Қазақстан.- 2005.- №12 қаңтар(№6).- Б.4

5. Аманжолов К. Қазақстанның қарулы күштері және оның түрлері // Қазақ тарихы.- 1999.- N3.- Б.14-19

Экономика. Ішкі және сыртқы сауда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]