Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ta_1178_yrypt-15zh_1sem.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347.94 Кб
Скачать

Салауатты өмір салты

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Бұл үшін салауаттану дегенімізді білгеніміз жөн.

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады.

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағыттары мыналар:

- жеке және қоғамдық гигиена;

- дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

- организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

- күн тәртібін тиімді пайдалану;

- дұрыс және уақтылы тамақтану;

- жұкпа аурулардың алдын алу;

- тән ауруларынан сақтандыру;

- жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

- зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;

- жыныс гигиенасы;

- психопрофилактика және психогигиена;

- кикілжің және денсаулық;

- экология және денсаулық.

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Есте сақтаңыз!.

Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір, - дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.

Ұлттық спорт

Қазақ халқында ұлттық ат спорт ойындары көптеп саналады. Қазақтың ұлылығы мен даналығын бүкіл әлемге паш ететін мәдениеті мен салт- дәстүрі болса, соның ең бастысы ұлттық спорт ойындары екені даусыз. Біздің ұлттық ойындарымыздың мың жылдық тарихы бар. Бәйге (ат жарыс), көкпар, қыз қуу, аударыспақ , теңге алу, жамбы ату, қазақша күрес, тоғызқұмалақ және тағы басқа спорт түрлері сонау заманнан бері туған халқымызбен бірге жасап келеді.

ҚАЗАҚША КҮРЕС.

Қазақтың ұлттық спорты- күрес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді. Қазақ күресі тұңғыш рет 1938 жылы Алматыда өткізілді. Бүгінде қазақ күресін әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады. Бүгінгі таңда қазақ күресінен үш Әлем, екі Еуропа, алты Азия біріншіліктері болып өтті. Соңғы үш жыл көлемінде елімізде қазақ күресінен «Қазақстан барысы»атты байрақты бәсеке өткізу дәстүрге айналды. Бұл-болашағы зор, ұлт күресін дамытуға айтарлықтай игі ықпал ететін спорттық шара екені күмән тудырмайды.Рас, қазақ күресі олимпиадалық спорт түрі емес. Десек те, ата спортымызды Олимпиадаға кіргізу үшін атқарылатын жұмыстарды тоқтатпаған абзал.

Қазақ күресі –нағыз текті күрес түрі. Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бұлқынған, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Бұрындары ол салмақ дәрежесіне қарамастан өткізілсе, бертінде мамандардың араласуы оның ережелеріне біраз өзгертулер еңгізіліп,бекітілді.

Мәселен, қазақ күресіне ұқсас ұлттық күрес түрлері басқа мұсылман халықтары мен Қап тауы өңіріндегі кейбір елдерде де бар. Айталық, татарларда «Куряш» (белбеу күрес) , өзбектерде «кураш», қырғыздарда «куреш», түркмендерде « гуреш» т.б.

«Көкпар» ойынының атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Көкпар-Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ұлттық ат спорт ойыны. Бұл шетсіз-шексіз сары далада мал бағып, көшіп-қонып жүрген көшпелілердің нағыз халықтық думаны. Осы ретте этнограф ғалым, Ақселеу Сейдімбектің: «Көкпар - бұл қазақтың ұлттық спорты, төл мұрасы, ойынның ең мықтысы. Бұған жүректі жігіттер ғана қатысқан. Көкпар ата-бабаларымыздың асыл аманаты. Ол біз барда бізбен бірге мәңгі жасасып, бірге дамып отырады». Жалпы, көкпар жаппай тарту, дода тарту деген екі түрге бөлінеді. Жаппай тартуда жеке адамдардың қол қайратын, тақым күшін, батылдығын, ептілігін толық көрсетуіне мүмкіндігі бар. Ойынға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жаппай тарту деп аталуы да сондықтан. Мұнда әркім лақты өзі иемденуге тырысады. Дода тартуда топтар сайысады.

Ұлттық ат спорты береке - бірліктің дәнекері, шеберліктің, шымырлықтың мектебі екенін баса айтқанымыз дұрыс.

КӨКПАР

Лақ біреу, көкпарда тартушы көп,

Қамшы басар атына әркім «шүу» деп,

Додадан түк ілінбей бос шықса да,

Айтпас ешкім «жеңгендер алсыншы» деп.

Бірде қара көбейер, бірде сиреп,

Бірде дара озады, бірде түйдек.

Кейде адамдар өзара жұлқыласып,

Жерде лақты тұяқтар жатады илеп.

Араласар кәрі де, жас та бұған,

Бала қалмас тайға мінген қастарынан.

Жетсем деген көкпары алдан шықса,

Тұра қашар кейбіреу сасқанынан.

Білгенде күш бар ма тіресе алар,

Көлігінде күй бар ма ілесе алар.

Оны ойламас біреулер көкпар десе,

Ісін тастап, атына міне шабар.

Ол қаратпас өзге ойын – сауығыңа,

Ілестірер жүйріктер дауылына.

Қолы ілінсе лақтың сирағына,

Бұра тартар әркім өз ауылына.

Екі бүктеп қамшысын тістеп алып,

Нағыз ерлер айқасар ішке барып.

Көкпар қалып, өзі озып жүр біреулер,

Қашан көрсең байқалмас еш жаңалық.(О.Асқар)

Тапсырмалар:

  1. Ұлттық спортқа арналған мәтіндерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

  2. Бәйге, қыз қуу, аударыспақ ойындары жайлы не білесіздер? Толықтырып, 5-6 сөйлем жазыңыздар.

  3. Қазақша күрес мәтінінің мазмұнын айтыңыз.

  4. «Көкпар» ойынының атауы қандай сөзден шыққан?

  5. Ақын О.Асқардың «Көкпар»атты өлеңін мәнерлеп оқып, жатқа айтыңыздар.

СӨЖ тапсырмалары:

1.Ұлттық спорт мәтінін толықтырып әңгімелеңіз.

2. «Ер қанаты- ат» тақырыбына реферат дайындаңыздар.

СОӨЖ тапсырмалары:

1.Грамматикалық тапсырмаларды орындау.

2. Қазақтың ұлттық ойындары. Сұхбат.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. –Алматы- «Қайнар»-1994-144 б.

  2. Сарыбалаев Б. Көкпар. –Алматы- «Балауса»-2000-352 б.

  3. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Алматы- «Санат»- 1997- 464 б.

  4. Әбілқасов Ғ.М. Ұлттық тәрбие тағылымы (Әдістемелік нұсқаулар). –Қарағанды- ҚарМТУ баспасы. 2014-51 б.

  5. Әбілқасов Ғ.М., Хасен М.Ә. Қазақ мәдениеті(Оқу құралы). ҚарМТУ-2008.95-б

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]