- •Қазақстанның географиялық орны
- •6. Қазақстанның 9 географиялық аймақтары
- •4. Сарыарқа
- •Ел басқару жүйесі. Президент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Экономика
- •Ішкі және сыртқы сауда
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Сурет бойынша 2 сөйлем құрастырыңыз.
- •Банк жүйесі
- •Ұлттық валюта
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Отан отбасынан басталады
- •3Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.
- •4Берілген мақал- мәтелдерді аударыңыз. Мағынасын айтыңыз.
- •5 Сөздерді жұптастырыңыз.
- •7 Мәтінді оқып, ойды жалғастырыңыз.
- •1 Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.
- •2 Мәтінді оқыңыз және аударыңыз. Қазақстандағы некеге тұру жүйесі
- •5. Оқымысты бала.
- •6. «Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыңа нені елестетеді? Сызбаны толтыр.
- •7.Әзірет Әлінің дәйектемелерін жаттап алыңдар.
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Еңбек. Еңбек нарығы
- •Салауатты өмір салты
- •Ұлттық спорт
1-АПТА. 1-тақырып. Мемлекет, әлеуметтік географиялық ерекшелігі.
Ел басқару жүйесі. Президент. Фонетика. Тән дыбыстар.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау.
3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
Қазақстанның географиялық орны
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Жайық өзенінің екі жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға мүмкіндіктері бар.
2. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ
Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінін, екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан.
3. ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗОНАСЫ МЕН АЙМАҚТАРЫ
(Қазақстан картасы көрсетіліп, зоналар мен аймақтар туралы түсінік беру)
4. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі.
5. ШЕКАРАСЫ
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хан тәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз дос мемлекеттер: Түркіменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі.
6. Қазақстанның 9 географиялық аймақтары
1. Шығыс Еуропа жазығы
2. Солтүстік Қазақ жазығы
3. Тұран жазығы
4. Сарыарқа
5. Орал
6. Алтай
7. Жетісу Алатауы
8. Сауыр-Тарбағатай
9. Тянь-Шань
1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құраңыз.
аймақ – регион
ең ірі – самый огромный
тау етегі – подножие горы
шөл – пустыня
шөлейт – полупустыня
тұрғындар – жители
шекара – граница
шектесу – граничить
шұғыл – резко, срочно
саяхат – путешествие
2-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қазақстанның аумағы қандай?
2. Географиялық орны қалай қалыптасқан?
3. Қазақстанның климаты басқа елдермен салыстырғанда немен ерекшеленеді?
4. Қазақстан қайда орналасқан?
5. Қай мемлекеттермен шектеседі?
6. Қанша географиялық аймақтары бар? Айтып бер.
7. Сізге қай мезгілдің климаты ұнайды?
4-тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз.
Шекара, тәуелсіз.
5-тапсырма.1. Мәтіндерден жалқы зат есімдерді табыңыз.
2.Мәтіндерден жай сөйлем түрлерін анықтаңыз.
3. Мәтіндегі «есе» деген нені білдіреді?
6-тапсырма. Жұптастырыңыз.
Оңтүстіктегі тау етектерінде орта және оңтүстік ендіктерінде
шие мен өрік гүл атқан кезде, орналасқан.
Атырау қаласы тұрғындарының Қазақстан шұғыл континенттік Еуропа мен климатымен көзге түседі.
Қазақстан қоңыржай белдеудің Азияға күнде саяхат жасауға
мүмкіндіктері бар.
Батыс Еуропа субтропиктік республиканың солтүстігінде әлі климатымен ерекшеленсе, қарлы боран соғып тұрады.
7-тапсырма. Сөз құрамына талдаңыз.
1.Басшылар маңызды істер туралы әңгімелесті.
2.Президенттер болашақ Астана макетімен танысты.
3.Олар мамандармен сөйлесті.
СОӨЖ
Физика-географиялық зонасы мен аймақтары туралы (Қазақстан картасынан көрсетіп, зоналар мен аймақтар туралы түсінік беру, дәптерге сұлбасын жасап келу.)
СӨЖ
«Сарыарқа» тақырыбы бойынша реферат жазу.
