Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отантануды оқутудың арнаулы әдістемесі лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.43 Кб
Скачать

9 Тақырып. Арнайы мектептің жоғарғы сыныптарында тарихи түсініктерді қалыптастыру процесінде сюжетті картиналарды пайдаланудың маңызы.

Арнайы мектеп оқушыларының тарихи білім жүйесін меңгеруге, оларда түсінік аппаратын қалыптастыруға үлкен көмек көрсететін құрал -тарих сабағында әртүрлі көрнекіліктер, экрандық құралдар және тарихи сюжетті картиналарды қолдану.

Көрнекі құралдардың маңызы жайында тарихшы-әдіскерлер айтқан болатын: Вагин А.А., Ефимов А.В.;

С.Ф. Скляренко .

Ж. И. Шиф ақыл-ойы кем оқушылардың сюжетті картиналарды қабылдау поцесінің ерекшелігін көрсетеді.

Балалар картинаға қарай отырып, онда бейнеленген заттарды тек сыртқы белгілеріне байланысты біріктіреді; қатар салынған суреттер бір-бірімен байланысты болып табылады (яғни олар қарапайым, кеңістік байланыс орнатады). Сол себептен қабылдауы дұрыс емес болады.

И. М. Соловьеваның зерттеуі бойынша ақыл-ойы кем балалар қалыпты дамудағы балаларға қарағанда белгілі бір уақыт аралығында едәуір аз обьектілерді қабылдайды.

Автордың ойынша заттарды аз және ұзақ қабылдау себебі- оқушылардың анализдеу, синтездеу процессінің баяу, төмен болуында. Егер оқушыларға жақсы таныс обьект ұсынған болса, онда олардың қабылдау поцессінің жылдамдығы ұлғаяды.

Соловьева И.М. тарихи материалды түсіндіру кезінде сюжетті картиналарды қолдану әдістемесін ұсынады:

Оқушыларға сюжетті картиналармен жұмыс істеу тапсырмаларын рет-ретімен беру керек.

А. картинаны қарау, ол бойынша әңгімелесу

Б. оқушының әңгімесі (мұғалімнің жоспары бойынша, үлгі бойынша)

В. оқушының картинаны ауызша суреттеуі.

Г.оқушының терминологияға сүйене отырып әңгіме құрастыруы.

Д. дәптерге картинаның кейбір бөлшектерін салдыру.

Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылардың оқу материалын түсінгенін тексеріп отыру қажет. Әсіресе: тарихи материалды түсіну деңгейін; оқушылардың картинаның ішінен негізгі (басты) ойды шығара білуін; көрнекілікке сүйене отырып өздігінен қорытынды жасау,

қарапайым жалпылау біліктілігін анықтау.

Картинамен жұмыс істеу процесінде негізгі қолданылатын әдіс-әңгімелесу. Бұл әңгімелесу алдын-ала дайындалған сұрақтар жүйесі негізінде өтуі тиіс. Сұрақтар оқушыларға тарихи материалды түсінуге көмектесіп қоймай,сонымен бірге терминдерді қолдануға үйрету керек.

Сұрақтар мынадай болуы мүмкін:

репродуктивті сұрақтар- оқушылардың картинаның жалпы мазмұнын түсінген-түсінбегенін анықтайды :картинада не бейнеленген? бұл картина не жайлы?.

бейнеленген оқиғаның болған орнын және уақытын анықтауға бағытталған сұрақтар- бұл оқиға қай жерде болып жатыр? қашан?.

негізгі сюжет пен қосымша нәрселерді анықтауға көмектесетін сұрақтар - картинаның негізгі кейіпкерлерін атаңдар? неге басты кейіпкер солай істеді? екінші планда кім бейнеленген? ол адамдар немен айналысып жатыр?.

Картинадағы ойды жеткізу үшін пайдаланған көркем құралдарды анықтауға арналған сұрақтар- суретші кейіпкерлердің көңіл-күйін қалай жеткізеді? қандай

түстерді ол пайдаланған? тұрмыстың қандай заттарын бейнеленген? картинада бейнеленген адамдар қалай киінген, қалай қаруланған?.

Қорытындылау процессін белсендіретін сұрақтар- суретші не айтқысы келді? неге сендер сондай қорытындыға келдіңдер?.

Тұрмыстық заттардың суретін салу (сандық, құман, дорба); киімнің (камзол, тақия, мәсі, малахай); қару жарақтың (еңбек құралдарын, балта, пышақ, диірмен) арнайы мектеп оқушылары үшін өте қызық және олардың тарихи білімін бекіту үшін өте тиімді әдіс.

Өйткені, сюжетті картинаның мазмұнын түсінген оқушы суретті де дұрыс салады; ұқсатып салады.

Арнайы мектеп оқушыларының сурет салу дағдылары төмен болғандықтан трафарет (белгілі бір тарихи заттардың салынған суреттері) қолдануға да болады. Оқушылар трафаретті дұрыс таңдай білу керек, оны дәптер бетіне орналастыра білу керек.

Сюжетті картиналарды қолдана отырып, оқушының тарихи түсініктерін меңгеруін оңайлатуға болады. Бұл құрал арқылы топпен де жеке оқушымен де жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Сюжетті картиналарды пайдалана отырып, оқушылардың тарихи білім беру немесе өткен материалды қайталау жұмысы бірнеше ретпен өткізілетін этаптардан тұрады:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы мынадай жұмыстарды қамтиды: картинаның мазмұнын талдау- мұғалімнің әңгімелесуімен; оқулықтағы текстке байланыстыра отырып, оқушылармен әңгімелесу кезінде картинаның жалпы сипаттамасын ашу.

2. Артынша терминдерді қолдана отырып, картиналарды талдау; сол тарихи дәуірге тән обьектілерді анықтау, картина кейіпкерлерінің сыртқы бейнесімен, әрекеттерінің ерекшеліктерін белгілейді.

3. Кейінгі сабақтарды мұғалім картина бойынша әңгімелесу жоспарын құрастырып үйретеді; сол жоспар бойынша байланысты әңгімелеуді үйретеді.(тарихи терминологияны қолдану арқылы.

4. Тақырып бойынша жұмысты аяқтай келе мұғалім картинадағы мәліметті және оқулықтағы мәліметті біріктіріп, қорытынды шығарады.

5. Арнайы мектеп оқушыларының білімін бекіте отырып, мұғалім оқушыларға сурет салуды картадан белгілеуді ұсынады.

Тарихи түсініктерді қалыптастыру үшін тарих сабағында неғұрлым көп, әртүрлі көрнекілік пайдаланып қоймай, олармен жұмыс істеу түрлері де әрқилы болса тиімді болады.