- •2 Тақырып. Арнайы мектепте тарих курсының құрылымы, мазмұны
- •3 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеру ерекшелігі
- •4 Тақырып. Арнайы меткептегі Отантану сабағы
- •5 Тақырып. Мұғалімнің Отантану курсына және оның жеке сабақтарына дайындалуы
- •6 Тақырып. Арнайы мектепте Отантануды оқытудың тәсілдері
- •7 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларында тарихи уақыт ішінде бағыттау біліктілігін қалыптастыру
- •8 Тақырып. Арнаулы мектеп оқушыларын тарихи тұлғаларды ажырата білу біліктілігін қалыптастыру
- •9 Тақырып. Арнайы мектептің жоғарғы сыныптарында тарихи түсініктерді қалыптастыру процесінде сюжетті картиналарды пайдаланудың маңызы.
- •10 Тақырып. Арнайы мектептегі тарих сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыс
4 Тақырып. Арнайы меткептегі Отантану сабағы
Сабақ – оқытудың негізгі формасы. Арнайы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары қолданылады. Сабақтар, оқу экскурсиялары, қосымша сабақтар, консультациялар, оқушылардың үй жұмысы.
Сабақ тарихты және барлық оқу әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі формасы екені белгілі. Ол тарих курсының білімділік, тәрбиелік, түзетушілік міндеттерін оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерінің ішінен сабақ бағдарламасына тиімдісін таңдай отырып шешеді. Оқушыларға жекелей келуді жүзеге асырады. Мынандай дидактикалық принциптерге сүйенеді: ғылымилық, жүйелік, тиімділік, саналық және беріктілік көрнекілік.
Арнайы мектепте тарих сабағына қойылатын талаптар:
мазмұнының ғылымилығы, тарихи фактордың шынайлығы, оларды дұрыс түсіндіру, ерекшеліктерін ескере отырып жеңіл түрде жеткізу.
сабақтың мақсатын, білімділік, түзетушілік міндетін, нақты жоспарлап, оны шешу.
әр сабақты өткен және болатын сабақпен байланысы
сабақты дұрыс ұйымдастыру.
сабақтың нәтижелілігі т.б.
Сабақ типіне, оны ұйымдастыру ерекшелігіне (сыныптағы, әдеттегі сабақ, экскурсия сабағы, кино сабағы, ойын сабағы) қарамастан тағы 3-ке бөлінеді:
Дайындық бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды немесе бағалау
Тарих сабағының түрлеріне: аралас сабақ жатады. Аралас сабақтың өзі бірнеше бөлімнен тұрады: білімді тексеру, жаңа білімді хабарлау, жаңа материалды бекіту, үй тапсырмасын түсіндіру. Келесі сабақтың түрі – жаңа материалды хабарлау сабағы. Бұл сабақ түрі арнайы мектепте сирек қолданылады. Келесі қайталау, жалпылау сабақтары. Бұл сабақтың түрі тақырып өткеннен кейін қолданылады.
Сонымен бірге, тарих сабағында сабақтың мынандай 3 түрін қолданамыз. Олар:
Кіріспе сабақ
Қорытынды сабақ
Білімді бақылау немесе бағалау сабағы.
Сабақты оқытудың ерекшелігі мұғалімнің түсінігі мен әлеуметтік және педагогикалық талаптарды орындауына тәуелді болады. Бұл талаптар мектептің міндеттерімен, заңдылықтарымен және оқытудың принциптерімен анықталады. Арнайы мектепте тарихи оқытуда төмендегідей талаптар қойылады:
Сабақтың тұтастығы білімділік, тәрбиелік мақсаттарымен жеткізіледі. Мұғалім білімділік мақсатын қойған кезде балалардың сабақ барыында қандай материалды меңгеруге тиісті екендігін анықтайды, тарихи фактілерді дұрыс түсінуін қамтамасыз етеді.
Сабақты белгілі бір идеяға бағыттау дегеніміз Отантану курсын оқытудың эпизоттықжағдайына қарамай, тарихи материалдың мазмұнын сюжетті әңгімелер арқылы айта отырып, мұғалім адамгершілік тұрғысынан баға беріп үйретеді.
Сабақты ұйымдастыру жағдайы. Басқа пәндер секілді Отантану сабағы да негізгі үш бөлімнен тұрады: дайындық, негізін, қорытынды.
Дайындық бөлімінде (5-10) оқушылар қажетті құрал-жабдықтарын әзірлейді, сабақ оқуға психологиялық тұрғыдан дайындалады.
Негізгі бөлімінде оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді, түсіндірілген материалды талдайды, практикалық тапсырмаларды орындайды.
Қорытынды бөлімінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен оқу материалын жүйелейді, өз пікірлерін айтып қорытынды шығарады, түйін жасайды. Қажет болған жағдайда үй тапсырмасы беріледі.
Тарих сабағының конспектісін құру схемасы мынандай:
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты, міндеті, дамытушылық, тәрбиелік, білімділігі.
Керекті көрнекі – құралдар
Сабақта қолданылатын уақытша әдебиет
Сабақтың түрі
Сабақтың барысы, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасы
Негізгі бөлім жаңа материалды хабарлау, жалпылау, бекіту.
Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасын беру.
Отантану сабағында арнайы мектеп оқушылары материалды саналы түрде меңгеруі үшін түрлі жұмыстар жүргізген дұрыс. Мысалы, сөзік жұмысы, дидактикалық немесе әдістемелік ойындар, қосымша тапсырмалар, әдеби шығармаларды оқу т.с.с.
