Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отантануды оқутудың арнаулы әдістемесі лекциялар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.43 Кб
Скачать

3 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеру ерекшелігі

Көмекші мектеп оқушыларының басым көпшілігі тарих пәнін толығымен түсініп, оқып меңгере алмайды. Оған негізгі себеп, олардың таным әрекеттері атап айтсақ ес, қабылдау, ойлау, елестетулері қалыпты баламен салыстырғанда әлде – қайда төмен нашар дамығанды. Сондықтан тарихи оқиғаларды меңгеруде олар қатты қиналады. Арнайы мектепте балалардың мүмкіншіліктерін ескере отырып, тарих пәні жалпы мектеппен салыстырғанда әлде – қайда жеңілдетіліп алынған. Соның өзінде оқушылардың тарихи білімдері жеткіліксіз болады. Оқығандарын түсінбейтіндер кездеседі, мұғалімнің айтқандарын тез ұмытып қалады, өз ойларын жинақтап, талдап, айырып айтып бере алмайды. Хронологияны шатастырады, сандардың орнын көп ауыстырады т.б.

Көмекші мектеп оқушылары себеп-салдар байланысын анықтауда қиналады, сондықтан тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен ағдайларға сыртқы белгілеріне қарап баға береді.Жаңа тақырыпты түсіндірген кезде мұғалім сюжетті көріністерді пайдалану кререк, ал тарихи түсінікке нақты анақтама беру қажет.

Мүмкіншілігі шектеулібалаларға тән нәрсе жақсы және жаман, әділетсіздік, мейірімді және мейірімсіз деп қарау. Сонымен қатар, арнай мектеп оқушылары білмейтін тарихи оқиғаларды өздері білетін оқиғалармен ауыстырып айтуы мүмкін. Бұл олардың жүйкелік бақылаудың жетіспеушілігінен. Кейде оқушылар барлық оқиғалар мен тарихи құбылыстар бір адамның әрекеті деп түсінеді. Мысалы, «Петербургті 1 Петр салды», «Ақгвардияшыларды Чапаев талқандады» т.с.с.

Тарихи материалдың күрделігі арнайы мектеп оқушыларының есте сақтауының ерекшеліктерімен түсіндіреді. Сондықтан материалды жақсы түсініп есте сақтау үшін, мұғалім сұрақтар системасын ойластыруы қажет. Егер арнайы жұмыс жүргізбесе, балалар оқыған материалды сол күйінше қабылдайтын болады.

Арнайы мектеп оқушылары тек анық-бейнелі түрде ғана ойланады. Тіпті жоғары сынып оқушыларының өздері ойлау операцияларын дұрыс іске асырмайды. Оларға газет, журнал және теледидар хабарларын көріп, оқып түсіну қиынға соғады.

Мүмкіншілігі шектеулі оқушыларды Отантану курсын оқыту арқылы қоғамдық өмірге саналы және белсенді қатысуға, өзіндік жеке өмірге дайындауға да үлкен мүмкіндік береді. Отантану сабағында балалар адамдардың іс-әректіне баға беруге, оқиғаларды талдауға, қарым-қатынас ерекшеліктерін түсінуге үйренеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың жеке тұлғалық қасиеттері де қалыптады, өзіндік ұстанымы мен көзқарасы пайда бола бастайды.

Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу материалын көрнекі материалды, түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Отантану сабағында көбіне мүмкіндігі шектеулі баланы ойлауға итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы ойлану- жеткіншек кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл кезең бойында сақталады.

Мүмкіндігі шектеулі баланың бұрын қалыптасқан операциялары тарихи оқиғаларды талдау нәтижесінде формальды-логикалық операцияға айналады. Соңғы сыныптарда интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоюға үйренеді. Отантану сабағын өту барысында оқушы проблеманы шешуде түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады, классификация, аналогия, жалпылау сияқты операциялары дамиды. Қабылдаудың және естің интеллектуалдылығы жетіле түседі.

Отантану сабағының негізгі дамыту факторы - мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік белсенділігін арттыруға үлесін қосады, өмірге деген әртүрлі көзқарас қалыптасатырады, осы кезеңде әр адамға тән адамгершілік және әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт беріледі. Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі құндылықтар көзқарастары қалыптасады.

Білім көлемі, тереңдігі мүмкіндігі шектеулі баланы бағалаудың негізгі критерийіне айналады. Сондықтан да білімді толықтыруға жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер жасалынады.