- •2 Тақырып. Арнайы мектепте тарих курсының құрылымы, мазмұны
- •3 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларының тарихи білімді меңгеру ерекшелігі
- •4 Тақырып. Арнайы меткептегі Отантану сабағы
- •5 Тақырып. Мұғалімнің Отантану курсына және оның жеке сабақтарына дайындалуы
- •6 Тақырып. Арнайы мектепте Отантануды оқытудың тәсілдері
- •7 Тақырып. Арнайы мектеп оқушыларында тарихи уақыт ішінде бағыттау біліктілігін қалыптастыру
- •8 Тақырып. Арнаулы мектеп оқушыларын тарихи тұлғаларды ажырата білу біліктілігін қалыптастыру
- •9 Тақырып. Арнайы мектептің жоғарғы сыныптарында тарихи түсініктерді қалыптастыру процесінде сюжетті картиналарды пайдаланудың маңызы.
- •10 Тақырып. Арнайы мектептегі тарих сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыс
Отантануды оқутудың арнаулы әдістемесі
ДӘРІС МАЗМҰНЫ
1 тақырып. Арнайы мектепте Отантануды оқытудың
мақсат-міндеттері, мазмұны.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, оның азаматтарын тәрбиелеуде, Отанның нағыз патриот қорғаушыларын қалыптастыруда тарих сабағының мәні, атқаратын ролі үлкен.
Көп уақыт бойы жалпы білім беретін мектептерде туған жердің тарихын оқытуға аса көп көңіл бөлінбейтін, ал арнайы мектептің оқу бағдарламасында бұл пәнге бірде бір сағат бөлінбеген болатын.
Арнайы мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері тарих курсын жүйелі түрде меңгеруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан арнаулы мектептің тарих оқулығын негізін «Қазақстан тарихы мен мәдениетінен» эпизодты әңгімелер құрайды.
Эпизодты әңгімелерді оқыту процессінде келесі
міндеттер шешіледі:
-оқушыларды біздің Отанымыздың тарихының ең маңызды оқиғаларымен құбылыстарымен таныстыру.
-оқушыларда интернационализм рухын тәрбиелеу, материалистік көз-қарастың негізін қалыптастыру
-оқушыларда басқа да гуманитарлық курсты оқуға қажет болатын біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру.
Арнайы мектепте Отантануды оқытудың мақсаты: оқушыларды біздің Отанымыздың ең маңызды оқиғаларымен және мемлекетіміздің қазіргі әлеуметтік-саяси өмірімен таныстыру.
Оқушыларға еңбекке деген сүйіспеншілік, патриотизм, интериационализм, құқықтық тәрбие беру өте маңызды.
Сонымен бірге оқушыларда заңға деген құрмет, әлеуметтік тәртіп ережелерін, нормаларын сақтауға баулу да өте қажет. Осы мәселені шешу «Біздің мемлекетіміз - Қазақстан республикасы», «Қазақстан республикасының азаматтарының құқықтары мен міндеттері» деген бөлімде қарастырылған.
Қазақстан тарихы курсын оқыту мұғалімнен белгілі бір жүйемен жұмыс істеуді, арнайы әдістемелік тәсілдері қолдануды талап етеді. Сонымен бірге өлкетану мұражайларына экскурссия ұйымдастыруды, қосымша тарихи көркем әдебиеттерді, ғылыми-танымал және мерзімді баспаларды оқуды қажет етеді. Қазақстан тарихы сабағы ана тілі, «Отантану», қазақ тілі, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттау сабағымен тығыз байланыста болу керек. Қазақстан тарихы- өте бай тарихтың бірі.
Қазақстан тарихын оқыта отырып келесі міндеттерді шешу керек:
Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Адамның жан-жақты және жарасымды дамуы.
Арнайы мектепте Отантану курсының міндеттері – тарихты оқыту процесінің заңдылықтарын зерттеу, дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу, дамыту, түзету, білім беру.
Отантану курсының тәрбиелік міндеті:
а) азаматтық тәрбиелеу - әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, өз көзқарасын ұстауға қоғамдық өмірге қатысу қабілетін, өз отанына жауапкершілікпен қарау сезіміне тәрбиелеу.
б) патриоттық тәрбиелеу - өз отанына сүйіспеншілігін тәрбиелеу, әртүрлі ұлттардың халықтарын құрметтеу қатынасына тәрбиелеу.
в) эстетикалық тәрбие – табиғаттағы, адам өміріндегі әдемілікті көруге, эстетикалық көзқарастарға баға беруге тәрбиелеу.
г) адамгершілікке тәрбиелеу – ерлік, күштілік, мейірімділік, ар – намыс.
ғ) еңбекке тәрбиелеу – адамның еңбегін бағалау, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
д) экологиялық тәрбие – қоршаған ортаны қорғау, аялау. Табиғаттың байлықтарын сақтауға үйрету.
ж) құқықтық тәрбиелеу – заңдарға құрметпен қарау, рәміздерді білу, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Түзету – дамыту міндеттеріне:
таным әрекеттерін дамыту
ойлауын дамыту
тілін дамыту, түзету
эмоционалды ерік – жігерін дамыту, түзету.
Отантану пәнінің мазмұны.
№ 8 түрдегі арнайы мектептің оқу жоспары бойынша тарих пәні 8-9 сыныптарда аптасына 2 рет өткізіледі (1 жылда 68 сағат). Арнайы мектепте дүниежүзілік тарих оқытылмайды. Тарих сабағында 9 сыныптың екінші жартысында (32 сағат) құқықтық білім беріледі.
Арнайы мектеп оқушыларының кез – келген таным әрекеттерінің дамуында қалыпты балалармен салыстырған ауытқушылықтар кездеседі. Сондықтан да сабақ барысында көптеген қиыншылықтар кездеседі. Білімді меңгере алмайды толығымен. Жинақтау, жалпылаулары нашар, оқығандарын толық түсіне алмайды.
2002 жылы арнайы мектепке арналған тарих пәнін оқытудың жаңа бағдарламасы басылып шықты. Онда Отантану оқыту пәні мынандай мақсаттарды шешеді:
тарихты оқыту процесінің заңдылықтарын зерттеу
дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу, дамыту
білім беру.
2 Тақырып. Арнайы мектепте тарих курсының құрылымы, мазмұны
Отантану курсын дамыту мынандай компоненттерден тұрады:
1. Оқытудың мазмұны
2. Мақсаты
3. Білім беру
4. Оқушының әрекеті
5. Оқытудың нәтижесі
Оқытудың мазмұны бұл оқу процесінің керекті компоненті. Отантануды оқытуды ұйымдастыру оның мақсатына, мазмұнына оқушылардың жас ерекшеліктеріне, таным мүмкіншіліктеріне қарай құрылады.
Отантану курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері
Қазақстан тарихы сабағының мазмұны мен құрылысы жағынан әртүрлі болуы мүмкін. Жүргізілген зерттеу жұмыстары мен озат тәжірибиеге сүйене отырып, оның сабақтарының формасы жағынан 3 топқа бөлуге болады және оларды шартты түрде арнайы сабақтар, аралас сабақтар, қайталау сабақтары дейді.
Бірінші топқа (арнайы сабақ) толығынан Қазақстан тарихы материалдарын оқытуға арналады.
Қазақстан тарихы материалдарын түгел дерлік арнайы сабақтарда өтуге мүмкіндік болмайтындықтан оқу бағдарламасы кейбір ұқсас материалдарды сабақтарда қосып өтуді ұсынады. Сабақ-оқытуды ұйымдастыру формасы ғана емес, сонымен қатар белгілі уақыт мөлшерімен шектелген бүкіл оқу-тәрбие процесінің құрамды бір бөлігі. Барлық сабақтарға қойылатын талаптар Қазақстан тарихы пәніне де қойылады: оқушыға берік ғылыми білім беру; жан-жақты дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
1. Ғылыми-теориялық дәрежесіне қойылатын талаптар
1. ғылыми-теориялық және саяси-идеялық дәрежесі (мазмұндылығы, түсініктілігі, эмоциялылығы, тартымдылығы т.б.);
2. айтылған тарихы фактілердің дәлдігі, дұрыстығы;
3.оқиғалардың, құбылыстардың толық талдануы және жасалған қорытындылардың, берілген бағалардың дұрыстығы;
4. мұғалім әңгімесінің жүйелілігі, логикалық байланыстығы; негізгі мәселелердің бөлініп ажыратылып көрсетілуі;
5. әңгіменің толықтығы;
6. мұғалімнің баяндауына оқушылардың қатысуы.
2. Сабақтың әдістемелік дәрежесіне қойылатын талаптар:
1. сабақтың айқын мақсатылығы;
2. сабақтың жеке буындарының сипаты (тапсырманы сұрау, жаңа материалды оқып үйренуге әзірлеу және оны түсіндіру, пысқтау, үй тапсырмасы т.б.);
3. тарихи образдармен, ұғымдармен, терминдермен жұмыс;
4. қайталау;
5. салыстыру, қазіргі кезеңмен байланыстыру;
6. оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндігін жүзеге асыру;
7. картамен жұмыс;
8. иллюстрациямен жұмыс;
9. түрлі деректер пайдалану (класиктердің шығармалары, тарихи құжаттар т.б.);
10. хронологияны меңгерту;
11. оқушылардың өздігінен атқарған жұмыстары
(олардың сипаты, оқушының жалпы дамуына, таным қызметі мен ойлау қабілетінің дамуына, дағдылары мен шеберлікті қалыптастыруға жасаған ықпалы);
12. оқулықпен жұмыс; көркем әдебиетті пайдалану;
13. жергілікті өлке материалын пайдалану;
14. техникалық құралдарды қолдану;
15. пән аралық байланысты жүзеге асыру;
16. түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды ұштастыру;
17. бүкіл сыныппен, белгілі бір топпен және жеке оқушылармен жұмыс жүргізу формаларын қолдану;
18. жаңа материалды оқып үйренуге оқушының өздерін қатыстыру;
19. дағдылар мен шеберлікті қалыптастыру.
3.Оқушының білімі мен даму дәрежесіне қойылатын талаптар
1.тарихи білімдердің көлемі, дайындығы мен даму дәрежесі;
2. оқушылардың мінез-құлқы;
3. сабаққа қызығу дәрежесі;
4. белсенділігі;
5. оқушылардың жаңа материалды меңгеруі, білімдерінің тиянақтылық дәрежесі;
4. Мұғалімнің мінез құлқына қойлатын талаптар
1.мұғалімнің оқушыларды білуі;
2.сынып оқушыларымен тығыз байланыс жасай білуі, сыныпты меңгеруі, онда тәртіпті ұстауы; оқу процесіне жұмылдыра алуы.
3. өзін еркін ұстайтындығы;
4. дауыс ырғағын, қимылды, мимиканы орынды қолдана білуі;
5. мұғалімнің сыныпта жүріп-тұруы;
6. мұғалімнің сыртқы бейнесі.
