Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАЛПЫ ГЕОМОРФОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.74 Mб
Скачать

Материктердің ірі бедер пішіндері

Жер планетасының қойнауында ерекше геологиялық құрылыстарымен сипатталатын өте ірі құрылымдық элементті материк деп атайды. Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалык- химиялық және гравитациялық бөлшектенуінің нәтижесінде қалыптасқан материктер күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы іспетті. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі-ірі геологиялық құрылымдар болмысы басты-басты екі түрге, яғни платформаларға және геосинклиндерге бөлінеді.

Құрылысы әр түрлі платформалар мен геосинклиндік аймақтардың дамуы, жер бедерінің түпкілікті айырмашылығын анықтайды және материктер аумағындағы морфоқұрылымдардың екі негізгі типін, яғни платформалық және геосинклиндік типтерін даралауға мүмкіндік береді. Платформалық және геосинклиндік аймақтар геологиялық құрылысы, дамуы, жасы және тектоникалық белсенділігі жағынан әр түрлі болады. Мұндай айырмашылықтар олардың әр реттегі морфоқұрылымдарының типтерінде өз көріністерін табады.

Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)

Платформалар - біршама салғырт тектоникалық режимімен сипатталатын материктік өңірдің басты құрылымдық элементтерінің бірі. Мұнда вулканизм құбылыстары жоқ, сондықтан оларды шамалы сейсмикалық эрекеттілігімен ерекшеленетін аймақтар, үстірттер, қырқалар, денудациялық жазықтар, қыраттар мен Балтық жэне Сары Теңіз типтес қайранды теңіздер алып жатыр.

Жоғарыда айтылғандай, материктік платформалардың жасы әр түрлі болады. Мәселен, кембрийге дейінгі Сібір платформасының солтүстік-шығыс бөлігін жиектеген таулы белдем мезозой кезінде ғана платформа болып қалыптасқан. Бұдан бұрын бұл платформалы өлкелер қарқынды эндогендік процестер орын тепкен, яғни белсенді тау түзілу процестерінің аймақтары болатын.

Кейбір материктік платформалар аумағындағы қалқандар (щиты) дамыған өлкелерде ежелгі қатпарланған құрылыстардың қалдығы ретінде "қалдық таулар" сақталған. Сонымен қатар ұзақ уақыт тектоникалық тыныштықта болған ежелгі платформалардың кейбір бөліктері неотектоникалық кезевде неодеформацияларға ұшырап, олардың орнында жаңарған таулар, яғни эпиплатформалық таулар пайда болған.

Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.

Кембрийге дейінгі ежелгі платформаларға Оңтүстік Америка, Африка - Арабия, Үндістан, Австралия, Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Қытай, Оқтүстік Қытай платформалары жатады. Егер бұл айтылған платформаларды планда тектоникалық және гипсометрлік карталармен салыстырсақ, онда материктердің біршама бірдей тегіс келген, төмен түскен немесе сәл көтеріңкі келген алқаптары осы платформаларға сәйкес келеді. Бірақ бедердің сипаты бр кеңістіктерде бірдей болып келмейді.

Платформа өңірінде жер бетіне катпарланған және метаморфталынған түрінде көрініс беретін іргетастық бөлігін қалқандар деп атайды. Олар платформаның едәуір бөлігін алып жатады да, бедердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ал олардың платформалық тыспен көмкерілген тұстарын тақталар (плиталар) деп атайды. Бұлар қалқандарға қарсы мағынада қолданылады. Қалқандар мен тақталардан басқа ежелгі плаформалардың маңызды құрылымды элементтерінің біріне антеклиздер мен синеклиздерді жатқызуға болады.

7-дәріс. Экзогендік процестер және бедер.

7.1. Экзогендік процестер және бедер.

4.2. Бедер және климат