- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
Жер сілкінуі деп жер қойнауының потенциалдық энергияларының кездейсоқ, кенеттен босанып шығуын және қазіргі тектоника процестерге байланысты жер бетінің тербелуін, жойқын шайқалуын атайды. Тектоникалық процестерге байланысты қуатты кернеулер жердің астында оңдаған, жүздеген жылдар бойы жиналады. Сол қуаттардың босап шығуы, жер сілкіну ошақтарындағы тау жыныстарының тектоникалық бұзылысына және ошақтар маңындағы қайтымды деформацияларға байланысты. Қайтымды деформациялар серпінді тербелу күйінде тарайды. Сөйтіп жердің терендіктерінде үнемі кернеулер жиналып, олар тау жыныстарының беріктік шегіне жеткен кезде жарылу пайда болады, потенциалды қуат (энергия) кинетикалық қуатқа ауысып, кернеулер бәсеңдейді, ал жер қойнауынан босаған қуат серпінді толқындар түрінде тектоникалық жарылымдар бойымен жер сілкініс ошақтарынан жан-жаққа тарап, жер бетіне дейін жетіп, жерасты дүмпуі немесе жер бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Негізгі жерасты дүмпуімен қатар, алдын ала дүмпулер - форшоктар және кейінгі - афтершоктар дүмпулер болады. Осылайша, әрбір жер сілкінісі серпінді энергиялардың босануынан пайда болады. Бұл жағдайда бір-біріне қатысты жер қыртысының блоктары жыртылу жігі бойымен бірден ауысады. Ал серпінді толқындар бойлық (Р), көлденең (S) және үстіңгі (L) толқыңцарға бөлінеді.
1556 ж. қаңтардың 23 күні Шэньси өлкесінде Хуасянь жойқын жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Сиань қаласының шығысында 70 километр қашықтықта лесс топырағы кең тараған жерде болды. Қытай құжаттарында сол жер сілкінісі салдарынан шамамен 830 мың адам құрбан болды деп жазылған. Кейде жер сілкінісі әсерінен жер бетінде ерекше бедер пішіндері пайда болады. 1887 ж. Мексиканың солтүстігінде тектоникалық лықсу нәтижесінде биіктігі 7 м-ге жететін төбешік тізбектері қалыптасты, ал Индиядағы Ассам жер сілкінісі кезінде теңіздің бетінде жаңа аралдар пайда болып, олардың біреуінің ұзындығы 150 метрге, ал ені 25 метрге жеткен.
Кейбір жерлерде жер сілкінісінен түзілген жарықтар жігінен су көтеріліп, олар жер бетіне құм мен саз үйінділерін қалыптастырған. Соның нәтижесінде биіктігі 1-1,5 метрлік үйме сазды конус тізбектері түзілген. Сонымен қатар жер бетінде иілім тәрізді деформациялар да болады. 1892 ж. Жапонияда жер сілкінген уақытта жердің бетінде биіктігі 30 см, ұзындығы 3-10 метрге жететін белестер пайда болған.
Жер сілкіну әсерінен қоздырылған кейбір табиғат құбылыстары өте маңызды бедер түзілу ролін атқарады. Жерасты қатты тербелістерінің әсерінен тауларда құламалы тік жарлар, өзен жэне теңіз жағаларындағы опырылмалар, сусымалы түзілімдер, ал ылғалды жерлерде - жылжымалар және топырақ қалқымалары қалыптасады. Осы сияқты Тәжікстандағы (1949 ж.) Хант ауылының маңында жер сілкіну нәтижесінде ірі опырылмалар мен сусымалы тас шөгінділері пайда болды, ал ауыл тұррғындарының үйлері түгелімен дерлік көшкіннің астында қалған. Аса үлкен опырылмалы құбылыс 1911 жылғы Памирдегі жерсілкінісі кезінде болды. Опырылған тау жыныстары Мургаб өзенінің аңғарына қопарыла құлап, ені шамамен 5 километрге, биіктігі 600 метрге жететін бөгет құрды. Осының салдарынан ұзындығы 60 км, терендігі 500 м Сарез көлі пайда болған.
6-дәріс. Материктердің ірі бедер пішіндері
6.1. Материктердің ірі бедер пішіндері
6.2. ҚҰрлықтық платформаларының ірі бедер пішіндері (мегапішіндер)
6.3. Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері
