Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАЛПЫ ГЕОМОРФОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.74 Mб
Скачать

Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер

Магматизм жер бедерінің құрылуында маңызды және әр түрлі рөл атқарады. Магма өзінің жер қойнауынан көтеріліп шығуы, суып қатаюы жағдайларына қарай интрузиялық және эффузиялық тау жыныстарына бөлінеді. Интрузиялық тау жыныстары - магманың жер бетіне шығып үлгермеген жер қыртысы қабаттарына еніп, кристалданған магма есебінен қалыптасқан тау жыныстары. Жердің ішкі қабатында қатқан магма баяу суиды да, оның толық кристалдануына жағдай туады. Бұған гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т.б. жатады. Бұлар жер қыртысыңда түрлі пішінді интрузиялық шоғырларды (батолитгер, лакколиттер т.б.) құрайды.

Батолиттер негізінен гранитоидтерден тұратын, қатпарлы құрылымдар өңірінде біршама жиі ұшырасатын, ауқымы жүздеген км2-ге жететін интрузиялық шоғырлар. Бұлар жер қойнауларында суынып кристалдануы нэтижесінде қалыптасып, кейіннен олардың үстіндегі тау жыныстары қабаттарының денудациясы нэтижесінде ашылып, сыртқы күштердің әсеріне төзімділеу болғандықтан, жер бетінде қоршаған ортадан анық дараланатын тау жотасы түрінде көрініс береді. Ірі граниттік батолиттерге мысал ретінде Зеравшан жоталарының батыс жағындағы массиві Кавказдағы Конгур-Алагез жотасының жэне Солтүстік Америка Сьерра Невададағы жоталардың сілемдері жатады.

Лакколиттер - саңырауқұлақ пішінді, үсті күмбез тәріздес, асты тегіс магма шоғырлары. Магма сиыстыру қабаттары арасына жарып кірген кезде кейінгілер күмпиіп жоғары көтеріледі де, сонда пайда болған қуысқа кептеледі. Сөйтіп, мұндай интрузия кіріккен тау жыныстары қабаттарымен үйлесімді жатқан үстіндегі шөгінді тау жыныстары экзогендік процестер әсерінен шайылып кетсе, лаколиттер жердің бетінде түрлі пішін құрайды. Әдетте, лакколиттер жеке-дара немесе тобымен кездеседі де, күмбез тәрізді кішігірім қыраттарды түзеді. Солтүстік Кавказдағы Минеральные воды каласының жанындағы лакколиттер - Бестау, Тақыр, Темір, Жыланды және басқа таулар баршаға аян. Сонымен қатар Қырымда да жер бетінде ерекшеленген лакколиттер бар (Аюдаг, Кастель тауы).

Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері

Интрузиялық магматизмнен басқа эффузиялық магматизм немесе вулканизм жер бетінде жиі кездеседі және ерекше көрініс береді. Эффузиялық тау жыныстары - жанартау өңешінен немесе жер қыртысындағы тектоникалық жарылымдарды бойлап жер бетіне шығып төгілген магманың суып қатаюы есебінен пайда болған тау жыныстары.

Эффузиялық магматизм (вулканизм) - арнайы жанартаутану (вулкано-логия) деген геология ғылымының зерттеу нысаны. Бірақ бірқатар жанар-таулар құбылыстарының геоморфологияға тікелей қатынасы бар. Жанартау каналдарының жер бетінде шығу мұржасына орай олар кеңістікті, жарықшақты және орталықты деп үш түрге бөлінеді. Жанартаулардың кеңістікте атқылаулары ауқымы жағынан кең таралған лавалық үстірттерді (платоларды) құрайды. Оларға Британиялық Колумбы жэне Индияның Декан лавалық үстірттері жатады.

Жанартау өнімдерінің жер бетінде көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау төрт морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Олар: экструзиялық, эксплозиялық, эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялық түрлер.

5-дәріс. Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі

5.1. Жер сілкіністері туралы жалпы түсінік

5.2. Бедер түзілуіндегі жер сілкіністерінің рөлі

5.3. Жарылым зоналары