Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАЛПЫ ГЕОМОРФОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.74 Mб
Скачать

Эндогендік процестер және бедер

Жердің беті ешқашан тыныштық қалпында болмайды. Жер бетінің бір бөлігі баяу көтеріледі де, басқа бөлігі баяулап ойысып, төмен түседі, ал үшінші жерде қарқынды қатпарлы процестер жүріп жатады. Тектоникалық қозғалыстардың негізгі қайнар көздері - жер айналуының механикалық энергиясы, радиактивтік заттардың ыдырауы, гравитациялык (ауырлық күші) энергия және жер қойнауындағы жылу ағындары мен әр түрлі физикалық-химиялық процестердің қуаты.

Осы аталған табиғи күштердің әрекетінен таулар құрылуы, жанартау атқылауы және жер сілкіну процестері бастау алады.

Жер қыртысының көтеріле дамуы кезінде ірі континенттік массивтер құралады,ал майысып төмен түскен кезінде мұхит және теңіз қазаншұңқырлары түзіледі.Құрлықтың төмендеуінен трансгрессия(теңіздер мен мұхиттар аймағының ұлғаюы),ал көтеріле дамуына байланысты регрессия(құрлық аймағының ұлғаюы) және теңіздердің кейін шегіну құбылыстары туындайды.Өзендердің,көлдердің және теңіздердің терраса кешендерінің пайда болуы жер қыртысының тербелмелі тектоникалық қозғалыстарына байланысты.

Физикалық үгілу қарқындылығына тау жыныстарының жылу сыйымдылық пен жылуөткізгіштік қасиеттері елеулі әсер етеді:жылусыйымдылық төмен болған сайын көрші тау жыныстары бөлікшелерінің қызу мен салқындау кезіндегі температураның айырмашылығы едәуір болғандықтан,олардың тез бұзылуна әкеп соқтырады.Тау жыныстарының суөткізгіштік қасиеттері де айтарлықтай морфологиялық роль атқарады.Әдетте,су өткізгіш тау жыныстары жаңбыр және еріген сулардың жер астына сіңуіне қолайлы жағдай жасайды.Соның нәтижесінде су өткізгіш тау жыныстары кең тараған аймақтарда эрозиялық пішіндер көптеп дамуына жағдай жасайды.Тау жыныстарының суөткізгіштік қасиеті олардың құрамына,нақты айтқанда,қатаю дәрежесіне(құмдар,малтатастар),кеуектілігіне(әктас,доломи тау жыныстармен) байланысты.

Тау жыныстарының ерігіштік қасиетінің де зор морфологиялық мағынасы бар.Жеңіл немесе салыстырмалы жеңіл еритін тау жыныстары қатарына ас тұзы,гипс,әктастар,доломиттер жатады.Бұл тау жыныстарының кең таралған жерлерінде карст процестеріне байланысты ерекше карстық бедер пішіндері түзіледі

Сөйтіп, эндогендік процестер түрлі тектоникалық қозғалыстарға және сонымен қатысты жер қыртысының деформациясына тікелей байланысты. Олар - жер сілкінудің, эффузиялық және интрузиялық магматизмнің және гидротермалды ерітінділер қозғалысының басты себептері. Эндогендік процестер жер қыртысы қалыптасуының және жер қойнауындағы заттардың бөлініп жекеленуінің негізі болып табылады. Бұл процестер экзогендік процестермен қосарлана әсер етуі нәтижесінде түрлі бедер пішіндерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызып қана қоймай, көп жағдайда экзогендік процестердін қарқынын және сипатын белгілейді. Бұның барлығы эндогендік процестердің бедер түзілудегі ерекше ролін көрсетеді.

3-дәріс. Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі

3.1. Неотектоникалық қозғалыстар

3.2. Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі

Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі

Тектоникалық құрылымдар мен бедер пішіндерінің қалыптасуын қамтамасыз еткен, неоген-төрттік кезенде етек алған тектоникалық қозғалыстарды неотектоникалық қозғалыстар деп атайды. Неотектоникалық қозғалыстар -қазіргі кезде бедердің құрылуына ең басты себепкер. Бұл жердің дамуындағы ең соңғы кезеңі, яғни неоген-төрттік кезеңде орын алған қозғалыстар. Осыны дәлелдеу үшін ТМД елінің гипсометриялық картасы мен неотектоникалық қозғалыстар картасын салыстыруға болады (О.Леонтьев, Г.Рычагов 1981). Осы карталарда оң бағыттағы баяу тік тектоникалық қозғалыстар аймақтарына жер бедерінде жұқа кабатты төрттік шөгінділермен қапталған кең жазықтар, үстірттер сәйкес келеді. Бұған Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Үстірт, Орталық Сібір тау қыраты жатады. Қарқынды тектоникалык төмен түскен аймақтарға неоген-төртгік кезеңнің қалың қабаттармен шоғырланган ойпатты жазықтар сай келеді, мысалы, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпатының көп бөлігі, Батыс Сібір жазығының солтүстік бөлігі, Колыма ойпаты. Ал қарқынды, көбінесе оң бағыттағы тектоникалық қозғалыстар аймақтарына биік таулы өлкелер сэйкес келеді. Бұған Гималай, Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Байкал маңындағы таулар. Копетдаг, Карпат таулары және т.б. жатады.

Сөйтіп неотектоыикалық қозғалыстар әсерінен ең алдымен жер қыртысының топографиялық беті өзгеріп, деформацияға ұшырайды және әр түрлі оң және теріс бедер пішіндері қалылтасады. Жердің топографиялық бетінің өзгерілуі арқылы тектоникалық қозғалыстар ондағы шайылу және шоғырлану аймақтарын белгілеп жэне соның салдары есебінде жер бетінде денудациялық және аккумуляциялық аймақтарының орналасуын алдын ала анықтап береді. Неотектоникалық қозғалыстардың жылдамдығы және амплитудасы экзогендік процестердің қарқынына елеулі әсер етіп, бедер пішіндерінің морфологиясы мен морфометриясына көрініс береді.

Геологиялық құрылымдардың жер бетінде көрініс беруі неотектоникалық қозғалыстардың сипаттамасына, олардың әрекеттілігіне, тау жыныстарының литологиялық құрамына және нақты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты. Кейбір құрылымдар жер бетінде тура, яғни қаз-қалпында көрініс берсе, екінші өңірлерде айналмалы бедер пішівдері қалыптасады, ал үшінші жағдайда жер бетінде әр түрлі өтпелі бедер пішіндері, яғни қаз-қалпында көрініс берген пішіндерден айналмалы бедер пішіндеріне дейін кездестіруге болады. Жер бедер мен геологиялық құрылымдардың өзара байланысы әр түрлі болуы, әдетте, шағын құрылымдарға ғана тиесілі, ал ірі құрылымдар жер бетінде көбінесе қаз-қалпында көрініс береді.

Жер бетіндегі эндогендік және экзогендік процестердің өзара қатынасы нэтижесінде басты рөльді эндогендік процестер атқарған жағдайдағы пішіндерді морфоқұрылым (морфоструктура) деп атайды. Осы түсінікті алғашқы рет И.П.Герасимов енгізген. Бірқатар зерттеушілер морфо-құры-лымдар тек қана қарқынды, яғни активті геологиялық құрылымдарды құрайды, ал қашалған (отпрепарированные) пассивті құрылымдарды литомор-фоқұрылымдар деп атайды.

4-дәріс. Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы

4.1. Интрузиялық магматизм және бедер

4.2. Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері

4.3. Жанартаулардың жер бетінде таралуы