- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
Өздік жұмыстар студенттердің теориялық білімдерін бекітіп, кәсіби біліктілігін қалыптастыруда ерекше орын алады.Тапсырмалар жүйесін бірнеше тармақшаларға бөліп беру арқылы туындаған өзекті мәселелерді өз беттерімен шешу арқылы танымдық қарқындылықтарын бекітіп, өз беттерімен ізденуге дағдыландырады.Өздік жұмыс барысында студенттер дүниежүзі елдерінің топтасуының өзіндік белгілерін, құрлықтардағы елдердің аймақтық жіктелуі мен олардың даму деңгейлерін анықтай отырып, дүниежүзі елдерінің өнеркәсібін, шаруашылығын, халқын, даму болашағын әр түрлі әдебиет көздерін пайдалана отырып,өз беттерінше анықтай алады.Өздік жұмысты орындату тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін анықтап, пайдаланылатын әдебиеттер мен құрал-жабдықтарды көрсетіп, әдістемелік нұсқаулар беруден басталады.
Геоморфология пәнінен өткізілетін өздік жұмыстарда картаны оқып түсіну құралы ғана емес, білім көзі ретінде қолдану үшін көлденең қима-сызбалар, топографиялық карталар,жер бедерінің қалыптасуы мен түзілу жолдары, бедерждің формалары мен өзгеру заңдылықтарын,геоморфологиялық зерттеу әдістері мен геоморфологиялық карта құрастыру әдістерін,қазіргі кездегі геоморфологиялық –антропогендік процестердің дамуы мен олардан сақтану жолдарын қарастырады.
Өздік сабақтың мақсаты:
1. Студенттердің өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру;
2. Студенттің топта өз ойын ашық білдіру, материалды талдау және талқылау дағдысын қалыптастыру;
3. Студенттердің курсты толық меңгеріп, жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету;
4.Жалпы геоморфология пәніне қажетті материалдарды талдау әдістерін пайдалануға машықтандыру,
5. Арнайы үлестірме материалдарды және бақылау құралдарын пайдалану арқылы студенттердің ой-өрісін дамыту.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырмамен жұмыс істеу барысында студенттер мыналарға баса назар аударуы тиіс:
1. Тапсырманың ауқымды және қандай сұрақтар берілгеніне;
2.Тапсырманы орындау үшін қандай әдістерді пайдалануы қажеттігіне;
3. Берілген материалды жүйелеу және талдау жасау арқылы негізгі ұғымдарды анықтауға;
4. Тапсырманы орындау немесе пікірталас барысында өзінің нақты тұжырымдарын алға тартуға;
5. Бақылау құралдарының сұрақтарына жауап беруде негізгі қай материалға қатысты екенін анықтауға.
Дәрістердің мазмұны
1-дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.
1.Геоморфология ғылымының даму тарихы.
2. Геоморфологияның зерттеу нысаны.
3.Бедер туралы ұғым.Бедердің пішіндері мен элементтері және оның морфографиясы мен морфометриясы.
Геоморфология(гр.ge-жер,morphe-пішін,logos-білу,тану)-бедердің құрылысын,жаралуын,даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым.Демек,геоморфология зертеуінің негізгі нысаны-бедер (француз тілінде relief-дөңестілік)-құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы.Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді.Эндогендік процестерге тау жаралу,жер сілкіну,жанартау әрекеті,тектоникалық құбылыстар т.б.жатады.Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады;бұған тау жыныстарының үгілуі,жел,ағынды су,мұздық,су толқыны,адам әрекетінің әсері жатады.Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын,қасиетін және оларға әсер ететін прцестерді анық білу қажет.
Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір тұсы көтеріліп,тау мен қыраттар түзіледі,ал екінші тұсында төмен майысып,оипаттар пайда болады.Экзогендік күштер тауды бұзады,ойпатты жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді.Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде,әр қарқында ұдайы болып жатады.Нәтижесінде,осы екі күштердің өзара қатынасы әсерінен жер бетінде пайда болған қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз.Бедер пішіндерінің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше,төмендей дамуы)-мұның бәрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты.Геоморфологияның гегізгі ұстанымдарының бірі-бедердің географиялық құрам бөліктерінің бірі бола тұра,бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы,ол өзі ғана өзгеріп қоймай,жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді.Жер қыртысы,атмосфера,гидросфера,биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан,геоморфология геология,геоботаника,гляциология,топырақтану ғылымдармен тығыз байланысты.
Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде биосфера деген түсініккең таралған,Биосфераны жердің бүкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады,Бұл қабат атмосфераның төменгі 10-12км бөлігін (тропосфераны) гидросфераны жер бетін және литосфераның беткі қабатын қамтиды,Осы қабатты қамтитын тірі және өлі организмдер бедер қалыптасуында тікелей ерекше биогендік бедер пішіндері және геологиялық шоғырларды түзедінемесе жанама түрдетау жыныстарының химиялық,физикалық қасиеттеріне және планетамыздыңауа,су қабаттарыныңөзгеруіне әсерін тигізеді,
Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздеи отырып,бедер ұғымын қосымша анықтауға болады,Геоморфологиялық зерттеулердің нысаны бола тұра,бедер планетамыздың жер қыртысы,су,ауа және биологиялық қабаттарының күрделі сипаттарыөзара қарым-қатнастары нәтижесінде пайда болған,Жер құрылысында бедер туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі:жер шарының әр қабаттарын бөле тұра,ол,сонымен қатар,жердің беті,литосфера,атмосфера,гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен өзара әрекеттесетін ортасы,
Бедер,географиялық ландшафтың және географиялықорт аның негізгі бөліктерінің бірі,Сондықтан бедер географиялық ортаның өзге құрам-бөліктерімен бірге зерттелуі тиіс,Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялдық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді,
2-дәріс. Эндогендік процестер және бедер
2.1. Эндогендік процестер және бедер
2.2. Бедер және тау жыныстары
2.3. Бедер және геологиялық құрылымдар
