- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
ОСӨЖ теориялық білімді бекітіп студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруда ерекше орын алады.
Сабақ барысында студенттер дәрістер мен оқулықтың мәтініндегі дерек көздерін карта мен иллюстрациялық материалдармен салыстыра отырып бір-бірімен тығыз байланысты тапсырмалар жүйесін бірнеше тармақтарға бөліп беру туындаған өзекті мәселені өз беттерімен шешу танымдық қарқындылықтарын арттырып, ой өрістерін кеңейтеді.
Дәріс барысында алған теориялық білімдерін бекітіп өз беттерімен ізденуге дағдыландыру үшін практикалық сабақ барысында берілетін тапсырмалар жүйесі таныс және таныс емес оқу жағдайларында орындалатын репродуктивтік, шығармашылық немесе өзекті тапсырмалар берілуі тиіс.
ОСӨЖ-ді барысында студенттер жер бедерінің түзілу себептерін,эндогендік және экзогендік прцестердің бедер түзілудегі орнын,бедер элементтерін,материктік қозғалмалы белдеулердің ірі пішіндерін,геоморфологиялық зерттеу әдістерін,геоморфологиялық карта құрастырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау көзделген.
Өздік жұмысты орындату тақырыбын, мақсатымен міндеттерін анықтап, анықтап пайдаланатын әдебиеттер мен құрал-жабдықтарды көрсетіп, әдістемелік нұсқаулар беруден басталады.
ОСӨЖ барысында белгіленген жоспар бойынша белгілі бір геоморфлогиялық нысанға сипаттама беріліп, кестелер толтырылып математикалық өлшеулер жүргізіледі.
Сабақ соңында жұмысқа талдау жасалып бағаланады.
Геоморфология пәнінен өткізілетін пратикалық сабақтарда картаны оқып түсініп оқыту құралы ғана емес білім көзі ретінде қолдану үшін көлденең қима-сызбалар, диаграммалар тұрғызуға кескін карталар сыздыруға, тақырыптық және жалпы географиялық карталарды бір-бірімен беттестіре отырып құбылыстар мен заңдылықтарға, табиғат зоналары мен белдеулердңң таралу заңдылықтарына әсер ететін факторларды анықтауға баса назар әлеуметтік-экономикалық жне табиғи нысандрмен құбылыстарға кешенді сипаттама беру беру мәселелеріне баса назар аударылады.
ОСӨЖ-ді орындаудың мақсаты:
Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті білім стандартымен типтік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес Елтану пәнінен берілуге тиісті білімнің көлемін толық меңгертіп, кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру;
Түсіндіріп айтып беру немесе көрсету, сипаттау, ұқсастығымен айырмашалықтарын табу, негізгі белгілерін анықтау және болжау сияқты ақыл-ой әрекеттерінің жүйесін қолдана отырып, оқу материалдарының құрылымымен мазмұнына сәйкес негізгі түсініктер мен ұғымдарды заңдылықтармен құбылыстарды толық меңгерту;
Студенттердің қабылдау мүмкіндіктері мен зейіннің ерекшеліктерін ескере отырып, таныс және таныс емес. Оқу жағдайында өзекті және шығармашылық
тапсырмалар бере отырып танымдық қарқындылықтарын арттырып ой-өрістерін кеңейту, дүниетанымдарын қалыптастыру;
Қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып деңгейлік тапсырмалар бере отырып, студенттерді дұрыс шешім қабылдауға, қосымша әдебиеттердегі дерек көздерін тиімді пайдаланып өз бетімен білім алуын ұйымдастыру;
ОСӨЖ-ді өткізу төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
-Жер шарының торлары мен бұрыштамаларына сүйеніп, қажетті географиялық нысандардың координатымен екі нүктенің арақашықтығын анықтауды;
-Картаны, топографиялық планды, Аэрофото суреттерді пайдаланып жергілікті жерде геоморфологиялық карта құрастыруды,бағдарлауды, белгіленген жоспар бойынша қажетті нысанға сипатта бере отырып картаны оқып түіне білуді үйретуді;
-Ұсақ масштабты жалпы географиялық және тақырыптық картаны оқып, оларға талдау жасай білуді;
-Өзеннің ұзындығы, жағалау сызықтары, ареалдардың ауданы тереңдік пен биіктік сияқты нысандардың картометриялық сипаттарын,беткейдің құлау бұрышы мен өзен арнасының тереңдігі мен ұзындық өлшемдерін анықтап картадан құбылыстармен үрдістердің сандық көрсеткіштерін (климатқа сипаттама, халықтық тығыздығы экономикалық-географиялық көрсеткіштер), бағалауды, диаграммалар мен көлденең қима-сызбаларды тұрғызуды үйретуді;
-Картадан аумақтық географиялық құрылысы мен жер бедерінің топырақтың, өсімдіктің және ландшафтының басқа элементтерінің арасындағы бірізді себеп-салдарлы байланыстарды таба отырып антропогендік прцестердің картасын құрастыруды;
-Тақырыптық карталардың көмегімен табиғат факторлармен аумақтық эономикасының ерекшеліктерінің арасындағы байланыстарды анықтауды;
Карта бойынша әртүрлі аумақтардың табиғаты мен әлеуметтік эклномикалық ерекшеліктерімен бір-бірімен айырмашылықтарын картометриялық көрсеткіштердің көмегімен анықтап физикалық және экономикалық-географиялық сипаттама беруге дағдыландыру.
