- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
Жаға - құрлық пен теңіздің шекарасы. Бұл шекара картада сызық арқылы көрінгенімен, шындығында құрлық пен теңіздің өзара қарым-қатынасы эрекетінен пайда болған жағалық белдем.
Жағалық зона өз жағасынан, яғни оның суға дейінгі бөлігі және су түбіндегі жағалық беткейден құрылады. Жағалық белдемінің құрылуы алдьшен теңіз толқындарының әрекетіне, ал толқын ағыстары тектоникалық қозғалыстар мен жағалық зонаның геологиялық құрылысына, онымен бірге теңіз көтерілуі мен оның қайту құбылыстарына байланысты.Жағалық зонаның төменгі жэне жоғарғы шекаралары толқындардың жағамен динамикалық байланысу ықпалымен шектеледі. Оның төменгі шекарасы толқын ұзындығының жартысындай терендікте немесе толқындардың деформация түзілген терендігінен басталады. Ал жоғары жағындағы шекара теңіздің көтерілу
Абразия
Теңіздің киратқыш эрекеті абразия деп аталады. Оның үш түрі бар - механикалық, химиялық және термиялық абразия. Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, көл жағаларының бұзылып үгілуі. Оны толқынның шарпып-шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда жылдамдығы бәсендеп, биіктігі артады да, жағаға асып кері шайма ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда болады. Механикалық абразияның жағалауға түсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м2-ге асатын толқынның гидравликалық соққысы және толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын шомбал кесек тау жыныстары бөлшектерінің соққысынан тұрады. Механикалық абразия теңіз абразиясының негізгі түрі, осыған химиялық жэне термиялық абразиялар қабаттасып қатысады.Химиялық абразия судың химиялық әсері, яғни су бетіндегі және су астындағы жағалық тау жыныстарының еруі нәтижесінде жүзеге асады. Әсіресе жаға жиегі карбонатты тау жыныстарынан құрылса, онда химиялық абразия (карст процестері) қарқынды түрде жүреді.Термиялық абразия - тоң тау жыныстарынан құрылған жағалардың мұзын теңіз суының жылындыруы әсерінен еріп бұзылуы.Тау жыныстарының үгілуіне теңіз хайуанаттары мен өсімдіктері де ықпал етеді.Ал механикалық абразия туралы айтсақ, қатты дауыл кезіңде толқынның күші жағадағы тау жыныстарына орасан зор гидравликалық әсерін тигізеді. Соның нәтижесіңде жағалық зонада салынған құрылыстар көп жағдайда қирап, халық шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Толқын соққысы әсіресе жағадағы құламалы жар қабаққа ықпал етіп, алдымен жарықшақты тау жыныстарын бұзады. Толқынмен ілескен тау жыныстары сынықтарының қиратқыш күші бірнеше есе арта түседі. Содан жар қабақгың етек тұсынан баурай шұңқыр (волноприбойная ниша) түзіледі де, жоғарыдағы құз-жары оның үстінен төніп тұрады. Баурай шұңқыр құрлыққа қарай кеңи келе үстіңгі жар қабақ опырылып құлайды да, қайтадан тік жар - клиф түзіледі (101-сурет). Осы процесс сан рет қайталана келе жар құрлыққа қарай шегіне береді, оның орнында теңізге қарай сәл еңкіш келген тегіс бетті абразиялық терраса бенч қалыптасады.
15-дәріс. Қазіргі кездегі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
15.1. Геоморфологиялық зерттеу әдістері
15.2. Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
