Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖАЛПЫ ГЕОМОРФОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.74 Mб
Скачать

Шөлді аймақтардың бедер пішіндері

Аридты аймақтардағы бедер пішіндері негізінен желдің әрекетінен пайда болады. Желдің әрекетіне байланысты геоморфологиялық процестер мен бедер пішіндерін «эолдық» деп атайды. Эолдық процестердің морфологиялық жағынан көрініс беру үшін мынадай физикалық-географиялық және геологиялық жағдайлардың белгілі түрде үйлесуі: жауын-шашынның өте аз болуы, қатты желдердің жиі болуы, өсімдіктер жамылғысының мүлдем жоқ болуы немесе өте сирек кездесуі, тау жыныстарының мейлінше физикалық үгілуі және үгілу заттарының өте ұсақ шаң-тозаң түрінде болуы қажет.Мұндай жағдайлар куаңшылық елдерде, яғни жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 мм-ден аспайтын тропикалық шелдерде, сонымен қатар қоңыр салқын ендіктердің қуаңшылық климаттағы шөл және шөлейттерде жиі кездеседі. Демек, эолдық процестер - алдымен физикалық-географиялық белдемдермен, нақтылы айтқанда ылғал мен жылылықтың белгілі бір өзара қарым-қатынас арасындағы құбылыстармен байланысты. Эолдық әрекетке қолайлы жағдай арктикалық және антарктикалық климаттық белдеулерде де болады. Кезінде эолдық процестер материктік мұз жамылғысының шетіне таяу жалғасқан перигляциялдық аймақтардағы "зандр" жазықтарында болған.Белгілі жағдайда эолдық процестер басқа табиғат белдеулерде де кездеседі. Мысалы, климаттың жағдайына қарамастан борпылдақ құмның үгілуі теңіз және көл жағасында байқалады. Эолдық бедер пішіндері аллювийлік материалдың жиналу нәтижесінде өзендер аңғарларында да қалыптасады.Сөйтіп, жел әрекеттерінің қаркынды түрде жүзеге асу аймақтары: кең көлемді шөл және шөлейт белдемдері, теңіз бен көлдің аккумуляциялық жағалары және өзен аңғарларының құм материалы шоғырланатын бөліктері.

Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері

Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде, әсіресе, Маңғыстау мен Үстірт аймақтарында адам бойынан биік әр түрлі тас бағаналар, тас саңырау-құлақтар, тас шарлар өрген қойдай жайылып жатыр. Олар көбінесе тасқашалау (корразия) мен үрлену (дефляция) әрекетінен пайда болған. Жел айдаған миллиондаған құм түйірлері көбінесе жердің бетінен 1-2 м биіктікте ұшады. Сонда жартастардың сол деңгейдегі жатқан іргетасын жел құм түйірлері арқылы қашап, жонып, тырнап, қырып, бұзып айдап алып кетіп, ұсатып кейін эолдық "тас бағаналар", дөңгелек келген тасберіштер (конкрециялар), "тас мұнаралар" немесе тасты саңырауқұлақ сияқты ерекше бедер пішіндерін құрайды. Сөйтіп желмен ұшқан құм түйірлері жартасты тау жыныстарымен жанасып, абразиялық материал ретінде олардың сыртын өндеп, механикалық әсер етеді.Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың құрамы мен құрылысына тығыз байланысты. Жел өзінің табиғи әрекетіне орай нығыздығы шамалы икемді тау жыныстарына ықпал етіп, яғни құм және құмайт түйірлерін үргілей отырып, олардан неше түрлі қуыс, терең айғыз шұңқырлар қуыстарды, әр тереңдікті және әр көлемді шұңқырларды қашап шығарады. Мұндай жерлерде берік тау жыныстарынан құралған неше түрлі жануарларды, отырған қүсты, басынан дулығасын шешпей ұйықтап жатқан алпауытты, сақалы ұлысқан шалды, шөккен түйені, қақпа-дарбазаны, қамалдарды т.б. елестетін мүсіндер түзеді.Желдің осылайша қатты, берік тау жыныстарды бөліп қақпалау әрекетін эолдық қашалау (препарировка) деп атайды.

14-дәріс. Теңіз жалғаулық процестер мен бедер пішіндері

14.1. Жаға туралы түсінік

14.2. Абразия ұғымы

14.3. Теңіз террасалары