- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
Қыстық температурасы төмен елдерде жер бетінің топырағы мұзданып қатып қалады. Бұл құбылыс мерзімдік немесе маусымдық тоң деп аталады. Алайда, жердің кең аумағын (құрлықтың 25%) мэңгі тоң басып жатыр. Тау жыныстарының температура мөлшері ұзақ уақыт теріс күйде болуын мәңгі тоң дейді. Мәңгі тоң ғасырлар бойына тіпті мыңдаған жылдар бойына сақталуы мүмкін. Жоғары ендіктерде мэңгі тоң дамыған аймақтарда тоңазыған грунт қазіргі климаттық жағдайларда ешқашан да ерімейді. Мәңгі тоңның едәуір аумағы Канадада және Ресейде кездеседі. Ал, Ресейдің 50%-дан аса аумағын мәңгі тоң алып жатыр. Тоң қабаттарының қалындығы бірнеше метрден жүздеген, ал кейбір өлкелерде, мысалы, Якутияда мыңдаған метрге дейін жетеді.Жаз мезгілінде мәңгі тоңның ең жоғарғы қабаты ериді де, қыс кезінде қайтадан қатып тоңға айналады. Судың бір тарамнан (фазадан) екінші фазаға бірнеше рет өтуі, мәңгі тоңның беткі қабатына тұрақсыздық, құбылмалық жэне жылжымалық қасиет береді. Нәтижесінде тек мәңгі тоң аймақтарына тән топырақ қозғалысының және бедердің әр пішіндері пайда болады. Қалыңдығы 1-ден 4 м-ге дейін жететін ұдайы өзгеріп тұратын, мерзімді мұзданып және еритін қабатгы - құбылмалы қабат (деятельный слой) деп аталған. Одан төмен жатқан қабат нағыз мәңгі тоң қабаты. Жаз мезгілінде осы қабаттар бір-бірінен ерекшеленеді, ал қыста қабат шекарасы айқын ажыратылмайды. Тоң аймағында пайда болған мұздар, қатқан грунтқа әсер етіп, олар жаңа қасиеттерге ие болады: 1) тау жыныстары ішіндегі кеуекті жэне капилляр суларының қатысуына байланысты, грунт бөлшектерінің және агрегаттарының арасындағы ілінісі өсіп, грунттың керіштенуі (цементация); 2) судың сұйық күйден катты күйге ауысуына байланысты ылғал грунттардың көлемі едәуір өсуі; 3) тоң грунттарының құрамында мұздың кірікпелерінің (ледяные включения) және әр көлемді мұз линзалары мен желілерінің дамуы.Мәңгі тоң бүкіл табиғат құрам бөліктерінің сипатына ықпал жасайды. Мәңгі тоң таралған аймақтарда ерекше бедер пішіндері түзіледі. Мұнда топырақ құрылу процесі баяу жүреді, ағаш өсімдігі тамырын тереңге жая алмайтындықтаи орман сирек өседі. Мәңгі тоңның әсерін үй құрылысында, жол салуда, пайдалы қазбалар, әсіресе мұнай мен газ өндіруде, бұрғылау жұмыстарын жүргізуде, егін егуде есепке алу тиіс. Сондықтан мәңгі тоң аймақтарында қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманда ең актуальді проблемалардың бірі болып тұр.
Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
Тоңның грунтгарында ең көп тараған деформациялардың түрі топырақтың рғаюы немесе бұдырлануы, бөртуі (пучение). Мұндай судың сұйық түрінен қатты түріне айналуына, топырақтың суға қанығып, көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болады. Осындай жолмен пайда болған ықшамды келген жеке-дара пішіндерді бұдырлану төбешіктері (бугры пучения) деп атайды. Олардың биіктігі 2 м-ден аспайды, төбелерінде аяз әрекетінің әсерінен радиалдық жарықшақтар (морозобойные трещины) түзіледі. Егер осы төбешіктер шымтезекті тундраның шегінде болса, онда шымтезектің (торфтың) өсуіне қолайлы жағдай туады. Шымтезекті төбешіктердің биіктігі 3-7 м шамасында.Көп жылдық тоң аймағының жерасты сулары тоң үстіндегі, тоң арасындағы және тоң астындағы суларға бөлінеді. Егер тоң арасындағы немесе тоң астындағы сулары бір жерге жиналса, онда мұз өзегі бар жер бетінде ірі төбешіктер қалыптасады, мұндай төбешіктерді гидролаколиттер деп атайды. Бұлардың биіктігі 70-80 м-ге дейін жетеді, диаметрі 200 м шамасында, жергілікті халық мұны "булгунях" дейді.
13-дәріс. Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
13.1. Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
13.2. Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
13.3. Эолдық аккумуляциялық бедер пішіндері
