- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
Карст (Югославиядағы Каrst үстірті атымен аталған) - тау жыныстарының суда еруінен жэне онымен байланысты химиялық процестерден туындайтын құбылыстар және сол процестерден жаралған бедер пішіндері. Карст жербетіндегі жэне жерастындағы сулардың бірлескен әрекетінің нәтижесі, олар әктас, доломит, бор, гипс және түрлі-түрлі тұздар тараған өңірлерде байқалады. Тас тры мен гипстың ерігіштік қасиеті эктас пен доломиттен жоғары бола тұрса да гипстік және тұздық карст жер бетінде сирек тараған. Әктас пен доломит әдеттегі жағдайларда жай ериді, бірақ олар гипс пен тас түзына қарағанда кең тараған, сондықтан бүлар айрықша және көбірек зерттелген деуге болады.Карсты процестердің жүзеге асуының негізгі себебі - тау жыныстарының атмосфералық, жер бетіндегі және жерастындағы сулармен, кейбір жағдайда теңіз сулары әсерінен еруі. Әктас еру үшін суда еріген көмір қышқыл газдың (СО2) мөлшері жеткілікті болуы шарт. Сол кезде судың химиялық әрекеті басымдау болып, карбонатты тау жыныстарына әсер етеді. Табиғи су құрамында көп тараған көмір қышқылының көзі - жер шарының атмосферасы, құнарлы топырақ арасында болып жатқан биохимиялық процестер, органикалық заттардың шіріп ыдырауы, қазіргі және ежелгі жанартаулар әрекетінен жер қойнауынан шыққан көмір қышқыл газы. Көмір қышқылымен қатар әктастың еруіне басқа да қышқылдар әсер етеді, мәселен гуминдік және күкірт қышқылдары, бірақ карст процестерін дамытуда, көмір қышқыл газының орны ерекше.Төменгі қабат - суға үнемі толық қаныққан қабат. Мұның жоғарғы шекарасы - жерасты суының ең төменгі деңгейі, ал төменгі шекарасы - су етпейтін қабат. Бұл белдемде судың жазық бағытты циркуляциясы басымдау болады. Бұл қабат карст аймағының шет жағаларында өзендердің бастауы жэне бұлақ көздері жер бетіне шығатын белдем.Карст пішіндері мен карст құбылыстары Орыс жазығында, Қырым, Кавказ, Орал тауларында, Югославияда, АҚШ-та, Қытайда, Түркияда жиі кездесіп тұрады. Қазақстанда көптеген кішігірім карст пішіндері Қаратау жотасында, Маңғыстауда және Үстірт жазықтарында дамыған.
Карст аймақтарының бедер пішіндері
Жер бетіндегі карст пішіндеріне карр микробедері жатады. Карр деп терендігі 1-2 м-ге жететін карбонатты тау жыныстары бетіндегі көптеген жарықтарды, жылғаларды жэне соларды бөлетін кішігірім үшкір тіске ұқсас қырқалар жүйесін атайды. Каррлардың пайда болу себебі жауын сулары мен еріген қардың сулары карбонаттық тау жыныстарының үстімен аға келіп, жарықшақтар бойымен төмен сіңіп, олардың жан-жақты қабырғаларын ерітіп кеңейтуінде. Жарықтар мен қырқалар бір-біріне параллельді немесе қиылысып күрделі карст микропішіндерін қүрайды. Егер жарықтар тау жыныстары қабаттарының құлауымен сәйкес келсе, қырқалар мен жарықтар бір-біріне параллельді болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда каррлардың қырқалары ретсіз орналасып, бірімен-бірі қиылысып жан-жаққа тармақталып жэне қайта қосылады. Мұндай жағдайда карсты микропішіндер кең өлкені қамтып, көп тісті тараққа ұқсас каррлық аландарды (карровые поля) немесе каррлық аймақтарды түзеді.Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса, карст тау жыныстарының еру процесі оқпандар (понорлар) деген қуыс пішіндердің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жердің бетінде тік келген табиғи құбырлар іспетті беті ашылған жарықтар мен індер тэріздес көрініс береді. Тереңіректе оқпандар судың тік бағыттағы циркуляциясы нәтижесінде әр түрлі қуыстардың жүйесіне ауысады. Оқпандар ұлғайған сайын екінші карстық пішіндерге, яғни карстық шұңқырларға (карстовые воронки) ауысады.
12-дәріс. Мәңгі тон таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері
12.1. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
12.2. Толық деформациялар және бедердің тондық пішіндері
12.3. Мәңгі тон таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері
