- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
Қуаңшылық аймақтарда күшті нөсер жауған кездерде немесе көктемгі қар еруі кезінде таудан жылдам аққан мол су жол-жөнекей жиналған борпылдақ материалды ағынымен ала кетіп, "сел" деп аталатын су тасқынына айналуы ықтимал. Сел - қауіпті табиғи құбылыс, онымен тіпті қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана отырып күресудің езі өте қиын. Су тасқындары тұрғын халыққа, ауыл шаруашылығына, өндіріс объектілеріне күні бүгінге дейін зор зиян тигізіп келеді.Сел (араб сили муры - жойқын тау тасқыны) - таулы аудандарда нөсерлі жауын-шашынның әсерінен және қар мен мұздықтардың өз мөлшерінен жаппай артық еруі нәтижесінде туындаған және тас аралас саз-балшықтардың таудан шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойымен ағыла құлаған тау тасқыны. Сел құбылысы көбіне қуаң климатты биік таулы өңірлерде байқалады. Ол морена үйінділері арасындағы шұңқырларда қалған шағын көлдердің суы немесе өзен арнасының бітелген жеріне жиналған су өз шарасынан аса толуы себебінен пайда болады да, одан әрі дамып, төмен лықсып, жолындағы борпылдақ шөгінділерді ысырып, ірі кесек тау жыныс-тарын қирата, талқандап, ағаштарды түбірімен қопарып, жол-жөнекей салмағы бірнеше тонналық тастарды қоса ағызады. Ылдилаған сайын сел ағысының жылдамдығы ұлғая түседі. Сел құбылыстарының жалпы ұзақтығы (ондаған минуттан бірнеше сағатқа дейін) өзеннің ұзындығына, арнасының еңістігіне және ағынның жылдамдығына байланысты. Ағу жағдайына қарай сел турбуленттік және құрылымдық болып екіге бөлінеді. Турбуленттік сел жалпы сұйық заттардың қозғалыс заңына байланысты көбінесе өзен арнасы бойымен ағады.
Құрылымдық селдің құрамында сынықты тау жыныстары басымдау болғандықтан біркелкі ақпай, толқынды түрде жүреді. Мұнда борпылдақ жэне сынықты тау жыныстарының мөлшері кейде тасқын массасының 75%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Кейбір жылжыған жеке тастардың салмағы 10 тоннаға дейін жетеді. Сел тасқынындағы 1 м3 сұйық мөлшеріне 100 килограммдай лайлы-тасты қосындылар сәйкес келеді. Сел Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Америка, Үндістан (Гималай), Қытай (Қарақорым), Ауғаныстан (Гиндукуш) таулы өңірлерінде көбірек байқалады. ТМД елдерінде Кавказдың, Орта Азияның, Қазақстанның, Қарпаттың және Сібірдің таулы аймақтарында болады.
Аридті елдердегі тау беткейлерінде басталатын уақытша су ағындарының материалы тау етегінде кең аумақты пролювийлік жазықтарды құрайды. Бұл жазықтар көптеген ысырынды конустардың бір-біріне жалғасуы арқылы қалыптасқан.Тұрақсыз ағынды сулар тау етегіндегі жазыққа жеткен кезде көп тарамдарға бөлініп, олардың ағыс жылдамдығы кенет төмендейді. Сол себептен күші кеміген ағынды су өзінің таудан ағызып әкелген тау жыныс бөлшектерін тау етегіндегі жазықка көлбете шөктіреді. Осындай тау бөктерінде қалыптасқан тау жыныстары жиынтығын ысырынды конус (конус выноса) дейді. Шөгінділердің көшу жолы біршама қысқа болғандыктан пролювийді құрайтын кесектер қырлы жэне іріктелмеген болса да, оның тау жақ бөлігінде ірі жақпартастар мен шала жұмырланған малтатастар жиналады. Тау етегінен алыстаған сайын жазыққа қараған бетінде орташа және ұсақ түйіршікті тастар - қиыршық тастар, құм және құмдақтар шөгеді. Ал, ағын су әрекеті баяулайтын ысырынды конустың сыртқы шегінде лесс және леске ұқсас шегінділер мен саздар жиылады. Еріген қар мен жауын-шашынның қаркыны әрдайым бірдей болмайды. Сол себептен алдыңғы майда түйіршікті тасқын шегінділері келесі тасқынның ірі кесекті материалымен көміледі. Керісінше, одан кейінгі жартымсыз тасқыннан олардың бетін ұсақ түйіршікті кейінгі шөгінділер жабады. Сондықтан, ысырынды конустың қүрамы өте күрделі қабаттылығымен ерекшеленеді.
11-дәріс. Карст процестері және бедердің карст пішіндері
11.1. Карст туралы түсінік
11.2. Карст процестері және бедердің карст пішіндері
11.3. Карст құрылуының шартты жағдайлары
