- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
Жер беті беткейлерден жэне жазық бағыттағы кеңістіктердің үйлесуінен тұрады. Ал беткей дегеніміз көтеріңкі және ойпауыт бедер пішіндерін бір-бірінен оқшаулайтын еңіс жазықтықтар. Беткейлер дамыған аймақтарда ауырлық күш әсерінен топырақтың төмен қарай сырғып ауысуы үлкен рөл атқарады. Жалпы құрлық бетінің 80%-ы беткейлер алып жатыр. Сондықтан беткейлер қалыптасуының және олардың ауқымында өтіп жатқан табиғи процестердің маңызы өте зор.
Беткей етегіне қарай бағытталған үгілген материалдың ауырлық күш әрекетіне борпылдақ тау жыныстар бөлшектерінің өзара тұтасу күші және олардың астында жатқан түпкі тау жыныстарының ілініс күші кері әсер етеді. Осы үгілген материалдың ауырлық күші мен тұтасу күштері арасындағы арақатынас беткейлер үстіндегі процестердің бағытын және қарқындылығын белгілейді. Бұл процестер көптеген факторларға байланысты болып, олардың әрі қарай дамуына себепші болады.
Беткейлердің үстінде болып жатқан процестер үгілген материалдың шайылып жойылуына, тасымалдануына немесе олардың жиналып шоғырлануына экеп соғады. Соның нәтижесінде өңделген (выработанный) және аккумуляциялық бедер пішіндері пайда болады. Беткейлік денудация (склоновая денудация) бұл бедер пішіндерін қалыптастыратын негізгі экзогендік факторлардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, беткейлік денудация аллювийлік, мұздық, теңіздік және басқа шөгінділер түрлерінің (генетикалық типтерінің) көзі болып табылады.
Тау жыныстарының үгілуі мен беткейлік процестер өзара тығыз байла-нысты, демек беткейлерден борпылдақ тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі таужыныстарының жер бетіне шығуына мүмкіндік береді де, оның тез үгілуіне әкеліп соқтырады. Керісінше, беткейлердің баяу шайылуы үгінділердің жиналуына әкеледі, соның себебінен түпкі тау жыныстарының одан әрі үгілуіне кедергі жасалады. Сөйтіп, беткейлік процестердің қарқындылығы ақырында денудация жылдамдығын белгілейді.
Беткейлерді және беткейлік процестерді зерттеудің ғылыми мағынасы -бедер пішіндерінің жаратылу тегін жэне даму тарихын анықтау, сонымен қатар, беткейлердің өте зор практикалық маңызын көрсету. Себебі эрозиялық процестерге қарсы күрес жүргізуде, гидротехникалық және тұрғын үй құрылыстарын салуда, қазба байлықтарды іздестіру жолында беткейлердің қалыптасуы, олардың геологиялық құрылымы және беткей үстіндегі өтіп жатқан процестер едәуір мәліметтер береді.
Беткейлердің морфологиясы, яғни сыртқы бейнесі әр түрлі. Олар еңістелу дәрежесіне қарай: тік құламалы (35°-тан аса), құламалы (15-35°), орташа еңісті (8-15°), жайпақ (4-8°), өте жайпақ (2-4°) беткейлер болып бірнеше түрге бөлінеді. Беткейлердің бүлай бөлінуінің кейбір генетикалық мәні бар, демек олардың үстінде жүріп жатқан процестердің сипаты және қарқыны туралы сараптауына мүмкіндік береді жэне олар халық шаруашылығына қажетті, инженерлік-геоморфологиялық зерттеулерді! жүргізу кезінде қолданылады.
9-дәріс. Флювийлік процестер және бедер пішіндері
9.1. Флювийлік процестер және бедер пішіндері
9.2. Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
