- •Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:
- •2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:
- •3. Көрсете білуі тиіс:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
- •Геоморфология пәнінен өткізілетін студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау.
- •Дәрістердің мазмұны
- •Эндогендік процестер және бедер
- •Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі
- •Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы. Интрузиялық магматизм және бедер
- •Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
- •Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
- •Материктердің ірі бедер пішіндері
- •Құрлықтық платформалардың ірі бедер пішіндері (мегапішіндері)
- •Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері.
- •Экзогендік процестер және бедер
- •Бедер және климат
- •Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері. Беткей туралы ұғым
- •Флювийлік процестер және бедер пішіндері
- •Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері
- •Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны
- •Карст процестері және бедердің карст пішіндері. "Карст" деген ұғым
- •Карст аймақтарының бедер пішіндері
- •Мәңгі тоң таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері. Мәңгі тоңның таралуы және құрылысы
- •Тоңдық деформациялар және бедердің тоңдық пішіндері
- •Шөлді аймақтардың бедер пішіндері
- •Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
- •Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері. Жаға туралы түсінік
- •Абразия
- •Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
- •Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •«Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
- •Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар
- •Жазбаша жұмыстар
- •Тест тапсырмалары
- •Геоморфология
Экзогендік процестер және бедер
Экзогендік бедер құратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердің әсері жатады.
Экзогендік бедер құратын процестердің негізгі көзі күн радиациясы, ол жер бетіне, гидросфераға және атмосфераға өзара әрекеттесіп, әр түрлі климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып саналады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор - ауа температурасы. Осы ауа температурасының әсерінен әр түрлі табиғи зоналардың климаты қалыпта-сады. Мәңгілік мұздықтар мен қар жамылғысының пайда болуы, тау жыныс-тарының үгілуі, химиялық процестер және т.б. осы ауа температурасына тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі жауын-шашын. Олар өзендердің, көлдердің, батпақтардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Тау жыныстарының ыдырауына және олардың тасымалдануына, бедердің көптеген пішіндері тілімделіп жаңа пішіндердің қалыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел бір жағдайларда кұм бөлшектері арқылы тау жыныстарын бұзып, қашап, өндеп механикалық әсер етсе, екінші жағдайларда құмның тасымалдануына, шөгуіне жэне жаңа аккумуляциялық жер бедерлер (кұм төбелер, барқандар, жағалық шағылдар және т.с.с.) құрылуына себепші болады. Мұздықтар биік тау өлкелерде едәуір механикалық (экзарация) әрекет жасап, ерекше мұздық бедер пішіндерін құрады.
Жер бетінің құрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы да бір экзогендік бедер түзетін процестердің энергиялық көзі - гравитация немесе ауырльщ күші. Бұл күштер арқылы неше түрлі опырылма, сусыма, жылжымалар, қар көшкіндері және т.б. қиратқыш табиғи құбылыстар пайда болады.
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының негізгі көзінің бірі - Жердің өз осі бойымен және Күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы және күн мен түннің ауысып тұруы. Ауа температурасының, жауын-шашын мөлшерінің және табиғи қиратқыш құбылыстардың оқтын-оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтқанда бедер пішіндерінің құрылуына едәуір әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы құбылыстарға байланысты. Сонымен қатар Жердің өз осі бойымен айналуы бедердің өзгеруіне тікелей ықпалын тигізеді.
Бедер және климат
Климат - бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен бедердің өзара байланысы әр түрлі. Мысалы, үгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде угілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердің қарқындылық дәрежесі тәуелді. Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән бедердің ерекше пішіндері пайда болады. Климат бедер түзетін процестерге қаншама тікелей әсер етсе, соншама табиғат ортасының баска компоненттері, мысалы гидросфера, топырақ-өсімдік жамылғысы арқылы, жанама да әсерін тигізеді. Оңтүстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб шөлінің және Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық теңіз ағыстарына байланысты. Бұл жерде климат осындай бедердің пайда болуына гидросфера арқылы әсерін тигізеді.
8-дәріс. Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері
8.1. Беткей туралы ұғым
8.2. Беткейлік процестер және беткей бедері
